Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2012 в 05:31, курсовая работа
Өзектілігі. Бүгінде елімізге ағылып жатқан косметикалық өнімдердің 90 пайыздан астамы шеттен келеді. Бізге көбіне өз өнімдерін экспорттайтын – Франция мен Италия, Польша елдері. Қымбаттығына қарай сапалы да. Ал Қытай да бізге өз өнімдерін тонналап әкеліп, әсемдік заттар нарығын жаулап алды десек те болады. Алайда ол өнімдердің кейбірінің аллергиялық ауру тудыратыны арагідік кездесіп қалып жатады.
Кіріспе....................................................................................................................3
І. Қазақстандағы косметика өнеркәсібінің даму тенденциялары
1.1 Өнеркәсiптiк және тұтыну маркетингі арасында тауар өндiру ...................5
1.2 Қазақстанда косметика нарығының дамуы.....................................................9
ІІ. Астана «Snack» Сауда ЖШС - туралы жалпы мәліметтер
2.1 Астана «Snack» Сауда ЖШС - ң құрылымы, даму тарихы, қызметтері..........................................................................................................17
2.2 «Астана «Snack» Сауда ЖШС – ң Жарғысы...........................................18
3. Косметика нарығын маркетингтік зерттеу
3.1 Тауар, жайғастыру, сұрыптау, тарату..........................................................21
Қорытынды..........................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................28
Негізінде, осы мәселені көтергендегі мақсатымыз – шетелдік косметика компанияларын насихаттау емес, «неге бізге де осы істі қолға алмасқа?» деп ой тастау. Оған мүмкіндігіміз де жетерлік.
Мемлекет қоржынын қомақтыландыруға әжептәуір үлес қосатын қаншама қаржы бөтеннің қазанына құйылып жатыр. Еліміздегі жалғыз ғана «Үркер Косметикке» қарап уһілеудің де қажеті шамалы. Косметикалық компания деп аталғанымен, әзірге балаларға арналған «Утя» шампуні мен кремін шығарудан басқа, қанатын кеңге жая алмай келеді. Сондай-ақ әрлеуші заттар шығаратын бір ғана "Биотон" зертханасы бар. Одан басқа еліміздегі әсемдік әлеміндегі нарықта «өлі тыныштық» десек те болады.
Қолымызға түскен «Қымыз» деп аталатын шашқа арналған шайғышқа қарап, қуанып кеткеніміз-ай. Өзіміздің өнім болар деп. Сыртқы қорабына ыдысқа құйылған қымыздың суретін салып қойыпты. Алайда үміт ақталмады. Белоруссияның «Эксклюзивкосметик» компаниясы шығарыпты.
Оңтүстік өңіріндегі Сарыағаш ауданында гектарлап раушан гүлін өсіретін шаруашылықтар бар. Олар өнімдерінің біршамасын сатып, қалған раушан гүлдерінің жапырақтарын Ташкентке тонналап өткізетін көрінеді. Естуімізше, ол жақта иіссу жасап шығарады екен. Ал біздің солтүстікте раушан гүлінің жапырақтарынан кәдімгі шаймен ішетін тосап жасайды.
Қытайдың арзанқол косметика өнімдері қолданыстан шыққалы қашан... Қазір көзіқарақты қаракөздеріміз қымбат та болса, сапасына қарап алатын болған. Бірақ бір әттеген-айы, шетелдік бояуларда сақтау мерзімі үнемі көрсетіле бермейді. Олардың кедендегі кермеден қалай өткізілетіндігі де белгісіз. Бұл да болса – түйінін тарқатуды қажет ететін мәселе. Әрі косметологтар шетелдік косметика өнімдерінің біздің табиғатымызға келе бермейтінін айтып дабыл қағуда. Алайда оған алаңдап жатқан адам жоқ. Мәселен, әжімге арналған, теріні қоректендіретін кремдер біздің климатта әсер етпеуі мүмкін. Өйткені шетелдік өнімдер қаншама табиғи таза өнімдерден жасалған дегенмен де, біздің ауа райымызға сай келмейді. Әрі бізде экологияның ушығып тұрғаны да әмбеге аян.
Сондықтан да сұлулық өнімдерін сатып аларда пайдасы бар ма, жоқ па дегенді екшеп алған да дұрыс. Әрбір қыз-келіншек бояуларды қолданбас бұрын қораптарда жазылған ақпараттан құлағдар болғаны абзал, әрине. Бірақ көптеген заттарда қазақшасын былай қойғанда, өзімізге түсініктілеу орыс тілінде жазылған нұсқаулығы да жоқ болып жатады.
Сұлулыққа жаны іңкәр жандардың косметикалық өнімдерге лап қоятыны да осы кез. Косметика нарығындағы сауданың көрігі қызатын да осы тұс. Базардағы опа-далапты місе тұтпайтындар фирмалық өнімдерді ғана пайдаланады. Иіссуларымен атағы шыққан француздық өнімдердің өтімділігі де орасан. Кіп-кішкене құтыдағы иіссуының өзі – кемі 50 доллар, арысы тіпті 200-300 доллардан да асып жығылады. Мұндай өнімдердің эксклюзивті түрін Франциядан арнайы алдыратындар да баршылық. Бір сепкенінің өзі бір аптаға жететін иіссудың бағасы қымбат болуы заңды да. Одан беріде опа-далаптардың бағасы да оңай емес. 2-3 мыңнан бастап сатылап өсе береді. Одан кейін кірпікке сүйкейтін сүрме, қабақты әрлейтін түрлі-түсті бояулардың өзі де арзан тұрмайды. Ең қарапайым деген қыз-келіншектің өзі жылына, кем дегенде, 15-20 мың теңгесін сұлулық үшін құрбандыққа шалады. Енді еліміздегі нәзік жандылар санын есіңізге түсіріңіз. Ал бүгіндері тіпті әжелеріміздің де косметикадан хабары бар екенін ескерсек, қаншама қаржының шетел асып жатқанына ішің ашығаннан басқа амал жоқ.
Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 4,68 миллиард долларды құрап отыр. Франциядан елімізге экспортталатын тауарлардың бастысы – электрондық және механикалық жабдықтар, одан кейінгі орында косметика өнімдері тұр. Оның ішінде элиталық санаттағы парфюмерия мен косметика, аксессуарларды жөнелтеді. Ал Польша мен Қазақстанның арасындағы тауар айналымы 1 миллиард доллардан да асып жығылады. Поляктар елімізге, негізінен, косметика, теңіз транспорты, кондитер өнімдерін экспорттайды. Елімізге ең қымбат косметика өнімдерін тасымалдайтын – осы елдер.
Конец формы
Glimpse™ интуитивті тері күтімі мангустаннан жасалатын тропикалық теріні жұмсартуға арналған санатты жасауда. XANGO өмірлік қор көзіне бай тірі затты мангустан жемісінің қоңыр түбінен жасады. Осы ашылымға жетелейтін, жаңашыл ғылым және өнімділікке жеткізетін нәтижелерге орай XANGO компаниясы санатты жасады .... басқалары тек сол жолды ұстанады.
Мангустан көптеген құпияларды сақтайды, соның бірі қартаюға қарсы әрекет! Біз барлық мангустан жемісін зерттедік және ең жақсы және ең әсерлі ксантонға бай компоненттерін таптық. Нәтижесі ерекше қоспа болады, ол BioActive X3 Complex™ ретінде белгілі Glimpse тері күтімімен шектеледі. Осы үш ерекше ксантон жиынтығының патентті күтудегі қоспасы мұқият жасалған формулалардың өзегі болып табылады.
Ғасырлар бойы ашылатын техникалар мен қазіргі таңғы, жетілдірілген Жапон технологиясы, BioActive X3 Complex мангустан кірістірілген сумен, мангустанда табылған әсерлі фито нәрлілікті сақтау және жетілдіру үшін биоферментация мен салқындықты өңдеумен жақсартылады. Glimpse тері күтімі қосымша интуитивті болады, терінің қай уақыттағы болмасын өзгерістеріне қажеттілікке назар аударылу үшін өзіндік реттелу формулаларын жетілдіреді. Glimpse тері күтімін қаншалықты ұзақ қолдансаңыз, соншалықты ол жақсы жұмыс істейді. Ғылыми күтім мен назар аудару өмірлік қауіпсіздік пен мөлдірлікті біріктіретін өнімділікті жетілдіретін терінің нәрлілігін қамтамасыз етеді.
Мангустан жемісімен нәрлендіру арқылы XANGO ешбір зақым келтірмейтін жаңа стандарт пен белгіні жетілдіруде. Нақты жасыл химия стандарттарын орындау және қауіпсіз косметика үшін келісім шартқа қол қою арқылы біз зиянды улы заттарды қолданбай өнімділікке негізделген тері нәрлілігін қамтамасыз етеміз.
Осы қозғалысқа қосылыңыз. Әлемді өзіңіз және қоршаған орта үшін жақсы, қауіпсіз және денсаулыққа зиянсыз орта етіңіз. Бұл жаңа бастаманың жарығы.
Жаңа күнделікті тері нәрлілігі режимін бүгін бастау үшін жүйе I, жүйе II немесе толық жүйеден бастаңыз.
Қазақстанда тұңғыш «Тікелей сауда қауымдастығы» құрылды. Бұл қауымдастыққа мүше болып әлемдік брендке ие, бір-бірімен бәсекелес төрт компания кірді. Сондағы бұл жаңа қауымдастықтың қызметі қандай? Тұтынушылар мен саудагерлердің құқықтарын қалай қорғалмақ? – деген сауал әркімді толғандырады. Бұған кәсіпкер жауап берсін.
Расымен де, мүшелікке кірген ком
паниялар бір-бірімен бәсекеде
жұмыс істейді. Тауар өткізудегі нарықтың талабы да сол ғой, кімнің тауары сапалы болса, соның саудасы да жүрдек. Демек, бәсеке болу қажет, ол - заңдылық. Бірақ бәсекенің де екі түрі бар, адал және һарам десек те болады. Біз - адал бәсекелес компаниялармыз. Міне, осы адал бәсекелестікті заңдастырып алу үшін де қауымдастық құрып отырған жайымыз бар. Біздің басты мақсатымыз - тұтынушылар құқықтарын қорғау мен бизнес жүргізудің этикалық стандарттарының сақталуын бақылау болмақ. Біріншіден, біз тұтынушылармен және олардың құқығын қорғайтын ұйымдармен тікелей, тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын боламыз. Олардың компания өнімдеріне берер бағасымен санасып отырамыз. Екіншіден, сіздер өкілі болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдарымен, мемлекеттік органдармен және білім беру мекемелерімен жұмысты жаңғыртпақпыз.
Халық тікелей сауданың не екенін дұрыс түсінуі қажет. Оның принциптері халық арасында аңыз болып кеткен қаржылық не желілік маркетинг, болмаса, «пирамидалардан» мүлде бөлек. Үшіншіден, Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті дамытудың, оның ішінде тікелей сауда индустриясының құқықтық алаңын құруға жұмыс жасайтын боламыз. Бас-қаша айтқанда, біз тәуелсіз дистрибьюторларға адал кәсіп жүргізуге, тұтынушымен тез тіл табысуына көмектесіп, сондай-ақ, халықтың қай компания тікелей саудамен айналысатынын, ал қайсыларының желілік маркетинг секілді жолда жүргенін айырып беретін боламыз. Демек, халық кімнің адал сауда жүргізетінін, ал кімнің алаяқтықпен айналысатынын өздері-ақ аңғарып, біліп отырады. Ол қалай дейсіз ғой? Қауымдастыққа мүше компаниялардың өнімдерінде біздің ортақ логотип көрсетілетін болады. Логотипті көрсеңіз, бұл өнімнің сапалы екеніне көз жеткізе беруіңізге болады.
Өйткені біздің қауымдастық - бүгінгі күннің өзінде Қазақстан салық төлеушілер, Қазақстан мен Алматы кәсіпкерлер қауымдастықтарының мүшесі. Ең алдымен, біз Кәсіби этика кодексін бекіттік. Оның талаптарын қауымдастыққа мүше компаниялар бұлжытпай орындауға міндетті. Талапты сақтамайтын болса, ешкімге де жеңілдік жасалмайды, қатаң жазаға тартылады. Бұл қандай талаптар дейсіз ғой, мысал келтіре кетейін. Әрбір мүше-компания ең бастысы, адал кәсіпкерлік жүргізу принциптерін сақтап, сапалы қызмет көрсетуi керек. Біздің кодекс жалғыз тұтынушыларға ғана емес, сатушыларға да арналған. Демек, тұтынушы өнім жайлы, оның қалай өндіріліп, қалай сатылатыны жайлы білгісі келген кез келген мәліметті компаниядан ала алады. Әрине, компания құпиясы болып табылатын мәліметтерден өзгелерін. Бұл тұтынушыны не дистрибьюторды жалған ақпарат алып, адасуынан сақтайды. Ал қауымдастықтың жұмысын бақылау, яғни Кәсіби этика кодексінің сақталуын бақылау міндеті Артық Сейітқалиева басқаратын тәуелсіз сарапшы - «Адал» тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестікке жүктеліп отыр. Олар мүше-компаниялар үстінен түскен кез келген арыз-шағымды қарастырып, шешім қабылдап отырады.
Әлемдік тәжірибеде мұндай қауымдастық тәжірибесі ұзақ уақыттан бері қолданыста бар. Оларда жүйе әбден қалыптасқандықтан, тұтынушылар осындай ұйымға мүше компаниялардың дистрибьюторлар ұсынған өнімді қорықпай ала береді. Өйткені олар этика талаптарын сақтауға дағдыланған.
Ал бізде бұл жағы қиындау. Бірақ соған қадам жасап жатырмыз.
Қауымдастықты құрудың өзі - алғашқы қадам болып отыр. Ендігі уақытта тұтынушылар мүше-компаниялардың өнімдерін еш қауіптенбестен ала берсе болады. Өйткені олардың жұмысын бақылайтын тәуелсіз сарапшылар бар. Қауымдастыққа кіретін компаниялардың дистрибьюторлары тұтынушыға өзі, компаниясы, өнімі жайлы мол мағлұмат беруге тиіс. Сондай-ақ тұтынушыны түнгі мезгілдерде мазаламай, өзіне қолайлы уақытта ғана жолығуы қажет. Әдептілік танытуы керек, қарапайым тілмен айтқанда. Сондай-ақ тұтынушының телефоны, мекен-жайы секілді мәліметтерін басқа мақсаттарда қолданбауға тиіс. Сондай-ақ ол тұтынушысына қандай жағдайларда тауарды қайтып беруге болатынын да түсіндіріп беруі тиіс. Көп ретте тұтынушылардан осы мәселеге қатысты арыздар келіп жатады. Дәл қазір нақты баға беру қиын. Өйткені біздің қауымдастық жаңа құрылып жатыр, көп нәрсені зерттеп үлгерген жоқпыз. Оның үстіне әзірге қауымдастыққа 4-ақ компания кірді, демек, толық мәлімет қолда жоқ деген сөз.
Бірақ тікелей сауданың ең үлкен бөлігін косметика саудасы құрай
ды десек, таяуда ғана жарық көрген «Еуромонитордың» мәліметтерін назарға алуға болады. 2009 жылы косметика саудасының қазақстандық нарығы 91 миллиард 600 миллион теңгені құраған. Оның 28 пайызы тікелей саудаға шыққан. 2007 жылмен салыстырғанда, дағдарыс жағдайына қарамастан, тікелей сауда 4,32 пайызға өскен. Ал жалпы Қазақстанда қазір тікелей саудамен айналысатын 400 мыңдай жан бар. Қазақстанда тікелей сауда бизнесі әлі жас. Сондықтан оның алдында әлі көп мүмкіндіктер бар деп ойлаймын. Мәселен, АҚШ-та бұл бизнес түрі 75 жылдан бері дамып келеді, Жапониядағы тауардың 90 пайызы осы тікелей сауда арқылы өткізіледі. Осы жайттарды ескерсек, Қазақстанда да адал кәсіпкерлік жүргізудің мүмкіндігі мол. Бастысы, Кәсіби этика кодексінің талаптарын бұлжытпай орындайтын компаниялар ортасын қалыптастыра білсек болғаны.
ІІ. Астана «Snack» Сауда ЖШС - туралы жалпы мәліметтер
2.1 Астана «Snack» Сауда ЖШС - ң құрылымы, даму тарихы, қызметтері
«Астана «Snack» Сауда ЖШС туралы жалпы мәліметтер:
Атауы: Астана «Snack» Сауда ЖШС
Қазақстан Республикасының 01.09.2002 жылғы «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңына сай құрылған заңды тұлға болып табылады.
Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі жанындағы Астана қаласының әділет басқармасы бекіткен Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы Астана қаласы, 2002 жылдың 08 шілдесінен № 12205-1901-ЖШС Куәлігі бар.
Кәсіпорынның толық атауы: СТН 620200217730 «Астана «Snack» Сауда ЖШС (жеке шаруашылық серіктестігі)
Тұрағы: Астана қаласы, Абай көшесі, 8 үй, 12 пәтерде орналасқан, айналысатын кәсібі – заттарды (жұмыс, қызмет) тарату.
Алғашқы мемлекеттік тіркелген күні: 01 қыркүйек, 2002 жыл
«Астана «Snack» Сауда ЖШС жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жарғылық капиталына үлесі – 100 пайызды құрайды.
Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап заңды тұлға мәртебесіне ие болды, оқшауландырылған мүлікке ие, дербес балансы, несие мекемелерінде есеп айырысу шоттары және өзге де, оның ішінде: валюталық шоттары, өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөрі, мөртабаны, банктері және тауарлық белгісі бар.
Кәсіпорын өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, «Мемлекеттік Мекеме туралы» ҚР-ның Заңын, ҚР-ның басқа да нормативтік актілері мен осы Жарғыны басшылыққа алады.
2.2 «Астана «Snack» Сауда ЖШС – ң Жарғысы
Жағдай
1 «Астана «Snack» Сауда ЖШС қаржы – шаруашылық бөлімі туралы
Жалпы жағдайлар
1.
2.
Бөлім әрекеттілігі «Астана «Snack» Сауда ЖШС – ң өндірістік бірлестігі филиалы басшысымен анықталады және бақыланады.
«Астана «Snack» Сауда ЖШС -ң негізгі функциялары. Бөлім құқықтары