Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 10:11, курсовая работа
Кіріспе
Осының барлығы фармацевтикалық нарық құрылымын зерттеудің өзектілігін және оны жетілдіру бағыттарын жасауды көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – дәрілік препараттар нарығын зерттеу, проблемаларды анықтау және осы нарықты жетілдіру үшін ұсыныстар беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- маркетингтік зерттеудің теориялық аспектілерін зерттеп білу;
- дәрілік препараттар нарығына жалпы сипаттама беру;
- «Химфарм» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасын беру;
- дәрілік препараттар нарығын зерттеу және талдау;
- осы нарықтағы проблемаларды анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыну.
Кіріспе 3
1 Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері
1.1Маркетингтік зерттеулердің мәні 5
1.2 Маркетингтік зерттеулердің әдістері 7
1.3 Маркетингтік зерттеудің үрдісі мен оның кезеңдері 10
2 Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық нарықтың жағдайын талдау және бағалау
2.1 Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы 14
2.2 Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау 16
2.3 Дәрілік препараттарды сатып алушылардың тұтынушылық талғамын зерттеу 21
3 Фармацевтикалық нарықты жетілдіруі бойынша ұсыныстар
3.1 Дәрілік препараттар нарығын дамытудың негізгі бағыттары 26
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30
Бұл мәселелер өндірістік- өткізу қызметін талдау нәтежесінде және басшылар мен мамандардан сараптамалық пікір сұрау жүргізу арқылы анықталады.
Мәселелер анықталғаннан кейін мақсаттар қойылады. Егер мәселе- бұл міндеттердің жалпы қойылымы болса, онда мақсаттар- зерттеу объектісінен шыңатын жеке міндеттердің жиынтығы болып табылады. Мақсаттар анық ұұрастырылып, олардың сандық өлшемі болуы қажет.
Шешуді талап ететін мәселені «шешімдер ағашы» сызбасы түрінде көрсетуге болады. «Шешімдер ағашының» түбінде негізгі мәселе орналасады, одан әр түрлі шешу тәсілдерін көрсететін бұтақтар тарайтын.
Маркетингтік зерттеулердің екінші кезеңі- маркетингтік зерттеулер жоспарын әзірлеу. Бұл зерттеу сметасын анықтау, мәліметтер көздерін анықтау, оларды жинау және талдау әдістерін таңдау үрдістерінен тұрады. Зерттеулер жоспарын әзірлеудің бірыңғай реттемесі және оны орындаудың стандарты әдісі жоқ.
Үшінші кезеңде зерттеудің ақпарат алу көздері анықталады. Маркетингтік зерттеу екінші ретті ақпаратты зерттеуден басталады. Одан кейін ғана бастапқы ақпаратты жинауға көшу керек. Екінші ретті ақпараттарға мән бермейтін зерттеушілер қателеседі. Екінші ретті ақпараттарды алудың маңызды көзіне маманданған зерттеу ұйымдарының есеп берулері, фирмалар жүргізетін "күнделік жазбалары" (сатып алушылардың ай сайынғы тауар түрлерін сатып алу туралы жазбалары) жатады.
Көптеген жағдайда маркетингтік зерттеуді өткізу үшін соңғы ақпараттар қажет болады. Оларды жинақтаудың 3 әдісі бар:
1. Бақылау - бұл таңдап алынған адамдар тобының әрекеттерін немесе болып жатқан жағдайларды бақылау жолымен бастапқы ақпаратты жинау әдісі. Ол далалық (дүкен, көше) және зертханалық (жасанды), стандартты немесе еркін жағдайда жүргізілуі мүмкін.
Бұл әдістің артықшылығы - объективтілігі жоғары, тұтынушы тілегіне тәуелді емес, тұтынушы мінез-құлқын бақылау мүмкіндігі.
Кемшіліктері - қабылдау субъективтілігі, көп еңбек сіңіру керектігі, тұтынушының себептері (мотивтері) және психологиялық ерекшеліктері туралы ақпарат алынбайтындығы.
2. Эксперимент — мұнда бір немесе бірнеше айнымалы факторлардың өзгерісі бір немесе көптеген тәуелді айнымалыларға ықпалы анықталады. Эксперименттер зертханалық және далалық болып бөлінеді.
Зертханалық басқа факторларды зерттеуге мүмкіндік береді. Далалықтар нақтылы жағдайда жүзеге асырылады және бақыланбайтын факторлардың әсері болуын теріске шығармайды. Бұл - нарықтың шектелген, бірақ мұқият таңдалып алынған секторында жүргізілетін, бақыланатын эксперимент. Оның мақсаты - бір немесе бірнеше факторлардың өзгеруі нәтижесінде болатын сату көлемі немесе пайданы болжау. Көбінесе нарыққа жаңа немесе жаңғыртып, жетілдірілген өнімді енгізу үшін пайдаланылады.
3. Пікір сұрау (опрос) - бастапқы ақпаратты алуды жүзеге асыру мақсатымен респонденттермен (пікір сұраушылармен) жеке байланыс әдісі және мәліметтерді жинаудың кең таралған түрі. Маркетингтік зерттеулердің 90%-ы пікір сұрауға негізделген. Ол өнеркәсіптік кәсіпорындарда да, маркетингтік агенттіктерде де жақсы қолданылады. Пікір сұрау құрылымдық және құрылымдық емес сипатта болады. Құрылымдық сауалнамада барлық сауалнамаға қатысатындар бірдей сұрақтарға жауап береді. Құрылымдық емес сауалнамада сұхбат жүргізуші алынған жауаптарға байланысты сұрақтар қояды.
Маркетингтік зерттеулердің келесі кезеңінде маңызды мәліметтер мен нәтижелерді көбірек алу мақсатымен жиналған мәліметтер бағаланады және талданады. Мәліметтерді талдаған кезде тиісті орта шамалар алынады, ең елеулі өзара байланыстарды анықтау үшін қисындасқан кестелер жасалынады, корреляция (ара қатыстылық) коэффициенттері есептеледі.
Маркетингтік зерттеулердің соңғы кезеңінде негізгі қорытындылар мен есеп беру дайындалады. Ол тапсырыс берушінің талабынан шығатындай болуы керек. Есеп беру кіріспе, негізгі және қорытынды болып үш бөліктен тұрады. Алғы сөз - титул парағы, мазмұны, меморандум және қысқаша аннотациядан тұрады. Меморандумда зерттеулердің сипаттамасы, нәтижелері қарастырылып, ары қарай зерттеу қажеттілігі туралы ұсыныстар жасалады. Кіріспеде - зерттеудің мақсаты мен көкейтестілігі келтіріледі. Есеп берудің негізгі бөлімінде қолданылатын әдістеме және ұсыныстар сипатталады. Есеп беруде зерттеу әдістерінің қысқаша шолуы болады, ал техникалық бөлігі қосымшаларда беріледі. Жалпы есеп беру фирма және маркетинг қызметінің қызметкерлері үшін түсінікті және осы мәселе бойынша қажет ақпаратты алуға мүмкіндік беретіндей болып жазылуы керек.
Халық пен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мекемелерін дәрілік препараттармен және арнаулы медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету маңызды әлеуметтік мәні бар проблемалардың қатарына жатады. Халықтың ауру – сырқауының жалпы жоғары деңгейі салдарынан медикаменттерді тұтынудың ұлғаюы сипат алады. Осыған байланысты дәрілік препараттарға сұраныс анықталады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 6,5 мың фармацевтикалық қызметтің объектілері әрекет етеді. Олардың ішінде 2% өнеркәсіптік өндірістер, 8% дәріханалық қоймалар, 90% дәріханалық ұйымдардың тармақталған желісі. ҚР дәріханалық ұйымдардың 98% жеке меншікте, 3% мемлекеттік меншікте болып отыр.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауы денсаулық саласын реформалау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға жаңаша серпін берді, бұл біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың маңызды бағыттарының бірі ретіндегі денсаулық сақтау саласының жоғары технологиялық жүйесін дамыту мен медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыруды айқындап берді. Саланың нақты міндеттері мына төмендегілерді қамтиды: әлеуметтік маңызы бар проблемалар саласында шаралар қабылдау; медициналық қызмет көрсетулердің бәсекелік нарығын дамыту бойынша ынталандыру тетіктерін құру; білім беруге халықаралық стандарттарды енгізу және медициналық кадрларды сертификаттау және емдеу-диагностикалық технологияларды жетілдіру.
ҚР фармацевтикалық өнеркәсібінің тұрақты даму тенденциясы бар. Егер 1997 жылы соммасы 9 миллион АҚШ долларын құрайтын дәрілік препараттар шығарылса, 1998 жылы – 10 миллион АҚШ доллар, ал 1999 жылы – 11,5 миллион АҚШ доллары. 1997 жылы дәрілік препараттардың 132 түрі өндірілді, ал 2003 жылы бұл көрсеткіш 30 - 40% өсіп, 700 түрді құрады.
Отандық өндіріс галендік препараттарды, дәрілік өсімдік шикізатты, антибиотиктерді, вакциналарды, сарысуларды, рентген құрал – жабдықтарын, таңу материалдарын өндіретін 90 кәсіпорындармен көрсетілген. Олардың ішінен 51 кәсіпорын Алматы қаласында қызмет етеді. Осы кәсіпорындардың тек алтауында ғана өмірлік маңызы бар дәрілік заттардың 64 түрі шығарылады.
ҚР
фармацевтикалық қызметтер
1992
- 1994 жылдар - өтпелі кезең мен
бағалардың либерализациясы
1995
– 1999 жылдар – фармацевтикалық
қызметтер сферасындағы
2000 – 2002 жылдар – фармацевтикалық қызметтер нарығын мемлекеттік реттеудің белсенділігі;
2002 жыл – қазіргі уақытқа дейін – фармацевтикалық қызметтер нарығының тұрақтылығы.
Қазіргі
танда Қазақстан Республикада фармцевтикалық
қызметтің объектілерінің әрекет ету
көрсеткештері келесідей (1-
1-сурет
– Фармацевтикалық қызметтің объектілері
ҚР
фармацевтикалық және медициналық
өнеркәсібінің ірі
1.«Химфарм» АҚ (Шымкент қаласы) дәрілік препараттарды жасау мен ендіруге, ампулдық, дәрілік түрлерді, антибиотиктерді өндіруге маманданған. Бұл республикада наркотиктік препараттар (прамедал, морфин, эфедрин) мен этил спиртінің үлкен көлемдерін өндіретін жалғыз өндіруші.
2.«Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ (Алматы қаласы) тұнбалардың, эликсирлердің, тамшылардың, экстрактардың, майлардың, линименттердің ірі өндірушісі.
3.«Береке» АҚ (Орал қаласы) флакондардағы залалсыздандырылған ерітінділердің өндірушісі.
Дәрілік препараттарды өндіретін шетел үлесі бар кәсіпорындар:
1. «Қазақ Аджанта фарма ЛТД» ЖШС БК (қазақстан – үнді кәсіпорны).
2. «Ақсу – Дзен» ЖШС БК (қазақстан – корей кәсіпорны).
3. «Глобал фарм» ЖШС БК (қазақстан - корей кәсіпорны).
4. «Экофарм» ЖШС БК (қазақстан – бельгиялық кәсіпорны).
2002
жылдан бастап республикада «
Қазақстанның
фармацевтикалық нарығының
Дәрілік
тәуелсіздік мәселесінің тиісті
шешімі – мемлекеттік дәрілік
саясаттың басымдылығы –
Қазақстанда
дәрілік препараттарды
Қазақстан
Республикасын медициналық
1-кесте
– ҚР медициналық препараттармен негізгі
жабдықтаушылар.
№ | Бағасына байланысты | № | Санына байланысты |
1. | Ресей | 1. | Ресей |
2. | Германия | 2. | Үндістан |
3. | Үндістан | 3. | Беларусь |
4. | Венгрия | 4. | Литва |
5. | Словения | 5. | Германия |
6. | Франция | 6. | Польша |
7. | Польша | 7. | Франция |
8. | Литва | 8. | Венгрия |
9. | Болгария | 9. | Швейцария |