Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 12:36, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – дәрілік препараттар нарығын зерттеу, проблемаларды анықтау және осы нарықты жетілдіру үшін ұсыныстар беру.
Кіріспе
1 Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері
1.1 Маркетингтік зерттеулердің мәні,үрдісі және оның кезеңдері
1.2 Маркетингтік зерттеулердің әдістері
1.3 Маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен классификациясы 2 Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық нарықтың жағдайын талдау және бағалау
2.1 Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы 2.2 Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау
2.3 Дәрілік препараттарды сатып алушылардың тұтынушылық таңдауларын зерттеу
3 Фармацевтикалық нарықты жетілдіруі бойынша ұсыныстар
3.1 Дәрілік препараттар нарығын дамытудың негізгі бағыттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
• Жеке сұхбат - бір адаммен әңгімелесу. Жеке сұхбат жұмыс орнында, үйде және далада жүргізілуі мүмкін. Ол сұрақтарына, сұрақ санына және уақытына байланысты бірнеше минуттан бір сағатқа дейін созылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда кеткен уақыт үшін сұхбат беруі тиіс шағын сыйлық, не ақшалай өтемақы беріледі. Жеке сұхбат — мәлімет жинаудың ең қымбат әдісі.
• Топтық сұхбат - 5-10 адаммен бірнеше сағат ішінде сұхбат жүргізіледі. Әңгімені жүргізуші жоғары білікті, объективті болуы, тақырыпты білуі және топтар мен тұтынушылардың мінез-құлқын, ерекшеліктерін ұғынуы қажет.
• Ірі дүкендерге келушілерден сұхбат (интервью) алу. Алғашқымен салыстырғанда арзан.
• Кеңселерде өткізілетін сұхбат. Әдетте мұндай сұхбат өндірістік-техникалық мақсатқа арналған өнім жөніндегі ақпаратты жинау кезінде пайдаланады. Мұндай әдістің білікті мамандар жүргізуіне байланысты бағасы жоғары болады.
• Телефондық сауалнама ақпарат жинаудың ең жылдам әдісі болып табылады. Артықшылықтары: көп респонденттерді қамтиды, салыстырмалы түрде бағасы төмен болады. Кемшіліктері - тек телефоны барлардан пікір сұрау алынады және ресми сипаттағы қысқа әңгіме өткізіледі, жауап алу және оның сапасын тексеру қиынға соғады.
• Компьютерленген сұхбат. Интернет көмегімен ақпарат жинау - ең жаңа әдіс. Артықшылығы: ақпаратты жинау жылдамдығы, жоғары тиімділігі, шығындарының төмендігі. Кемшіліктері: жауап берушіні білмеу, көзбе-көз көрмеу.
• Респондентердің қалдырылған сауалнаманы өздері толтыруы. Мұндай тәсіл сұхбат алуды ыңғайлы және арзан өткізу үшін қолданылады. Қатысушылар ретінде бір сыныптың оқушылары, топ студенттері, ұйым қызметкерлері, қонақ үй тұрғындары бола алады. Бұл тәсіл сұхбат жүргізушінің респонденттерге ықпалының аздығымен және салыстырмалы түрде арзандығымен сипатталады.
• Пошталық сауалнама - сауалнамаларды (анкета) пошта арқылы жіберу. Алайда пошталық сауалнама қарапайым және қисынды мазмұндалған сұрақтарды талап етеді. Ал жауап қайтару дәрежесі төмен және баяу болады.
Пікір сұрау әдістерінің артықшылықтары:
1. Сұрақтарды стандарттаудың (бірдей сұрақтар) деңгейінің жоғарылығы;
2. Басқа әдістермен салыстырғанда жүзеге асырылуы қарапайым;
3. Терең талдау жүргізу мүмкіндігі.
Кемшіліктері:
1. Жауаптарды хаттамалау;
2. Ақпаратты өңдеу қиындығы;
3 Уақыт пен қаражат көп кетеді.
Сауалнама жүргізген кезде ақпарат үш әдіспен жиналады:
1. Бірінші жағдайда сұхбат жүргізуші респонденттерге сұрақ қойып, жауаптарды белгілеп отырады.
2. Респондент өз бетінше жауап толтырады.
3. Сұрақтар компьютер көмегімен қойылады.
2) Фокус-топ - құрылымдық емес сипаттағы ақпарат алу мақсатында модератордың басқаруымен өткізілетін респонденттердің кішігірім тобы. Бұл әдістің мәні - әр түрлі тұтынушылар тобының ойларын айқындау.
Фокус - топ талғамдары, қажеттіліктері, ойлары әр түрлі болып келетін респонденттерден тұрады. Топпен жұмыс ұзақтығы 1,5-2 сағатқа созылады. Toп 8-12 адамнан тұрады. Топтың жұмысын басқарушы модератор қатысушылардың назарын нақты мәселеге бейімдеп отырады.
Фокус-топтарды болашақта сандық түрде анықтауға болатын болжамдарды анықтау және жаңа тауар тұжырымдамасын тексеру үшін пайдалану тиімді.
3) Зерттеудің панельдік әдісі - бірдей уақыт аралығында нақты бір топтан қайталап мәлімет жинау.
Панельдік зерттеудің белгілері:
• Зерттеу пәні мен тақырыбы тұрақты;
• Мәліметтерді жинау бірдей уақыт аралығында қайталанып тұрады.
• Зерттеу объектілері тұрақты (сауда кәсіпорындары, тұтынушылар, өндірушілер, үй шаруашылықтары және т.б.).
Бұл әдіс бойынша зерттеушінің бұрынғы нәтижелерді жаңа алынған мәліметтермен салыстырып, өзгерістердің даму заңдылықтарын белгілеуге мүмкіндігі бар.
Қазіргі кезде нарықтағы жағдай тез өзгеріп отыратындықтан, бұл әдіс жиі пайдаланылады, өйткені зерттеушінің өзгерістерді бақылап отыруға мүмкіндігі бар. Панельді құру және оны өткізу көп уақытты, қаржыны, шығынды қажет етеді, сондықтан мұндай зерттеулермен маманданған институттар, ғылыми орталықтар және агенттіктер айналысады.
Алынған мәліметтерді өткізу аумақтарын, дүкендерді типі мен мөлшеріне қарай бөле отырып, сатып алушының жаңа тауарды қалай қабылдағандығын тексеріп және өткізу қызметінің жұмыс тиімділігін анықтау арқылы талдауға болады.
Зерттелетін бірлік сипаттамасы бойынша панель былайша бөлінеді:
• Тұтынушылық панелі. Оның мөлшері жеке тұтынушылар, отбасы, үй шаруашылықтары негізінде анықталады.
• Саудалық панельдеріне сауда ұйымдары, саудагерлер қатысады.
• Тауар шығаратын өнеркәсіптік ұйымдардан тұратын панельдер.
• Зерттелетін мәселе жөнінде сарапшы-мамандармен өткізілетін панель.
Әлеуметтік
зерттеу әдістерінің
Маркетингтік зерттеулерде "Дельфи" және "Ми шабуылы" эксперттік бағалау әдістері ерекше орын алады.
1. "Дельфи" әдісі - болжамды дәлелді ету үшін бірнеше рет пікір сұрауға сүйенген сарапшылық әдіс.
2."Ми шабуылы"- мамандардың ұжымдық талқылауы негізінде творчестволық шешім қабылдау әдісі.
Зерттеулердің нақты әдісін таңдау көбіне маркетингтік зерттеулердің белгілі бір кезеңдерінде шешілетін мақсаттар мен міндеттерге байланысты белгіленеді.
Маркетингтік зерттеулердің міндеттері стратегиялық және тактикалық сипатта болуы мүмкін және шаруашылық субъектінің бәсекеге қабілеттілігіне маркетингтік ортаның әртүрлі факторларының әсер ету дәрежесін анықтауға бағытталуы мүмкін. Осыған байланысты маркетингтік зерттеулер келесідей болуы мүмкін:
№ |
Классификация белгілері |
Маркетингтік зерттеулер түрлері |
1 |
Зерттеулер бағыттары бойынша |
|
2 |
Қолдау саласы бойынша |
|
3 |
Зерттеулік дизайн бойынша |
|
4 |
Зерттеулердің мақсаты мен типіне байланысты |
|
5 |
Қолданылатын ақпарат |
|
6 |
Алынатын нәтижелердің сипатына қарай |
|
7 |
Проблеманы қамту дәрежесіне қарай |
|
8 |
Зерттеулерді жүргізу |
|
9 |
Мүдделер саны бойынша |
|
10 |
Территориялық қамту бойынша |
|
11 |
Зерттеулерді жүргізудің ұйымдастырушылық формалары бойынша |
|
Маркетингтік зерттеулер шаруашылық субъектінің сыртқы және ішкі ортасы туралы ақпарат бере алады, ал оның нәтижелері нарықтағы маркетингтік қызметтің тиімділігін жоспарлау, іске асыру және бақылау үшін негіз болып саналады.
Халық пен Қазақстан
Республикасының денсаулық
ҚР фармацевтикалық өнеркәсібінің тұрақты даму тенденциясы бар. Егер 1997 жылы соммасы 9 миллион АҚШ долларын құрайтын дәрілік препараттар шығарылса, 1998 жылы – 10 миллион АҚШ доллар, ал 1999 жылы – 11,5 миллион АҚШ доллары. 1997 жылы дәрілік препараттардың 132 түрі өндірілді, ал 2003 жылы бұл көрсеткіш 30 - 40% өсіп, 700 түрді құрады.
Отандық өндіріс галендік препараттарды, дәрілік өсімдік шикізатты, антибиотиктерді, вакциналарды, сарысуларды, рентген құрал – жабдықтарын, таңу материалдарын өндіретін 90 кәсіпорындармен көрсетілген. Олардың ішінен 51 кәсіпорын Алматы қаласында қызмет етеді. Осы кәсіпорындардың тек алтауында ғана өмірлік маңызы бар дәрілік заттардың 64 түрі шығарылады.
ҚР фармацевтикалық қызметтер нарығының даму үрдісін шартты түрде келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1992 - 1994 жылдар - өтпелі
кезең мен бағалардың
1995 – 1999 жылдар –
фармацевтикалық қызметтер
2000 – 2002 жылдар –
фармацевтикалық қызметтер
2002 жыл – қазіргі
уақытқа дейін –
ҚР фармацевтикалық
және медициналық өнеркәсібінің
ірі кәсіпорындары мыналар
Дәрілік препараттарды өндіретін шетел үлесі бар кәсіпорындар:
2002 жылдан бастап республикада
«Дәрілік препараттардың
Қазақстанның фармацевтикалық нарығының сиымдылығы әртүрлі ақпарат көздерінің мәліметтері бойынша 150 – 300 миллион АҚШ долларын құрайды. Бүгінгі күні Қазақстанда 6000 астам дәрілік препараттар тіркелген.
Дәрілік тәуелсіздік мәселесінің
тиісті шешімі – мемлекеттік дәрілік
саясаттың басымдылығы –
Қазақстанда дәрілік
препараттарды өндірумен
Қазақстан Республикасын
медициналық препараттармен негізгі
жабдықтаушылар препараттарды әкелу
көлемінің қысқару ретімен
2 – кесте - ҚР медициналық препараттармен негізгі жабдықтаушылар
Бағасына байланысты |
Санына байланысты | ||
1. |
Ресей |
1. |
Ресей |
2. |
Германия |
2. |
Үндістан |
3. |
Үндістан |
3. |
Беларусь |
4. |
Венгрия |
4. |
Литва |
5. |
Словения |
5. |
Германия |
6. |
Франция |
6. |
Польша |
7. |
Польша |
7. |
Франция |
8. |
Литва |
8. |
Венгрия |
9. |
Болгария |
9. |
Швейцария |