Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 18:10, автореферат
Диссертациялық зерттеуде нарықтық экономиканы басқарудағы озық тәжірибелерді анықтау және оларды пайдалану жолдары қарастырылды. Осы негізде Қазақстан экономикасын бәсекеге қабілетті етуге, экономиканы басқару тетіктерін жетілдіруге, оның теориялық-әдістемелік негіздерін қалыптастыруға және оны әрі қарай дамытуға болады.
Жалпы, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын басты көрсеткіш – адам басына шаққандағы ЖІӨ болып табылады. Тіпті, БЭФ, БҰҰ да дәл осы критерий бойынша әлемнің 140-тан астам елдерін топтастырып, экономикалық даму деңгейлерін анықтайды.
Бұл тұжырымды математикалық «екі жақтылық» теориясын пайдалану арқылы оңай негіздеуге болады. Мәселен, өндіріс нәтижелігі тұрғысынан, тікелей өндірістік есеп ретінде адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнімді келесідей жіктеуге болады:
,
Мұндағы:
ЖІӨ N – адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнім;
- халық саны;
L – экономикадағы жұмысбастылар саны;
- еңбек өнімділігі ();
- жалпы халық санына есептегендегі экономикадағы жұмысбастылар санының үлесі.
«0» и «1» жылдарының статистикалық мәліметтері болатын болса, (1) формуланы түрлендіру арқылы адам басына шаққандағы ЖІӨ өсімін есептеп шығаруға болады:
және деп белгілеп, оның өсімінің негізгі жіктелінген формуласын аламыз:
Мұндағы:
- сәйкесінше көрсеткіштің өсімі.
«1» жылдағы адам басына шаққандағы ЖІӨ өсімі үш қосылғыштарға жіктеледі:
Елдің экономикалық даму деңгейінің басты индикаторы болып оның адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнімінің көрсеткіші табылады. Жоғарыда қарастырған (2) формула бойынша адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнім абсолютті өсімін жіктеу әлем елдерінің үш тобына жасалды (1-кесте). Мұнда әлемнің 210 елінің 180 елі қарастырылды. Бұл елдер, бұрынғыша, БЭФ әдістемесіне сәйкес дамушы (80), дамыған елдер қатарынан үміткер (50) және дамыған (50) елдер деп үш топқа бөлінді. Сондай-ақ 1-кесте негізінде жасалған 1-суреттегі диаграммадан аталған елдер бойынша адам басына шаққандағы ЖІӨ динамикасын байқауға болады. Аталған есептеулер 2004-2006 жж. халықаралық ұйымдардың статистикалық мәліметтеріне негізделіп жасалды:
Кесте 1 – Адам басына шаққандағы ЖІӨ өсімін факторларға жіктеу: еңбек интенсивтілігі және жиынтық еңбек өнімділігі (еңбек пен капитал)
| Адам басына шаққандағы ЖІӨ өсімі, % | Еңбекті интенсивті пайдалану есебінен,% | Жиынтық еңбек өнімділігі есебінен (еңбек пен капитал), % | Екі фактор өсімдерінің жиынтық ықпалының есебінен, % | Бақылау, % | |||||
(80) дамушы елдер тобы | ||||||||||
2006 | 100 | 16,1 | 81,1 | 2,9 | 100,0 | |||||
1-кестенің жалғасы | ||||||||||
2005- 2006 | 100 | 10,6 | 87,5 | 1,9 | 100,0 | |||||
2004 -2006 | 100 | 8,7 | 89,8 | 1,5 | 100,0 | |||||
| Дамыған елдер қатарынан үміткер елдер тобы (50) | |||||||||
2006 | 100 | 17,58385712 | 80,09813774 | 2,31800513 | 100,0 | |||||
2005-2006 | 100 | 10,40486288 | 88,16182399 | 1,43331313 | 100,0 | |||||
2004-2006 | 100 | 11,72358818 | 86,71915423 | 1,5572576 | 100,0 | |||||
Сонымен қатар Қазақстан | ||||||||||
2006 | 100 | 26,5 | 67,1 | 6,4 | 100,0 | |||||
2005-2006 | 100 | 16,7 | 79,3 | 4,1 | 100,0 | |||||
2004-2006 | 100 | 13,6 | 82,9 | 3,5 | 100,0 | |||||
| Дамыған елдер тобы, 17000 АҚШ долл. (50) | |||||||||
2006 | 100 | 6,2 | 93,6 | 0,2 | 100,0 | |||||
2005-2006 | 100 | 6,3 | 61,0 | 0,2 | 67,484892 | |||||
2004-2006 | 100 | 3,0 | 62,1 | 0,2 | 65,225622 | |||||
АҚШ | ||||||||||
2006 | 100 | 8,2 | 91,4 | 0,4 | 100,0 | |||||
2005-2006 | 100 | 6,7 | 93,0 | 0,3 | 100,0 | |||||
2004-2006 | 100 | 3,7 | 96,1 | 0,2 | 100,0 | |||||
Жапония | ||||||||||
2006 | 100 | -0,2 | 100,2 | 0,0 | 100,0 | |||||
2005-2006 | 100 | -1,5 | 101,4 | 0,0 | 100,0 | |||||
2004-2006 | 100 | -16,4 | 118,3 | -1,9 | 100,0 | |||||
Ескертпе –берілген кесте автордың есептеулері негізінде жасалды |
Сурет 1 – 2004-2006 жж. адам басына шаққандағы ЖІӨ динамикасы
(Ескертпе – Диаграмма 1-кесте негізінде автормен жасалды)
Зерттеу жұмысында математикалық есептеу әдісі негізінде жүргізілген талдау нәтижесі адам басына шаққандағы ЖІӨ динамикасының өсуіне жиынтық еңбек өнімділігі (еңбек пен капитал) есебінен қол жеткізіп отырған ел Жапония екенін көрсетті. Бұл Жапония экономикасының тиімді жолмен дамып отырғандығының дәлелі. Яғни, жапон экономикасының даму үлгісі - ең озық тәжірибе.
Бұл 2-суреттен макроэкономикалық көрсеткіштердің өзара тәуелділіктерін көруге болады. Яғни, өндірістегі ғылыми-техникалық дамудың өнімі, басқаша айтқанда жоғары технологиялар немесе негізгі капитал көбейіп, әрбір жұмысшының қормен қарулануы артса, онда оның еңбекақысының көлемі де артады. Бұл өз кезегінде, еңбек өнімділігінің артуына әкеледі. Жапонияда дәл осындай жағдайда, жапон экономикасының құрылымы өзгеріп, экономика ғылыми-техникалық дамуға толығымен негізделді. Яғни, жапон экономикасының қозғаушы күшіне ғылыми-техникалық даму айналды. Канторович-Купманстың екі жақтылық теориясы негізінде, өндіріске кететін шығын тұрғысынан, екі жақты есеп шешімі ретінде еңбек өімділігін келесідей етіп жазуға болады:
мұндағы:
- еңбек бағасы (экономикадағы бір жұмыспен қамтылған адамның орташа айлық ақысы);
r - негізгі капитал бағасы;
f - ақша күйіндегі еңбектің капиталмен қарулануы (K/L);
K - экономиканың нақты саласындағы, үй шаруашылығы салалары мен нысандарын, білім, денсаулық және мәдениет салаларындағы негізгі капитал.
Еңбек өнімділігінің өсіміне еңбек пен капитал ресурстық потенциалының қаншалықты үлес қосатынын нақты ашып көрсету мақсатында еңбек өнімділігі мен еңбектің капиталмен қарулану көрсеткіштерін ақша өлшем бірлігіне ауыстырған ыңғайлы болады. Бұл аталған көрсеткіштерді еңбек бағасына () бөлуден шығады. Оларды сәйкесінше келесідей: - ақша өлшеміндегі еңбек өнімділігі, ал - ақша өлшеміндегі еңбектің капиталмен қарулану деңгейі деп белгілеп, капитал бағасын (r) пайдаланған капитал тиімділік нормасы деп қабылдап (E), келесіні аламыз:
,
мұндағы:
q - ақша күйіндегі еңбек бірлігінің өнімділігі;
h - ақша күйіндегі еңбек бірлігінің капиталмен қарулануы.
Яғни, еңбек өлшеміндегі еңбек өнімділігі еңбек ақысы мен ақша күйіндегі еңбек өнімділігінің көбейтіндісіне тең:
,
(5) формула еңбек өлшеміндегі еңбек өнімділігі, шын мәнінде де шексіз өсу мүмкіндігіне ие. Оның өсуіне тек қана технология, білім, ресурстар мен уақыт қана кедергі жасай алады.
Адам басына шаққандағы ЖІӨ формуласын жіктеу арқылы, (5) формула негізінде келесідей формула аламыз:
,
Бұл (6) формулада берілген еңбек өлшеміндегі еңбек өнімділігінің абсолютті өсімін жіктеудегі бірінші компонент еңбек бағасының өсімін еңбек бағасының өнімділігіне көбейткенге тең. Екінші компонент еңбек бағасының өнімділігінің өсімі есебінен, оны еңбектің бұрынғы бағасына көбейткеннен шығады. Ал соңғы компонент еңбек өлшеміндегі еңбек өнімділігі өсімінің екі факторының өсімдерінің көбейтіндісінен шығады.
Жоғарыда қарастырылған экономикалық индикаторлардың өзара тәуелділіктерін Жапония мысалынан көрдік, яғни, жұмысшылардың капиталмен қарулану деңгейі жоғары болуы есебінен, олардың еңбек ақылары да жоғары, сондай-ақ олардың еңбек өнімділігі де үлкен. Ал еңбек өнімділігінің үлкен болуы елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің бірден-бір көрсеткіші - адам басына шаққандағы ЖІӨ мөлшерінің өсуіне әкеледі.
3 Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілетті салаларын басқару стратегиясы. Диссертацияда Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілетті салаларын басқару мәселесін қарастырғанда, жапон тәжірибесі ең тиімді үлгі ретінде ұсынылады. Өйткені зерттеу нәтижесінде Жапония бәсекеге қабілетті елдердің алды екендігі математикалық есептеулер негізінде анықталды. Яғни, ол экономикалық дамудың тиімді жолымен жүріп келеді. Бұл артықшылық ондағы экономиканы басқару тетіктерінің тиімділігімен түсіндіріледі. Яғни, оның экономикасын басқару ғылыми-технологиялық жетістіктерге негізделеді. Мемлекет тарапынан ғылым мен білімнің дамуына үлкен ден қойылып, бұл сала молынан қаржыландырылады. Негізгі капиталға инвестиция көптеп құйылады және оның қайтарылымы да мол. Капиталмен қарулану деңгейі жоғары, еңбек төлемі де жоғары. Осы екі фактордың өсуі нәтижесінде еңбек өнімділігі де артып отыр. Жапон тәжірибесі технологиялық саясат жетістіктерінің тиімді ұлттық экономикалық саясаттың жемісі екендігін дәлелдейді.
Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасында көрсетілген міндеттерді іске асыру үшін оның басым салаларын анықтап, жетекші елдердің сала экономикасын модернизациялаудағы жетістіктерін ескере отырып, жетілдіру қажет. Отандық экономиканың алдында тұрған басты міндет шикізаттық бағдарды бәсекеге төтеп бере алатын, жоғары сапалы нақты дайын өнім алу бағдарына аудару. Сондықтан да кәсіпорындардың өздерін сапалық жетілдіру шаралары орын алуы тиіс. Қазақстан экономикасының ең басты салаларының бірі – ауылшаруашылығы. Қазақстанның әртүрлі климаттық жағдайлардың болуы түрлі дәнді-дақылдар мен мал шаруашылығын дамытуға өте қолайлы.
Аграрлық сектор қашан да Қазақстан қоғамының экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығының анықтаушы факторы болып келді және болып келеді. Ол - Қазақстан халық шаруашылығының анағұрлым бәсекеге қабілетті салаларының бірі. Бәсекеге қабілеттілік бойынша, Портердің «ромб» моделіне сүйенсек, ондағы жағдайлық факторлар тобына кіретін арнайы факторлар тұрақты инвестицияларды меңзейді. Олардың өнімін қайталау мүмкін емес, дәл осы артықшылық бәсекедегі басымдықты анықтайды. Ал оны басқарудың ең тиімді тетігі ретінде – кластерлік әдісті қарастыруға болады. Кластерлік әдісті іске асыру елдің тұрақты экономикалық өсу траекториясына шығуына мүмкіндік береді.
Аграрлық сектор кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ғылым нәтижелерін пайдалану арқылы жүргізілетін ақылды ассортименттік саясат ықпал еткен болар еді. Ол дегеніміз сатып алушы үшін ыңғайлы тауар өлшемін тауып, қалдықсыз өндіріс ұйымдастыру. Тиімді жұмыстың және саланың қосымша табыстарының басты резервтеріне өнімді қайта терең өңдеу мен туынды өнімді (сүт сары суы, көк сүт, эндокриндік-ферменттік өнім, сүйекті тұқым, алма сығындыларын) пайдалану жатады.
Аграрлық кәсіпорындардың кооперациясы мен интеграциясы сияқты ұйымдастырушылық механизмдерді дамытудың маңызы зор. Бұл тұрғыда диссертацияда жапондық менеджмент жүйесін игеру ұсынылады.
Қазақстан ауылшаруашылығының өзіне тән ерекшелігі дамыған елдердегідей, оған қызмет көрсету үшін арнайы ұлттық қаржы жүйесін құруды қажет етеді. Бұл мәселеде де экономиканы қаржыландырудың тиімді де мүмкін жолы ретінде автормен жапондық үлгі қарастырылады. Сонымен қатар агроөнеркәсіптік өндірісті қолдау және дамыту мақсатындағы қаржының шоғырлануын алдын-ала қарастырған жөн. Олар ауылшаруашылық ғылымын дамытуға, кадрларды даярлауға, асыл тұқымды мал шаруашылығы мен элиталық тұқым шаруашылығына қолдау көрсетуге, топырақ құнарлылығын арттыруға, өндіріске дотациялар беру мен ауылшаруашылық өнімдерінің кейбір түрлерін өндіруге бағытталуы тиіс. Бұл бағыттардағы қаржыландыруларды үкіметаралық келісімдер негізінде орын алатын халықаралық гранттар мен резервтік қорларды тарту арқылы іске асырған өте пайдалы.
Елдегі қабылданған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы аясында ұлттық экономиканы инновациялық даму траекториясына түсіруде жапон тәжірибесінен шағын экономиканы қалыптастыру үдерісін қолға алу ұсынылады. Ол экономиканың жаңа секторына мемлекет тарапынан қолдау көрсету, яғни олар - бюджеттік қаражаттарды тікелей қажеттілігне орай қорларға бөлу, ықтимал шығындарының өтемақысын қамтамасыз ете отырып, коммерциялық банктің несиелеріне кепілдіктер беру; сақтандыру қорларын, («тәуекелдік қорларын») құру, мемлекеттік және жеке меншік аралас қолдау қорларын құру.
Орта және шағын бизнесті дамыту – елдегі орташа таптың болуының кепілі, ал бұл – кез-келген мемлекеттің тұрақты дамуының тірегі болып табылады. Ал бізде шағын және орта кәсіпорындар ЖІӨ-нің орта есеппен 30% ғана құрайды (2-кесте).
Кесте 2 - ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі, %
| 2005 | 2006 | 2007 | 2008 |
ЖІӨ-дегі ШОК үлесі | 40,5 | 35,8 | 34,6 | 31,2 |
ЖІӨ-дегі шағын бизнестің үлесі | 36,4 | 31,8 | 30,8 | 28,0 |
ЖІӨ-дегі орта бизнестің үлесі | 4,1 | 4,0 | 3,8 | 3,2 |
Ескертпе - Кесте ҚР Статистика агенттігінің мәліметі негізінде автормен жасалды. |
Қазақстан экономкасындағы басты кемшіліктер осыған келіп саяды. Бізде шағын өнеркәсіп индустрясы нашар дамыған, дайын өнімдерді сырттан тасымалдаймыз. Яғни, аталған саланы дамытпайынша, экономиканы диверсификациялау мүмкін емес.
2009 жылы екінші дәрежелі банктермен 128,8 млрд. теңге қаражатқа 2602 жоба қаржыландырылған. Мұндағы несиенің орташа көлемі 48 млн. теңгені құраған. Қаражаттың ең көп мөлшерде бөлінген аймақтарына Алматы, Астана қалалары жатады: Алматы – 42,8 млрд. теңге, Астанада – 21,3 млрд. теңге. Жамбыл облысында – 2,0 млрд., Қызылорда облысында – 1,8 млрд. теңге бөлінген.
Салалық бөліністе аталған қаражат сомасының 70%-дан астамы сауда және қызмет көрсету саласына жұмсалған. Бұл елдегі шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) қалыптасқан құрылымын білдіреді (3-сурет).
Сурет 3 - 2009 ж. ШОК қаржыландырудың салалық үлесі
(Ескертпе – Сурет автормен құрастырылды)
3-сурет Қазақстанда 2009 жылғы шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырудың құрылымдық ерекшелігін көрсетеді. Мұнда сауда мен қызмет көрсету түрлері алғашқы орынға ие екендігі, ал өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы екінші орында, сондай-ақ құрылыс пен көлік және байланыс салалары соңғы орындарда екендігін байқауға болады.
Елдегі шағын және орта кәсіпорындардың ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп салаларындағы үлесінің соңғы орындарда болмауы оң құбылыс. Өйткені дәл осы салалар ұлттық экономиканы диверсификациялауда басымдықтарға ие болуы шарт. Олай дейтініміз бұл салалардың негізі ертеден қаланған, оларды уақыт талабына сай етіп жетілдіруге үлкен мүмкіндіктер бар. Егер кәсіпкерлер бір бағытта ғана өнім өндірмей, өз шаруашылығының астына бірнеше бағытта өнім өндіру экономикалық тиімді болар еді. Мәселен, егер де қазақстандық кәсіпкерлер мал шаруашылығымен айналысатын болса, онда дәл сол малдың өнімін өзі қайта өңдеуге тырысса: еті, сүті, жүні, терісі сондай-ақ олардың жем-суын да өздері қамтамасыз етсе, яғни егін егумен де өздері айналысса, олардың шығыны аз да пайдасы көп болар еді. Немесе, малдың бір ғана өнімі – оның сүтін қайта өңдеу арқылы одан май, ірімшік, қаймақ, құрт, қымыз, шұбат және т.б. жасаса, одан шығатын қосалқы өнімдерден шаруашылықтың келесі бір түрін, мәселен, құс шаруашылығымен айналысуға болады. Яғни, ірімшік, одан бөлінетін сары су сияқты сүт қосалқы өнімдерін жем ретінде пайдаланып, экологиялық таза әрі өсімі мол құс өнімін алуға болады. Бұндағы логика дәл мұнай өндірісіне сай келеді. Мұнай өндіруден шығатын қосалқы өнімдерді мұнай-химия саласында қалай өңдеуге болса, дәл сол сияқты ешбір шығын болмайды, қалдықтар қалмайды. Тіпті, кәсіпкер емей-ақ кез-келген ауыл тұрғыны осындай шаруашылық жүргізетін болса, онда ол өзін толықтай азық-түлікпен қамтамасыз еткен болар еді. Бұнымен қоса бау-бақша өнімі өз алдына... Бұндай қосалқы шаруашылықты қоса дамыту Ресей, Беларусь елдерінде ерекше маңызға ие болып отыр. Қысқаша қайырғанда, Қазақстан экономикасын диверсификациялауды «қалдықсыз ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруге негіздеу қажет».
Қазақстан экономикасының болашағы зор салаларының бірі ретінде қой шаруашылығы ұсынылады. Өйткені бұл саланың қазақ жерінде тамыры тереңге жайылған. Өкінішке орай, оған мемлекет тарапынан қажетті деңгейде көңіл бөлініп отырған жоқ. Қазақстан өңірлерінің барлығына тән климаттық жағдайға ең бейім мал түрі – қой. Өздігімен көбейеді. Оның еті, терісі, жүні, сүті, тіпті, сүйектері, мүйіздері, тұяқтарының өздерін өңдеп, пайдалануға болады. Ұлттық нақыштағы үлкен сұранысқа ие болатын, бәсекеге қабілетті өнім көзі бола алады. Қой шаруашылығы саласын дамытудың артықшылығы ол табиғи шикізаттар – мұнай, түрлі-түсті металдар, минералды ресурстар сияқты шектеулі емес. Орны әрқашан өздігімен толып отырады.
Дамыған елдер тәжірибелері негізінде мал шаруашылығын дамыту бойынша кооперативтік басқару нысанын жетілдіру, ғылым мен технология негізінде селекцияны дамыту, мал азығы мен малды өсіріп бағатын орындарды, сондай-ақ жалпы ауыл шаруашылық өнімдерін сақтайтын орындарды жоғары технологиялық құралдармен жабдықтау, ветеринарияны дамыту ұсынылады.
Диссертацияда салалық экономиканы басқаруды жетілдіруде кластерлік ұйымдастыру тетігін пайдалана отырып, қой шаруашылығы кластерін құру арқылы халық шаруашылығы салаларын мүлдем жаңа деңгейге шығару ұсынылады. Ол ауыр өнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсіптерін қоса дамытуға мүмкіндік беріп, қосымша құны жоғары сапалы да бәсекеге қабілетті дайын өнім алуға мүмкіндік берген болар еді. Ұлттық нақыштың басым болуына орай, бұл саланы басқа елдер қайталай алмайтын болғандықтан, ол сөзсіз бәсекеге қабілетті болады және ол халықаралық нарықтағы ет, сүт, тері, жүн өнімдері сегментін басып алған болар еді.
Информация о работе Жұмыс Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде орындалған