Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптегі маркетингті енгізу тәжірибесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2012 в 12:33, курсовая работа

Описание работы

Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни, нарықтық экономиканың амал-тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен, кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу міндетті мақсаты тұр. Бұл дегеніміз – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсарту, әлем таныған өркетиниеті ел болу.

Содержание

Ι-ТАРАУ. Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі маркетингтің ролі.
Маркетингтiң әлеуметтiк –экономикалық мәнi және мазмұны
Маркетингтің негізгі көрсеткіші мен принциптері
Кәсіпорынның мүмкіндіктерін зерттеу

ΙΙ-ТАРАУ. “Рахат” Акционерлік Қоғамындағы маркетингті пайдалану.
2.1 “Рахат” Акционерлік Қоғамының технико-экономикалық талдауы
2.2 “Рахат” АҚ-ның маркетингтік қызметін талдау
ΙΙΙ-ТАРАУ. “Рахат” Акционерлік Қоғамының маркетинтік жұмыстарын жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

ҚР ӨНЕРКӘСІПТЕГІ МАРКЕТИНГТІ ЕНГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ.doc

— 179.00 Кб (Скачать)

       1.2  Маркетингтің негізгі бернесі  мен принциптері. 

       Маркетингтің  негізгі принципі- жалпыға бірдей нысаналығы, яғни тұтынушылардың қалаулары  мен нақтылы талаптарына сай  өндірістің түпкілікті нәтижелеріне бағдарлануы.

       Маркетингтің  принциптік әдіснамалына сәйкес кез келген процестерге тән басқару және өткізудің рыноктық тұжырымдамасының бернесін анықтайық.Төменде №1 кестеде, мен, маркетингтің негізгі бернелерін қарастырып кеткенді жөн көріп отырмын. 

       №1 кесте.  Маркетингтің негізгі көрсеткіштері [3]

     Көрсеткіш        Қызмет  түрлері
    Таңдамалық        Маркетингтік  ортаны талдау, тұтынушылар, тауар құрылымы, жабдықтау көздері, кәсіпорынның ішкі ортасы, бәсекелестер, нарық саралымын  анықтау және зерделеу, жарнама саласы.
       Өндірістік        Талдаманы ұйымдастыру және жаңа тауарлар өндіру, әлуетті сатып алушылардың қажеттілігін қанағаттандыру, олардың ерекшелігі, орама, баға, пайдалану сапасы.
      Өткізушілік        Тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастыру, өткізу арналарын таңдау, жинақтау, сұранысты қалыптастыру, өндірісті ынталандыру және  баға саясаты.
Басқару және бақылау        Маркетинг жоспарын әзірлеу (бағдарламалар), оларды қаржыландыру, маркетингті ақпаратпен қамтамасыз ету, кадр саясаты, кәсіпорынның ұсынған мақсатының жетістігі, тәуелділікті бағалау, т.б.

        

       Талдамалық арнаны шартты екі қосылқы бернеге бөлуге болады: нарықты кешенді түрде зерттеу және кәсіпорынның ішкі ортасын талдау. Бұл екі қосалқы берне бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Нарықтық жағдайда кәсіпорын маркетингтік зерттеуді үнемдеуге тиіс емес, өйткені, мақсатқа жетуді қамтамасыз ету үшін жұмысты көз жұмып істеуге болмайды.

       Маркетингтің  талдамалы берненің нәтижесі оның өндірістік бернесін және қосалқы бернесін іске асырудағы негізі болып табылады.

       Шығарылған  тауарлар, өндірілген өнімдер нарыққа  келіп түседі. Мұндағы маркетингтің негізгі міндеті тиімді өткізу, оны тұтынушыларға жеткізу.

       Өткізім тұжырымының тәсілі және маркетинг  мына төмендегі  бейнемен көрінеді: 

       Схема 1. Өткізу тұжырымдамасы [3] 

        Тауарлар   Өткізім және сатуды ынталандыру Сату көлемінің    

                                                                                                                         өсуінен 

                                                                                                                        алынған     

                                                                                                                           пайда 

       Схема2. Маркетинг тұжырымдамасы 

        Қажетсіну  Біріктірілген маркетинг  Сатып алушылардың 

                                                                                                      қажеттілігін 

                                                                                                      қанағаттандыру есебінен

                                                                                                      алынған пайда

       Нарықтық  экономика жағдайында өндіріс қызметінің табысы басқару және бақылау бернесіне  байланысты болады. Маркетингтің барлық бернелерін іске асыру, ойластырылмаған  жоспарлау, маркетингтің ақпарат және коммуникациямен қамтамасыз етілмеуі, сол сияқты маркетингтік басқарудың соңғы сатысы – бақылаусыз  мүмкін емес.

       Маркетингтің  негізгі принциптері  мыналардан  тұрады:

  • тұтынушы мұқтажын, нарықтық жағдайды, кәсіпорынның нақты мүмкіндіктерін дәлме-дәл білу арқылы өнім өндіру;
  • тұтынушы мұқтажын мейлінше толық қанағаттандыру, нақтылы проблемаларды шешу үшін оны құралдармен немесе құрал-жабдықтар кешендерімен қамтамасыз ету, балама принцип- өнім өткізетін орындарды іздестіре отырып, өнім өндіру мен қызмет көрсету;
  • нақтылы бір нарық жағдайына жоспарланған мөлшерде және белгілі мерзімде өнімді өткізумен қызмет көрсетуді тиімді жүзеге асыру;
  • ғылыми-техникалық ойды және нарық жаңалықтарын пайдаланып, тауарларды өткізуді дайындау үшін  зерттеулерді ұдайы қорыта отырып, кәсіпорынның өндірістік-коммерциялық қызметінің ұзақ мерзімді нәтижелілігінің пайдалылығын қамтамасыз ету;
  • сұранысты қалыптастыру мен оған жағдай жасауға бір мерзім ішінде ықпал ете отырып,  тұтынушылардың үнемі өзгеріп отыратын талаптарына дағдыланудағы өндірушінің жүріс-тұрыс стратегиясы мен  тактикасының тұтастығы.
  • Маркетингтегі бастысы – ол, мақсатты бағдарлану және кешенділік, яғни кәсіпкерлік, шаруашылық, өндірістік және өткізу қызметтерінің қосылуы. Маркетингтің мақсаты- өндірістің жоғары тиімділігін және өндірістік тауарларды сатуды қамтамсыз ету.

       Кешенділік- маркетингті қолдануды іске асыру  нәтижелікке жеткізуді көрсетеді, егер де ол жүйе ретінде пайдаланылса, ал маркетингтің жекелеген әрекетері  шын мәнінді, оң нәтижелікке жеткізбейді. 
 
 
 
 
 

                                                

       1.3  Кәсіпорынның мүмкіндіктерін  зерттеу. 

       Жеткізушілер, делдалдар, бәсекелестер және қоршаған жағдайларды зерделеу, кәсіпорын  өзінің  маркетинг мақсатын орындау  үшін  не істеу керектігін анықтауға  себепкер болады. Өндірісті, қаржыларды, жабдықтарды, оның  осылар үшін  қолда қандай мүмкіншіліктерінің бар  екендігін, қандай ресурстардың қолда бары, олардың қандайлары қажетті, керектілерін қандай бағамен сатып алуын, т.б. анықтауға мүмкіндік береді.

       Кәсіпорынның  мүмкіндігін зерделеу оның әлеуетін, қызметінің күшті және әлсіз жақтарын ашуға бағытталады. Кәсіпорынның  күшті және әлсіз жақтарын зерделеу, оның  қол жеткен табыстары және нарық көрсеткіштерін жақсартудың мұқтаждығына байланысты кәсіпорын қызметі мен  бернелерін анықтауды болжайды.

       Кәсіпорынның  әлеуеттілігін зерделеу мына төмендегі  мақсатқа сай бөлімдерден жүргізіледі:

       І Өндіріс

  • Өндірістің көлемі, құрылымы, қарқыны.
  • Кәсіпорынның сұрыпталым номенклатурасы, жаңарту деңгейі, сұрапталымның кеңдігі мен тереңдігі.
  • Шикізаттар және құралдармен қамтамасыз етілуі.
  • Жабдықтар паркінің қолда бары және оны пайдаланудың деңгейі, босалқы қордың деңгейі, оларды пайдаланудың жылдамдылығы. Технологиялық жаңалықтар
  • Өндірістің орналасқан жері және қолда бар  инфрақұрылымы.
  • өндіріс экологиясы.

       ІІ Өнімді бөлу және өткізу

  • Өнімді тасымалдау.  Тасымалдау мүмкіндігі және шығындарды бағалау
  • Тауарлардың  босалқы қорларын сақтау, босалқы қорлар деңгейі, оларды орналастыру және айналыс жылдамдығы. Қолда бар  қойма, үй-жайы және сақтау орындар, олардың сиымдылығы.
  • Жетілдіру мүмкіндігі, тауарларды өлшеп орау және орамалау.
  • Сату. Жекелеген тауарлар бойынша, сату аймағы, құндары, сатушылар тұрпаты, делдалдар және өткізу арналары.

       ІІІ Ұйымдық құрылым және менеджмент

  • Ұйымдастыру және басқару жүйесі.
  • Қызметкерлердің сандық және кәсіптік құрамы.
  • Жұмыс күшінің құны, кадрлардың  тұрақтамауы, еңбек өнімділігі
  • Менеджмент деңгейі
  • Кәсіпорын мәдениеті.

       IV Маркетинг

  • Рынокты, тауарларды, өткізу арналарын зерттеу.
  • Өткізу және жарнамаларды, баға құрылымын ынталандыру
  • Жаңа енгізілім
  • Коммуникациялық байланыстар және ақпарат
  • Маркетингтік бюджет және оның орындалуы
  • Маркетингтік жоспарлау және бағдарламалар

       V Қаржылар

  • Қаржы орнықтылығы және төлем қабілеттілігі.
  • Пайдалылық және табыстылық (тауарлар, аймақтар, өткізу арналары және делдалдар бойынша).
  • Меншік және қарыз  қаражаттары. Арақатынас.

         Ішкі кәсіпорындық ақпарат шындықты,  пайдалылықты, жеңіл алынатын және  жүйелеуге ықшам келетіндігін  білдіреді. Бірақ, кәсіпорынның  әлуетін анықтау үшін ол жеткіліксіз  болуы мүмкін. Бұл жағдайда сыртқы ақпаратты таңдау түрлі белгілі үлгілер мен әдістерді пайдалана отырып, салыстырмалы көрсеткіштерді қолданған жөн.

       Кәсіпорынның  мүмкіндігіне іріленген талдау кәсіпорын  үшін үлкен  мүддеге сенім білдіретін қосымша нықтылы бағытта болуы  керек.

         Ал егер өнімдер бойынша қарастыратын болсақ,онда  қандай бұйымдар ең көп немесе ең аз  айналым береді, қандай бұйымдарды сату ең көп немесе ең аз  табыс әкелетіндігіне назар аудару керек.

       Рыноктар  бойынша- қандай рыноктар кәсіпорын  өнімі үшін ең көп немесе ең аз басымдылықта болады.

       Салалар бойынша- қандай салаларда кәсіпорынның өнімдері сатылады, бұл салаларда  рыноктың қандай үлесі кәсіпорында  орын алады.

       Тұтынушылар бойынша- кәсіпорынның өнімдерін тұрақты  тұтынушылар- кімдер, кәсіпорын өнімдері олар үшін  несімен қызықтырады, жаңа тұтынушыларды жұмылдыру үшін не істеу керек? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ΙΙ-ТАРАУ. “Рахат” Акционерлік Қоғамындағы маркетингті пайдалану.

2.1 “Рахат”  Акционерлік Қоғамының  технико-экономикалық  талдауы 

       Алматы  кондитер  фабрикасы ең алғашқы  өнімін 1942 жылы шығарды [4]. Москва және Харьковте ескіден сақталған кондитер  кәсіпорындарының Алматыға көшіп келген технолог-мамандары көп жылдық  өндіріс  мәдениетінің салт-дәстүрлерін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып қалыптасқан дағдыларын, тәтті тағам дайындайтын мамандардың шеберлік құпияларын өздерімен бірге ала келді. Жарты ғасырлық уақыт ішінде  осындай берік те, сенімді  тұғырдың арқасында фабрика ұжымы кондитерлік өнімдер тұтынушыларының саналуан сұраныстарын қанағаттандыра алатын қазіргі заманға сай өндіріс орнын қалыптастырды.

       ,,Рахат”  АҚ бұрынғы кондитер кәсіпорыны  ретінде Алматыда құрылған. Қазақстан  Республикасы өз алдына тәуелсіздік  жариялауымен бірге 1991 жылы егемендік  алып, нарықтық экономикаға көшіп,  көптеген салаларға өзгеріс жасады. Ал 1992 жылы кәсіпорын меншік түрін өзгермеуімен айналысып, соңғы негізінде еңбек коллективімен кәсіпорын жекешелендіру жүргізіліп акционерлік қоғам құрылды.[5]

       Ал 1994-1995 жылдары кәсіпорын жаңа және жаңартылған құралдар мен техникалық қайта жабдықтау  жүргізілді. Кәсіпорын орналасқан өндіріс көлемі 5,3 гектардан тұрады. Ал 1996 жылы мемлекет экономикалық реттейтін заңдылық жүйеде көптеген алға жылжулар басталып, кәсіпорынның жұмысына жақсы әсерін тигізді. Сонымен қатар, кәсіпорын ішінде де антикризистік шаралар қабылдады. Соның нәтижесінде 1996 жылдың алғашқы айларында-ақ сату көлемі бұрынғы жылдармен салыстырғанда 2,5 есе өсті және бұл қарқын қазіргі уақатта да байқалуда. Кәсіпорынның қызметінің негізі- кондитерлік өнімдер өндіру және оларды сату болып табылады.

       Кәсіпорында 2000-нан астам адам жұмыс істейді. Соның ішінде 300-ден  аса мамандар мен инженер-техникалық жұмыскерлер істейді. “Рахат”АҚ кондитерлік  тағамдардың шамамен барлық түрлерін шағарады. Қазіргі уақытта “Рахат” АҚ-мы-170-тен астам тауар түрін өндіреді.

       Сонымен қатар дәстүрлі тағам- тәттілер шағарады: Шоколад, Карамель, Печенье, Вафли, Мармелад, Зефир, Ирис, Драже және сондай-ақ тамақ  өнеркәсібіне қажетті әртүрлі жартылай фабрикаттар ұсынады.т.б. Қазіргі  кезде кәсіпорынның алты цехы жұмыс  істейді мысалы: бисквит, карамель, ирис, шоколад кәмпиттері, зефир, драже цехтары. Өзінің өнімінің тең  жартысын Алматы қаласы мен Алматы облыстарына өткізумен айналысады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптегі маркетингті енгізу тәжірибесі