Жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы жағдайы 59 бет

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Июля 2011 в 23:33, курсовая работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен даму концепциясын қарастырып талдау. Мақсатқа жету негізінде мынадай міндеттерді алға қойдық:

жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық және территориялық аспектілерін қарастыру;
жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен түсінігіне және оның қысқаша тарихына тоқталу;
жергілікті өзін-өзі басқарудың заң шығарушы билік органындағы маңыздылығын және оның қаржылық жағдайларын талдау;
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың заңдық жобасының маңыздылығын көрсету;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың шетелдік тәжірибелерін қарастыру;
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасу мәселелерін талдау;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуындағы жетілдіру жолдарын талқылау;

Работа содержит 1 файл

Жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы жағдайы 59 бет.DOC

— 273.50 Кб (Скачать)

    Муниципалдық  құрылымның құрылу, бірігу, өзгертілу, жойылу тәртібі, оның шекарасын белгілеу және өзгерту Ресей Федерациясы субъектілерінің заңдарымен тұжырымдалады.

    Біздің  елімізде өзін-өзі басқару мәселесі жаңадан қалыптаса бастағанын ескеріп, енді осының төңірегінде басқа шет  мемлекеттерін, соның ішінде, Францияны  еске алалық. Онда — жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кіші құрылымдық бөлігі — коммуна болып табылады (қазіргі кезде оның саны 40 мыңнан асады). Коммуна қалалық (қаладағы аудандар) және селолық болып бөлінеді. Коммунаның басқару органдарына 6 жылға сайланатын муниципалдық кеңес жатады. Оның депутаттарының саны тұрғылықты халықтың санына байланысты.

    Муниципалдық  кеңесті — мэр басқарады. Францияда  оның өкілеттігі өте күрделі, өйткені, ол бірінші жағынан сайланбалы адам боса, екінші жағынан алып қарасақ  ол — үкіметтің агенті ретінде заңдардың орындалуын қарауға, мемлекеттік аппараттың кейбір бөліктерінің қызметтерін бақылауға тиіс (мысалы, муниципалдық полиция). Мэрмен бірге оның орынбасарлары сайланады (1-12 адамға дейін), ал үлкен қалаларда, айталық Парижде, Марселде, Лионда т.б. мэрдің орынбасарлары одан да көп.

    Мысал ретінде Трамбле-де-Гомес деп  аталатын кішігірім қаланы алалық. Париждің қасында орналасқан, 30 мыңдай тұрғындары бар. Қаланың өмірін муниципалдық кеңес басқарады. Кеңесте не барлығы 35 депутат жұмыс істейді. Жасырын дауыспен мэрді, оның 10 орынбасарларын сайлайды. Мэрмен бірігіп олар кеңес бюросын қрайды. Осы депутаттардың ішінде тек қана тұрақты негізде мэр ғана қызмет атқарады, ал қалған депутаттар өз мамандығы бойынша жұмыс істейтін жерінде тұрақты қызмет атқарып, сол жерден еңбекақы алады, тек бір рет жұмыстан босатылады. Осыған орай айтатынымыз бұл тек қызметкерлерге қатысы бар, ал өндірістен ешкімді де босатпайды. Мэрилердің аппараты 80 қызметкерлерден тұрады. Оны мэр тағайындайтын мэрдің хатшысы басқарады. Ол  барлық күнделікті атқарылатын жұмысқа жауапты. Бұл лауазымдағы адам депутат болуға хақысы жоқ. Кеңестің бюросы демалысына бір рет жиналады. Ал Кеңестің өзі  толық құрамында айында бір рет жиналады, онда да тек бюро мәжілісінде қабылданған шешімді бекіту, не оны бекітпеу үшін Мэрдің барлық шешімдері бекітілуге жатады.   

    Келесі  өзін-өзі басқарушы аумақтық бөліктер — департамент. Оның органы — генералдық кеңес, оны бірнеше коммунадан тұратын  округ (кантон) сайлайды. Әр кантоннан  бір генералдық кеңесші сайланады. Бірінші мәжілісте генералдық кеңес төрағасын, оның орынбасарларын, хатшысын (олар кеңестің бюросын құрайды) және 4-7 адамнан тұратын департаменттің комиссиясының сайлайды. Бұлар жылына екі сессия болатын шақырымдардың аралығында генералдық кеңестің атқарушы ортаны болып табылады.

    1982 жылғы реформада генералдық кеңеспен  департаменттік комиссиясының өкілеттігі  едәуір  кеңейтілді. Ең басты енгізілген  жаңалық-префектің қызметіне кеңестік  және комиссиялық бақылау жасау  болатын. Ендігі жерде префект өз билігінше генералдық кеңестің шешімін бұзуға не жоюға қақысы жоқ, ол тек келіспеген жағдайда жоғарғы инстанцияға шағымданып, наразылық білдіре алады.

    Осыған  орай мынаны естен шығармауымыз керек: француздық жергілікті өзін-өзі басқарудың барлық ауыртпалық ортасы — коммуна болып қала береді. Департаменттегі генералдық кеңестің міндеті бұрынғысынша өзгеріске ұшыраған жоқ. Оған жататындар  — жол құрылысы, қоғамдық көлік, әкімшілік үйлерді қолдануға беру, әлеуметтік көмек көрсететін орталық ведомстволарға  көмектесу (ауруханаларға, қарттар үйлеріне, жетімдер үйлеріне) және оқу-ағарту ісіне қамқорлық жасау (лицейлерге, департамент төңірегіндегі жоғарғы оқу мектептерінде).

    1982 жылғы реформа регионалдық республика  префектің билігін тарылтып, регионалдық кеңестің және оның төрағасының өкілеттігін одан әрі кеңейтті, бірақ ол қалай да болмасын бір-ақ басты мәселені шеше алған жоқ — регионда сайланбалы органдарды құру (Корсик аралынан басқа). Өйткені, экономикалық регионға толық (яғни сайлану) мәртебесін берудің өзі ұсақ коммуналардың өміріне әсерін тигізер еді (әсіресе, селолық). Оларды  бір ірі бөліктерге біріктіруге болар еді. Оның өзі, әрине, сайланбалы мерилердің және муниципалдық кеңесшілердің орнын алып тастауға кесірін тигізері сөзсіз.

    Ал  енді АҚШ-та жергілікті өзін-өзі басқару өзгеше. АҚШ федеральдық жүйесі штаттардан басқа окруктерге не графстволарға бөлінеді (олардың құрамына кейбір кезде таундарда бар).

    Округтегі ең басты атқарушы орган — кеңес (халықтың тіке сайлауы арқылы құралады).

    Оның өкілеттігі — 4 жыл. Кеңестің төрағасын округ тұрғындары сайласа, ал оның мүшелерін аудан тұрғындары сайлайды. Осыған қарамастан, округтің басшысы өз іс-әрекеттері бойынша шектелінеді. Округтің кеңестік функциясының бірі — заң шығарушы. Кеңес өз өкілеттігі шегінде әртүрлі жаңалықтар, резонлюциялар, ережелер шығарады. Кеңес округтің әкімшілік аппаратына басшылық етеді. Әкімшілік аппарат тұрақты негізде жұмыс істейді, ал кеңес болатын болса, айына үш рет жиналады.

    АҚШ-та ең соңғы әкімшілік деңгей таундар  мен қалалық муниципалиттер. Таунда тұрғындар зайырлы және діни мәселелерді бірігіп шешеді, ол үшін қауымдастық кеңесін сайлайды. Кеңес тек 5-6 мың тұрғылықты халқы бар жерлерде ғана құрылады. Ал егер де оның саны кем болса, онда таундарды жалпы жиналыс басқарады.

    Муниципалиттік  қалаларда кең таралған жүйе «мэр-кеңес-комиссиялар» (бұл Чикаго, Лос-Анджелес сияқты ірі  қалаларда болады). Билік — қалалық  кеңестердің қолында. 

    АҚШ қалаларында кеңес өзінің төрағасын  — мэрді сайлайды, оның басты  негізгі қызметі төрешілдік ету, ал әкімшіліктің басшысы — бұл кәсіпкерлік менеджер болып табылады, оны Кеңес қызметке қабылдайды.

    Сөйтіп, қорыта айтатын болсақ, АҚШ және Франция мемлекеттеріндегі жергілікті аумақтық бөліністерде жергілікті басқару  мен қатар жергілікті өзін-өзі басқару ұштастырылып жүргізіледі  [4,13,14,19].

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    3. Қазақстан Республикасындағы  жергілікті өзін-өзі  басқару жүйесінің  қалыптасу мәселелері  мен жетілдіру  жолдары  

     3.1. Қазақстан Республикасындағы  жергілікті өзін-өзі  басқару жүйесінің  қалыптасу мәселелері

    1. Бәріне де мәлім ең жоғарғы демократия мемлекеттің тұрақтылығы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі болып табылады. Осыған бағына отырып азаматтық инцативасы және қоғамдық келісім қалыптасты.

    2. Жергілікті өзін-өзі басқару  құқықтың негізі біздің мемлекетте Қазақстан Республикасының Конституциясында қойылған және одан басқа бірнеше заң жобасында бекітілген. Бірақ маңызды бөлігі нақты айтылған нормалары бүгінге дейін толық жасалмаған. Бұл жағдай әлі жергілікті өзін-өзі басқарудың бір жобаға келмегенін айтамыз.

    3. Жергілікті өзін-өзі басқарудың жоққа шығарудың басқа мәселесіне мыналар жатады:

    1) ұжымның бөлігін құрайтын, анықтайтын  жергілікті өзін-өзі басқарудың  жоқтығы;

    2) және оның жобасын толық түсінуінің  жоқтығы;

    4. Біздің пікіріміз  бойынша жергілікті өзін-өзі басқару — бұл ерекше мемлекеттің элементі болып табылады, және ол мемлекеттің ұжымына бағынбайды. Ал оның басқа ісі жергілікті халықтың жағдайын жасау. Сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару институты ең маңызды жобасы ретінде қарастыруы керек және азамат пен қоғам сондай-ақ, мемлекет барлығымен бір жүйеде байланысты болуы керек. Соның ең ортасында адам тұруы қажет. Өзінің талаптары мен қажеттілігіне жергілікті өзін-өзі басқару институтының құрылымы барлық қоғамдық экономикалық, экологиялық және басқа мәселелерді шешуге белсене қатысуы керек.

    5. Жергілікті өзін-өзі басқару тағайындаған адам, жергілікті тұрғындардың жағдайын қарастырады және оның территориясын қорғайды, олардың керектілігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тілектерін, яғни қоғамның барлық жағдайын қарастырады. Бірақ заң түрінде жергілікті өзін-өзі басқару халықты толық билігіне алуға тыйым салу қажет. Ол үшін заңды түрде жергілікті өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету, сайлау науқанын қамтамасыз ету, нақты өздерінің заң жобасын енгізу және жергілікті өзін-өзі басқаруды ұжымдық   тағайындау.

    6. Жорғарыда айтылғандарды ескере отырып, «концепциялық шектеу қою өкілеттік деңгей, соның арасында мемлекеттік басқару және бюджеттік  аралас қатынасты орнату».

    Біздің  көзқарас мынадай, жергілікті өзін-өзі басқаруын ұйымдастырушыларға нақты талап қою. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жобасын енгізу ең басты мақсат. Әрбір адам өзінің тұрақтылықты жерінде өз құқығын қорғай алады.

    7. Жергілікті өзін-өзі басқару заң жобасы жүзеге асырылса, мынадай принциптерді қоюға болады:

    — демократизациялық принцип;

    — субсидарлық принцип;

    — департаментализациялық принцип;

    — территориялық принцип;

    — өзіндік принцип.

    8. Жергілікті өзін-өзі басқару заң жобасының ең қиыны мемлекеттік басқаруды бөлу және жергілікті өзін-өзі басқару жобасы мемлекеттік тұрғыда бір сатыда келу.Бұл үшін бұл жобаның мемлекеттік минималдық стандарт енгізу қажет:

    а) мемлекет басқаруды нақты жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне бөлу;

    б) заңның шынайылығы;

    в) қатаң тәртіпті, бұйрықтыорындау.

    9. Бұл жобаны қабылдау үшін мынадай мәселелерді шешу қажет:

    1) мемлекеттік және орталық басқармалардың  қайталандырмау;

    2) нақты жергілікті өзін-өзі басқарудың  өкілеттік ұжымына шектеу қою;

    3) мемлекеттік басқарымға шектеу қою;

    4) толық басқару мехнизм орнату  шағын ауылдарды, райондарда бұл  шараны Қазақстанның демократизацияға  байыпталған жаңа реформа деп  тануға болады  [5].

    Сонымен, бұл бағытта біздің қолдан не жасалынады:

    1. Қазақстан Республикасы Конституциясына байланысты барлық үлгі стандартына сәйкес болу қажет;

    2. мемлекеттік басқарым өзінің жүйелік жағына барлық жағынан нарықтың экономикалық талабына сай болуы қажет.

    3. Әкімдерді сайлауға толық жағдай жасалған. Үстіміздегі жылдың тамыз айында эксперименталдық тұрғыда Қазақстан қалалары Алматы мен Астанада сайлау өтеді. Сонан соң ауылдық, селолық, райондық сайлауын 2007 - жылға дейін өтуін қарастырады. 

    4. Заң жобасы іс жүзінде ойлағанда іске асыруға мәжбүр, негізгі принциптері жүйелік мемлекеттік басқарым. Конституцияға енгізілген мемлекеттік басқарым 55 мың өкілет болған.

    1) Қазақстан Республикасының өкілетіне  парламенттің қарастырған заңдарын  жобаларын жүзеге асыру қажет;

    2) Эксперименталды сайлауларды мұқият  зерттеу және өткізу;

    3) Мемлекеттік бағдарламаны, яғни жергілікті өзін-өзі басқару заң жобасын қолдау;

    4) Арықарай дамыған өзіне байланыстырған  әкімшілік рефомалар қажет. 

    Үкіметтің жұмысы ең жоғарғы деңгейде болу және үкіметтің жүйелік құрылысын  қысқартпауға тырысу; жарты билікті  өкілге тапсыру және т.б.

      5. Мемлекеттік қызмет кешенін нығайту. Мысалы, әкімшілік басқаруын, бюрократиялық басқаруды жою.

    Жергілікті  өзін-өзі басқарудың құрылуы өте  ұзақ және күрделі болып табылады. Халықаралық тәжірибеге бағына отырып үш типті бөлуге болады:

    1. Англо-саксониялық;

    2. Франциялық;

    3. Аралас.

    Бұл типтерді таңдау мәселесі өзіндік ізденіс  болып табылады. Біздің көзқарасымыз бойынша Қазақстан Республикасында  араласа жергілікті өзін-өзі басқару  болып табылады. Бұл типке бағынатын  себебі, Қазақстан унитарлық мемлекет. Жергілікті өзін-өзі басқару Қазақстанда бүгінгі күнге дейін нормативтік құқықтың заңға енгізілмеуі. Өйткені мемлекет нақты экономикалық және қоғамдық-саяси мәселені дұрыс шешпеген.         

    Қазір мемлекеттік басқару мәселесінде  үлкен өзгерістер  жасалынып жатыр. Осыған байланысты Азаматтық кодекске, «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңға өзгерістер мен түзетулер енгізілуде. Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда талқылап, екінші оқылымда қарау туралы шешім қабылдады. Сенаторлар палаталарында осы заң жобасына 66 түзету енгізу ұсыныс жасаған болатын. Пысықтау кезінде ол түзетулердің бірқатары алынып тасыталынды. Сенаттың жалпы отырысында Заң жобасында 54 түзету ұсынылды. Жан-жақты саралау кезінде, осы түзетулердің 13-і тағы алынып тасталынып, барлығы 41 өзгеріс пен толықтыру заң жобасына енгізілді. Сенаторлар ұсынған өзгерістер жергілікті әкім ұсынысы бойынша құрметті азамат атағын беруге, мәлихаттар аппаратындағы мемлекеттік қызметшілер санына, мәслихат хатшысының еңбекақысына, кәсіпкерлік қызметке тыйым салуға, жергілікті әкімдіктің құзыретін кеңейту мәселелеріне қатысты болды. Заң жобасы осы өзгерістермен мәжіліске қайтарылды   [20].

Информация о работе Жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы жағдайы 59 бет