Трансакциялар және трансакциялық шығындар

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 19:42, реферат

Описание работы

Трансакция – қоғамда қабылданған меншік құқығының немесе белгілі бір іс – әрекетке құқықтың, яғни еркіндік құқығының бөтенсуі және иемденуі.
Демек, трансакциялар адамдар арасындағы қарым – қатынас негізінде жүретін іс – әрекет. Экономикалық теорияда адамдар арасындағы қарым – қатынас ресурстардың сиректігі, жеке мүдделерге бағытталу жағдайында қарастырылады.

Содержание

І.Трансакция түсінігі және оның түрлері.
ІІ.Трансакционды шығындар түсінігі және мазмұны.
ІІІ.Трансакционды шығындар жіктемесі.
ІҮ.Сыртқы әсерлер және Коуз теоремасы.

Работа содержит 1 файл

Трансакциялар және трансакциялық шығындар.docx

— 44.93 Кб (Скачать)

         К.Эрроу белгісіздік пен ақпаратты бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар деп келді [10]. Белгісіздік қажетті ақпараттың болмауынан немесе олардың нақты және қол жетімді

болмауы салдарынан орын алады. Белгісіздік деңгейін ақпарат көлемімен анықтауға болады. К.Эрроумен ұсынылған белгісіздікті бүгінгі заманның талабына сай ашықтықтың болмауымен қатар қарастыру қажет. К.Эрроудың ойынша «құпия ақпараттар болса, ақпараттық теңсіздік сақталып» келетін болады. Ол қоғам әкімшілік реттеу әдістері арқылы ақпараттық теңсіздікке бейімделу керек екендігіне үлкен көңіл бөлді [11]. Құпия ақпараттар мен мәлім болуы керек мәліметтердің арасындағы белгілі бір шекарасы анықталуы керек. Көп жағдайда кәсіпорын қабырғасында қабылданған ережелер мен нормалар мемлекет деңгейінде белгіленген заңдылықтарға қайшы келіп жатады. Бұл қайшылық белгілі бір операциялар барысында жұмсалатын трансакциялық шығындарға алып келеді. Сондықтан мемлекеттің кәсіпорын қызметінің сыртқы қатысушылары ретінде әсері елеулі болып келеді. Осыған байланысты мемлекет пен кәсіпорындар қарама-қайшылықтарды жою мақсатында бірлесе жұмыс жасаулары керек. Кәсіпорынның құпия ретінде қарастыратын ақпараттарды мемлекет деңгейінде құпия ақпарат екендігі белгіленуі керек. Сонымен қатар, қарама-қайшылықтың жойылуы формальды түрде емес әр кәсіпорынның күнделікті кәсіпкерлік қызметінде ескерілуі керек.

        Трансакциялық шығындарды кәсіпорында ашықтықты қамтамасыз ету мәселесімен байланыстырып қарастыратын боламыз. Кәсіпорын ашықтығының басты объектілері кәсіпорын табысы, меншігі мен жасалған келісім-шарттары неғұрлым жоғары ашықтықты қажет етеді. Өйткені, осы объектілердің ашықтығы кәсіпорын қызметінің тиімділігін және нарықтың тиімді жұмысын қамтамасыз етеді. Кәсіпорындар қызметінің ашықтығы нарықтағы белгісіздікті төмендете отырып, жүзеге асырылуы мүмкін операциялардың тәуекелін төмендетеді. Нарықта белгілі бір экономикалық операцияларды жүзеге асырушы тараптар бір-бірі жөнінде ақпараттармен бір-бірін қамтамасыз етуі керек. Ашықтықты қамтамасыз етуде басты объектілер ретінде табыс, меншік мен келісім- шарттардың алынуы кез-келген операцияларды жүзеге асыру барысында әріптестерінің осы жағдайларына қарап олардың кәсіпкерлік қызметтерін бағалай алады. Кәсіпорынның ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету оппортунистік мінез-қылыққа байланысты.

        Трансакциялық шығындар көлемі мен кәсіпорын ашықтығының деңгейі бір-біріне кері шама. Егер трансакциялық шығындар көлемі неғұрлым төмен болса, кәсіпорынның ашықтығы соғұрлым жоғары болады және керісінше кәсіпорында трансакциялық шығындардың жоғары болуы кәсіпорын қызметінің ашықтығы төмен екендігінің дәлелі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.Предприятие в нестабильной  экономической среде: риски, стратегии,  безопасность.

/ Г.Б.Клейнер, В.Л.Тамбовцев, Р.М.Качалов под общей редакцией С.А.Панова.- М.: ОАО

«Издательство «Экономика», 1997.- С. 288

2.Коуз Р. Фирма, рынок  и право.- Пер. с англ. М.: «Дело  ЛТД» при участии

издательства «Catallaxy», 1993,- С.192

3.Коуз Р. Природа фирмы.  М.: Экономика, 1993. С. 37

4.Шаститко А.Е. Новая  институциональная экономическая  теория. – 3-е изд. перер. и

допол. – М.: Экономический факультет МГУ, ТЕИС, 2002. – С. 188.

5.Попов Е. Трансакционная функция // Общество и экономика 2007.- №9-10.- стр.

212-224

6.Эггертссон Т. Экономическое  поведение и институты. М.: Дело, 2001. С. 29

7.Олейник А.Н. Институциональная  экономика: Учебное пособие.- М.: ИНФРА-М,

2007.- 416 с.- (Высшее образование).

8.Радаев В.В. Российский  бизнес: структура трансакционных издержек. //

Общественные науки и  современность 1999.- №6.- стр.5-19

9.Мильнер Б.З. Теория  организации: Учебник- 3- е изд., перераб. и доп.- М.: Инфра-

М, 2003.- XVIII. 558 стр.

10. К.Эрроу Информация и экономическое поведение // Вопросы экономики 1995.-

№5.- стр.98-107

11. Н.Мильчакова Развитие неоклассической теории в исследованиях Кеннета Эрроу

// Вопросы экономики 1995.- №5.- стр. 108-113


Информация о работе Трансакциялар және трансакциялық шығындар