Маркетинг жане онын мазмуны

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 20:07, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастар экономикалық дамуды жетілдірудің үлкен по-тенциалын өзінде жасырады.Бұл нарықта шаруашылық етуші субьектілерді жеке кәсіпкерлік қызметіне шексіз бостандық беруіне байланысты.Жоғары тиімді жұмысқа барлық өсуші өлшемдерде табыстарды немесе пайданы алуға нақты мүмкіндіктер себепші болады.Ең үлкен пайданы алуға ұмтылу кәсіп-керлерді нарықты зерттеуге және сұраныс бар салаларға өз ақшаларын және еңбектерін салуға мәжбүрлейді.

Содержание

Кіріспе
I-Бөлім.Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны
1.1.Жоспарлаудың мәні,методологиялық негіздері және көрсеткіштері
1.2.Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау
II-Бөлім.Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау
2.1.«Қант»ААҚ жалпы сипаттама
2.2.«Қант»ААҚ-ның маркетингтік мүмкіндіктерді
талдау
III-Бөлім.Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу
3.1.Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлім-
дері мен көрсеткіштері
3.2.Фирма өсу жолының стратегиялары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Маркетинг жоспарлаудын мані мен мазмұны.docx

— 59.77 Кб (Скачать)

                                                    Мазмұны

 

Кіріспе

 

I-Бөлім.Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны

              1.1.Жоспарлаудың мәні,методологиялық  негіздері және көрсеткіштері

              1.2.Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық  жоспарлау

 

II-Бөлім.Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау

               2.1.«Қант»ААҚ жалпы сипаттама

               2.2.«Қант»ААҚ-ның маркетингтік мүмкіндіктерді      

                     талдау

III-Бөлім.Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу

               3.1.Кәсіпорынның даму жоспарының  негізгі бөлім-

                     дері мен көрсеткіштері

               3.2.Фирма өсу жолының стратегиялары

 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан экономикасында маркетингті қолданудың ерекшеліктері мен серпіні және экономикалық субьектілердің қоршаған орта факторларының қағидаларын  пайдалану барысына ықпал ету  сипаты көбіне өтпелі кезең жағдайына  орай анықталады.Қазақстанда маркетинг  ғылым бағыты, шаруа-шылық қызмет аумағы және өндірістік-өткізу қызметін ретінде республика-ның нарықтық қатынастарға өтуінен бастап қалыптасты.

Нарықтық  қатынастар экономикалық дамуды жетілдірудің үлкен по-тенциалын өзінде жасырады.Бұл  нарықта шаруашылық етуші субьектілерді  жеке кәсіпкерлік қызметіне шексіз бостандық беруіне байланысты.Жоғары тиімді жұмысқа барлық өсуші өлшемдерде табыстарды немесе пайданы алуға  нақты мүмкіндіктер себепші болады.Ең үлкен пайданы алуға ұмтылу кәсіп-керлерді нарықты зерттеуге және сұраныс  бар салаларға өз ақшаларын және еңбектерін салуға мәжбүрлейді.

Қазіргі жағдайда көптеген ірі және орта кәсіпорындарда, сондай-ақ банктерде маркетинг қызметі,ал олардың кейбіреуінде департаменттер іс-әрекет етеді.Бұлардағы маркетинг  бөлімдерін ұйымдастырудың нақты сызба-лары мен түрлері әр түрлі болуы  мүмкін,бірақ олар:нарықты маркетингтік зерттеу,сұраныс жағдайын,тауарлық өткізу,баға және коммуникация ұйым-дастыру  сияқты жалпы міндеттерге негізделеді.

Еліміздегі  көптеген компаниялар маркетингті  жоспарлаумен шұғыл-данбайды.Шағын  фирмалардың менеджерлері тек ірі  корпорациялар ғана маркетингті  жоспарлаумен айналысады деп есептейді. Қазақстандық  компа-ниялардың кейбір мамандары нарық өте жылдам өзгереді,сондықтан оны жоспарлау қажет емес деген көзқараста.Мұндай тұжырым қате,жоспарлауды қолданатын компаниялардың жеткен жетістіктеріне көз жүгіртсек,жоспарлау қажет екендігі айқын аңғарылады.Нарықтағы қарқынды өзгерістер шын мә-нінде жоспарлау барысын қиындатады,алайда фирма басшылығына өзгеріс-терді болжауға,оларға әрі қарай қимыл-әрекет жасауға  тек мұқият жоспарлау ғана көмегін тигізеді.

Америкалық  төрт жүз жетекші компанияны зерттеу  мәліметтері жос-парлауды жүйелі жүргізетін компаниялардың сату көлемдері мен  пайдасы жоғары қарқынмен өсіп тұратынын  көрсеткен.

Көптеген  фирмаларға өздерінің ресми қабылдаған жоспарлау мен бақы-лау жүйелерін  жетілдіру қажет екені айдан  анық.Әртүрлі шешімдерді үздіксіз қабылдау жоспарлауды алмастыра алмайды.Фирма  үшін жоспарлау көп жағ-дайда  өткізу және табыс көрсеткіштерін жақсартатын  жоғары сатылы жұмыс болып саналады.

Фирманың  жақсы талқыланған бағдарламалық  мәлімдемесін құрастыру өте жауапты  іс.Жоспарлау-фирма өзінің құрамына кіретін әрбір өндірісті ба-ғалап,оларды кеңейту,сақтау,доғару не олардың жемістерін жеу туралы қо-рытынды шығаруды талап  етеді.

Берілген  жұмыстың тақырыбы кәсіпорындағы маркетингті  жоспарлау болып табылады.Нарықтық экономика заманында әрбір кәсіпорын  өз жұмы-сының тиімділігін арттыру  үшін әртүрлі жоспарлар жасайды.Өйткені  жос-парлау-басқарудың маңызды бір  функциясының элементі болып табылады. Сондықтан да курстық жұмыстың тақырыбы маркетингті жоспарлаудың теориялық  негіздері мен «Қант»ААҚ-ның жұмысын  тиімді жоспарлаудың маңызы зор.Ол үшін курстық жұмыстың бірінші бөлімінде  барлық осы жос-парлаудың тиімділігі және де оның қажеттілігі толық ашылып көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I-Бөлім.Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны

1.1.Жоспарлаудың  мәні,методологиялық негіздері және  көрсеткіштері

Жалпы жоспарлауды  нарықтық қарым-қатынастардың дамуы  шарты негізінде қолдана бастады.Жоспарлау-өндірістің пропорциялық қарым-қатынасына және аяқталған  ішкі экономикалық заңға,жолдауға,бөлу мен тұтынуға бағытталған саналық  адам қызметін көрсетеді.Сондықтан, жоспарлау  халық шаруашылығын басқарудың басты  бөлімшелерінің бірі болып келеді.Оның мақсаттары экономиканың даму ортасында  өзгерушілік пен анықталмағандықтың кері әсерін жоюға негізделген.

Яғни,жоспарлау-алдағы қызметтерді қамтамасыз етуге анық бағытталған ақпаратты ой үрдісінде  өңдеу.Жоспарлау-бұл ең бірінші, қоғамдық өндірістің нәтижесі мен дамуын ғылыми алдын алу,оның заңдылығын құру,ғылыми-техникалық үрдістің,обьективті тәуелділіктің  және экономикамен байланысты себептік салдарлықтың әлеуметтік тенденциясы.

Нарықтық  экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек  етуі кәсіпорын жұмысын дұрыс  жоспарлауға байланысты болып келеді. Кәсіпорынның негізгі жоспарларына кәсіпорынның даму жоспары,өндірістік бағдарлама, кәсіпорынның  әлеуметтік - экономикалық даму жоспары жатады.

Қазіргі уақытта кәсіпорынның даму жоспарын жасау барысында, жоспарлау методологиясын әрі қарай жетілдіруге көп  назар аударылады.

Жоспарлау методологиясына жоспарларды жасаудың барысында, жоспарлау методологиясын дамытудың негізгі бағыттары:

-  жоспарларды  дамыған ғылыми-техникалық және  есептік-экономикалық негіздеуді  ұлғайту;

-    қажетті нормалар мен нормативтерді  қолдану;

-    өндірісті техникалық - экономикалық  негіздеу;

-    баланстық есептеулер жүргізу;

-    өндірістің тиімділігін арттыру  көрсеткіштерінің жүйесін жақсарту;

-    материал сыйымдылығын, қор сыйымдылығын  азайту;

-    еңбек өнімділігін арттыру;

-    жоғарғы сапалы өнім шығаруды  ұлғайту;

-    жоспарлардың  ыңғайлылығын, ықшамдылығын   қамтамасыз   ету  және т.б.

Кәсіпорынның  даму жоспарын прогрессивті  техникалық - экономикалық нормалар  мен  нормативтерді  қолдану  арқылы  негіздейді. Норма  дегеніміз  қандай   да бір   өнімді   шығаруға   кететін   қажетті шикізат, материал, отын энергияның ең көп кеткен шығыны, ол абсолюттік шама болып есептеледі.

Норматив  дегеніміз-салыстырмалы шама, еңбек  құрал-жабдықтарының қолданылуын  көрсететін көрсеткіш.

Нормалар  мен нормативтерді жасаған кезде, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, технологияның өндірістік қуатын кеңінен  қолдануды және алғы өнеркәсіптік тәжірибені есепке алып отыру керек.

Техникалық - экономикалық нормалар мен нормативтер  мынадай топтар бойынша жасалынады:

-   нақты  еңбек шығындары (өнімді  шығаруға кеткен  уақыт шығыны, қызмет ету нормасы, жұмысшылар санының нормативі);

-    нақты   еңбек   шығындары   (өнімді   шығаруға   кеткен   уақыт шығыны, қызмет ету нормасы,  жұмысшылар санының нормативі);

-    материалдық шығындар    нормасы    (шикізат, материал  отын, жылу, энергия, жабдықтарын үлестік нормалары);

-    еңбек   құрал - жабдықтарын   қолдану нормативтері (машиналарды,  ірі құрал - жабдықтарды, механизмдерді,  құрал - саймандарды    қолдану  нормативтері);

-    өндіріс   процесін   ұйымдастырудың   нормативтері   (өндіріс   циклінің ұзақтығы, аяқталмаған өндірістің көлемі, шикізат, материалдар, отынның қорлары);

-    іске  қосылатын  кәсіпорын,  өндірістер,  цехтар     мен     агрегаттардың жобада    берілген    өндіріс   куатын   игерудің    нормасы. Бұл   арқылы өндіріс қуатының қаншалықты көлемде қолданылуы есептелінеді.

Нормалар  мен нормативтер әртүрлі жағдайларда қолданылады. Тірі еңбек шығындарының нормасы еңбек өнімділігінің деңгейін, жұмыс уақытының қолданылу деңгейін, еңбекақының көлемін анықтауға қолданылады. Материалдық материалдың жеке түрлері анықталады.

Нормалар  мен нормативтер өнімнің өзіндік  құнын анықтау үшін қолданылады.

Жоспарларды техникалық - экономикалық негіздеу арқылы олардың көрсеткіштерін анықтайды.

Жоспарлар мынадай көрсеткіштерді қолдану  арқылы жасалынады:

-    сандық;

-    сапалық;

-    көлемдік ;

-    үлестік.

Сандық  көрсеткіштерге - жалпы өнім мен  тауар өнімнің көлемі, сатудың  көлемі, жұмысшылардың саны, жалақының  қоры, пайда көлемі, әртүрлі өндірістік шығындардың мөлшері жатады.

Сапалық көрсеткіштерге - өндірістің экономикалық тиімділігі, еңбек өнімділігінің  өсуі, өзіндік құнды азайту, өндірістің тұрақтылығы, қор сыйымдылығы, өнімнің  сапасы жатады.

Сандық  және сапалық көрсеткіштер бір-бірімен  тығыз байланысты болады.

  Көлемдік көрсеткіштерге - өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен факторлардың көлемі жатады.

Үлестік көрсеткіштерге - бір-бірімен байланысты бірнеше көрсеткіштердің арақатынасы  жатады, мысалы: бір өнімді шығаруға кеткен металл шығыны.

  

 

 

1.2  Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау

 

Көптеген  фирмалар ресми қабылданған жоспарсыз  жұмыс атқаруда. Жаңадан құрылған фирмалардың басшылары жұмыспен сонша көп айналысатындығынан олардың - жоспармен айналысуға уақыты жоқ. Кемелденген фирмаларда, көптеген басқарушылардың  айтуынша, олар осы уақытқа дейін  формалъды, жоспарлаусыз да жұмыстарын орындап келе жатқандықтан, оның онша маңызы болмағаны ғой деп санайды. Олар жоспарды жазбаша дайындауға уақытын алғызғысы да келмейді. Олардың айтуынша, нарықтағы жағдай соншама тез өзгеретіндіктен, жоспарлаудан онша пайда болмай, ол ақыр аяғында шаң болып сатыда жатады. Міне, сондықтан және де басқа бірқатар себептерден көптеген фирмалар өздерінде формальды жоспарлаумен айналыспайды.

Дегенмен, формалъды жоспарлау бірталай пайдалардан  дәмелендіреді. Ол пайдаларды Мелвиил Бранч мынадай ретімен атап өтеді:

1.Жоспарлау  басшыларды тұрақты түрде келешекті ойлауға итермелейді.

2.Ол  фирманы   алдын  ала жасалған  әрекеттеріне  тура үйлестіруге мүмкіншілік береді.

3.Ол келешекте бақылауға болатын жұмыс көрсеткіштерін белгілеуге мүмкіншілік береді.

4.Ол фирманың  өз міндеттерін және саяси нұсқауларын дәл анықтауға мәжбүр етеді.

5.Фирманың төтенше езгерістерге дайыңдығын жоғарылатады.

6.Ол барлық лауазымды адамдардың міндеттерінің өзара байланысын көрнекті көрсетеді.                                                    

  Стратегиялық жоспарлау фирма шегіндегі басқа жоспарлар үшін плацдарм болатын болғандықтан оны ең алдымен қараймыз. Стратегиялық жоспарлауға былай деп анықтама береміз:

Стратегиялық жоспарлау - бұл маркетингілік өрісте фирма мақсаты мен потенциальды мумкіншіліктерін стратегиялық қатынаста болдыру және жалғастыруға керекті басқару процесі. Ол фирманың дәл тұжырымдалған бағдарламалық мәлімдемесіме, көмекші мақсаттар мен міндеттер мазмұндамаларына, дұрыс шаруашьшық портфеліне және өсу стратегиясына сенеді.

 

II-Бөлім.Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау

2.1.«Қант»ААҚ  жалпы сипаттама

 

«Қант»ААҚ Жамбыл Облысының Тараз қаласының  Шығыс өңірінде орналасқан. Қант өндірісі жалпы тамақ индустриясында ең алғы саласы болып табылады.«Қант»ААҚ  шаруашылық объектісі ретінде қалыптасқан. Кәсіпорынның 1993 жылы 17 желтоқсанда  тіркелінді. Куәлік N 10508. жарғы облыстық әділет басқармасымен бекіттілді. «Қант»ААҚ  заңды тұлға және өндірістік қызметін Қазақстан Республикасының қызмет етуші заңы және жарғысы негізінде  жұмысын жүргізуде. «Қант»ААҚ өз алдына балансы, банктік есел шоты және  өзінің аты көрсетілген мөрі бар. «Қант»ААҚ-ның қызметінің мақсаты болып өндірістік қызметтен табыс алу. «Қант»ААҚ-ның негізгі өндірісіне - ком, патока, әк шығару өнімдері жатады. Қосымша өндірісіне - жылу, электро энергияларын, су қамтамасыз ету және су коймаларын, химиялық тазартылған су, қысылған ауа, қаптарды шығару және жөндеу, теміржолдық көлікке кызмет көрсету, жөндеу - механикалык шеберхананың қызметі, электроцехтың қызметі, КИПиА цехының қызметі, жөндеу - құрылыс учаскісі жатады.

«Қант»ААҚ өзінің тарихын Жамбыл қант комбинаты болып бастады. Оның құрылысы 1932 жылы каңтарда басталды,ал 1937 жылы ақпанда іске қосылды.Уақыт ағысымен кәсіпорынның аты да, басқаруы да өзгеріп отырды.

1932 жылдың  қаңтарынан ССРО құрылыс жөніндегі халық комиссариатының қант зауыттарының құрылысы мен монтажы жөніндегі бүкіл одақтың трестінің Әулие-Ата қант зауытының құрылыс конторасы.

1935 жылдың  қаңтарынан ҚазССР Оңтүстік Қазақстан  Облысының Алматы қант қызылша трестінің   Әулие - Ата зауыты.

1938 жылдың    қаңтарынан   ҚазССР Оңтүстік  Қазақстан Облысының Жамбыл қант қызылша зауыты.

Информация о работе Маркетинг жане онын мазмуны