Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 12:36, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – дәрілік препараттар нарығын зерттеу, проблемаларды анықтау және осы нарықты жетілдіру үшін ұсыныстар беру.
Кіріспе
1 Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері
1.1 Маркетингтік зерттеулердің мәні,үрдісі және оның кезеңдері
1.2 Маркетингтік зерттеулердің әдістері
1.3 Маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен классификациясы 2 Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық нарықтың жағдайын талдау және бағалау
2.1 Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы 2.2 Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау
2.3 Дәрілік препараттарды сатып алушылардың тұтынушылық таңдауларын зерттеу
3 Фармацевтикалық нарықты жетілдіруі бойынша ұсыныстар
3.1 Дәрілік препараттар нарығын дамытудың негізгі бағыттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
2005 жылы импорт көлемі 26 миллиард теңгені (186,6 миллион АҚШ долларын) құрады, 2004 жылмен салыстырғанда 26 % өскенін білдіреді.
Берілген мәлімметтер бойынша ішкі күштер нарық қажеттіліктерінің 11% қанағаттандырады (сурет 1).
Бірақ орташа қазақстандық
тұтынушының дәрілік
1 – сурет – дәрілік препараттарда ішкі қажеттіліктердің қанағаттану құрылымы.
Қазақстандағы нарықтық қарым – қатынастардың дамуымен байланысты тауарлардың әртүрлілігінің өсуі тек қана азық – түлік тағамдарының нарығына ғана емес, сондай-ақ дәрілік препараттар нарығына да үлкен әсерін тигізді. Қазіргі уақытта дәрілік препараттар нарығында әлемдік фармацевтикалық нарықтың барлық танымал өндірушілері ұсынылған. Бұл жағдай тұтынушыға өзіне неғұрлым ыңғайлы және тиімді дәріні таңдауға мүмкіндік береді.
Қазақстанның фармацевтикалық нарығы қарқынды даму үстінде және жақын болашақта украиналық нарықты басып озуы мүмкін. Бірақ бұл тек мына жағдайда болуы мүмкін: егер Ресейдің табысты мысалына жүгініп, Қазақстанның билік күштері отандық фармацевтерге қажетті қолдау көрсеткенде.
Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі таңда ресейлік фармацевтикалық нарық ТМД елдерінің арасында дамыған болып есептеледі, ал медициналық препараттардың украиналық нарығы дамуы жағынан 2 жылға артта қалып қойды, ал қазақстандық нарық 4 жылға артта қалды. Ресейдегі фармацевтикалық саланың дамуында маңызды рөлді қосымша дәрілік қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламасы атқарады. Бұл бағдарлама мемлекет бюджетінен қаржы құралдарын бөлу есебінен нарық көлемін ұлғайтуға мүмкіндік туғызды. Осы бағдарлама есебінен 2005 жылы ресейлік нарық 25 – 28 % - ға өсті.
Қазақстанның дамуы дәрілік препараттар нарығына шетелдік өндірушілер де қызығушылық білдіреді. Сарапшылардың айтуынша, бірнеше шетелдік фармацевтикалық компаниялар Қазақстандағы өздерінің фирмалары мен өкілдіктерінің инфрақұрылымына күрделі инвестициялар салуды жоспарлап отыр. Бұл нарықта отандық фармацевтердің позициялары едәуір көзге түседі. Ірі украиналық компаниялар, атап айтқанда, «Дарница», «Фармак» және «Борщаговский ХФЗ» компаниялары нарықтың 57 % алып жатыр. Бірақ күшейіп жатқан бәсекелестікті және Қазақстан нарығының даму
қарқынын есепке алғанда, нарық үлестерінің бөлінуі жақын уақыт аралығында өзгеруі мүмкін.
Егер қазақстандық фармацевтика нарығын жалпы қарастырсақ, қазіргі
кезде 6000 препараттар бар, олардың 600 дәрілері Қазақстанда өндіріледі. Дәрілік заттардың нарық көлемі жалына 400 миллион АҚШ долларына бағаланады. Шетелдік фармацевтикалық компаниялардың 100 өкілдіктері қазақстандық нарықта әрекет етеді. Қазақстандағы дәрілік препараттардың ең ірі жабдықтаушылары болып Ресей, Германия, Франция және АҚШ саналады. 2006 жылдың бірінші кварталы бойынша отандық өндірушілер сату көлемнің екі реттік өсімін көрсетті.
Сәйкесінше, республикада дәріханалық сату нарығының көлемі ұлғайды. Сонымен қатар көп жағдайда халық науқастанған кезде бірінші кезекте дәріханаға барады, ал дәрігерге соңғы сәтте барады.
Медициналық жүйеге деген азаматтардың қарым-қатынасы қандай? Қазақстанда респонденттердің 52% емдеу мекемелерінің қызметі жайлы өткір сын айтқан жоқ. Басқа 40 % қанағаттанбаған және 8% мүлдем наразы.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат қызметінің мәліметтері бойынша республикалық бюджетте 2006 жылы денсаулық сақтау шығындарына 80 миллиардтан астам теңге бөлінген. Негізгі акцент емханалардың материалдық – техникалық базасын жақсартуға, халықты профилактикалық медициналық тексеруге, азаматтарды дәрілермен қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау объектілерін салу мен жаңғыртуға қойылған.
Бұрын көптеген дәрілер дефицит болып, оларды сатып алу қиынға түсетін. Бірақ қазір нарықтық экономика жағдайында бұл мәселе шешілді (сурет 4). Респонденттердің 17% көзқарасы бойынша барлық маңызды препараттарды Қазақстанда сатып алуға мүмкіндік бар, басқа 45% маңызды дәрілердің басым көпшілігі бар дейді, және 38% маңызды препараттардың тек кейбіреулерін ғана қазақстандық халық сатып алуы мүмкін деп айтады.
2 – сурет – дәрілерді сатып алу мүмкіндігінің деңгейі.
Австрия |
45 |
46 |
4 |
5 |
Босния-Герцоговина |
32 |
42 |
25 |
1 |
Хорватия |
21 |
52 |
26 |
1 |
Чехия |
25 |
47 |
15 |
13 |
Венгрия |
36 |
56 |
7 |
1 |
Қазақстан |
17 |
45 |
38 |
Польша |
32 |
48 |
15 |
5 |
Румыния |
15 |
45 |
38 |
2 |
Ресей |
18 |
39 |
24 |
19 |
Словакия |
18 |
57 |
23 |
2 |
Словения |
21 |
54 |
17 |
8 |
Украина |
21 |
37 |
26 |
16 |
барлық маңызды дәрілер
маңызды дәрілердің басым көпшілігі
тек кейбір маңызды дәрілер ғана
бәрібір
Қазіргі уақытта Қазақстанда отандық фармацевтикалық өндірушілердің арасында «Химфарм» компаниясы көшбасшы болып табылады.
1882 жылы Шымкент химия
– фармацевтикалық зауыттың
Ұзақ уақыт бойы зауыт
тек фармацевтикалық
Қазіргі кезде зауыт SANTO сауда белгісімен аталатын дайын дәрілік препараттарды шығару үрдісін дамытуда және қазіргі заманғы құрал – жабдықтармен өндірілетін дәрілердің тізімін кеңейтуде.
Зауытта белгілі дәрілік формаларды шығаруға маманданған 5 негізгі цехтар бар. Олар мыналарды өндіреді:
Зауытта майлар, линименттер, суппозиториялар түрінде жұмсақ дәрілік формалардың өндірісі бойынша жаңа бағыттар жүргізіліп жатыр.
Зерттеу лабораториясы барлық технологиялық құралдармен жабдықталған. Кәсіпорын өзінің өнімдерін тек ішкі нарық үшін өндіріп қана қоймайды, сонымен бірге оларды алыс және жақын шетелдерге экспорттайды. Қазақстанда өндірілетін фармацевтикалық өнімдердің жалпы көлемінде кәсіпорын үлесі 55 % - ды құрайды.
Қазіргі кезде зауыт капсулалар, дәрілер, ампулалардағы инъекциялық ерітінділер, сироптар, тұнбалар, майлар, сулы және спирттік ерітінділер формасында дженериктік және таза (оригиналды) дәрілік препараттардың 200 – ден астам түрлерін өндіреді.
Өндірістік үрдістің барлық кезеңдері автоматты тестілеуді өтеді және микробиологиялық тазалыққа сертификацияланады. Соңғы өнімнің сапасы компанияның қазіргі заманғы аналитикалық құрал – жабдықтармен жабдықталған лабораториясында бақыланады.
Зауыт өнімінің жоғары сапасы мыналарға байланысты қамтамасыз етіледі:
Компанияның дженериктік препараттары өздерінің құрамы мен әсер етуі жағынан таза (оригиналды) дәрілік формаларға толық сәйкес келеді. Тестілеу әдістерін жетілдіру дәрілік препараттардың оригиналды препараттардан құрамы мен терапевтік қасиеттерінің ауытқуларын жоюға мүмкіндік береді.
Дайын дәрілік формаларды шығарудың көлемі қарқынды өсіп жатыр. Осының барлығы оларға өмір сүру деңгейін жақсарту үшін қауіпсіз, тиімді, жоғары сапалы және бағасы қолайлы дәрілерді зерттеуге, жасауға және өндіруге мүмкіндік береді.
SANTO компаниясы кардиология, гастроэнтерология, психиатрия мен неврология, гинекология, андрология, урология мен иммунология үшін дәрілік препараттарды жасау мен өндіруде танымал көшбасшы болып табылады.
Клиниктік – фармакологиялық классификациясы:
Орталық Азиядағы дәрілік препараттардың жетекші өндірушісі «Химфарм» компаниясы Қазақстанның, ТМД елдері мен алыс шетелдердің нарықтарында табысты жұмыс істеп жатыр. «Химфарм» компаниясы дәріханалық сатулардың көлемі бойынша жетекші өндірушілер рейтингінде 20 – шы орынды алып отыр, оның үлесі дәріханалық сатулардың жалпы көлемінде 1 % құрады.
«Медфарм Қазақстан» фармацевтикалық және медициналық өнімдердің тауар өндірушілерінің ассоциациясының классификациясы бойынша республикада өндірістің көлемі бойынша фармацевтикалық өнімдер өндірушілерінің 3 тобын бөліп көрсетуге болады. Бірінші топқа «Химфарм» компаниясы кіреді, оның көлемі 2006 жылы 16 млн. АҚШ долларын құрады, бұл отандық фармацевтикалық кәсіпорындармен өндірілген өнімдердің жалпы көлемінің 60%-на сәйкес келеді. Екінші топқа өндіріс көлемі жылына 1 млн. АҚШ долларына аспайтын кәсіпорындар кіреді. Бұл «Леовит» ЖШС, Алматы фармацевтикалық фабрикасы, қан құюдың Республикалық орталығы және «Ромат» ЖШС. Үшінші топқа өндіріс көлемі 300-400 мың АҚШ доллары және одан төмен болатын барлық қалған кәсіпорындар кіреді. Жалпы Қазақстанда дәрілік препараттарды шығаратын 40 кәсіпорын қызмет ететіндігін есепке алғанда, үшінші топқа 35 кәсіпорын жатқызылады (кесте 3).
3 – кесте -Өндірістің жылдық көлеміне байланысты Қазақстанның фармацевтикалық өндірушілерінің үш тобы
№ |
Фармацевтикалық өндірушілер |
Өндірістің жылдық көлемі, млн. АҚШ доллары |
1 |
«Химфарм» АҚ |
16 |
2 |
«Леовит» ЖШС, Алматы фармацевтикалық фабрикасы, қан құюдың Республикалық орталығы, «Ромат» ЖШС |
1 |
3 |
Қалған 35 компаниялар |
0,3 |