Білім беру саласындағы маркетингтің ролі

Автор: l**************@gmail.com, 27 Ноября 2011 в 17:05, курсовая работа

Описание работы

Маркетингтік зерттеулердің әдістері оны жүргізу мен ақпарат алу техникасы бойынша сандық және сапалық болып бөлінеді.

Работа содержит 1 файл

2 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУДІ ТАЛДАУ2.docx

— 93.14 Кб (Скачать)

    Дамыған мемлекеттер арасында Жапонияның білім  беру жүйесі ерекше. Жапон елінің бәләм  жүйесі батыстық үлгіде жасалынғанмен, нақты бір елдің жүйесін емес, керісінше батыстық педагогикамен  үйлестіріп, өзіндік білім жүйесін  жасауға қол жеткізді. Жапондықтар  ең алдымен өздерінің ұлттық құндылықтарын  жоғары бағалайды.Олар қашанда білімге  құщтарлықпен танылған ұлт. Жапон ұлтының  білім берудегі басты ұстанымы- ұлттық құндылықтарын сақтау және дамыту. Жапондықтар үш басты қасиетті қадір  тұтады: ұлт мүддесін жеке бас мүддесінен жоғары қою, білімге құштарлық және еңбексүйгіштік. Жапон елінің іс- тәжірибесінен  қазақ халқының өзіне үлгі алар тұстары  баршылық, демек, жапондардың тәжірибесін  қолдануды ұсынар едік. Ендеше ұлттық құндылықтарымызды сақтау арқылы еліміздің  білім беру саясатының ұлттық рухани дамуына, білім жүйесінің жетілуіне, қоғамда өзіне лайықты орын алатын білімді болашақ тәрбиелеуге, озық қоғам құруға қол жеткізуге болады.

    Қазақ елінің болашағын айқындайтын, оны  тұрақты даму деңгейіне көтеретін  бірден бір құндылық, ол- жасөспірімдерді  отаншылдық рухта тәрбиелеу. Ендеше, ауыл социумы мен білім беру жүйесінің  өзара қарым қатынасын дамыту мәселесі осыдан бастау алса, жас ұрпақты  білімді және сол білімді ұтымды пайдалана алатын іскер, білгір де, білікті етіп өсірумен қатар, оның адамгершілік болмысын, ішкі жан дүниесін, азаматтық  тұлғасын, халықтық қасиеттерін дұрыс  және орнықты түрде қалыптастыру болмақ. Білімнің басты ұстанымы- адамға білім беру ғана емес, сол білімді  және біліммен қарулануды "руханияттандыру" және "адамгершіліктендіру" қажет деп ойлаймыз [13, 68-70б].

    Қорытындылайтын болсақ, қазіргі таңда біршама  ЖОО-дарында Маркетинг бөлімшелері  немесе департаменттер жұмыс жасайды. Ұсыныстарымыз: осындай бөлімдерді барлық университеттерде ашып, жұмысын  іске асыру керек деп ойлаймын.Бұл  ең бірінші,бұл сол ЖОО на пайда  әкелсе, екінші жағынан, қоғамға, ондағы оқушыларға да оң әсерін тигізер еді  деп ойлаймын. Білім саласын жетілдіруде  Батыс елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып дамыту керек және білікті  мамандарды дайындауға көп көңіл  бөлу керек деп тұжырымдадық.

    Сонымен қатар, жалпы еліміз бойынша білімнің барлық салаларында маркетингті  дамытуға көп көңіл бөлу керек.Бұған  қаржылай да, еңбектей, бақылай отырып көңіл бөлу керек. Білім саласындағы  маркетингтің қаншалықты маңызды екенін түсінген соң, өздері оны әрі қарай  дамытып әкететіне сенемін.Тек  қана білім саласында емес, барлық қызмет көрсету салаларына енгізіп, одан ары дамыту қажет деп ойлаймыз. Елімізде бұл сала мүлдем енгізілмеген деп айта алмаймыз, бірақ одан да күшті дамытсақ, нұр үстіне нұр  емес пе?! Мұның бәрі жастардың қолында, яғни біздің қолымызда. Біз, маркетологтар, оқуымызды жақсылап бітіріп, сапалы білім алып шықсақ,  Қазақстандағы  маркетингті дамытатынымыз сөзсіз. 
 

Информация о работе Білім беру саласындағы маркетингтің ролі