Жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы жағдайы 59 бет

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Июля 2011 в 23:33, курсовая работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен даму концепциясын қарастырып талдау. Мақсатқа жету негізінде мынадай міндеттерді алға қойдық:

жергілікті өзін-өзі басқарудың теориялық және территориялық аспектілерін қарастыру;
жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен түсінігіне және оның қысқаша тарихына тоқталу;
жергілікті өзін-өзі басқарудың заң шығарушы билік органындағы маңыздылығын және оның қаржылық жағдайларын талдау;
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың заңдық жобасының маңыздылығын көрсету;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың шетелдік тәжірибелерін қарастыру;
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасу мәселелерін талдау;
Жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуындағы жетілдіру жолдарын талқылау;

Работа содержит 1 файл

Жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы жағдайы 59 бет.DOC

— 273.50 Кб (Скачать)

    е). Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіліктерін қайтарып алудың, мерзімінен бұрын тоқтатудың, жергілікті қауымдастық халқының оларға сенбестік білдіруінің өзге жауаптылық түрлеріне тартудың қабылданған  шешімдерінің  мінездемесі  мен  тәртібі.

    ж) Жерегілікті өзін-өзі басқаруды  жүзеге асырудың экономикалық, қаржылық негіздері туралы мәліметтерді, жергілікті қауымдастықтың меншігін иемденудің, пайдаланудың, билік етудің жалпы тәртібі.

    з) Жергілікті қауымдастықтың кірістері  мен шығыстарының сметасын әзірлеу  мен орындау тәртібі.

    и) Заңдарға сәйкес жергілікті өзін-өзі  басқаруды ұйымдастыру туралы басқа  да мәселелер.

    Жарғыны азаматтардың бастамашы тобы әзірлейді  және жергілікті қауымдастықтың халқы  тікелей дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылдайды және ол әділет органдарынды мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс, ал оның үлгі жарғысын үкімет бекітеді. Мұндай шешімдерді орындау жергілікті қауымдастықтың аумағында орналасқан барлық мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар, олардың ұйымдастырушылық – құқықтық нысандарына қарамастан, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен азаматтар үшін міндетті болып табылады.

    4. Жергілікті өзін-өзі басқарудың  мәнін, сипаттарының өзекті белгісінің  бірі – оның дербестігі.

    Жергілікті  өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі (Конституциясының 89-бабы, 4-тармақ). Жергілікті өзін-өзі басқаруды халықтың өз билігін жүзеге асыратын нысанының дербестігі ретінде мемлекет таниды. Ол мынадан – мемлекет, қоғам басқару жүйесінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұйымдастырушылық біліктілігінен көрінеді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың және оның кепілдіктерінің маңызды көрінісі – бұл мемлекет танитын өзнің функциясын іске асырудағы қаржы – экономикалық ресурстарға құқықтығы. Жергілікті маңызы бар мәселелерді халықтың еркін шешуі демократиялық институттардың қызмет істейтінін аңғартады.

    Жергілікті  өзін-өзі басқару белгілі бір  конституциялық принциптерге негізделеді, яғни оның ұйымдастырылуына негізгі  идеялар, бастапқы ережелер қаланады. Қазақстан Республикасы Конституциясында (89-бап) мұндай жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі принциптері бекітілген:

    1. Жергілікті маңызы бар мәселелерді  тұрғын халықтың өз еркімен  шешуі.

    2. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын  ұйымдастыру мен қызмет тәртібін азаматтардың өздері белгілеуі.

    3. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының  дербестігіне мемлекет тарапынан  берілетін кепілдіктер.

    Еркіндік  принципі дегеніміз – жергілікті өзін-өзі басқару бостандығы, яғни жергілікті маңызы бар мәселелерді  өз өкілеттілік көлемінде шешуі. Ол үшін мынадай жағдайларды орындаулары қажет – ұйымдастырушылық, экономикалық, психологиялық. Бұл байланыстардың мәнісі мынада:

    - жергілікті өзін-өзі басқару органдарының  құрылымына, оның лауазымды адамадрының   тағайындалуына мемлекет органдары мен лауазымды адамдарының ықпалының жоқтығы;

    - жергілікті өзін-өзі басқаруды  жүзеге асыруға мемлекет органдары  мен лауазымды адамдары қатысады;

    - жергілікті өзін-өзі басқарудың  лауазымды адамдарының мемлекеттік  қызметкер ретінде есептелінбеуі;

    -жергілікті  өзін-өзі басқаруоргандарының шешімін  тек оны қабылдаған органдар  мен лауазымды адамдар ғана  жоя алады, немесе олар соттың  шешімімен жарамсыз деп танылуы  мүмкін. Мұндай актілердің қолданылуы  прокурордың наразылығы бойынша  тоқтатылуы мүмкін.

    Жергілікті  өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру  оны ұйымдастырушылық нысандарының әр алуандығымен ерекшеленеді. Мұның  өзі көптеген себептерге байланысты. Біріншіден, оның ұйымдастырылуына Қазақстан  Республикасының біртұтас мемлекет ретінде дербестігі мен тәуелсіздігі өз ықпалын тигізуі мүмкін. Екіншіен, Қазақстан Республикасы – көп ұлтты мемлекет, оның ішінде көптеген региондары өзіндік ерекшелігі мен тарихи және басқа да жергілікті дәстүрмен ерекшеленеді. Осының барлығы да жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асырған кезде, әрне, әсер етпей қалмайтындығы сөзсіз. Үшіншіден, тұрғылықты халықтың өздері де жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге нысандарын қалап алуы мүмкін.

    Жергілікті  өзін-өзі басқару құзыретінің  материалдық-қаржылық ресурстарына сәйкестігі, жергілікті өзін-өзі басқару функциясын іс жүзіне асыруға қажетті материалдық-қаржылық құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Қазақстан Республикасы Конституциясы, өзге заңдары, олардың экономикалық және қаржылық дербестігіне де кепілдік береді, соның ішінде коммуналдық мүліктің меншікке берілуінің қамтамасыз етілуі.

    Жергілікті  өзін-өзі басқару экономикалық негізі болып мыналар табылады:

    1. жергілікті қауымдастықтың мүлкі;

    2. заңдармен тыйым салынбаған өзге  де мүлік.

    Жергілікті  қауымдастықтың қаржылары мынадай  кіріс көздерінен тұруы мүмкін:

    1. жергілікті бюджеттен бөлінетін  қаражаттан;

    2. жергілікті қауымдастық құрған  коммерциялық ұйымдардан және  оларға тиесілі мүлікті жалға  тапсырудан алынған жергілікті  қауымдастықтың кірістерінен;

    3. жергілікті қауымдастықтың халқының өз еркімен салық төлеу нәтижеснде алынған кірістерден;

    4. заңды және жеке тұлғалардың  ерікті қайырымдылықтарынан;

    5. заңдармен тыйым салынбаған өзге  көздерден қалыптастады.

    Жергілікті  қауымдастықтың кірістері мен шығыстарының сметасы, сондай-ақ оның орындалуы туралы жылдық есеп тиісті жергілікті қауымдастықтың Кеңесімен бекітіледі.

    5. Жергілікті өзін-өзі басқарудың  органдары:

      а) жергілікті қауымдастық кеңесі  – тұрғылықты 1000 және одан да  көп адамнан тұратын тиісті  елдімекеннің халқы сайлайтын,  оның мүшелерінен құрылған, жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді органы кеңес мүшелерінің саны он адамнан аса қоймайды.

    Тұрғындары 1000 адамнан кем елдімекендерді Кеңестің функцияларын тиісті елдімекен азаматтарының  жиыны жүзеге асырады;

    ә) жергілікті қауымдастықтың жәмияты – жергілікті өзін-өзі басқарудың Жетекші басқаратын атқарушы органы болып табылады.

    б) жетекші жергілікті өзін-өзі басқарудың атқарушы органының басшысы, оны  тиісті елді мекеннің халқы сайлайды. Егер оның өкілеттілігі тоқталатын болса, онда жәмияттың да өкілеттілігі тоқталады. Оған кәмелетке толған тиісті жергілікті қауымдастықтың аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады.

    Кеңестің  құзыретіне жататын мәселелер:

    1. тиісті жергілікті қауымдастықтың  бюджетінің сметасын бекіту және өзгерту, оның орындалуна бақылау жасау;

    2. жетекші және кеңестің мүшелерін  сайлау туралы мәселені жергілікті  қауымдастықтың алдына қою;

    3. атқарылған жұқмыс туралы және  тиісті жергілікті қауымдастықтың  бюджеттік сметасының орындалуы  туралы жәмияттың есептерін тоқсан сайын кемінде бір рет тыңдау;

    4. тиісті жергілікті қауымдастық  мүшелерінің өзеркімен салық  төлеу туралы шешімдерін қабылдау;

    5. жергілікті қауымдастық өз еркімен  салық төлеу тәртібімен белгіленген  адамдардың, айыппұл ставкалары  мен мөлшерін бекіту;

    6. жергілікті қауымдастықтың мүлікке  билік етуіне келісім беру  және т.б.

    Кеңестің  өкілеттілігінің тоқтатылу негіздері:

    1. оны құрудың заңдарында белгіленген  тәртібінің бұзылуы;

    2. ол сайланған мерзімінің бітуі;

    3. жергілікті қауымдастық аумағының әкімшілік мәртебесінің өзгеруі;

    4. жасырын дауыспен өзін-өзі тарату  туралы шешімнің қабылдануы;

    5 сот тәртімен заңсыз деп танылған  шешімдердің қабылдануынан көрінген  Қазақстан Республикасы Конституциясы,  заңдары бірнеше рет бұзылуы;

    6. заңдарда көрсетілмеген әрекеттер жүзеге асырылған жағдайларда, тиісті жергілікті атқарушы органның ұсынысы бойынша, тиісті мәслихат кеңестің өкілеттігін мерзімінен бұрын доғаруы мүмкін.

    Жергілікті  өзін-өзі басқару органдарының актілеріне жататындар: қаулылар (Кеңес қабылдайды), шешімдер (Жәмият), бұйрықтар (Жетекші).

    Жоғарыда  айтылғандай, жергілікті өзін-өзі басқарудың дербестігі іс жүзіне асырылған кезде  кепілдік беріледі, оның мәнісі құқықтық құралдармен қамтамасыз ету; соның  ішінде жергілікті маңызы бар мәселелерді шешкендеоларды ұйымдастыру мен материалдық ақржы еркіндігімен; жергілікті өзін-өзі басқарудың құқығын қорғау және оған қолайлы мүмкіншілікті тудыру.

    Салыстырма  ретінде Ресей Федерациясындағы өзін-өзі басқару органдарына  тоқталайық. Онда жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілді және муниципалдық құрылым болып бөлінеді. Біріншісі – Дума, муниципалдық комитет, азаматтардың жиыны жатады. Ал муниципалдық құрылымның басшысы мэр, староста, т.б. Ол жергілікті өзін-өзі басқару органдарының атқарушы билік функциясын атқарады. Муниципалдық құрылымның басшысы – бұл сайланбалы лауазымды адам, мұнымен қатар басқа да сайланбалы тұлғалар болуы мүмкін. Мысал ретінде Новочеркасск қаласындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды алайық. Екі жүз мың тұрғыны бар қалада қалалық думада 25 адам, қалалық мэр думадан тәуелсіз сайланады, бірақ оның мәжілісіне төрағалық етуге құқылы. Мэр әкімшілігін өзі құрады, оның өзіне ғана бағынады.

    Ресей Федерациясында Конституциясының 130-бабында  жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттілігі анықталған.

    Ол  жергілікті маңызы бар мәселелер, оларды жинақтай келе мынадай төрт топқа  бөлуге болады  [1,5,17,18,22,23].  

    2.3. Жергілікті өзін-өзі  басқарудың шетел  тәжірибелері 

    Жергілікті  өзін-өзі басқару  органдарының дербестігі іс-жүзіне асыраған кезде кепілдік беріледі, оның мәнісі құқықтық құралдармен қамтаамсыз ету; соның ішінде жергілікті маңызы бар мәселелерді шешкенде оларды ұйымдастыру мен материалдық-қаржы еркіндігімен; жергілікті өзін-өзі басқарудың құқығын қорғау және оған қолайлы мүмкіншілікті тудыру.

    Салыстырма  ретінде Ресей Федерациясындағы өзін-өзі басқару органдарына  тоқталайық. Онда жергілікті өзін-өзі  басқару органдары өкілдері  және муниципалдық құрылымның басшысы болып  бөлінеді. Оның біріншісіне — Дума, муниципалдық комитет, азаматтардың жиналысы (жиыны) жатады. Ал, муниципалдық құрылымның басшысы — мэр, староста және т.с.с. Ол жергілікті өзін-өзі басқару органдарының атқарушы билік функциясын атқарады. Муниципалдық құрылымның басшысы — бұл сайланбалы лауазымды адам, мұнымен қатар басқа да сайланбалы қызметкерлер болуы мүмкін. Мысал, ретінде Новочеркасск қаласындағы өзін-өзі басқаруды алалық. Оның тұрғыны — 200 мың адам. Қалалық думада – 25 адам. Қалалық мэр Думадан бөлек сайланады, бірақ оның мәжілісінде төрағалық етуге құқығы бар. Мэрдің әкімшілігін мэрдің өзі құрады, оның өзіне ғана бағынады.

    РФ  Конституциясының 130-бабында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттігі анықталған.

    Ол  — жергілікті маңызы бар мәселелер, оларды жинақтай келе мынадай төрт топқа бөлуге болады:

    біріншіден, жалпышаруашылық мәні бар, белгілі  бір аумақта орналасқан объектілерді басқару;

    екіншіден, жалпы әлеуметтік мәні бар объектілерді басқару;

    үшіншіден, аумақтық әлеуметтік-экономикалық дамуын жергілікті жоспароау;

    төртіншіден, адам мен азаматтың кейбір құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық тәртіп, қоршаған ортаны қорғау және оны қамтамасыз ету.

    Жергілікті  өзін-өзі басқару Ресейдің бүкіл  аумағында жүргізіледі. Бірақ, конституциялық құрылысты,  мемлекеттік  қауіпсіздігін  қорғау үшін жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асырған кезде азаматтардың құқықтары шектелуі де мүмкін. Ал, енді муниципалдық құрылымының шекарасын тиісті аумақтың тұрғындарының пікірінсіз ешкім де өзгерте алмайды.

Информация о работе Жергілікті өзін-өзі басқарудың жалпы жағдайы 59 бет