Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 10:11, курсовая работа
Кіріспе
Осының барлығы фармацевтикалық нарық құрылымын зерттеудің өзектілігін және оны жетілдіру бағыттарын жасауды көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – дәрілік препараттар нарығын зерттеу, проблемаларды анықтау және осы нарықты жетілдіру үшін ұсыныстар беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- маркетингтік зерттеудің теориялық аспектілерін зерттеп білу;
- дәрілік препараттар нарығына жалпы сипаттама беру;
- «Химфарм» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасын беру;
- дәрілік препараттар нарығын зерттеу және талдау;
- осы нарықтағы проблемаларды анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыну.
Кіріспе 3
1 Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері
1.1Маркетингтік зерттеулердің мәні 5
1.2 Маркетингтік зерттеулердің әдістері 7
1.3 Маркетингтік зерттеудің үрдісі мен оның кезеңдері 10
2 Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық нарықтың жағдайын талдау және бағалау
2.1 Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы 14
2.2 Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау 16
2.3 Дәрілік препараттарды сатып алушылардың тұтынушылық талғамын зерттеу 21
3 Фармацевтикалық нарықты жетілдіруі бойынша ұсыныстар
3.1 Дәрілік препараттар нарығын дамытудың негізгі бағыттары 26
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30
Мазмұны
Кіріспе | 3 |
1 Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері | |
1.1Маркетингтік зерттеулердің мәні | 5 |
1.2 Маркетингтік зерттеулердің әдістері | 7 |
1.3 Маркетингтік зерттеудің үрдісі мен оның кезеңдері | 10 |
2 Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық нарықтың жағдайын талдау және бағалау | |
2.1 Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы | 14 |
2.2 Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау | 16 |
2.3 Дәрілік препараттарды сатып алушылардың тұтынушылық талғамын зерттеу | 21 |
3 Фармацевтикалық нарықты жетілдіруі бойынша ұсыныстар | |
3.1 Дәрілік препараттар нарығын дамытудың негізгі бағыттары | 26 |
Қорытынды | 28 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 30 |
Қазіргі замандағы әлемдік медицина әртүрлі дәрілік препараттардың шамамен он мыңдай түрін пайдаланады. Медициналық тәжірибеде қолданылатын маңызды препараттардың тізіміне шамамен 700 түрі кіреді. Әлемдік елдердің бірде біреуі медикаменттердің толық номенклатурасын өндіре алмайды. Әлемнің дамыған елдері маңызды дәрілердің өндірісін қамтамасыз етуге, ал тапшылықты өзара жабдықтаулармен толықтыруға тырысады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібі дамуы жағынан артта қалды. Біздің мемлекетіміздің қажеттілігі соммасы 500 миллион АҚШ долларынан асатын медикаменттерге болып отыр. Ішкі күштер жылына қажеттіліктердің 11 пайызын қамтасыз етеді. Қалғаны жақын және алыс шетелден импортталады. Осыған байланысты, бүгінгі күні республиканың денсаулық сақтау басқармасы шетелден дайын дәрілік препараттарды сатып алу үшін қажет валюталық құралдардың бар болуына 94 пайыздан астам тәуелді.
2010
жылғы 29 қаңтарда Қазақстан
2009
жылы Дәрілік құралдарды
«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында «Химфарм» АҚ қазіргі заманғы фармацевтикалық кешен салад. Жылына 129,5 млн. долларға дәрілік құралдардың 125 аталымын шығару жоспарлады.
Қазіргі уақытта өз қаражаты есебінен «Химфарм» АҚ (Шымкент қ.) аумағында инъекциялық және инфузиялық ерітінділер цехының іргетасын салу басталды.[1]
Нарықтық
экономикаға өту кезеңінде
Зерттеу жүргізудің басты пайдасы. Әдістері халықтың іс- әрекетін білуге көмектеседі,бірақ болжамның басқарылмауынан адамдардың мәселерлері психологиялық факторларда да байланысы болуы және олардың өзгеруі.
Кәсіпорындағы маркетингті басқару кезеңі мен қызметінің жетілуінің бастамасы оның қызмет аясының анализі болып табылады. Кәсіпорын қызметінің деңгейі және экономикадағы терең құрылымдық дағдарыс салдарларын жеңіп шығу осы таңдауға тәуелді болады. Нарықта болып жатқан өзгерістер кәсіпорынның ішкі құрылымына тікелей әсер етіп, нарық жағдайында одан ары терең даму үшін өзгерістер енгізуге итермелейді. Өнім өткізу потенцияларын басқару процесінде кәсіпорындағы маркетингті басқару облысында болып жатқан өзгерістерді жіті бақылап отыру керек және нарық жағдайларының өзгеруіне байланысты тиімді шешім қабылдау керек.
Осының барлығы фармацевтикалық нарық құрылымын зерттеудің өзектілігін және оны жетілдіру бағыттарын жасауды көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – дәрілік препараттар нарығын зерттеу, проблемаларды анықтау және осы нарықты жетілдіру үшін ұсыныстар беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- маркетингтік зерттеудің теориялық аспектілерін зерттеп білу;
- дәрілік препараттар нарығына жалпы сипаттама беру;
- «Химфарм» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасын беру;
- дәрілік препараттар нарығын зерттеу және талдау;
- осы нарықтағы проблемаларды анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыну.
1 Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері
Маркетингтік зерттеулер – бұл анықтау тиімділігін жоғарлатуға және маркетингтік мәселелерді (мүмкіндіктерді) шешуге бағытталған ақпаратты идентификациялау, жинау, талдау және таратудың жүйелі және объективті үрдісі.
Олардың негізгі мақсаты маркетингтік шешімдерді қабылдау және олармен байланысты белгісіздік деңгейін төмендету үшін ақпараттық – талдау базасын құру болып табылады.
Міндеті – ақпараттық қажеттіліктерді бағалау және шаруашылық субъектісінің қызметінің шынайы жағдайын көрсететін объективті, сенімді, дәл уақыттағы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Осындай зерттеудің пәні – нарықтағы маркетингтік қызмет, сондай-ақ онымен байланысты нарықтық үрдістер.
Объект ретінде шаруашылық субъектінің өзі, ол қызмет жасайтын маркетингтік орта, ол бәсекелік белсенділігін көрсететін нарық, сонымен бірге тауарлық, бағалық, коммуникациялық және өткізу қызметі саласындағы онымен жүргізілетін маркетингтік тырысулар болуы мүмкін.
Маркетингтік зерттеулер басқарушылық үрдістің барлық кезеңдерінде ақпараттық – біріктіруші рөл атқарады және шаруашылық субъектінің маркетингтік қызметін жоспарлау, мәселелерді шешу және бақылау үшін сенімді ақпараттық база болып табылады.
Маркетингтік
зертеулерді жүргізуге
- қойылған корпоративтік және маркетингтік мақсаттарға жетпесе;
- бәсекелік стратегиялар мен бәсекелік белсенділіктің тиімділігін бағаласа;
- өсу стратегиясын іске асыруды жоспарласа;
-инвестициялық жобалармен байланысты жаңа портфельді стратегияларды жасаса;
-сегменттеу және позициялаумен байланысты функционалдық стратегияларды таңдаса.
Маркетингтік зерттеулер дегеніміз-компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатында, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпарат жинау, өндеу және мәліметтерді талдау мен қорытындылар ұсыну.
Маркетингтік зерттеулер міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оның өткізу және баға саятатын, тауарды нарыққа жылжыту мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарларын, макроортаны талдау.
Маркетингтік зерттеулер –бұл тұтынушылардың талғамдары мен талаптарын зерттеу бағытталған фирманың маркетингтік әрекетінің маңызды түрінің бірі. Мұндай зерттеулерді кәсіпорындар маманданған және консалтингтік фирмаларға тапсырыс жасау арқылы немесе өзінің маркетингтік бөлімдерінің күшімен өткізеді. Маркетингтік зерттеулер - бұл тұтынушылардың талғамдары мен талаптарын зерттеуге бағытталған фирма маркетингтік әрекетінің маңызды түрінің бірі зерттеулерді кәсіпорындар маманданған және консалтивті фирмаларға тапсырыс жасау арқылы немесе өзінің маркетингтік бөлімдерінің күшімен өткізеді. АҚШ компанияларының 75 %-ында осындай бөлімшелер бар, онда маркетологтар, статистер, бағдарламашылар, әлеуметтанушылар психологтар жұмыс істейді.
Қазақстанда маркетингтік зерттеулерді көптеген маманданған компаниялар жүргізеді. Оларға жататындар- БРИФ әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі, «Gallup Media Asia», ВІSАМ, Сиар, Cessi Каzакһstan , IGМ, Комкон-2 Евразия, Эксперт Консалт және тағы басқа компаниялары . Бұл ұйымдар» қаржылық мүмкіндіктері бар қазақстандық кәсіпорындар тапсырыс жасайды. Мысалы, «Аmer- Nielsen» фирмасының жылдық айналымы 9 млрд доллардан астам болса Қазақстандағы маркетингтік зерттеулерді жүргізетін компаниялардың бір жылғы айналымы - 700-800 мың.
Отандық
кәсіпорындардың көпшілігі
Ең
қымбат маркетингтік зерттеулер бірнеше
жүз миллион долларға дейін жетеді, «Фордтың»
«Эдселл» автомобилін шығаруына байланысты
шығынға ұшырауы 250 млн доллар, жоспарлауы
мен зерттеулері дұрыс болмауына байланысты.
«Конкордтың» шығындары 3000 млн доллар
болды.
Маркетингтік зерттеулер статистика,
эконометрия, математика, әлеуметтану,
психология сияқты әр түрлі ғылымдар әдістемелері
қолданылады.
Маркетингтік шешім қабылдау ақпараттар қажет етеді. Ал ақпарат жинаудың әр түрлі әдістері бар. Оның көздері бастапқы және соңғы мәліметтер болып бөлінеді.
Бастапқы мәліметтер – бұл маркетингтік зерттеулердің мақсаттарынан бөлек, бұрын басқа мақсаттармен жиналған ақпарат. Олдрдың артықшылықтары: ақпарат қолға онай түседі, салыстырмалы арзан болады,жылдам жиналады. Солмен қатар олардың кемшіліктері: ескі болуы мүмкін, мақсатка сай келмеуі мүмкін. Бастапқы ақпарат негізінде жүргізілетін зерттеулер "кабинеттік" деп аталады.
Бастапқы ақпарат фирманың ішкі құжаттарында және сыртқы ақпарат көзінде болады. Фирманың ішкі құжаттарына - пайда туралы есептер, өткізу көрсеткіштер, шот- фактуралар, тауарлық- материалдық құндылықтардың есеп тізімдемесі жатады. Сыртқы ақпарат көздері- мемлекеттік мекемелердің басылымдары, статистикалық анықтамалары, газет және журналдар, консалтингтік фирмалар.
Бірақ мұндай мәліметтерді байқап талдау керек, өйткені олар әр тұрлі мақсаттар мен әр тұрлі жағдайларда жинақталғандықтан, ескеріп кетуі мүмкін. Сондықтан қайталама ақпараттар қолдану алдында олардың шүбәсіз сенімділігін және жаңашылдығын мұқият тексеру керек.
Соңғы
ақпарат- бұл нақты зерттелетін мәселені
шешу үшін жаңа ғана жиналған ақпарат.
Мұндай зерттеулер "далалық" деп
аталады. Бұл жинау үшін көп шығын, еңбек
жіне уақыт керек. Оған арнайы жоспарын
дайындау қажет. Олардың артықшылықтары:
нақты мақсатқа сай жиналады, зерттеу
бақыланады, ақпарат сенімді болады. Кемшіліктері:
көп уақыт пен қаражаттың жұмсалуы, кейбір
мәліметтер қол жетімсіз болуы мүмкін.
1.2
Маркетингтік зерттеулердің
әдістері.
Маркетингтік зерттеулердің әдістері оны жүргізу мен ақпарат алу техникасы бойынша сандық және сапалық болып бөлінеді. [2,146-б.]
Сандық әдістер деп - жабық типті құрылымдық сұрақтарды пайдалану арқылы әр түрлі сауалнамаларды жүргізуді айтады.