Трансакциялар және трансакциялық шығындар

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 19:42, реферат

Описание работы

Трансакция – қоғамда қабылданған меншік құқығының немесе белгілі бір іс – әрекетке құқықтың, яғни еркіндік құқығының бөтенсуі және иемденуі.
Демек, трансакциялар адамдар арасындағы қарым – қатынас негізінде жүретін іс – әрекет. Экономикалық теорияда адамдар арасындағы қарым – қатынас ресурстардың сиректігі, жеке мүдделерге бағытталу жағдайында қарастырылады.

Содержание

І.Трансакция түсінігі және оның түрлері.
ІІ.Трансакционды шығындар түсінігі және мазмұны.
ІІІ.Трансакционды шығындар жіктемесі.
ІҮ.Сыртқы әсерлер және Коуз теоремасы.

Работа содержит 1 файл

Трансакциялар және трансакциялық шығындар.docx

— 44.93 Кб (Скачать)

Трансакциялар және трансакциялық шығындар

 

 

Жоспары:

І.Трансакция түсінігі және оның түрлері.

ІІ.Трансакционды шығындар түсінігі және мазмұны.

ІІІ.Трансакционды шығындар жіктемесі.

ІҮ.Сыртқы әсерлер және Коуз теоремасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.Трансакция түсінігі және оның түрлері.

  Трансакция – қоғамда қабылданған меншік құқығының немесе белгілі бір іс – әрекетке құқықтың, яғни еркіндік құқығының бөтенсуі және иемденуі.

Демек, трансакциялар адамдар  арасындағы қарым – қатынас негізінде  жүретін іс – әрекет. Экономикалық теорияда адамдар арасындағы қарым  – қатынас ресурстардың сиректігі, жеке мүдделерге бағытталу жағдайында қарастырылады. Осы тұрғада трансакциялар  айқын емес формада әлеуметтік қатынастардың  көріну формасы болып табылатын  үш жағдайды қамтиды:

-конфликт;

-тәуелділік;

-реттілік.

Конфликт – шектелген ресурстарды пайдалануға байланысты өзара ығыстыру қатынасын білдіреді.

Тәуелділік – өзара байланыс арқылы әл – ауқаттылықты арттыру мүмкіндіктерін өзара түсінуді көрсететін қатынас.

Реттілік – жиынтық ұтым және оның мүдделі тараптар арасында бөліну қатынасы.

Трансакциялар жіктемесі  дискретті институционалды баламаларды  салыстырмалы талдау мүмкіндіктерін қалыптастырады. Сондықтан, трансакциялар түрлерін қарастыру қажет.

Трансакциялар типтерін алғаш  рет Дж.Коммонс ұсынған және келесідей түрлерін қарастырады:

    • Сауда трансакциясы
    • Басқару трансакциясы
    • Рационалдау трансакциясы

Сауда трансакциясында меншік және еркіндік құқықтарының бөтенсуі және иемденуі орындалуы үшін тараптардың экономикалық мүддеге негізделген екі жақты келісімі қажет. Сауда трансакциясында контрагенттер арасында құқықтық қатынастардың симметриялылығы сақталады. Еңбек рыногындағы жұмыс беруші және жалдамалы жұмысшылар іс – әрекеті, саяси рыноктағы заң шығарушылардың мінез – құлқы, кредитор мен қарыз алушының іс әрекеттері аталған трансакцияның мысалы бола алады. Тараптардың әр қайсысы айырбасқа қатысу туралы соңғы шешімді дербес түрде қабылдайды. Сауда трансакциясының мәні – меншік құқығы айырбасының айырбасқа қатысушы тараптар арасында еркін келісім негізінде жүргізілуімен түсіндіріледі.

Басқару трансакциясындағы негізгі қарым – қатынас басқару – бағыну қатынасы, шешім қабылдау құқығы тек бір тарапта болатын қарым – қатынас. Трансакцияның осы түрі фирмаішілік, иерархиялық қарым – қатынастарға, бюрократиялық ұйымдарға тән. Шешім қабылдау құқығы табысқа айырбасталады, яғни табыстың күтілетін пайдалылығы жалақының рыноктық ставкасының пайдалылығынан артық болуы қажет. Басқару трансакциясында тараптардың құқықтық жағдайы, демек құқықтық қатынастар және тараптардың мінез – құлқы ассимметриялы сипатта. Егер сауда трансакциясының нысаны айырбасталатын игіліктерге деген құқық болмаса, басқару транскциясында – құқықтық қарым – қатынастағы бір тараптың мінез – құлқы.

Рационалдау трансакциясында – тараптардың ассимметриялық құқықтық жағдайы сақталады, бірақ басқарушы тараптың орнына құқықтарды арнайыландырумен шұғылданатын ұжымдық орган қарастырылады. Үкіметтің бюджетті бекітуі, компания бюджетін директорлар кеңесінің жасауы, сот шешімі, т.б.осының мысалы ретінде қарастыруға болады. Бір тарап екінші тараптың құқықтарын анықтайды. Игіліктің бөтенсінуі және иелену қатынастары орындалуы үшін, арнайы негіздемелер қажет, бірақ, шешім қабылдауда бір тарап ерекше құқыққа ие және рационалдаушы тұлға рационалданушы тұлғаның мінез – құлқын анықтай алмайды. Аталған трансакцияның басқару трансакциясынан айырмашылығы еркіндік құқығын жүзеге асыруда претенденттер белсенді роль атқарады, ал сауда трансакциясына қарағанда мұнда келіссөздер, дәйектемелер, өтініш беру, сөзге шеберлік түрінде жүзеге асады.

Трансакциялар түрлерінің мазмұны  «трансакция», «айырбас» түсініктерінің айырмашылықтарын анықтауға мүмкіндік  береді. Айырбас игіліктердің қозғалысын білдіреді, оған кеңістіктік және уақыттық өлшемдер тән емес. Трансакцияда құқықтардың қозғалысы тауарлардың қозғалысынан кеңістіктік және уақыттық тұрғыда бөлектенген. Бұл тауарлардың физикалық – заттай және құқықтық қасиеттерін ажыратуға жағдай жасайды. Сәйкесінше, осы қасиеттерді қалыптастыру және өзгерту, яғни трансформационды және трансакционды шығындар ажыратылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.Трансакционды  шығындар түсінігі және мазмұны.

Жаңа институционалды  экономикалық теорияда өндіріс шығындары  екі бөліктен тұрады:

1.Игіліктің заттай сипаттамаларын өзгерту және ұдайы өндірумен байланысты шығындар, бұл шығындар трансформационды шығындар деп аталады;

2.Құқықтық немесе институционалды сипаттамалардың өзгеруі және ұдайы өндірілуін көрсететін шығындар трансакционды шығындар ретінде қарастырылады.

Трансакционды шығындарды трансакциялар  анықтамасына негізделе отыра түсіндірсек, онда трансакционды шығындарды трансакцияларды жүзеге асыруға шығындалатын ресурстардың құндылығы ретінде анықтауға болады.

Трансакционды шығындарды түсіндіруде:

Біріншіден, агенттердің  экономикалық мүдделердің сәйкессіздігін;

Екіншіден, белгісіздік құбылысын  ескеру қажет.

Белгісіздік қолда бар  ақпараттың аздығы және оны агенттердің  өңдеу мүмкіндіктерінің шектеулілігі ретінде анықталады. Аталған екі  жағдайды ескеру негізінде, трансакционды  шығындарды экономикалық агенттердің  іс – әрекетін үйлестіру және бөлу конфликтін жоюға байланысты шығындар ретінде анықтауға болады.

Трансакционды шығындар концепсиясы  алғаш рет Дж.Коммонстың, Р.Коуздың еңбектерінде негізделіп, трансакционды шығындардың институционалды табиғатын бейнелеуші кең мағынадағы түсіндірмесі ұсынылды.

К.Эрроудың пікірінше, экономикалық жүйедегі трансакционды шығындарды талдау әл – ауқаттылық экономикасы бойынша зерттеулердің басты тақырыбы болуға тиісті. Себебі, трансакционды шығындар сатушы және тұтынушы бағалары арасына қазық қойып, осы арқылы шығындар орын алады және қоғамдық әл – ауқаттылыққа зиян келтіреді.

Институционалды теория шеңберінде трансакционды шығындардың біртұтас, ортақ түсіндірмесі жоқ. Мәміле жасауда  трансакционды шығындардың қалай, неден пайда болуы, олардың динамикасы үш нұсқада:

    • Трансакционды шығындар
    • Қоғамдық таңдау теориясы
    • Келісімдер экономикасы теориясында талданады.

Трансакционды шығындар теориясында басты мәселе – ақпараттық шығындардың талдауға енгізілуі. Ақпараттық шығындардың мөлшеріне рыноктағы сатушылар мен сатып алушылардың саны, тауардың біртектілігі, олардың рыноктағы қозғалысы, рыноктың географиялық сипаттамалары сияқты факторлар әсер етеді. Барлық трансакционды шығындар ақпараттық шығындардың туындысы ретінде қарастырылады, себебі олар айырбас туралы ақпарат алумен байланысты. Сондықтан, бұл теория ақпарат рыногы және ақпарат бағасы мәселелерін талдайды. Осы теорияға сәйкес, ақпарат рыногының болмауы және құрылымдық диспропорциялар, рыноктың монополиялануы салдарынан баға сигналдарының жалғандығы жоғары трансакционды шығындардың болуына әкеледі.

Қоғамдық таңдау теориясы, трансакционды шығындар табиғатын рынок қалыптасуының аяқталмағандығы және осыған байланысты туындайтын контрагентті ауыстыру қиындығын, ұлттық рынок көлемі және оған қатысушылар санының көптігін талдау арқылы түсіндіріледі. Мәмілеге потенциалды қатысушылар шектелген жағдайда, шешім қабылдауда олардың бір біріне тәуелділігі артады, ал айырбасталатын меншік өкілеттіліктері ерекше активке айналады.

Ерекше активтер – нақты контракт шеңберінде ғана құндылығы жоғары болатын активтер, оларды сату, орнын ауыстыру немесе балама нұсқаларда пайдалану қиын. Ерекше активке ие болу оппортунистік мінез – құлыққа стимулдарды қалыптастырады. Оның үстіне, мәмілеге қатысушылар саны артқан сайын, олардың мінез – құлқын үйлестіру шығындары орын алатындығын көрсетеді. Сонымен, трансакционды шығындар екі жағдайда, егер контрагентті ауыстыру қиын және қатысушылар саны көп болатын кезде жоғары болады.

Келісімдер теориясына сәйкес, трансакционды шығындардың пайда болуы әртүрлі келісім типтерінің үнемі жақындасуымен байланысты. Рыноктық келісім таза түрінде бола алмайды, ол үнемі азаматтық, индустриалды, дәстүрлі және т.б.келісімдер «тоғысында» әрекет етуіне әкеледі. Осы тұрғыда, трансакционды шығындар қарама – қайшы нормаларды үйлестіру шығындары болып табылады.

Әр келісім типінде  ақпараттың көзі әртүрлі болғандықтан, ақпараттың асимметриясы орын алады. Мысалы, бір контрагент ақпарат көзі ретінде  баға динамикасына, екіншісі сатушының репутациясына сүйенуі мүмкін. Осы арқылы оппортунистік мінез – құлықтың алғышарттары қалыптасады. Мәміле жасауда ақпараттың асимметриялығы және нормалардың қарама – қайшылығын пайдалану индивидтерге партнер мүддесіне зиян келтіре отыра, өзінің жеке мүддесін ұстануына жағдай жасайды. Сондықтан, келісімдер арақатынасы трансакционды шығындардың пайда болуына әкеледі.

 

 

ІІІ.Трансакционды  шығындар жіктемесі.

Батыстық экономика ғылымында  трансакционды шығындардың негізінен  бес түрі қарастырылады:

    • Баламаларды анықтау немесе ақпарат іздестіру шығындары;
    • Өлшеу шығындары;
    • Келіссөздер жүргізу және контракттерді бекіту шығындары;
    • Меншік құқықтарын арнайыландыру және қорғау шығындары;
    • Оппортунистік мінез – құлық шығындары.

Алайда, жалпыға ортақ  жіктемесі жоқ екендігін атап өту керек.

Мысалы, О.Уильямсон ех –  аnte және ex – post, яғни мәмілеге дейін және мәміледен кейінгі трансакционды шығындарды қарастырады. Бірқатар ресейлік зерттеушілердің пікірінше (Капелюшников Р, Олейник А), трансакциялық шығындар жіктемесін мәміле жасау кезеңдеріне сәйкестендіру орынды. Осыған байланысты, трансакционды шығындар жіктемесі арнайы кесте түрінде ұсынылған:

 

ех – аnte шығындар

ex – post шығындар

1

Баламаларды анықтау немесе ақпарат іздестіру шығындары

Оппортунизмнің алдын  алу және мониторинг шығындары

2

Өлшеу шығындары

Меншік құқықтарын арнайыландыру  және қорғау шығындары

3

Келіссөздер жүргізу шығындары

Үшінші тұлғалардан қорғау шығындары

4

Контракттерді бекіту шығындары

 

 

1.Баламаларды  анықтау немесе ақпарат іздестіру  шығындары, біріншіден, уақыт және ресурстар шығынынан, екіншіден, толық емес, жеткіліксіз ақпарат салдарынан болатын шығындардан тұрады. Аталған шығындар түрінің болуы біркелкі тауарлар бағасының дифференциациясымен байланысты. Баға дифференциясы ақпараттың әркелкілігі мен үзіктігінен көрінген белгісіздік құбылысына негізделеді.

Бұл шығындарды барынша азайту мақсатында арнайы рыноктар, фирма  ішінде биржалар, жарнама және репутация  қолданады. Репутация өз кезегінде  тауар белгілері, фирмалық атаулар, қызмет көрсету белгілері, тауарлардың  шығарылу орындарының аталуымен  байланысты. Сонымен қатар, әлеуметтік санкциялар қолданылуы мүмкін. Экономикалық әлеуметтану зерттемелеріне сәйкес, мәміленің нақ осы әлеуметтік тұсы отбасы – туысқандық коммьюнитарлы  құрылымдар, достық, басқа да әлеуметтік қарым – қатынастар шеңберінде өкілеттіліктерді айырбастауда трансакционды шығындардың неден болатынын көрсетеді. Мысалы, ұлттық диаспоралар немесе престижі жоғары оқу орындарын бітірушілер тобы.

2.Өлшеу шығындары, өлшеу құралдарына кететін шығындарды, уақыт шығындарын, сондай – ақ, суррогаттарды (тауар сапасын оның заттай белгілері, бағасы, басқа агенттердің бағалары арқылы анықтау) немесе делдалдары (сауда паспекциясы, бағалаушылар, тұтынушылар қоғамы, т.б.) қолдану шығындарын қамтиды.

Осы шығындар түріне қатысты  игіліктердің үш типі ажыратылады:

    • Зерттелуші
    • Тәжірибелік
    • Сенім тауарлары

Сапасын алдын ала анықтау  салыстырмалы түрде арзан болатын  игіліктер зерттелуші, тұтынуға дейін сапасын анықтау өте жоғары болатын игіліктер тәжірибелік, ал сапасын тек таңдау барысында ғана анықтауға болатын игіліктер сенім тауарлары деп аталады.

--

 

ТРАНСАКЦИЯЛЫҚ ШЫҒЫНДАР ТЕОРИЯСЫ - КӘСІПОРЫН

                       АШЫҚТЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

 

        Институционалдық концепцияда фирма адамдармен олардың мүмкіндіктерінің неғұрлым тиімді пайдаланылуы үшін құрылған ұйым ретінде зерттеледі [1]. Ұйымның нарықтағы қызметін, оның жүйе ретінде нарықта әрекет етуін трансакциялық шығындармен байланыстыруға болады. Өйткені, кәсіпорындардың нарықтағы қызметі үшін өндірістік шығындар жеткіліксіз болып келеді. Кәсіпорындағы, нарықтағы субъектілердің өзара әрекеті көптеген мәселелермен ұштасады. Бұл мәселелердің ауқымдысы болып кәсіпорын қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселесі табылады.

Информация о работе Трансакциялар және трансакциялық шығындар