Маркетинг жане онын мазмуны

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 20:07, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастар экономикалық дамуды жетілдірудің үлкен по-тенциалын өзінде жасырады.Бұл нарықта шаруашылық етуші субьектілерді жеке кәсіпкерлік қызметіне шексіз бостандық беруіне байланысты.Жоғары тиімді жұмысқа барлық өсуші өлшемдерде табыстарды немесе пайданы алуға нақты мүмкіндіктер себепші болады.Ең үлкен пайданы алуға ұмтылу кәсіп-керлерді нарықты зерттеуге және сұраныс бар салаларға өз ақшаларын және еңбектерін салуға мәжбүрлейді.

Содержание

Кіріспе
I-Бөлім.Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны
1.1.Жоспарлаудың мәні,методологиялық негіздері және көрсеткіштері
1.2.Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау
II-Бөлім.Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау
2.1.«Қант»ААҚ жалпы сипаттама
2.2.«Қант»ААҚ-ның маркетингтік мүмкіндіктерді
талдау
III-Бөлім.Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу
3.1.Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлім-
дері мен көрсеткіштері
3.2.Фирма өсу жолының стратегиялары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Маркетинг жоспарлаудын мані мен мазмұны.docx

— 59.77 Кб (Скачать)

1939   жылдың   қаңтарынан – «Жамбыл   қант   комбинаты».  

1993 жылдың қазанынан «Қант»ААҚ. «Қант орталығы» ЖШС-тің мерзімі 5 жылға созылған  сенімділік  басқармасының   қол   астында. Бизнес - жоспары өнеркәсіптің      өзінде   жасалынады,кәсіпорынды шикізатпен      фирманың  президенті қамтамасыз   етеді (шетелдік   қант - сырец).    Одан басқа күзде   зауыт   жеке тұлғалармен, шаруа қожалықтармен  келісім шартқа тұрып олардың өткізген қант қызылшасын  өңдейді. Қызылшаның өңдеген ақысына өңделген  заттың 35 % кәсіпорында қалады.

«Қант»ААҚ шығарылатын өніміндерінің негізгі номенклатурасы: кұмшекер, кант рафинады және т.б. ассортименттер.

«Қант»ААҚ-ның келесі құрылымдық бірліктерден тұрады: қант   қызылша   зауыты, рафинад   зауыты, ТЭЦ, механикалық   цехі, шикізат бөлі-мі.Олардың бәрі кәсіпорын территориясында   орналасқан  және қызметтерін Қазақстан Республикасы заңына сәйкес атқарады.

АӨК қант өнеркәсібі республикада ең ірі Тараз шақпақ қант шығаратын комбинаты негізінде дамыған. Бұл комбинат жергілікті шикізаттарды пайдаланып, республиканың барлық шақпақ қаңтын өңдіреді. Қант өндірісінің қалдығын пайдалану негізі де осы АӨК республикада шығарылатын этил спиртінің 2/3 жуығы өндіріледі.

Қант  өнеркәсібі көп көлемді шикізат  өндеп аз көлемді ілеспелі өнім береді.Сондықтан қант кәсіпорындарын шикізат көздеріне және осы саланың қалдықтарын тұтынушыларға жақын орналастыру жөн.

Кез келген әлеуметтік - экономикалық жүйе біршама дербес бірақ өзара байланыс екі бөліктен тұрады:олар басқару және басқарылатын бөліктер.

Басқару - ұйымдасқан жүйеге нысаналы түрде ықпал жасау оның белгіленген құрылымын сақтау, қызметтің тәртібі мен мақсатын қолдау. Түрлері: заттарды басқару - технологиялық процестерді басқаруға саяды, адамдарды басқару - өндірісті (өндірістік ұжымдарды) басқаруға саянды. Органдар (ақпараттың болуы), кадрлар (басқарушылар, мамандар орындаушылар), басқару техникасы (ақпарат жинау, тарату, өңдеу құралдары) жүйесі басқарудың материалдық негізі болып табылады.

Кәсіпорынды басқару - басшының не басқару органдарының адамдарды бірлескен еңбек үшін келістіретін және біріктіретін нысаналы, реттеушілік ықпал жасауы. Ол басқару  принциптерін және меншік иесінің өз мүлкін шаруашылыққа пайдалану құқықтарын ұштастыру негізінде кәсіпорынның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Жалпы алғанда кәсіпорынды басқару басқарушылық шешімдердің принциптерін, функцияларын, әдістерін, теориясын, ұйымдық құрылымды, техникалық құралдар мен технологияны автоматтандырылған басқару жүйелерін қамтиды.

Басқару әдістері - басқару қызметінің тәсілдері, олардың көмегімен еңбек ұжымының, жекелеген орындаушылардың жұмысы басқару объектісінің алдында тұрған мақсаттарға жетуге бағытталады. Олар экономикалық заңдар талаптарын тәжірибеде іске асыру кұралы болып табылады, оларды зерделеу және пайдалану әрбір басқарушылық шешімді тәжірибелік негіздеу, басқарудың нақты мақсатына қол жеткізу үшін қажет. Олардың көмегімен басқару қызметкерлеріне, олар арқылы және солардың қатысуымен өндіріске немесе қызметтің басқа да саласына ықпал етеді. Жекелеген жұмыстарды немесе ережелерді орындау тәсілдерін, басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен оңтайландыру әдістерін қамтитын басқару процесінің әдістерінен өзгеше түрде басқару әдістері басқару объектісіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығымен сипатталады. Басқару әдістері жүйесінде өзара байланысты және өзара тәуелді, жиынтығында баскару объектісінің алдында тұрған кешенді міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін әдістердің мынадай топтары қабылданған: экономикалық әдістер, әкімшілік (ұйымдастыру   - өкім беру) әдістер және әлеуметтік–психо-логиялық әдістер. Бұлардың әрқайсысында басқару объектісіне ықпал жасаудың белгілі бір сипаты бар және олардың жиынтығы кешенді жүйені құрайды.

«Қант»ААҚ-ның басқару құрылымы келесідей формада белгіленген:

Атқарушы  директор – кәсіпорынының барлық өндірістік – шаруа-шылық қызметіне басшылық етеді. Директорға: техникалық директор, президент кеңесшісі, бас бухгалтер, заң бөлімінің басшысы, бас бухгалтер, заң бөлімінің басшысы, экономика бөлімінің басшысы, бас агроном, маркетинг және коммерция бөлімінің басшысы, кадрлар бөлімінің басшысы бағынады.

Техникалық  директор - негізгі өндірісті және көмекші цехтардың жұмыстарын қадағалайды. Оған құмшекер және шақпақ қант зауыттарының бас инженерлері, ТЭЦ жэне ТВК, КИПиА басшылары, электорцехтар, теміржол цехы, жөндеу - құрылыс учаскісі және механизациялау цехы бағынады.

Бас бухгалтер - шаруашылық жұмысының қаржы және бухгалтерлік есеп мәселелерін жүргізетін директордың көмекшісі қызметін атқарады. Бас бухгалтер шикізаттың, материалдардың, дайын өнім және оның сатылуын бақылайды. Бас бухгалтерге еңбек ақыны есептеумен айналысатын есептік бөлім және орталық бухгалтерия бағынады.

Заң бөлімінің  бастығы - заң бөлімін басқарады, кәсіпорынның заңды -құқықтық мәселелерімен, келісім шарттарды, бұйрықтар, еңбек және өндірістік тәртібін қадағалайды.

Экономика бөлімінің бастығы – «Қант»ААҚ-ның экономикалық жұмысын басқарады. Бұл бөлім өнімді өндеу бағасы бойынша көптеген қызмет түрлерінің статистикалық және өндірістік есепті құраумен айналысады.

Бас агроном - шикізат бөлімі және шикізат лабораториясын қадағалайды. Қант қызылшасын қабылдау және дайындау жөніндегі директордың орынбасары. Ол қызылша өндірушілермен келісім шартқа тұрады.

Маркетинг және коммерция бөлімінің бастығы - өткізу және жабдықтау бөлімдерінің жұмыстарын қадағалайды. Жабдықтау бөлімі қосымша материалдармен, техникамен, құралдармен қамтамасыз етуді қадағалайды. Өткізу бөлімі - дайын өнімді өткізуді ұйымдастырады.

Кадрлар бөлімінің басшысы - кадрлар бөлімінің  жұмысын басқарады. Бұл бөлім жұмысшылардың жеке құрылымының есебін жүргізеді. Кадр бөліміне жұмысшылардың жұмыс уақытысының есебін жүргізетін өткізу бюросы бағынады.

Кәсіпорынның  негізгі мақсаты-жоғары сапалы өнімдерді  ұсына отырып,отандық нарықты жаулап алу,рухани және материалдық мінез-құлқын қанағаттандыру мақсатында адамдарға қуаныш әкелу болып табылады.Біздің бизнесіміздің дамуына бағытталған негізгі көзқарастарды анықтадық.Яғни,кәсіпорын өндірушілері әлемдік стандартқа сай құмшекер және қант өнімдерін өндіруде,келесідей қызметтерді жоспарлауда:

-тұтынушылардың  күтілімін арттыру;

-нарықта  бірінші болу,нарық мүмкіндіктерін  құру және жаулавп алу;

-тұтынушыларға  өнімнің қауіпсіздігіне кепілдік  беру;

-қоршаған  ортаға бизхнестің негативті  ықпалын үнемі төмендеуін алдын  алу;

-заңдардағы  барлық бизнес элементтеріне,табиғатты  қорғау қызметіне және еңбектің  қауіпсіздік шарттарына сәйкес  келуі;

жоғары  класстағы мамандарды қызықтыру,масштабын  кеңейту және сақталуын қамтамасыз ету;

-бизнестің  жоғалуын алдын алу және қауіпсіздікті  қамтамасыз ету;

Төмендегі кестеде «Қант»ААҚ-ның техника-экономикалық көрсеткіштері келтірілген.

 

 

 

 

Сонымен, «Қант»ААҚ-ның техника-экономикалық көрсеткіштерін талдайтын болсақ, есепті жылмен өткен жылды салыстырғанда тауарлы өнім көлемі 486457 мың теңгеге артқан. Ал сатылған өнімнің өзіндік құны 2003 жылы 598189,0 болса 2004 жылы 1122768,758 мың теңге болды. Яғни,ол 87,69 %-ға артты. Яғни, бұл салыстырмалы бағамен тауарлы өнімнің артуына байланысты, сонымен ол есепті жылмен өткен жылды салыстырғанда 3052328 мың теңгеге өсті. Ал натуралды түрде шығарылған өнім көлемі 2002 жылы 140814,7 тонна, 2003 жылы 111565,8 тонна, 2004 жылы 144633,0 тонна өнім шығарылды. 2004 жылы кәсіпорынның кейбір қант ассортименттері (үгітілмелі шақпақ қанты,«Шамбон» шақпақ қанты) өндірістен мүлден шығарылып, өндіріске басқа қант түрі, яғни 1 кг-дық буылған шақпақ қантты шығарыла бастады. Оның 2004 жылы натуралды түрде шығарылған көлемі 5430,6 тонна.

Кәсіпорынның  еңбеккерлер саны есеп беру жылы базистік жылға қарағанда 59 адамға көбейген. Соның ішінде жұмысшылар саны 58 адамға, яғни 5,3 %-ға көбейген.

«Қант»ААҚ-ның  еңбек ақы қоры 2002 жылы 160465,3 мың  енгеден 2004 жылы 243446,8 мың теңгеге дейін өскен. Соның ішінде жұмысшылардың еңбек ақы қоры 2004 жылы 2002 жылға қарағанда 5,8% -ға өскен. 1 еңбеккердің орташа айлық еңбек ақысы 2004 жылы 17160,0 теңге болса, 2003 жылы 13540 теңге болған, яғни, 3620 теңге өскен. Ал 1 жұмысшының орташа айлық еңбек ақысы есеп беру жылы 2003 жылға қарағанда 3350 теңгеге, яғни 27%-ға өскен. 1 еңбеккердің еңбек өнімділігі 2003 жылы 599,1 мың теңге, 2004 жылы 1025,5 мың теңге болды. Ал 1 жұмысшының еңбек өнімділігі 2004 жылды 2003 жылмен салыстырғанда 470,4 мың теңгеге өсті.

Кәсіпорынның  негізі өндірістік қорының орташа жылдық құны 2003 жылы 1141886 мың теңге болса,2004 жылы 1191377 мың теңге болды. «Қант»ААҚ-ның өндірістік қорлары есеп беру жылы базистік жылмен салыстырғанда 59987 мың теңгеге өскен.

2.2.«Қант»ААҚ  маркетинг мүмкіндіктерді талдау

 

Өнім  көлемі - жеке бір кәсіпорынның немесе саланың белгілі уақыт ішінде шығарған немесе істеп шығаруға тиісті өнім мөлшері. «Қант»ААҚ-ның өнімдерінің көлемі келесі кестеде көрсетілген.

2 Кесте. «Қант»ААҚ-ның өнімдерінің көлемі

р/с

 

Көрсеткіштер

жылдар

Өсу қарқыны 2004 жылға қатынасы

2002

2003

2004

2002

2003

1

Нақты бағада тауарлы өнім көлемі,мың.тг.

725640

  672791

1212097

  167,04

  180,16


 

Ақпарат көзі:Ішкі бухгалтерлік есеп деректері  бойынша

1 График


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл кестеден көріп отырғанымыздай нақты бағадағы тауарлы өнім көлемі есеп беру жылын базистік жылмен салыстырғанда 486457 мың теңге

 

 

III-Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу

3.1 Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері

 

Кәсіпорынның  даму жоспары мынадай бөлімдерден  тұрады:

•   Өнеркәсіп өнімін шығару жоспары (өндірістік бағдарлама) - негізгі бөлім болып  саналады. Бұл бөлімде  әртүрлі  өнімдерді  құндық және табиғи өлшемдерде      шығару     жоспарланады     және      өнім      сапасын      арттыру қарастырылады. Сонымен бірге кәсіпорындарды мамандандыру,  шоғырландыру, жинақтау, құрамдастыру жоспарланады.

•   Ғылым   мен   техниканы   дамыту   жоспары. Бұл   бөлімнің   негізгі маңызы - ғылыми - техникалық   прогресті   жылдамдату, ғылыми - зерттеу жұмыстарын  жоспарлау, таза  өнімдерді   шығаруды  жоспарлау, прогрессивті технологияларды қолдану, өндіріс    процесін  автоматтандыру, автоматтандырылған      басқару     жүйесін      қолдануды      жоспарлау,   еңбекті ғылыми  түрде  ұйымдастыру.Бұл      бөлімге       стандарттандыру      мен метрологиялық  өлшемдерді   жоспарлау  да  жатады. Ғылым   мен   техниканы дамыту   жоспарының   көрсеткіштері:   өндірісте   жаңадан   шығарылған   өнім, еңбекті   механикаландыру   және   автоматтандыру   деңгейі, жұмысшылардың санын    салыстырмалы    түрде     азайту,  өндірістің    техникалық   жағдайын жақсарту   арқылы   еңбек   өнімділігін   арттыру   және тауар   өнімнің   өзіндік құнын    азайту, өнімнің   сапасын   арттыру,құрал - жабдықтарды, материал сыйымдылығын, табиғи    өлшемдегі    еңбек    өнімділігін қолдану    және т.б. жатады.

•   Өндірістің      экономикалық  тиімділігін      арттыру      жоспары.   Бұл жоспарда     өндірістің     экономикалық     тиімділігін     арттырудың     жалпы көрсеткіштері - нақты еңбекті, негізгі қорларды, айналым қорларын, күрделі қаржыны,   материалдық   ресурстарды   қолдану   көрсеткіштері  беріледі. Бұл бөлімнің  негізгі   көрсеткіштері - жалпы  және таза  өнімді   өндіру  қарқыны, ортақ   тұрақтылық, еңбек   өнімділігінің   өсу қарқыны, қор   сыйымдылығы, айналым   қорларының   айналысы, капитал   сыйымдылығы   және   материал сыйымдылығы.

•   Күрделі     қаржы     және     күрделі     құрылыс     жоспары.  Ол     жаңа кәсіпорындар    салуды, кәсіпорындарды    кеңейту    және қайта    құруды, ірі цехтар    мен    объектілерді    кеңейтуді, өнеркәсіпті    техникалық    қамтамасыз етуді,   өндірістің     технологиясын     дамытуды,      механикаландыру  мен автоматтандыруды  қамтиды. Негізгі  көрсеткіштері- өндірістегі  негізгі  корлар мен өндірістік қуаттарды  іске қосу, жеке объектілер мен   өндірістік базаларды    салу, өндіріс    қуатының    өсімі, күрделі    қаржылардың  көлемі, құрылыс - монтаж жұмыстарының көлемі, аяқталмаған өндірістің көлемі.

•   Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспары. Оған өнеркәсіп өнімдерін      шығаруға     кететін      шығындарды      есептейтін      материалдық есептеулер   жүйесі    жатады. Өндірістік   өнеркәсіпке    қажетті    материалдық ресурстарды     нормалар    мен     нормативтерді     қолдану       арқылы есептеп шығарады. Бұл жоспарда шикізат, материал, отын, энергия және т.б. үлестік шығындарын азайтудың жолдары   қарастырылады.

Информация о работе Маркетинг жане онын мазмуны