Жергілікті өзин өзі басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 23:35, реферат

Описание работы

Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылымын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл биліктің бөлінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден бірі. Бірақ бұл бағытты көзсіз қабылдап бүкіл қоғам проблемаларын шешеді деп қараудан сақтанған дұрыс. Сонымен қатар күшті ортақтандырылған мемлекет белгілі кезеңде өзінің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ете алады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1.Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен маңыздылығы...................................................................................................5
2. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасу мәселелері…………………………………………………………...7
3. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің жетілдіру жолдары................................................................................................11
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................14
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................16

Работа содержит 1 файл

реферат ж.ө.ө.б.docx

— 42.11 Кб (Скачать)

4. Заң жобасы іс жүзінде ойлағанда іске асыруға мәжбүр, негізгі принциптері жүйелік мемлекеттік басқарым. Конституцияға енгізілген мемлекеттік басқарым 55 мың өкілет болған.

1) Қазақстан Республикасының  өкілетіне парламенттің қарастырған  заңдарын жобаларын жүзеге асыру  қажет;

2) Эксперименталды сайлауларды  мұқият зерттеу және өткізу;

3) Мемлекеттік бағдарламаны, яғни жергілікті өзін-өзі басқару  заң жобасын қолдау;

4) Арықарай дамыған өзіне  байланыстырған  әкімшілік рефомалар  қажет. 

Үкіметтің жұмысы ең жоғарғы  деңгейде болу және үкіметтің жүйелік  құрылысын қысқартпауға тырысу; жарты  билікті өкілге тапсыру және т.б.

 5. Мемлекеттік қызмет кешенін нығайту. Мысалы, әкімшілік басқаруын, бюрократиялық басқаруды жою.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың құрылуы өте ұзақ және күрделі  болып табылады. Халықаралық тәжірибеге бағына отырып үш типті бөлуге болады:

1. Англо-саксониялық;

2. Франциялық;

3. Аралас.

Бұл типтерді таңдау мәселесі өзіндік ізденіс болып табылады. Менің көзқарасым бойынша Қазақстан Республикасында араласа жергілікті өзін-өзі басқару болып табылады. Бұл типке бағынатын себебі, Қазақстан унитарлық мемлекет. Жергілікті өзін-өзі басқару Қазақстанда бүгінгі күнге дейін нормативтік құқықтың заңға енгізілмеуі. Өйткені мемлекет нақты экономикалық және қоғамдық-саяси мәселені дұрыс шешпеген.         

Қазір мемлекеттік  басқару мәселесінде үлкен өзгерістер  жасалынып жатыр. Осыған байланысты Азаматтық кодекске, «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңға өзгерістер мен түзетулер енгізілуде. Сенат «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда талқылап, екінші оқылымда қарау туралы шешім қабылдады. Сенаторлар палаталарында осы заң жобасына 66 түзету енгізу ұсыныс жасаған болатын. Пысықтау кезінде ол түзетулердің бірқатары алынып тасыталынды. Сенаттың жалпы отырысында Заң жобасында 54 түзету ұсынылды. Жан-жақты саралау кезінде, осы түзетулердің 13-і тағы алынып тасталынып, барлығы 41 өзгеріс пен толықтыру заң жобасына енгізілді. Сенаторлар ұсынған өзгерістер жергілікті әкім ұсынысы бойынша құрметті азамат атағын беруге, мәлихаттар аппаратындағы мемлекеттік қызметшілер санына, мәслихат хатшысының еңбекақысына, кәсіпкерлік қызметке тыйым салуға, жергілікті әкімдіктің құзыретін кеңейту мәселелеріне қатысты болды. Заң жобасы осы өзгерістермен мәжіліске қайтарылды.

Шынын айтсақ, Мәжілісте  де, Сенатта да осы заңды талқылау кезінде оралықтағы құзырлы мекемелердің көптеген міндеттерін жергілікті жерге  беру жөнінде көптеген пікірлесулер өтті. Жергілікті мемлекеттік атқару органдары сапалы түрде жұмыс  істеу үшін әлі де мәслтихаттардың  ролін көтере түсу қажеттілігі айтылды. Жергілікті мәслихаттардың құқықтарын өкілеттіктерін көтеріп, бюджетін бекітсе, еңсесі тіктелетіні ортаға тартылды. Орталықта Парламент пен Үкімет қалай жұмыс жасап жатса, жергілікті жерде мәслихат пен әкімдіктің қызметтік  қатынасы да сондай болуға керек. Әкімдер  атқарып жатқан жұмыстары туралы мәслихат алдында есеп береді. Оның бюджетін мәслихат белгілеп, бекітеді. Бірін-бірі қадағалап, кемшіліктерін  айтып, бірге түзетеді. Халықтың қамын  ойлап жұмыстарын елдің әл-ауқатын  көтеруге бағыттайды.

Мемлекетімізде билікті  орталықсыздандыру мәселесін жан-жақты  ойластыра отырып шешуді қажет етеді. Парламент депутаты тұрақты қызмет пен жалақы алып жұмыс істесе, жергілікті мәслихат депутаттары тұрақты жұмыс  істемейді. Заң жобасында ондағы хатшы мен тексеру комиссиясының  төрағасы жалақы алатын етіп белгілеп отыр. Оның жалақысын әкімнің орынбасарының  жалақысымен бірдей етіп көтеру қажеттігін депутаттар айтуда. Олар мемлекеттік  қызметші болып саналады. Заң жобасында  хатшы мен тексеру комиссиясының  төрағасы мемлекеттік қызметші болып  саналатындықтан тек ғылыми жұмыстармен  шұғылдануға құқылы. Ал қалған мәслихат депутаттарының кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар болмақ.

Бұл заңдарды жете қайта  қарау мақсатымыз — өкілеттік  бір орталықтан  басқару функцияларын облыстық деңгейдегі басшылықтарға  беру. Жергілікті жердегі басқару  органдары орталыққа қарағанда  белгіленген міндеттерді жақсы  атқарады. Өйткені олар өздерінің  өзекті мәселерінің туындап отырған  себептерін және қайсысына басымдық беруі керектігін жақсы біледі. Сондықтан  кейбір құқықтық функциялардың көпшілігін, оның ішінде сәулет, қала құрылысын  жүргізу, қоршаған ортаны қорғау, кейбір кәсіпкерлік түрлерін лицензиялау  мәселелерін жергілікті жердегі  атқару билігіне берілу жолдары қарастырлуда. Мәселен, сонау қиырдағы кәсіпкер сол  жерден туристік шағын мекеме ашу  үшін Астанаға келіп Туризм және спорт  Агенттігінен лицензия алатын. Ендігі жерде олай болмайды. Кәсіпкер тұрғылықты жеріндегі агенттіктік басқармасы не бөлімшесінен тиісті құжаттарын кешіктірмей  ала алады.

Мұнда республикалық және жергілікті мемлекеттік мекемелердің дәйектеу қарастырылуда. Бұл заң  жобаларының ендігі бір қыры —  облыс пен аудандар арасындағы мемлекеттік  мекемелердің қызметтік міндеттері нақтыланып, бірін-бірі қайталамауы  қарастырылуда.

Талай жылдар бойы осы мәселе үлкенді-кішілі мінбелерде көтеріліп  келе жатса да, ешқандай құзырлы  органның өзі атқарып отырған  билік тұтқасының белгілі бір  бөлшегін басқаға бергісі   келмейтіндігі  белгілі болып отыр. Сондықтан, біз  мұны нақты заңдармен, құқықтық актілермен бекітуіміз қажет. Бұл қадамның ар жағындағы  жалғасы ретінде аудандық әкімдіктер мен мәслихаттардың міндеттерін  ауылға өткізе бастаймыз. Оның ішінде ауылдық жердің құрылыс саласын  дамыту, сонда орналасқан кәсіпкерлік  қызметін лицензиялау ауыл әкімдіктеріне  беріледі. Елді-мекендердегі әкімдіктердің  аппаратын құруға республикалық  бюджеттен 2004 жылы 2 млрд. 882,5 млн-дай  теңге жұмсалды. Осы заң тезірек  қабылданса әкімдіктерді заңды тұлға  ретінде отау етіп шығарып, олардың  штатын бекітіп қаржыландырамыз. Соның  ішінде тұрғындардығң тұрмыстық  жедел шешіп отыру мақсатында шаруашылық ісін жүргізетін коммуналдық  кәсіпорын ашуына рұқсат етілетін болды. Бұл шаралар әкімдердің жергілікті тұрғындарға жасалатын әлеуметтік-тұрмыстық  қызметтерін тиянақты және уақтылы  орындауына мүмкіндік береді.

Көптеген орталық органдар жергілікті жерге көп жылдан бері қалыптасып қалған міндеттерін бергісі  келмейді. Мұны қазір президент жанындағы  Мемлекеттік комиссия екі жылдан бері қарауда. Бауыржан Мұхамеджанов басқаратын Мемлекеттік комиссия министрлердің  қатысуымен өткізіліп отыратын мәжілістерінің шешімдері негізінде, көптеген заңдарға ішінара түзетулер енгізе бастады.

 

 

 

 

 

    1.  Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің жетілдіру жолдары 

 

Қазақстанның қазіргі  сатыдағы дамуы реформа үрдістерінің арасалмағын орталықтан жергілікті денгейлерге тусіруді қажет етеді және де оны билік те, қоғам да моиындайды. Және де бұл мәселе бойынша үкімет арнайы құжат әзірлеген.  ''Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасы". Дәл сол кеңесте Елбасы Н.Назарбаев осы мәселе жөнінде былай деп өз пікірін біддірді. "Бәрін бір қолға тастай қысып, айрылмайтын әдет біздің дамуымызды тежеп отыр". Сондықтан Президенттің халыққа Жолдауында орталықсыздандыру проблемасы саяси міндеттердің алғашқысы болып аталды. Бірақ бұны елімізде жүзеге асыру көптеген себептерге байланысты қиынға  соғуда.

Саяси орталықсыздандырудын табиғатын, оның қаншалықты таралғанын, жүзеге асыру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерін анықтамай және тиімді жолдарын іздестірусіз қашанда қоғамның ұлттық ерекшеліктерінен бастау алатын демократиялық мемлекет құру процесі жетістікке жетпейді. Әлбетте, орталықсыздандыру процесі өзіндік жергілікті ерекшеліктерді ескеруі тиіс, оның ішнде  тұрғылықты халықтын менталитеті, әдет-ғұрпы, рухани мәдениеті, демократиялық дәстүрдің орнығуы және де сол сияқты көптеген мәселелер кіреді. Биліктің өкілеттігін тек механиқалық жүзінде кешіру мүмкін емес, ол   қоғамда орын алып отырған нақты жағдайларға сүйенуі тиіс. Керісінше жағдайда, онын арты мемлекетте терең шиеленістің пайда болуына альш келуі әбден мүмкін.

Бірінші жағдай билік тепе – теңділігін  сақтай отырып, өкілеттіктерін орталықтан одан төменгі билікке беруді көздейді. Бұл түсініктен орталықсыздандыру демократиялық басқаруға жағдай жасай отырып, үкіметті халыққа жақындата түседі деп айтуға болады.

Екінші анықтама бойынша, мемлекеттік функциялардын бір  бөлігі (меншік, каржы және баска  да сол сияқты) жергілікті өзін-өзі  басқару органдарына тапсырылады. Олар өз кезегінде, осы орталықсыздандырылған  құзырлары шеңберінде, жоғары билікке жүгінбей-ақ, өз жеке атынан окілетін іске асырады. Осындай жолмен жергілікті автономия қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасында  жергілікгі өзін-өзі басқару мәселесіне келгенде баса айтатын жайт, еліміздің 1995 жылы қабылдаған Конституцияның 89 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару   танылды. Және де, бұл Атазаң қабылданғаннан кейін екі жыл мерзімінде жүзеге асуы тиіс. Әрине, бұл Заңның осы күнге дейін қабылданбай келе жатқаны заңға кайшы, оны бұзушылық. Дегенмен, бұл Заң қатардағы зандардан айрықша - саяси салдары бар Заң, сол себептен де оны асығыс түрде қабылдау, басқасын айтпағанда, мемлекеттілігімізге нұқсан келтіруі мүмкін.

Соңғы үш-төрт жыл  аралығында жергілікті өзін - өзі басқару проблемасына қоғамдық ұйымдар тарапынан да мұқият назар аударылуда. Қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мен козғалыстар көптеген басқосулар өткізіп, осы мәселенің төркінін шеше алмауда. Нәтижесінде көптеген ұсыныстар да жасалды, бірақ нақты бір тоқтамға келе қойған жоқ.

Сонымен, билікті  орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі Қазақстан жағдайында, бірінші жағынан, азаматтық қоғам дамуының тетігі болса, екінші жағынан, ол - сол азаматтық қоғамның жетілу дәрежесінің көрінісі.

Жергілікті өзін-өзі  басқару туралы мақаласында К.Шәріпбаев осы мәселенің Казақстанда дамуына әсер етіп отырған кедергілерді көрсеткен екен. Соның ішінде мыналарды айтып өту қажет деп ойлаймыз. Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасы аумақтар мен жергілікті тұрғындардың даму үстіндегі мүдделері мен сұраныстардын жалпымемлекеттік саясатпен үйлесуіне жауап бермейді. ҚР Конституциясының 85-бабы бойынша тиісті аймақтардағы іс жағдайы үшін жергілікті өкілді және атқаруы органдар жауапты болып табылады. Ойткені атқарушы орган жалпымемлекеттік саясатты жүргізу үшін жауапты болса, онда азаматтардың мүддесі формальды түрде өкілі органмен атқарылады.  Басқаша айтқанда, жергілікті өзін-өзі басқару органының функциялары әлсіз заңдық және нормативтік негізде құрылған жағдайда, олар шындығында биліктің өкілді органдарымен жүзеге асырылады.

Басқарудың нәтижелі болуы үшін тұрақтылық қажет, ал реформа жүргізу үшін керегі - өзгерістер. Осыны тепе-тең жолмен, қоғамда тұрақсыздық туғызбай жүргізуі — алғышарт.

Орталықсыздандыруды тек ұйымдастыру және кұқықтық шаралар етінде қабылдау – қателік.  Оны саяси процесс ретінде қабылдау қажет.

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, Француз мамандары Францияда орталықсыздандыруды жүргізудің екі себебін алға тартады: саяси және ұйымдастыру-техникалық.

Біріншіден, мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына ықпал ету деңгейінің үнемі өсуіне жауап ретінде орталықсыздандыру жүргізу.

Екіншіден, қоғамдық деңгейде қабылданатын шешімдерде кептеген жергілікті факторлар ескерілмей қалу қауіпті болды. Сондықтан да шешім-дер мемлекеттік мекемелерден гөрі, сайланбалы түтғалар іс жүргізуді қалайтын азаматтардың мүддесіне және шындыққа саймайтын. Бұл орайда орталықсыздандыру - демократия дамуының қажетті талабы.

Үшіншіден, азаматтың өзін айқындау құқығын тану және олар өз дегенімен ұжымдарға бірігу қажеттілігі туындайды И.Люшердің пікірі бойынша орталықсыздандыру осындай қажеттіліктердің жүзеге асырылуы мен жергілікті ерекшеліктердің ескерілуін  қамтамасыз етеді.

Ұйымдастыру-техникалық себептердің арасынан мыналарға  ерекше көңіл бөлінеді: орталықтың белгілі дәрежеде енжарлық танытуы, белсенділік байқатпау және экстремалды  жағдайларды қабылданған шешімдеріне  жауапкершілік алғысы келмеу.

Мемлекет өз тарапынан  уәкіл арқылы әкімшілік және қаржылық бақылауын жүзеге асырады.

әкімшілік бақылау:

· қабылданған шешімдер мен оның іске асырылуын және дұрыстығын бақылау;

· жергілікті өзін-өзі  басқару органы қабылдаған шешімдердің заңға сәйкестігін бақылау.

Жергілікті өзін-өзі басқару  кұрамына кіретін екі органның біреуі ғана ақылы түрде қызмет етеді, ал Кеңес — ақысыз қызмет ететін қоғамдық орган.

Осылайша, қоғамда  демократиялық үрдістердің және мемлекеттілігіміздің нығаюымен бірге жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі де пісіп-жетіледі деп ойлаймын.

Баса назар  аударып айтатьн жайт, осы кезеңдер аралығын ешқандай нақты мерзіммен белгілеуге болмайды. Ол жоғарыда айтылган факторларға тікелей байланысты.

Жергілікті өзін-өзі  басқару органы мемлекеттің тұрақты және маңызды саяси институтына айналуы тиіс деп есептеймін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Жергілікті өзин өзі басқару