Білім беру саласындағы маркетингтің ролі

Автор: l**************@gmail.com, 27 Ноября 2011 в 17:05, курсовая работа

Описание работы

Маркетингтік зерттеулердің әдістері оны жүргізу мен ақпарат алу техникасы бойынша сандық және сапалық болып бөлінеді.

Работа содержит 1 файл

2 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУДІ ТАЛДАУ2.docx

— 93.14 Кб (Скачать)

 

2- Сурет – Сауалнамадағы ҚазҰУды сапалылық белгісі бойынша бағалауы 

    Респонденттерге жүргізілген сауалнама барысында  ҚазҰУ-ды сапалы білім ордасы деп есептейтіндер саны біршама, яғни бұл біздің университеттің білімінің сапалылығы және алдыңғы орындалығын білдіреді. Ал, сапалы білім ордасы деп есептемейтіндер де жоқ емес. Сол себепті де университетімізді жоғарылату, білім сапасын арттыру, халықаралық деңгейге сай, алдыңғы орындағы университеттер қатарына қосу біздің мақсатымыз, әрі міндетіміз.

Сурет 3- Білім жүйесіне қанағаттанушылығы бойынша

    Сауалнамаға жауап берген респонденттердің 25%-ы ҚазҰУ дың қазіргі білім беру жүйесіне қанағаттанбайтындығын білдірсе, ал 75%-ы қанағаттанатындығын білдірген. Яғни, кредиттік технологияны қолдайтындықтарын білдірді. Бұл жүйеде кемшіліктерін толықтырып, одан да жақсартып, дамыту қажет.

 Сурет  4- Кітапханадағы қызмет көрсетуі бойынша

    Бұл суретті талдап кетсек, студенттердің  ең сүйікті жері кітапханадағы қызметтің  көрсетілуі. Респонденттердің 70%- ы кітапханада жақсы қызмет көрсетіледі десе, қалғандары көңілдері толмайтындығын білдірген. Бұл да болса кемшілігіміз, мұны дұрыс ұйымдастыру қажет. 

 
 
 
 
 
 
 

Сурет 5 – Кредиттік технология жүйесіне көзқарастарына байланысты

    Респонденттер, яғни, студенттердің 55%-ы кредиттік жүйені қолдамайтындықтарын, алдыңғы ескі жүйені дұрыс деп бағаласа, ал 45%-ы бұл жүйе дұрыс, бұл жүйені толықтай енгізу қажет, дұрыс ұйымдастырып, бақылау қажет деген тұжырымдамаға келдік. Алдыңғы бөлімдерде айтылып кеткендей, шетелдік тәжірибеде бұл жүйе жақсы дамыған, сол себепті біз өзімізге қажетті, пайдалы жағын алуымыз, үйренуіміз керек.

Сурет 6 – Сапалы білім алуға мүмкіншіліктер бойынша

    ҚазҰУ-де студенттерге сапалы білім алуға жағдайлар жеткілікті деп есептегендер 80%-дай, ал кемшіліктер бар, жағдай жеткіліксіз деп санайтындар аз. Яғни, аудиториялардың жетіспеушілігі, екі ауысымда оқу, қазақша кітаптардың аздығы, кейбір пәндерден мүлдем жоқ, осы сияқты кемшіліктерді жою қажет. 

Сурет 7- Білім беру әдіс тәсілдеріне қанағаттанушылығы бойынша 

 

Сурет 8- Оқу құралдарының жеткіліктілігі бойынша

    Жоғарыдағы  суреттерден көріп тұрғанымыздай, білім беру жақсы деп көбісі айтса, оқу құралдары жетіспейді дегендер де көп. Шындығында кітаптар аз, бұл кемшілікті жоюға болады, мұны тек жоғарыдағылар ескеріп, қолға алса, кітап жазушылар жоқ емес.

 

Сурет 9- Басқа университеттерден айырмашылығы бойынша

    Сауалнамаға жауап берушілердің 80%- дайы университетіміз басқа ЖОО нан ерекшеленеді десе, қалғандары ешқандай айырмашылығы жоқ деген.  

Сурет 10- Оқу ақысына білімнің қаншалықты сәйкестілігі бойынша

    ҚазҰУ- де оқу ақысы жоғары, салыстырмалы түрде. Бірақ осы ақыға білімі сай ма деген сұраққа біраз бөлігі иә деп жауап берсе, тағы біраз бөлігі жоқ деп жауап берген. Яғни, төлеп жатқан ақыларына сай білім алып жатқан жоқпыз деп есептейді екен. 
 

3 Білім беру саласындағы маркетингті жетілдіру үшін ұсыныстар

    Білім беру деңгейлерінің жүйесін ескере отырып «білім беру-ғылым-өндіріс» өзара  байланысты элементтер кешенінде қоғамдық дамудың ғылыми болжау проблемаларын  ғылыми техника дамуының болжамымен өзара тығыз байланыста жасау  қажеттігі туып отыр. Перспективті жоспарлаудың міндетті элементтері  келесілер болуы тиіс: демографиялық  ерекшеліктерді, халықтың жыныстық, жастық құрылымы туралы мәліметтердің, білім  беру деңгейінің, оқыту формасының, жоғары оқу орындарының дұрыс  орналасуының арасындағы арақатынас тенденциясын ескеру.

    Жоғары  білімді кадрлардың өсуі жоғары деңгейге жеткендегі жағдайларда перспективті және аралас кәсіптер мамандарын дайындауды дамыту және жетілдіру ерекше мәнге  ие болып отыр. Бұл дайындық техникалық профильдегі мамандар санын көбейту  ағымында жүріп отырады. Сәйкесінше, экономикада кең профильді мамандардың  ролі жоғарылап отырады.

    Білім берудің материалдық- техникалық базасын  дамытудағы перспективті мәселелер  бірқатар кешенді проблемалардың шешілуін талап етеді: оқу орындарында  және мектепке дейінгі тәрбиелеу  жүйесінде орындармен қамсыздандыру  деңгейін жоғарылату; оқу бөлмелерінің тығыздығын бәсеңдету; сабақтың бір  сменалағын қамтамасыз ету және т.с.с.

    Саланың дамуына капиталды салымдарды көбейту  ғана емес, сондай-ақ ғылыми техникалық революцияға тән белгі болып  табылатын, қалыптасқан органикалық  өзара байланыс пен өзара негізділікті дәлелдеу үшін өндіріс, ғылым және білім  беру арасындағы белгілі пропорцияны сақтау да талап етіледі [12, 175б].

    Республикада  болып жатқан саяси және экономикалық өзгерістер, білім жүйесіне әсерін тигізбей қоймайды. Кез келген елдің  азаматтарының білім деңгейі, жалпы  мемлекеттің даму деңгейімен тығыз  байланысты екені белгілі. Білім  саласына жүргізілгелі тұрған реформаның басында адам тұруы тиіс. Адам - мемлекеттің  бағалы шикізаты. Білім жүйесі - оның білімін үздіксіз жетілдіріп, білімі мен мәдениетінің деңгейін арттыра  отырып, оны  дайын өнім – қоғам  мүшесіне айналдырады. Осы деңгейден  ғылыми-техникалық потенциал, өндірістің барлық саласының индустриялану  деңгейі ғана емес, түптеп келгенде қоғамның әрбір мүшесінің және жалпы  мемлекеттің өмір сүру деңгейі, оның әлемдік қауымдастықтағы орны анықталады. Елдің даму тарихы, мемлекетаралық қатынастардың ерекшеліктері және  өзге де көптеген факторлар жалпы  білім беру нарығының, соның ішінде жоғарғы білім беру қызметінің жағдайын анықтап береді.

    Қазақстанға индустриямен тығыз байланысты, мықты  білім беру, зерттеу және ғылыми-техникалық кешені бар, элитті университеттер қажет, сондай ақ, Қазақстанда халықаралық  білім беру мекемелерін бірлесіп дамыту үшін, «инкубациялық жобалар» секілді құралдарды қолданатын, халықаралық  деңгейдегі «технологиялық» парктер  мен заманауи академиялық орталықтарды құру қажет. Университеттердің құрылымында біліктілігі жоғары мамандар болуы тиіс. Барлық бағыттағы қолданбалы кафедраларда оқыту деңгейін сапалы түрде өзгерту қажет, бұл өз кезегінде барлық салада сапаның көтерілуін қамтамасыз ететін болады деп ойлаймын.

    Білім беру жүйесін реформалауда білім  беру үдерісіне заманауи ақпараттық технологияларды жаппай енгізу негізгі  міндет болуы тиіс. Бұл кезеңде оқытушыларды қайта дайындау және біліктілігін арттыру қажеттілігіне баса назар аударылуы керек. Бұған қоса, оқу бағдарламаларын қайта қарап, халықаралық стандарттар мен қазіргі халықаралық қауымдастық талаптарына сай болуын қамтамасыз ету қажет.

    Тәжірибе  алмасу үшін, қазақстандық жетекші  жоғары оқу орындарына шетелдік мамандарды,  алдыңғы қатарлы ғалымдар мен  оқытушыларды шақыруды қолға алу  керек. 2006 жылдан бастап, «жоғары оқу  орнының ең үздік оқытушысы» деген  атаққа байқау негізінде гранттар тағайындалған  болатын. Бұл грант оқытушыларға батыс елдерінің жетекші университеттерінде  тәжірибеден өтуге мүмкіндік  береді. Мұндай байқауларды қолдап, дамыту қажет.

    Бәсекелестікке  қабілеттілік мәселесі – бұл ең алдымен сапа мәселесі. Бүгінде мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың  тапсыруымен  жоғары оқу орындарындарын дифференциалды қаржыландыру жүйесі жасалуда. Алдыңғы  қатарлы әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, елдегі жоғары оқу орындарының  рейтингісін жасаудың негізгі алғышарттары ойластыруда. Тек бәсекелестік жағдайында жұмыс істейтін жоғары оқу орны ғана, нағыз бәсекеге қабілетті  маманды  дайындап шығара алады. 2008 жылдан бастап мектептер кезең кезеңімен 12 жылдық білім беру жүйесіне көшіріле бастады. Яғни, жоғары оқу орындарына дайындықтан  өткен, көпшілігінің техникалық және кәсіптік білімі бар талапкерлер түсуі  жоспарда болатын.

    Мамандардың  біліктілігін арттырып отыру  мақсатында үздіксіз білім беру мен біліктілікті көтеруді дамыту қажет. Білімін үнемі  көтеріп отыру, маман үшін, біліктілігін сақтаудың алғашқы шарты болып  табылады. Білім, шығармашылық потенциал  және креативті ойлау ақпараттық қоғамдағы негізгі сапа болып  табылады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарына ену міндеті де оны, ғылымға негізделген  технологияны, басқарушылық әдісін меңгерген, нарықтық экономика жағдайында жұмыс  істей алатын  біліктілігі жоғары мамандар жүзеге асырғанда ғана жүзеге асатын болады.

    Кез келген маман кең көлемдегі менеджерлік  тәжірибені меңгеруі тиіс. Осыған байланысты ғылыми жаңалықтар мен зерттеулердің, коммерциялық маңызын бағалау, интеллектуалды меншікті басқару, инновациялық жобаларды  жасау мен сараптау, стратегиялық әріптес іздеу және өзге де инновацияны  басқару мәселелерімен айналысу жөнінде кәсіби білім алған менеджерлерді  дайындауды бастау қажет. Бұл міндет, кәсіби мамандарды даярлау жөнінде  жүйелі түрде жұмыс жүргізілгенде  ғана іс жүзіне асырылады.

    Білім беру саласындағы жұмысты табысты  ұйымдастыру үшін, кешенді зерттеулер мен жүйелік әдістер қажет, жоғары білімнің: ұйымдастырушылық, құрылымдық және мазмұндық жаңа парадигмасы  талап етіледі. Барлық білім беру бағдарламаларын жетілдіру қажет; студенттерді дайындау ісінде халықаралық  ынтымақтастықты арттыру, оқытушылардың  біліктілігін көтеру мен қайта дайындықтан  өткізу; барлық мамандықтар бойынша  профессор – оқытушылық құрамды  қайта дайындықтан өткізудің  тиімді жүйесін құру; оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, алыстан оқыту жүйесін дамыту керек.

    Батыс елдерінің жоғары кәсіби білім беру тәжірибесін қолдану қажет, дәлірек  айтқанда, кәсіби маман паспортын  қалыптастыру (Pasport/portfolio). Мұндай паспортта  жоғары оқу орны түлегінің еңбек  және әлеуметтік-психологиялық білімдері  мен шеберлігі көрініс табады. Осылайша, кәсіби білім беру жүйесі түлегі үшін паспорт, ең алдымен, психологиялық  жүктеме, яғни  өзін-өзі бағалауды, өзін-өзі сараптауды дамытуға көмектеседі, сондай-ақ жұмысқа орналасу мүмкіншілігін  арттырады. Мамандарды дайындау жүйесінде SWOT-әдіс және Portfolio/pasport әдісін қолдану  студентті өзін-өзі дамытуға және маманданған дайындық деңгейін әрқашан  көтеруге тырысуға көмектеседі.

    Стратегиялық  басқарудың диагностикалық әдістері жоғары оқу орнында біліктілік стандарты  негізінде және тұлға ретінде  болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін бағалау кезінде қолданылуы мүмкін. Тұлға ретінде маманның кәсіби құзыреттілігін бағалау, маманды психологиялық  дайындау және құндылық бағдары сияқты элементтерден тұрады. Қазіргі маманның құндылық-бағдар компоненті қызметті бағалау және шешімдерді қабылдау кезіндегі  жеке маңызды критерийлердің жиынтығын  білдіреді. Жоғары мектеп мамандарын дайындау кезіндегі қолданылатын диагностикалық әдіс қоғамның, білім беру қызметі  нарығының және еңбек нарығының  қажеттіліктеріне сәйкес келетін маманның жеке-кәсіби сипатының параметрлері мен критерийлерін анықтауға  көмектеседі. Нақты түлектің сапасын  бағалау кезінде, жұмыс берушілер, әдетте оның белгілі бір саладағы кәсіби білімінен гөрі, оның жеке қасиеттеріне көбірек назар аударады. Біздің ойымызша, ынта және шығармашылық, жауапкершілік  және ашықтық, тапсырыс берушінің қажеттіліктерін  түсіну және іскерлік, өзін-өзі жетілдіруге  дайын болу, топпен жұмыс жасай  білу маманның басты қасиеттері болып  табылады. Ал, мамандарды дайындау үрдісіндегі  негізгі кемшілік, көптеген университеттердің  кәсіби білім мен тәжірибелік  шеберлікті үйретуге аз назар аударатындығы  болып табылады.

    Білім беру қызметін халықаралық стандарттар  деңгейіне көтеру мен халықаралық  және қазақстандық еңбек нарығында  сұранысқа ие болатын және  бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, Университеттің дамуына принципті тұрғыда жаңа кезең параметрлерін белгілейді, және бұл тапсырмалар Университет  ісін стратегиялық жоспарлауда елеулі өзгерістерді талап етеді.

    XXI ғасырда дамыған елдер адам  ресурстарын дамытуды басты мақсаттардың  бірі ретінде қарастыруда. Рухани  бай және жетілген қоғам жүйесін  дамыту қажет. Осы мақсатта  көптеген елдерде жүргізілетін  білім реформаларының өзіндік  тарихи аспектілері мен ерекшеліктері  бар. 

    Білімді тұрақты дамыту стратегиясын басшылыққа алған жоғары дамыған елдер, Жапония, Корея, Қытай, Малайзия, Сингапур сияқты Азия елдері жаһандану үрдісін, ақпараттық – коммуникациялық революцияны, инновациялық технологиялардың ендірілуін басқа елдермен белсенді және тиімді экономикалық қарым- қатынас орната отырып, жедел даму мүмкіндігі есебінде пайдаланса, екінші жағынан, өздерінің  қлттық және рухани эконогмикалық тәуелсіздігін, қауіпсіздігін сақтаудың, ұлттық өркендеудің  бірден бір кепілі ретінде отандық  білім саласын реформалауға аса  кең мән беріп, оны мемлекеттің  басым саясатына айналдырып отыр.

Информация о работе Білім беру саласындағы маркетингтің ролі