Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Июля 2011 в 23:33, курсовая работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен даму концепциясын қарастырып талдау. Мақсатқа жету негізінде мынадай міндеттерді алға қойдық:
жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық және территориялық аспектілерін қарастыру;
жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен түсінігіне және оның қысқаша тарихына тоқталу;
жергілікті өзін-өзі басқарудың заң шығарушы билік органындағы маңыздылығын және оның қаржылық жағдайларын талдау;
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың заңдық жобасының маңыздылығын көрсету;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың шетелдік тәжірибелерін қарастыру;
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасу мәселелерін талдау;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуындағы жетілдіру жолдарын талқылау;
Сенаттың ерекше қарауына: Қазақстан Республика Президентінің ұсынуымен Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын, Алқа төрағаларын және Жоғарғы Соттың судьяларын сайлау және қызметтен босату, олардың антын қабылдау; Республика Президентінің Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру және Қазақстан Республикасының Конституциясының 55-бабында көзделген басқа да мәселе жатады.
Мәжіліс – Парламенттің төменгі палатасы. Ол 77 депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат Республиканың әкімшілік – аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құралатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері сайланады. Он депутат бара – бар өкілдік жүйесі бойынша және бір тұтас Жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады. Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей тең және төте сайлау құқы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республиканың жасы жиырма беске толған азаматы бес жыл өкілеттік мерзімге Мәжіліс депутаты бола алады.
Парламент палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта кезегімен қарау арқылы заңдар қабылдайды; республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысының мәселелерін шешу тәртібін белгілейді; азаматтарға рақымшылық жасау актілер шығарады және Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабында көзделген басқа да өзгерістерді жүзеге асырады.
Мәжілістің ерекше қарауына: заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және қарау; Республика Парламенті қабылдаған заңдарға Қазақстан Республикасы Президентінің қарсылықтары бойынша ұсыныстар әзірлеу; және т.б. жатады.
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
Парламент бұдан басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады (Конституцияның 53-бабы).
Парламент Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының Заңдар, Парламенттік Қаулылары, Сенат пен Мәжілістің Қаулылары түрінде Заң актілерін қабылдайды.
Заңдар, аса маңызды қоғамдық қатынастарға реттейтін, мынандай мәселе бойынша шығарылуы тиіс:
Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелді актілермен реттеледі [3,4].
Республиканың бұдан заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Парламент пен оның Палаталарының Заң актілері, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады, ал Конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік даусымен қабылданады.
Қазақстан Республикасының Президенті мынадай жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер – Министрді тағайындауға екі мәрте келісім білдірмегенде Парламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік өкіметтің басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңінде Президент, өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды.
Парламенттің ағымдағы қызметі тұрақты комитеттерде атқарылады, олардың саны әр Палатада жетеуден асуы тиіс. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен Мәжіліс тепе – тең негізде бірлескен комиссиялар құруға қақылы. Заңның Палата отырыстарында талқылануы оқылым деп аталады. Заң жобасы Мәжілістің тұрақты комитетінде алдын ала қаралып, комитет ол бойынша қорытынды бергеннен кейін Мәжілістің жалпы отырысында талқыланады. Әдетте, талқылау екі оқылымда өтеді. Конституцияда өзгерістер мен толықтырулар енгізу және конституциялық заңдар қабылдау немесе оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті.
Қаралған заң жобасы бойынша Сенаттың Президент сияқты қарсылық білдіру құқығы бар. Тұтас алғанда, Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданбаған жоба Мәжіліске қайтарылады. Егер Мәжіліс депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен жобаны қайтадан мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға беріледі. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгізуге болмайды [4].
Қазір
мемлекеттік басқару
Шынын
айтсақ, Мәжілісте де, Сенатта да осы заңды
талқылау кезінде оралықтағы құзырлы
мекемелердің көптеген міндеттерін жергілікті
жерге беру жөнінде көптеген пікірлесулер
өтті. Жергілікті мемлекеттік атқару органдары
сапалы түрде жұмыс істеу үшін әлі де мәслтихаттардың
ролін көтере түсу қажеттілігі айтылды.
Жергілікті мәслихаттардың құқықтарын
өкілеттіктерін көтеріп, бюджетін бекітсе,
еңсесі тіктелетіні ортаға тартылды. Орталықта
Парламент пен Үкімет қалай жұмыс жасап
жатса, жергілікті жерде мәслихат пен
әкімдіктің қызметтік қатынасы да сондай
болуға керек. Әкімдер атқарып жатқан
жұмыстары туралы мәслихат алдында есеп
береді. Оның бюджетін мәслихат белгілеп,
бекітеді. Бірін-бірі қадағалап, кемшіліктерін
айтып, бірге түзетеді. Халықтың қамын
ойлап жұмыстарын елдің әл-ауқатын көтеруге
бағыттайды.
2.2. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару
заң
жобасының маңыздылығы
Дүниежүзінің көптеген елдерінде (кейбір кішігірім елдерден басқасы) тек орталықтан басқару мүмкін еместігі байқалды. Оларда жергілікті өзін-өзі басқару орталық үкіметтік билікке қарама-қарсы күш ретінде қолданылды, сондықтан ол қоғамның демократиялық саяси жүйесінің бірі ретінде қарастырылады.
1990-жылғы
9-сәуірдегі КСРО-ның «КСРО-
1993-жылғы
10-желтоқсандағы «Қазақстан
Қазақстан Республикасы ның тұңғыш Конституциясында билікті бөлу концепциясы бірінші рет баянды етіліп, одан жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен одан әрі дамуының құқықтық негіздерінің жаңа концепциясы қисынды түрде туындады. 2000-жылғы 12-қырқүйектегі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасы дүниеге келді. Бұл заң жобасында жергілікті өзін-өзі басқару саласында қоғамдық қатынастарды реттеу, оның органдарының құзыретін, ұйымдастыру және қызмет тәртібін белгілесі баянды етілген. Әрине, ол 1995-жылғы 30-тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының өзекті мәселелерінен туындап, оның қажеттігін экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық сипаттағы алуан-түрлі себептер талап етіп отыр.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының 3-бабына сәйкес халық билікті:
1.
Тікелей (республикалық,
2. Мемлекеттік өкімет органдары;
3.
Жергілікті өзін-өзі басқару
Бұл анықтамадан жергілікті өзін-өзі басқарудың мынадай белгілерін айырыуымызға болады:
1.
Ең алдымен айтатынымыз
2.
Жергілікті өзін-өзі басқару
3.
Жергілікті өзін-өзі
а) Жергілікті қауымдастық аумағының шекарасы мен құрамы.
ә) Жергілікті қауымдастықтың қарауына жататын мәселелер.
б) Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тізбесі мен атауы, сондай-ақ олардың айырықша құзыреті.
г) Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылу тәртібі мен құзыреті.
д) Жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілеттіліктерінің мерзімі.
Информация о работе Жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы жағдайы 59 бет