Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптегі маркетингті енгізу тәжірибесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2012 в 12:33, курсовая работа

Описание работы

Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни, нарықтық экономиканың амал-тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен, кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу міндетті мақсаты тұр. Бұл дегеніміз – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсарту, әлем таныған өркетиниеті ел болу.

Содержание

Ι-ТАРАУ. Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі маркетингтің ролі.
Маркетингтiң әлеуметтiк –экономикалық мәнi және мазмұны
Маркетингтің негізгі көрсеткіші мен принциптері
Кәсіпорынның мүмкіндіктерін зерттеу

ΙΙ-ТАРАУ. “Рахат” Акционерлік Қоғамындағы маркетингті пайдалану.
2.1 “Рахат” Акционерлік Қоғамының технико-экономикалық талдауы
2.2 “Рахат” АҚ-ның маркетингтік қызметін талдау
ΙΙΙ-ТАРАУ. “Рахат” Акционерлік Қоғамының маркетинтік жұмыстарын жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

ҚР ӨНЕРКӘСІПТЕГІ МАРКЕТИНГТІ ЕНГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ.doc

— 179.00 Кб (Скачать)

       Бұдан басқа, фабрика мамандары шырындары, подварка, майлы глазурьді шебер  дайындаудың сырына әбден жетік.

       Кесте 2.  “Рахат” АҚ бойынша 2005-2006 жылдар арасындағы технико-экономикалық көрсеткіштер [6]

Көрсеткіштер өлшем бірлігі 2005 2006   %
1 2 3 4 5 6 7
1 өткізілген  өнімнен 

түскен  пайда

мың теңге 1325668 1599272 273604 20,639
2 өткізілген  өнімнің

өзіндік құны

мың теңге 1215814 1422713 206899 17,0173
3 жалпы табыс мың теңге 109854 176559 66705 60,7215
4 кезендік шығындар мың теңге 68875 123958 55083 79,9753
5 негізгі қызметтен 

түскен  табыс

мың теңге 40979 52601 11622 28,3609
6 негізгі емес қызметтен

түскен  табыс

мың теңге 1015 14019 13004 1281,18
7 салық салғанға дейінгі табыс мың теңге 41994 66620 24626 58,6417
8 корпоративті  салық мың теңге 19878 27160 7282 36,6335
9 салық салғаннан  кейінгі

 табыс

мың теңге 22116 39460 17344 78,4229
10 ТЖ табыс  немесе шығын мың теңге _      
11 таза табыс мың теңге 22116 39460 17344 78,4229
12 жұмысшылар  саны адам 1500 2000 500 33,3333
13 еңбекақы қоры мың теңге 222030000 302304000 80274000 36,1546
14 еңбек өнімділігі   883,77867 799,636 -84,1427 -9,5208
15 бір жұмысшының

еңбекақысы

мың теңге 12335 12596 261 2,11593
16 сату рентабельділігі   0,0181903 0,0277357 0,009545 52,4756
17 өнім рентабельділігі   0,0166829 0,0246737 0,007991 47,8982
 

       Осы кестеден біз мынандай қорытындыға  келе аламыз:

       Осы есптеулерден көріп отырғанымыздай  өнімді өткізуден түскен табыс 273604 мың теңгеге немесе 20,36 %-ға өскенін  байқаймыз. Бұндай табыс өсуі  өткізілген  өнімнің өзіндік құнымен тікелей  байланысты.Ал бұл өткен жылмен салыстырғанда 206899 мың теңге немеес 17 пайызды құрап отыр. Ал осы екі көрсеткіштің айырмасы бізге кәсіпорынның  жалпы табысын береді. Ол өз кезегінде 66705 мың теңге немесе 60,72 пайызды құрап отыр. Егер осы көрсеткіш сақтала беретін болса, онда кәсіпорын өткізілген өнімнен түскен пайда темптерін төмендетпей, керісінше осындай қарқында жұмыс істеуді жалғастырады. Сөзсіз табыс көлемінің өсуі компания басшылары мен коллективтің бірігіп жұмыс істеуінің жемісі. Ал егер осындай қарқынмен кәсіпорын өзінің жұмысын ары қарай жалғастыра беретін болса, онда оған өнім көлемін көбейту үшін қосымша еңбек күші қажет болады. Сол себептен кәсіпорын жұмысшылар санының 500 адамға немесе 20 пайызға өсіруге шешім қабылдайды. Бірақ бұл жерде  еңбек өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда 9,5208 пайызға кемиді. Кәсіпорынның  табысы өскен сайын компания басшылары өз жұмысшыларын ынталандыру мақсатында жалақыны өсіруді жөн санап отыр және жалақының өсімі 261 теңге  немесе өткен жылмен салыстырғанда 2.1 пайызды құрағандығын байқаймыз және  осы фактор  негізінде  еңбекақы қорының мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 80274000 мың теңге немесе 36.15 пайызға өскендігін көреміз. Сонымен қатар маркетингтің бөлімнің оң жұмысының нәтижесінде компания 2006 жылы 2005 жылға қарағанда көбірек өнім өткізген болатын, ал бұл өз кезегінде компанияның елеулі жетістіктерге жеткендігінің бірден-бір көрстекіші. 24626 мың теңгеге өскен салық салғанға дейінгі табыс, өз кезегінде копоративті салықтың 7282 мың теңгеге өскендігін көрсетеді. Егер корпоративті салық өскен болса, онда ол  салық салғаннан кейінгі  табыстың ұлғайғандығы көрсетеді. Ол 2006 жылы кестеден көріп отырғанымыздай ол  17344 маың теңге немесе 78.42 пайызды құрап отыр.

       Компанияның таза табысы өткен жылға қарағанда 17344 мың теңгеге өскендігіне немесе 78.42 пайызды құрап және осыған байланысты, өткізілген өнімнің түскен пайдасының ұлғаюына байланысты кәсіпорынның өнім рентабельділігі де өсіп отыр. Ол  2002 жылға қарағанда 0,007 немесе 47,89 пайызды құраса; Өткізілген өнімнің  өзіндік құнының  206899 мың теңгеге өскендігіне және таза пайданың ұлғайғандығына байлансты  стау рентабельділігі 0,009 немесе 52,47 пайызды құрап отыр. Осы көрсеткіштерді қарастыра келіп, қорытындылайтын болсақ, онда біз ,,Рахат”  Акционерлік Қоғамының қаржылық жағдайы тұрақты деп айтуға болады.

        

       ,,Рахат”  АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштері  қарастырып кеткеннен кейін бұл  жерже осы кәсіпорынның негізі  қорларының да көрсеткіштерін  қарстырып кеткенді жөн санап  отырмын. Төменде ,,Рахат” АҚ-ның  негігі қорларының көрсеткіштері келтіріледі.

       Кесте 3.  Негізгі қорлардың  көрсеткіштері [6]

       №№ Көрсеткіштер өлшем бірлігі    2005      2006                %
       1

1

негізгі қорлардың  жылдық

       орташа  бағасы

мың теңге    538058    558091   20033   3,723
       3 қор қайтарымдылығы            2,4638013    2,8656115   0,40181   16,309
       1 қор сыйымдылығы            0,4058769    0,3489657   -0,05691   14,002
 

       Қор қайтарылымының 2006 жылы 0,4  немесе 16,30 пайызға өсуі өткізілген өнімнен түскен пайда және негізгі қорлардың орташа жылдық бағасының өткен жылмен салыстырғанда, яғни 20033 мың теңге немесе 3,72 пайызға өскендігімен тікелей байланысты.  Қор сыйымдылығы қор қайтарылымына кері көрсеткіш екенін ескеруіміз қажет сол себептен ол әрдайым кеміп отырады. Қор сыйымдылығы мен қор қайтарылымының арасындағы айырма 0,569 –ды немесе 14 пайызды құрап отыр.

         Жалпы бүгінгі таңда “Рахат”  АҚ Қазақстандағы тамақ  өнеркәсібінің  алдыңғы қатарлы табысты кәсіпорыны  болып саналады. Оған дәлел ретінде  оның әлемдік стандартқа сай  дәмді де сапалы және басқа  қабілетті өнім түрлерін өндірумен байланысты деуге болады. Ал ол кәсіпорынның қызметінің табыстылығы мен  тиімділігін көрсетеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       2.2 “Рахат” АҚ-ның  маркетингтік  қызметін талдау. 

       Отандық  кәсіпорынды басқару жүйесіндегі  маркетингті енгізу ерекшеліктері 1990-шы жылдар басында пайда болды, бүгінгі күні ол сыртқы орта фактормен байланысты. Олардың әсері маркетинг іс-әрекетін бірталай қиындатып, осы жүйенің нақты проблемаларына әкеледі. Қазақстан Республикасының қазіргі шаруашылық жағдайын, біздің ойымызша, дамыған елдерге тән нарықтық экономика моделіне қарай өтпелі экономикалық кезең ретінде сипаттауға болады. Экономикалық реформалар басталғаннан бері өткен жылдар нарықтық әрекет етуінің негізгі алғы шарттарының қалыптасуы жайлы айтуға мүмкіндік береді. Өтпелі кезеңде экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру процестері, ескі шаруашылық байланыстардың үзілуі және жаңа нарықтық қатынастардың құрылуымен байланысты әр түрлі меншік түріндегі шаруашылық субьектілер жаңа экономикалық қатынастары пайда болады. Маркетингтің даму деңгейі осы қатынастар, жалпы экономика және жекелей ішкі жүйелердің даму деңгейлерімен тығыз байланысты.

       Қазіргі кезде Отандық ірі тамақ кәсіпорындарында маркетинг қызметін ұйымдастырудың функционалды түрі көп тараған.

       Сонымен, нарық экономикасының әлемдік тәжрибесі халық шаруашылығы салаларын басқарудың тиімділігін арттыру үшін кәсіпорынның өз өміршеңдігін сақтап қалу және күшейту мақсатында оның  жұмысының екі негізгі кезеңі - өндіру мен өнімді өткізуді ұйымдастырудың жаңа әдісін,  яғни маркетинг іс-әрекетін  пайдалану қажеттілігі тудырады.

       Мәселен жоғарыда қарастырылып кеткен “Рахат”  АҚ-ның маркетингтік технологияларына шолу жасайық. 

       Кәсіпорын өз өндірісін ары қарай жалғастыруға ерекше көңіл бөліп, маркетингтің  функциялы қызметінің бөлім құрылымын құруды ойластырып 1997 жылы наурыз айында кәсіпорынның маркетинг бөлімі құрылды.

       Кәсіпорын мақсатына жетуі көбінесе факторлар  мен функционалды ұйымдастыруларына  байланысты болды. Яғни, кәсіпорын маркетинг  қызметін функционалды сипатымен ұйымдастырса, мұнда әрбірі сол  қызметті  функционалды мақсатты жеке тұлғасы, немесе тұлғалар тобы белгілі жауапкершілікті өзіне артуын белгілейді.

       Маркетинг қызметін функционалды сипатына таңдалып алынған тауар түрлері және рынок  саны ең алдымен фабриканың өзіне тиімді болуы тиіс. Бұл ұйымдастыру түрінде тауарлар рыноктары бірқалыпты болады.

       4-ші  кестеде көрсетілгендей  маркетинг  бөлімшелері олардың  атқаратын   қызметтеріне сай құрылған. Бірақ  бұл құрылымда өндіретін өнімдер  ассортименті көбейген сайын  өндіріс икемділігі төмендейді, себебі сыртқы ортадағы өзгерістерге икемделу және оған жауап беру уақыты азаяды. Маркетингті ұйымдастырудың бұл түрі ағымдағы тиісімділікке бағытталған және оның стратегиясына икемділігі жоғары жаңалықтарды енгізу мен қатар жаңа технологияларды пайдаланып, тұтынушылардың жеке  топтың  қажеттері  мен талғамдарын қалыптастырып отыр. Маман мен бөлім басшысы қызметіне нарықты кешенді жүйелі түрде зертеу, фабрика ассортиментін талдау және жетілдіру, технологтармен бірге жаңа тауарларды құру, сұранымды қалыптастыру мен өткізуді ынталандыру бойынша шараларды орындау кіреді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       “Рахат” маркетинг құрылымы бес бөлімнен тұрады.

         Сурет 1. “Рахат” Акционерлік  Қөғамының маркетинг бөлімінің  құрылымы [4] 

       

       

       

         
 

       
  • Маркетингті зерттеу бөлімі- мұнда ең бастысы ол әлуетті тұтынушыларды анықталуы тиіс, олардың қажеттерін зерттеу, нысаналы рынокты таңдап алу үшін тауарларға бүгінгі және болашақтағы сұранысты белгілеу, әсіресе рынокқа жаңа тауарларды дайындау, оны өңдеп, шығаруда маңызды орын алады.
  • Баға бөлімінде- тұтынушының, тауардың, сату орнының ерекшелігіне қарай, түрткі бағаны белгілеп, оның деңгейін маркетингтік ортаның факторларына қарай анықтайды. Сонымен қатар тұтынушыларға баға арқылы жеңілдіктер жасайды т.б.
  • Өткізу бөлімінде- өндірістің дамуына және тұтынушылардың қажеттеріне байланыстты, өткізу кезінде  тұтынушының талғамы мен қалауына да көңіл бөледі. Сонымен қатар көзделген табысқа жету үшін қанша өткізу каналдарын ұйымдастырады. Мысалы: көтерме сауда, бөлшек сауда т.б.
  • Жарнама бөлімінде- өндірісті өткізу, тауарды сатып алушыларға қарай жылжыту, тауарды тартымды көрсету барысында, жарнама тарату құралдарын пайдалану. Оған көп көңіл бөлуде. Өнімдер туралы  тұтынушыларға ақпараттар тарату үшін баспа, электронды ақпарат тарату құралдарын, сыртқы жарнама түрлерін қолданады.
  • Маркетингті бақылау бөлімінде- бұл әдіс арқылы өз мақсаттарына жету үшін маркетингтік іс-әрекеттердің барлығын бақылайды. Бұл бақылау үшін үш жағдай жүргізіледі: жылдық жоспардың орындалуы, пайда деңгейі және стратегиялық бақылауларды жүргізеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптегі маркетингті енгізу тәжірибесі