Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 18:10, автореферат
Диссертациялық зерттеуде нарықтық экономиканы басқарудағы озық тәжірибелерді анықтау және оларды пайдалану жолдары қарастырылды. Осы негізде Қазақстан экономикасын бәсекеге қабілетті етуге, экономиканы басқару тетіктерін жетілдіруге, оның теориялық-әдістемелік негіздерін қалыптастыруға және оны әрі қарай дамытуға болады.
ӘОЖ 338.24 (574)
САГИМБАЕВА АЛЬМИРА ЮБИЛЕРОВНА
ҚР халық шаруашылығы салаларын басқаруды озық тәжірибелерді пайдалану негізінде жетілдіру жолдары
08.00.05 – «Экономика және халық шаруашылығын басқару
(қызмет ету салалары және аялары бойынша)»
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты
Қазақстан Республикасы
Астана, 2010
Жұмыс Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде орындалған
Ғылыми жетекшісі | экономика ғылымдарының докторы, |
Ресми оппоненттер: | экономика ғылымдарының докторы, |
| экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Қасқатаев Н.М. |
Жетекші ұйым | Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті |
Қорғау 2010 жылы «19» наурызда сағат 1430 Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын БД 14.08.01 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010008, Астана қаласы, Жұбанов көшесі,7, мәжіліс залы.
Диссертациямен Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2010 жылы «17» ақпанда таратылды.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттің экономикалық жетістігін анықтау үрдісінде еліміздің бәсекеге қабілетті болуы мен оны әріқарай дамыту механизмдерін жетілдіру ісіне баса назар аударылады. Өйткені ұлттық шаруашылықтың экономикалық тиімділігін басқару жолдарын жетілдіру Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жоспарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Ең бастысы – экономиканың бәсекеге қабілетті моделін таңдау, басым салаларды анықтау, бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыратын қолда бар экономикалық мүмкіншіліктерді анықтау, сондай-ақ сыртқы экономикалық бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан бәсекелестік байланыстарды дамытуға әсер ететін механизмдер мен факторларды анықтау жөніндегі мәселелер туралы сөз қозғалады. Осы және басқа да мәселелердің шешімін табу Қазақстанда толыққанды зерттелмеуі экономиканың тұрақты дамуына қиындықтар туғызып отыр. Ел экономикасын бәсекеге барынша қабілетті ету мен оны дамытудағы басқару мәселелерін шешуде жаңа теориялық-әдістемелік негіз салу қажеттілігі шетелдік озық тәжірибелерді толық зерттеуді талап етеді.
Берілген жұмыс тақырыбының өзектілігі болып дамыған елдердегі ең озық тәжірибелерді пайдалану негізінде Қазақстан экономикасын бәсекеге қабілетті ету табылады.
Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан Республикасы экономиканы қай бағытта дамыту қажет деген сауалға тірелгені белгілі. Әрине, осыдан он жеті жыл бұрын социалистік даму үрдісінде болып келген Қазақстан үшін АҚШ немесе Жапония сияқты дамыған ел экономикасы үлгісін көшіру мүмкін емес еді. Ол кезде Малайзия сияқты дамушы елдің мысалын зерттеу біздің экономика үшін анағұрлым қолайлы болатын. Алайда, қазір Қазақстан экономикасы дамудың екінші сатысынан үшінші сатысына – инновациялық даму бағытына бет бұруда. Осыған орай, мысал ретінде елде қабылданып, іске асырылып жатқан индустриалды-инновациялық дамуды жеделдету стратегиясын айтуға болады. Ал инновациялық дамуда біз үшін аса пайдалы болатын үлгі - әлемнің ең озық елдерінің экономикалық даму үлгілері. Өйткені дәл осы елдер - әлем бойынша ғылым мен технологияны дамытуға өкімет тарапынан аса мән беретін мемлекеттер. Әлемнің жетекші елдері дәл осы ғылыми-техникалық дамуға зор мән берудің арқасында, айталық Жапония, қысқа мерзім ішінде ХХ ғасырдың ортасынан бастап әлемдегі екінші дәрежелі экономикалық державаға айналды. Олай болса, қазіргі таңда, яғни, ХХІ ғасырдың басында әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарынан орын алуды көздеген Қазақстан үшін экономика салаларын басқаруды дамытуда үздік үлгілерді зерттеу аса қажет әрі тиімді.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазақстан экономикасын барынша бәсекеге қабілетті етудегі басқару мәселесінде Жапонияның озық үлгісін пайдалану мүмкіндігін ғылыми негіздеу мен жалпы Қазақстанға қатысты салалық, аймақтық және ұлттық деңгейде бәсекелестік мәнін анықтау мен Жапонияның экономикасы салаларының бәсекеге қабілетті болу ерекшеліктерін зерттеу отандық және шетелдік ғалымдардың теориялары мен көзқарастарын кешенді әрі жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді. Бәсекелестік пен бәсекеге қабілеттілік, экономиканың тұрақты дамуы сияқты мәселелер көптеген ғалымдардың еңбектерінде жарық көрген. Зерттеудің жалпы теориялық негізі ретінде А.Смит, Д.Рикардо, А.Маршалл, Дж.Стиглер, Й.Шумпетер, Э.Чемберлин, Дж.Робинсон, Дж.Кейнс, П.Хайек, Е.Бем-Баверк, Дж.Хикс, К.Эклунд, А.Пигу және Г.Джереффи, Р.Каплински, Р.Буайе және т.б. ғұлама экономистердің еңбектері қолданылды. Олардың еңбектерінде нарықтық шаруашылықтың классикалық қалыптасуы кезеңіндегі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік мәселелері, ұлттық жүйе мен бизнестің ғаламдық бәсекеге қабілетті болу концепциялары, елдер мен аймақтардағы экономикалық және әлеуметтік дамудың заңдылықтары мен ондағы басқару мәселелері қарастырылған.
Зерттеу базасын қалаған деректер ретінде жапон менеджменті мен ұлттық экономикасының даму ерекшеліктерін зерттеп, оған баға берген Сато Мотосигэ, Имаи Масаки, Ингиу Оу, Дьюинъичи Гото, J.Abegglen, R.Dore, R.Benedict, Ch.Nakane, Ch.Johnson, P.Drucker, C.Brown, M.Weber, J.D.Foster, Shigeto Tsuru, Shozo Uemura, Yoshio Suzuki, Masahiko Aoki сияқты жапон және американдық экономист-ғалымдардың еңбектерінен жапон менеджменті туралы, оның қалыптасуы мен дамуы, әсіресе, оның соғыстан кейінгі кезеңдегі даму ерекшеліктері, жапон жұмысшыларына тән өзгешеліктер, кейрецу, сондай-ақ, жапондық банк жүйесінің жұмысы және Жапониядағы экономикалық реформалар жөнінде бай мәліметтер диссертациялық жұмысты жазу барысында кеңінен қолданылды. Сонымен қатар С.С.Артобалевский, А.Р.Бахтизин, С.Ю.Глазьев, А.Г.Гранберг, С.А.Дебабов, Е.А.Коломак, Б.Л.Лавровский, В.Л.Макаров, К.М.Попов, Ю.Н.Попов, А.А.Прохожев, В.В.Радаев, Р.А.Фахутдинов, А.В.Шевчук сияқты ұлттық және аймақтық экономиканы зерттеуші ресейлік ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.
Отандық экономика әдебиеттерінде мемлекеттің немесе аймақтың бәсекеге қабілеттілік түсінігі біржолата анықталып, қалыптаспаған. Өтпелі экономика жағдайындағы бәсекеге қабілеттілік және ондағы басқару мәселесінің кейбір аспектілері Ахметжанова С.Б., Әлімбаев А.А., Байзақов С.Б., Баймұратов О.Б., Есентүгелов А., Қадыржанов Е.К., Қошанов А.Қ., Нұрланова Н.К., Нұрымов А.А., Сағадиев К.Ә., Сейтқасымов Ғ.С., Сейтқазиева А.М., Сәбден О.С., Сатыбалдин С., Темірболатов А.О., Тоқсанова А.Н., Төлемісов О.Т. сияқты қазақстандық экономист-ғалымдармен зерттелген.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеуде нарықтық экономиканы басқарудағы озық тәжірибелерді анықтау және оларды пайдалану жолдары қарастырылды. Осы негізде Қазақстан экономикасын бәсекеге қабілетті етуге, экономиканы басқару тетіктерін жетілдіруге, оның теориялық-әдістемелік негіздерін қалыптастыруға және оны әрі қарай дамытуға болады.
Белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттер қойылды:
Зерттеу нысанасы ретінде Қазақстан экономикасының анағұрлым бәсекеге қабілетті салаларын дамыту мәселесі алынды.
Зерттеу пәні ретінде озық тәжірибелерді анықтау нәтижесінде Қазақстан экономикасы салаларын басқарудың тетіктерін анықтау және жетілдіру мәселесі қаралды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Қазақстан мен дамыған елдер экономикаларының бәсекеге қабілеттілігінің тұрақты дамуы мен оңтайлы басқару мәселелерін зерттеуде жүйелі талдау мен салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Бәсекелестік теориясы мен экономикалық даму теориясы пайдаланылып, ұлттық экономика мен экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігі индикаторларын, факторлары мен динамикасын зерттеуде жүйелік талдау әдістемелері анықталды. Математикалық екі жақтылық теориясы қолданыс тапты.
Зерттеу әдістеріне абстрактілі-логикалық, салыстырмалы, құрылымдық-функционалдық әдістер мен экономикалық-математикалық және графикалық әдістер кірді. Қолданбалы зерттеулер барысында классификациялау, топтарға бөлу, экономикалық-статистикалық талдау әдістері, зерттеліп жатқан үрдістердің құрылымы мен динамикасын талдау әдістері пайдаланылды.
Еңбекте отандық және шетелдік экономистердің (оның ішінде ағылшын және жапон тіліндегі) мемлекеттік және аймақтық экономикалық даму мен стратегиялық басқару тақырыптарына жазылған жұмыстары диссертацияда зерттеліп, қолданыс тапты.
Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде келесілер қолданыс тапты:
Нәтижелердің негізділігі мен шынайы-нақтылығы. Еңбектің негізділігі мен шынайы-нақтылығы жүргізілген теориялық зерттеулермен, ресми дереккөздерден алынған статистикалық мәліметтерді пайдаланумен, модельдер мен әдістерді қолданумен және тәжірибелік есептеулер жүргізу арқылы расталды. Қорытындылар мен нәтижелер әртүрлі формаларда байқаудан өтіп, мемлекеттік және ұлттық компаниялардың басқару тәжірибелерінде іске қосылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы дамыған елдердің экономика салаларын басқаруды жетілдірудегі ерекшеліктерін зерттеп, оның Қазақстан үшін пайдалануға болатын тәжірибелерін анықтау болып табылады. Бәсекеге барынша қабілетті елдер экономикаларының дамуы негізінде ғылыми-техникалық жетістік жатқандығы, яғни еңбектің капиталмен қарулануының жоғары дәрежеде болуы үлкен еңбек өнімділігін қамтамасыз ететіндігі дәлелденді. Мәселен, капитал тиімділігі Жапонияда, АҚШ-та, Скандинавия түбегіндегі елдерде, Еуропалық одақ елдерінде және т.б. үлкен көрсеткіш болуы себебінен бұл елдердің барлығына да инновациялық даму тән екендігі расталды. Осының негізінде ұлттық экономиканы бәсекеге қабілетті етудегі басқару тетіктерін жетілдіру бойынша теориялық және әдістемелік негізді кешенді әрі жүйелі түрде дайындауға әрекет жасалып, Қазақстан экономикасын әріқарай дамытуда іс жүзінде ұсыныстар берілді.
Қорғауға шығарылатын негізгі ғылыми ұстанымдар:
Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы ұлттық экономика, Қазақстан өнеркәсіптерінің салалары мен отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін дамыту мен ондағы басқару тетіктерін жетілдіру бойынша мемлекеттік іс-шаралар жүйесін дайындауда теориялық, әдістемелік және тәжірибелік қолданысқа түсу мүмкіншілігімен анықталды:
Зерттеу нәтижелері мен негізгі ұстанымдарын байқаудан өткізу.
Диссертацияның негізгі нәтижелері автордың ғылыми жариялымдарында «Проект SONA (OSA) по системной поддержке государственного управления (в экономическом анализе и прогнозировании)» (Караганда, 2008 г.), «Прикладные инструменты системного анализа динамики экономических индикаторов» (Караганда, 2008 г.) жарық көрді. Сонымен қатар зерттеудің ғылыми нәтижелері автордың халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға дайындаған баяндамаларында көрініс тапты: «Қазақстан республикасының экономикалық өсу жағдайының өзекті мәселелері» (Астана, 2007 ж.), «Ғылым және білім-2009» (Астана, 2009 ж.), «Әлемдік қаржылық дағдарыс салдарынан арылу және Қазақстан экономикасының даму болашағы» (Астана, 2009 ж).
Сондай-ақ бәсекеге барынша қабілетті елдердегі менеджмент жүйесін жетілдіру мәселелерін зерттеу негізінде алынған ғылыми нәтижелер ҚР Президенті Телерадиокешенінің қызметін ұйымдастыру барысында қолданысқа ендірілсе, ал ғылыми-техникалық дамудың экономикалық тиімділігін анықтаудың ғылыми нәтижелері ҚазТрансОйл АҚ ҒТО филиалының өнідірістік қызметіне енгізіліп, жобалау мен тиімділіктің сапасын көтеру, тәжірибелік жұмыстар мен зерттеулерге жұмсалатын шығындарды дұрыс анықтау, еңбек өнімділігін арттыру істерінде қолданысқа ие болды.
Тақырып бойынша басылымдар. Диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша жалпы көлемі 3,3 б.п. құрайтын 8 ғылыми жұмыс жарық көрді. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен ұсынылған журналдарда 3 мақала және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар материалдарында 3 мақала жарық көрді.
Жұмыс құрылымы. Диссертациялық жұмыс 158 бетте қамтылған. Оның құрылымы кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттерден, 2 қосымшалардан, 15 суреттен, 27 кестеден және 12 формуладан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Жүргізілген зерттеу барысында бәсекелестікті талдау бойынша маңызды әдістер қарастырылды. Бәсекелестік пен бәсекеге қабілеттіліктің анағұрлым жаңа теориясын талдау, атап айтсақ, кластерлік даму (М. Портер, М. Энрайт, М. Сторпер), кластерлердің құндылықтар қорының тізбегімен (Г. Джереффи, Р. Каплински, Дж. Хамфри), «техноэкономикалық парадигмамен» (К. Фримэн) байланысы ұзақ жылдар бойы көптеген мемлекеттердің стратегиялық даму векторын анықтап отырғандығын көрсетті.
Қазіргі таңда қарастырылған бәсекелестік және бәсекеге қабілеттілік теорияларының Қазақстан жағдайына бейімделуі тәжірибелік тұрғыда іске асырылып жатыр деп айтуға болады. Бұл кластерлік саясаттың жүргізілуімен, аймақтық және ұлттық инновациялық жүйенің дамуымен, өндіріс факторларының даму кезеңінен инвестиция мен инновация кезеңіне өтуімен, бәсекелес субъектілердің нарықтағы артықшылықтар үшін күресінен байқауға болады. Бірақ осымен алға қойған мақсатқа қол жеткіздік деп қол қусырып отыруға болмайды. Шешімін таппаған мәселелер көп. Яғни, әріқарай да ұлттық экономиканы бәсекеге қабілетті ету үшін қажетті де тиімді тетіктерді іздестіру қажет. Өйткені бәсекеге қабілетті экономика – бәсекеге қабілетті мемлекет кепілі.
Қолданылып жүрген «бәсекеге қабілеттілік» анықтамаларының ішінде әдетте ол көрсеткіш, құрал, экономикалық категория ретінде түсіндіріледі. Ал автордың пікірінше, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін басымдыққа ие деңгей елдің барлық шаруашылық жүйесінің қызмет етуі анықталатын макроэкономикалық деңгей. Яғни, «ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті болуы дегеніміз – тиімді бәсекелес ортада экономиканың тауарлар мен қызмет түрлерін өндіру, тұтыну және іске асыру, сондай-ақ өзінің экспорттық мүмкіндіктерін халықтың әл-ауқаты сапасын жақсарта отырып, өзінің экономикалық және инновациялық шамасын арттыру үшін пайдалану қабілеті».
Автордың пікірінше, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне ұсынылып отырған анықтама бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканы құру үрдісін анағұрлым жүйелі түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Яғни, оның бағыттарын, оған әсер ететін факторларды, тиімді тетіктерін нақты анықтауға ықпал етері сөзсіз.
Қазақстан экономикасы дамуындағы ерекшеліктер мен әлемдік тәжірибеге жасалған талдау мемлекеттің бәсекеге қабілетті экономиканы басқарудағы басты бағыттары келесілер болуы керектігін көрсетті:
Й.Шумпетер бойынша, экономикалық дамудың басты ішкі себебі адамның шығармашылығымен байланысты, ал новаторлар – кәсіпкерлер – бұлар жаңа иедяларды тиімді экономикалық шешімдерге жүзеге асыруға қабілеттілер.
Экономика тепе-теңдік күйден шығуы, әдеттегі траекториясынан тайып кетуі үшін, кәсіпкерлер жаңа комбинацияларды жүзеге асырады, олар өзіне мынаны қамтиды:
Аталған қызмет түрлерін Шумпетер экономикалық новаторлыққа жатқызады. Новаторлық үдеріс жаңа комбинация «ескішіл», яғни барлық экономикалық агенттерге әдеттегі және қол жетімді функция болмағанша жалғасады.
Қазіргі таңда Қазақстанда стратегиялық жоспарлау да, қаржылық бағдарламалау да жобалық менеджмент те біртіндеп дамып келеді. Дж.Мартиноның айтуынша, технологиялық болжамға негізделген жобалық менеджмент экономиканың ғылыми сиымдылығы мол саласына жатады. Өкінішке орай, экономика ғылымында оған қажет деңгейде көңіл бөлінбейді. Ғылыми зерттемелерге деген сұраныстардың болмауы және осының салдары болып табылатын өнеркәсіптердегі инновациялық белсенділіктің төмен деңгейі экономиканы реформалаудағы ғылымның рөлін бағаламаудан туындайды. Шын мәнінде, өндіріс факторларының өнімділігіне тек қана ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс арқылы ғана қол жеткізуге болады. Ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай, инновация саласын дамыту мүмкін емес.
Автор инновациялық қызметке келесідей анықтама береді – бұл жаңа идеяларды, ғылыми білімдерді, технологиялар мен өндірістің әртүрлі салаларындағы өнім түрлерін игеріп, оларды іске қосуға және нәтижелері экономикалық даму мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін пайдаланылатын қоғамды басқару салаларына бағытталған қызмет. Мемлекеттің инновациялық саясаты – бұл инновациялық қызметті дамыту мен ынталандыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясаттың құраушы бөлігі. Бұл саясаттың Қазақстан экономикасын дамыту мен оны бәсекеге барынша қабілетті етудегі орны ерекше. Осыған орай елімізде 2003-2015 жж. арналған «ҚР индустриалды-инновациялық даму» стратегиясы қабылданған болатын. Аталған Стратегияны іске асыру барысынан бері оның заңнамалық және нормативтік-құқықтық базасы жасалып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, жеті Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, арнайы экономикалық зоналар, ұлттық инвестициялық жүйенің негізгі элементтері құрылып, жұмыс істеп жатыр. Жалпы, Қазақстанда диверсификацияланған, экспортқа бағытталған және инновациялық экономиканы құруға барлық алғышарттар бар.
Зерттеу нәтижесінде ауыл шаруашылығын дамыту мәселесінде Жапонияның, Беларусь Республикасының және Израильдің тәжірибелері анағұрлым тиімді екендігі анықталды.
ХХІ ғасыр табалдырығындағы бүгінгі күнгі экономикадағы ғылыми зерттеулердің басты мәселесіне әртүрлі экономикалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және басқару салаларындағы өзгерістер сияқты мәселелер айналып отыр.
Жоғарыда қарастырылып, талданған теориялар ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халық шаруашылығы салаларын басқаруды жетілдіру мәселелерінің мәнін ашуда және олардың теориялық негізін қалауда ерекше құндылыққа ие екендігі сөзсіз.
Информация о работе Жұмыс Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде орындалған