Автор: l**************@gmail.com, 27 Ноября 2011 в 17:05, курсовая работа
Маркетингтік зерттеулердің әдістері оны жүргізу мен ақпарат алу техникасы бойынша сандық және сапалық болып бөлінеді.
2
2.1. Білім беру саласындағы
маркетингтік зерттеу
әдістерін талдау
Маркетингтік зерттеулердің әдістері оны жүргізу мен ақпарат алу техникасы бойынша сандық және сапалық болып бөлінеді.
Сандық әдістер деп- жабық типті құрылымдық сұрақтарды пайдалану арқылы сауалнамаларды жүргізуді айтады.
Сапалық әдіс- ақпаратты сапалы сипаттау және оны стандартты емес түрде жинау арқылы жүргізіледі.Бұл әдіс бақылау, тереңдетілген сұхбат, фокус-топтар және т.б. қолдануға негізделген. Зерттеу мақсаттарына сәйкес зерттеудәң мынадай түрлері бар:
1.Барлау(іздеу) зерттеулері – мәселелер мен болжамдарды дәлірек анықтау үшін ақпаратты алдын ала алу мақсатында жүргізілетін маркетингтік зерттеулер. Бұл зерттеулер мәселені нақтылауға, идеялар ұсынуға және білімді көтеруге бағытталған. Барлау зерттеулерін жүргізудің негізгі жолдары – екінші ретті мәліметтерді қолдану, әдебиеттермен жұмыс істеу, сарапшылардан және фокус-топтардан пікір сұрау алу, таңдалған оқиғаларды талдау. Барлау зерттеулерде анкеталық пікір сұрау қолданылмайды, оларды жүргізудің нәтижесінде идеялар мен болжамдар алынады.
2.Сипаттама зерттеулер – маркетингтік мәселелерді, әр түрлі жағдайларды, нарықтарды, тұтынушының өнімге қатысын сипаттауға бағытталған маркетингтік зерттеулер. Мұндай зерттеулерде не, кім, қайда және тұтынушылар өнімді қашан, қалай сатып алады деген сұрақтарға жауап ізделеді.Мұндай мәлімет қайталама ақпаратта бар, сонымен қатар оны пікір сұрау мен жүргізу арқылы алуға да болады.
3.Казуалды зерттеулер – себеп-салдар байланысына қатысты ғылыми болжамдарды тексеру үшін жүргізілетін маркетингтік зерттеулер.
Маркетингтік зерттеулердің кең қолданылатын әдістеріне мыналар жатады:
1. Құжаттарды талдау әдісі: дәстүрлі және бірыңғайландырылған (формализованные) болып екіге бөлінеді.
Пікір сұрау әдістерінің барлық жиынтығын әлеуметтік әдістер деп атауға болады, өйткені оларды ең бірінші әлеумет танушылар пайдаланды.Пікір сұрау әдістерінің мынадай түрлері бар:
1.Сауалнамалар(анкеталар)
тарату жолымен
пікір сұрау.Пікір
сұрау пошта,телефон
және жеке әңгімелесу
арқылы жүргізіледі.Жеке
әңгімелесу(сұхбат)-пікір
сұрау жүргізуддің
ең әмбебап әдісі.Қажет
болса,зерттеуші
сауалнамадағы сұрақтардан
да басқа сауалдар
қойып,зерттеу нәтижелерін
толықтыруы мүмкін.Бұл
тәсіл-мұқиат дайындықты,
Кемшіліктері:
Сауалдама жүргізген кезде ақпарат үш әдіспен жиналады:
2.Фокус-топ—құрылымдық емес сипаттағы ақпарат алу мақсатында модератордың басқаруымен өткізілетін респонденттердің кішігірім тобы.Бұл әдістің мәні әр түрлі тұтынушылар тобының ойларын айқындау.
Фокус-топ
талғамдары,қажеттіліктері,
Сандық әдістері:
Зерттеудің панельдік әдісі- бірдей уақыт аралығында нақты бір топтан қайталап мәлімет жинау.Панельдік зерттеудің белгілері:
Панельдің түрлері |
Тұтынушылар панелі | Делдалдар панелі | Арнайы панелі |
Жеке
тұтынушылар |
Көтерме сауда | Мамандар панелі (дәрігерлер,мұғалімдер және т.б.) |
Үй шаруашылығы | Бөлшек сауда |
Тұтынушылар ұйымы | Арнайы кәсіпорын панелі (кинотеатр,мектеп) |
1-Сурет–
Зерттеу объектілері
бойынша панельдік сауалнамалардың
түрлері
Қазіргі кезде нарықтағы жағдай тез өзгеріп отыратындықтан,бұл әдіс жиі пайдаланылады,өйткені зерттеушінің өзгерістерді бақылап отыруға мүмкіндігі бар.Панельді құру және оны өткізу көп уақытты,қаржыны, шығынды қажет етеді, сондықтан мұндай зерттеулермен маманданған институттар, ғылыми орталықтар және агенттіктер айналысады.
Алынған мәліметтер өткізу аумақтарын , дүкендерді типі және мөлшеріне қарай бөле отырып, сатып алущының жаңа тауарды қалай қабылдағанын тексеріп және өткізу қызметінің жұмыс тиімділігін анықтау арқылы талдауға болады.
Зерттелетін бірлік сипаттамасы бойынша панель былайша бөлінеді:
Әлеуметтік зерттеу әдістерінің эксперттік зерттеулерден басты айырмашылығы- олар білікітілігі әр түрлі көп респонденттерден жаппай пікір сұрау жүргізеді, ал эксперттік бағалау саны шектелген кәсіби мамандардан сауалдама алу арқылы өткізіледі.
Маркетингтік зерттеулерде «Дельфи» және «Ми шабуылы» эксперттік бағалау әдістері ерекше орын алады.
Зерттеулердің нақты әдісін таңдау көбіне маркетингтік зерттеулердің белгілі бір кезеңдерінде шешілетін мақсаттар мен міндеттерге байланысты [10].
Сауалнаманы құрастыру және пікір сұрау жүргізу әдістемесі:
Маркетингтік зерттеулер зерттеушіден анкета сипаты мен зерттеу бағытын анықтайтын кейбір жорамалдары қисынды маазмұндау үшін тақырып жөніндегі білім жеткілікті болуды талап етеді.
Сауалнама(анкета)- пікір сұрау өткізу үшін іріктелген респонденттерге бірқатар сұрақтар қойып,олардан жауап алатын сұрау парағы.Сауалнама кеңінен қолданылмастан бұрын мұқият жасалып,сынақ жүргізіліп, байқалған кемшіліктері болса жойылуы керек.Сауалнама құру бір өнер деп саналады.
Пікір сұрау әдісін мәліметтерді жинау кезінде қолданғанда, зерттелетін мәселеге сауалнама сипатының, құрылымының және типінің сәйкестігін анықтау қажет.Сауалнаманы кеңінен қолданудан бұрын, оның кемшіліктерін айқындау және болдырмау үшін тестілеуден өткізу қажет.
Пікір сұрау анонимді және құпиялы сипатта жүргізілуі керек. Бірінші жағдайда респондент өзінің аты-жөні және басқа да деректемелері құпия болуын қалайды,екінші жағдайда ол өзі туралы тек зерттеушінің ғана білуін сұрайды.
Пікір сұрау жүргізгенде ақпарат мынадай жолдармен алынады.Сұхбат жүргізуші сұрақ қойып,жауапты сауалнамаға жазып отырады немесе респонденттер сауалнаманы өздері толтырады.
Зерттеуші қажет болған жағдайда сауалнамадағы сұрақтарға қосымша көп сауал қойып,әңгімелескен кезде өз ойын қоса алады.Респонденттерге сұрақтар қойған кезде оларды сауалнамада жазылған күйнде өзгеріссіз қоюкерек, жауаптарды талаптарға сәйкес тіркеу қажет.Пікір сұрау алдында респондентерге зерттеу мақсаты туралы бірер сөз және жауаптардың құпиялы болатынын айтып өту керек.Сауалнама жауап берушінің табысы туралы және оның жеке басына қатысты сұрақтардан бастауға болмайды. Осы курстық жұмысты жазу барысында, білім беру саласында маркетингті зерттеу үшін, сауалнама әдісін қолдандық. Келесі бөлімшеде сауалнама арқылы жүргізілген зерттеу нәтижесіне талдау жасап өтеміз [11].
2 Білім беру саласындағы маркетингтік сауалнама әдісімен жүргізілген зерттеуді талдау
Жоғарыда айтып өткендей, сауалнама әдісін қолдана отырып отыз адамға жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты: қазіргі уақыттағы ҚазҰу дағы білім беру жүйесі (кредиттік технология) студенттерді қаншалықты қанағаттандыратынын және кемшіліктерін анықтай отырып, дұрыс ұсыныстарды анықтау болып табылады.
Информация о работе Білім беру саласындағы маркетингтің ролі