Персонлды басқарудағы контроллинг

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 17:56, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорында менеджменттің тиімділік факторы есебінде персоналды басқару проблемасына кейінгі уақытта аса көңіл бөлініп отырғанына персонал менеджментінің маңыздылығын ғалымдар мен кәсіпорын басшыларының мойындауы себеп болып отыр.

Содержание

Кіріспе.
1 Бөлім. Персоналды басқару және контроллинг негіздері...........................
1.1. Персоналды басқарудың мәні мен мазмұны............................................
1.2. Контроллинг: негізгі ұғымы, мақсаттары және міндеттері.....................
1.3. Кәсіпорында контроллинг жүйесін құруға ықпал ететін факторлар......
2 бөлім. Ұйымның персоналды басқару жүйесіндегі контроллингті жоспарлау.........................................................................................................
2.1. Персоналды басқару жүйесіндегі контроллингті енгізу........................
2.2. Ұйымдағы персоналды басқару жүйесіндегі контроллинг
ерекшеліктері......................................................................................................
2.3. Ұйымдағы контроллинг жүйесінің тиімділігін бағалау және жетілдіру бағыттары...........................................................................................................
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Кіріспе.docx

— 98.41 Кб (Скачать)

үшін  шет елде қосымша басқарушылық міндеттерді  шешуден басқа, кеңес берушілік  фирмалар немесе жеке кеңес берушілерге  тапсыру туралы сұрақтар зор талқылануда.

    Контроллинг қызметін кәсіпорынның персоналды басқару

құрылымына  енгізу кезінде төмендегідей негізгі нұсқалар болуы мүмкін.

    1-нұсқа. Мұндай ұйымдық құрылымда бағыт бойынша контроллер,

яғни  сату бөлімшелеріндегі контроллер, сәйкес бағыттағы  сызықтық жетекшіге тәртіптік  (дисциплинарлы) бағынышты, ал жоғары сатыдағы контроллерге қызметтік (функционалды) бағынышты болады.

2 сурет

    1-нұсқаның артықшылығы:

  1. Жауапкершілік шеңбері нақты анықталған.
  2. Иерархиялық деңгейдегі басқа жетекшілерге тәуелсіз және тұрақьы жағдайды қамтамасыз етеді.

    Кемшілігі – бағыт бойынша жетекші белгілі  бір ақпаратты жасырып 

қалғысы келсе, (немесе жалған), ол мұны жеңіл  жасайды, себебі контроллер оған тәртіп жағынан бағынады.

    2-нұсқа. Бағыт бойынша контроллер басқаша тәуелділікте болады:

жоғары  деңгейдегі контроллерге тәртіп бойынша  (дисциплинарлы), ал бағыт бойынша жетекшіге қызметіне орай бағынады. (3 сур) 

    Бұл құрылым басқасына қарағанда, контроллинг  қызметінің жеке–дара 

өз бетінше  әрекет етуін көрсетеді. Бірақ бұл  жағдайда жоғары деңгейдегі контроллер мен бағыт жетекшісі арасында шиеленістер болады. Бұл шиеленісті өте жоғары басқару деңгейі шеше алады (президент, вице–президент).

    2-нұсқаның артықшылығы:

  1. Бағыт бойынша жетекшілердің контоллерге қысымы төмендейді.
  2. Бағыт бойынша контроллер арасында ақпарат алмасу тез жедел жүреді.
  3. Жоспарды құру бағытында бөлімшелерді үйлестіруді жақсартады және нақты нәтижелердің жоспардан ауытқуын төмендету іс-шараларыныңжүзеге асыру тиімділігі артады.

    3 сурет

    Кәсіпорындарда  контроллинг жүйесінің кезеңдік құрылуы келесідей 

жүйелілікпен  орындалады:

    1-кезең. Контроллингті жүзеге асыру базисін құру. Мұнда келесідей іс–

әрекеттердің  орындалуы талап етіледі: басқарушылық есеп жүйесін құру; кәсіпорын қызметін жоспарлау, бақылау үдерісін қолдау жүйесін құру; ақпараттарды жинау  және талдау.

    2-кезең. Кәсіпорында контроллинг әдістерін енгізу, яғни контроллинг

қызметін  құру, контроллингтің ақпараттық базасын  кеңейту, нақты мәліметтерді талдау және жоспарлау үдерісіне қатысу.

    3-кезең. Контроллинг жүйесінің жұмысының тиімділігін тексеру:

басқарушылық  шешімдердің атқарылуын тексеру, контроллинг  қызметінің нәтижелерін бағалау, нәтижелерді  нақтылау және контроллингтің келешектегі  қызметін жоспарлау. .[3] 
 
 

    1. Ұйымдағы  персоналды басқару жүйесіндегі контроллинг

      ерекшеліктері

    1. Ұйымдағы контроллинг жүйесінің тиімділігін бағалау және жетілдіру бағыттары

    Кейде контроллингті ұйымдағы жай контроль жүйесі деп есептейді 

(жай  екі сөздің түбірі бірдей). Бірақ, ағылшын тілінде «control» мағынасы «контроль» түсінігінен басқа «реттеу», «басқару» деген мағынаны білдіреді. Контроллингті қазіргі заманауи ұйымды басқару концепциясы ретінде бағалау керек. Ал кәсіби мамандарды «контролёр» емес, «контроллер» деген термин қолданылады.

    Көбіне  контроллингті басқарушылық есеп деп  те түсінеді.

Бірақ контроллингтің функцияларының аясы кең. Контроллинг – бұл бизнестің сервистік фукциясы, дәлірек менеджменттің стратегиялық және оперативтік басқарудың тірегі. Бұл сервис менеджменттегі мақсат қою, жоспар мен бюджет жасау, сонымен қатар қаржылық және қаржылық емес ақпараттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Сонымен контроль – бақылау (контроль) және кінәліні іздеу емес, ал компанияның мақсатына жетуін қамтамасыз ету. 

    Котроллингтің міндеті – мақсатқоюды ұйымдастыру, яғни басқарудың тиімді жүйесін құру.

    Контроллингтің  мақсаты – компанияның менеджменттінің тиімді басқарушылық шешім қабылдау үшін ашық және нақты ақпаратпен қамтамасыз ету үшін жүйе құру. 

    Контроллингке деген қызығушылық орта және ірі бизнесте пайда

болуы мүмкін. Контроллингтің ұйымдастырушылық функциясын бір адам не компаниядағы бірнеше адамдар тобы немесе бір  бөлімше орындауы мүмкін, бірақ бағынушылық  басқарудың жоғары деңгейі болуы  қажет. Өйткені бұл бөлім басшылықтың кеңесшісі ретінде көрініс табады. Контроллер әрдайым басшылықтың мүддесін қорғайды. [5]

    Контроллинг концепциясы ұйымды басқару циклындағы әр кезеңінде 

басқару үрдісі түрінде елестетуге болады (4 сур). Контроллинг осы циклдің әр кезеңінде жұмыстардың атқарылуын қамтамасыз ету:

  • Кәсіпорынның мақсаттарын таңдау;
  • Осы мақсаттардың көрсеткіштер жүйесіне әсері;
  • Қызмет аясын жоспарлау және көрсеткіштер мақсатының мәнін таңдау;
  • Нақты көрсеткіштердің жоспарланған көрсеткіштерден ауытқу себебиерін зерттеу;
  • Ауытқуды неғұрлым төмендету үшін басқарушылық іс–әрекеттер нұсқаларын жасау. 

 

4–сурет. Басқару циклі контроллинг циклі ретінде      

    Бірінші кезең – мақсат қою және белгілі бір уақыт ішінде кәсіпорын

жұмысының нәтижелік көрсеткіштер жүйесінде  осы мақсаттардың әсері. Әдеттегідей, көрсеткіштер кәсіпорынның миссиясы мен  жасалған даму стратегиясына негізделеді. Қазілгі кезде ең бнлгілі және тиімді құрал ретінде – Balansed Scorecard жүйесі қолданылады. Бұл жүйе жоғары деңгейдегі стратегияны тұрақтандыруға көмектеседі.  Сонымен қатар алға қойылған мақсаттарға жетуге қажетті стратегиялық мақсаттардың көрсеткіштері мен іс–әрекеттерін айқындап, оларды қызметкерлерге жеткізу сияқы функцияларды атқарады. Мысалы, қаржылық болашақ стратегиялық көрсеткіш картасы келесідей түрде болады (5 сур)

5–сурет. Қаржылық болашақ  карта мысалы

      Осындай картаны бейнелей отырып, бизнес иесі өзінің ұзақ мерзімді болашағы бар  екенін, бұл бизнесті сату ойы жоқ  екенін және осы бизнестен тұрақты  табыс күтетінін көруге болады. Осыған орай, бұл бизнестің табысы тауарлар қоры мен кірістің өсу айналымдарының жылдамдығына тығыз байланысты.  Осындай мақсат қоя отырып,  жалпы табыс айналымы және табыс деңгейі сияқты көрсеткіштер  арқылы жоспарлауды мақсат етеді. Мысалы, табыстың өсуі мен сәйкес кірістің өсуін жопарлау. Ары қарай, нақты ақпараттарды жинауды қамтамасыз етіп және сәйкесінше жоспарланған және нақты ақпараттарды салыстырып зерттеуді қажет етеді.

      Контроллинг үрдісінің келесі кезеңі – жеткен нәтижелер мен бекітілген көрсеткіштерді салыстыру процессі. Бұл кезеңде ауытқуды бағалау, оның маңыздылығын анықтап бекіту және бұл сұрақ бойынша неғұрлым толық ақпарат жинау маңызды роль атқарады. Контроллингтағы ең бастысы – дәл кері байланыс! Осыған орай, ақпараттар толық, негізгі және уақытылы болуы маңызды.

      Ауытқуларды кінәлілерді іздеу деп емес, кәсіпорынның ішкі және сыртқы факторлардың әсерерінен өзгерістердің пайда болуы деуге  болады. Және ауытқудың болуын әдеттегі жағдай деп, кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасының өзгеріс тенденциясы  деп қабылдау. Сонымен қатар ауытқуды қателерді түзету іс–шараларды жасау ретінде және өзгеріске бейімделу ретінде түсіну маңызды.

      Нақты көреткіштерін талдай келе, қойылған мақсатқа сай жоспарланған мәндермен (20%) алдыңғы периодтағы мәндерді салытырғанда, табыстар мен пайданың өсу тенденциясын көруге болады. Дегенмен осымен бөгелмей ары қарай жұмыс істеу қажет. Анализ үшін азалин жасау еш нәтиже бермейді.  Сондықтан анализ мәліметтері шешімдердің негізі болуы тиіс. Осыған байланысты, контроллинг үрдісінің келесі кезеңі келеді, бұл кезеңде қателіктер зерттеліп, оларды түзету жолдары қарастырылады. Содан кейін қайта жоспарлау мен мақсат қою процессі басталып шеңбер бекітіледі. [6]

      Бұл мысал бюджеттеу технологиясы мен  кәсіпорындағы контроллингті қолдануды  түсіндіреді. Дегенмен Дегенмен контроллингте  басқада бюджеттік басқару, басқарушылық есеп, ұдерістер бойынша шығындарды басқару, жобаларды басқару және т.б. сол сияқты қолданылатын құралдар көп. Ал котроллингтің өзі басқару жүйесінің басқару құралы болып табылады. Контроллингті – барлық мәселелердің шешімі ретінде емес, ал дұрыс және жақсы ұйымдастырылған құрал ретінде түсіну маңызды. 
 
 
 

      Қорытынды.

      Курстық жұмысты аяқтай отырып, қарастырылыған тақырыпқа байланысты бірнеше қорытынды  жасауға болады: 
 
 
 
 

      Қолданылған әдебиеттер

  1. Рахметов
  2. Персоналды басқару
  3. Жүнісбекова Г.Е. Кәсіпорындағы контроллинг. Экономика, 2010
  4. Фольмут Х.Й. Инструменты контроллинга от А до Я .Финансы и статистика, 1998.
  5. Майер Э. Контроллинг как система мышления и управления. Финансы и статистика, 1993
  6. Дайле А. Практика контроллинга .Финансы и статистика, 2001
 
 
 

      4 

Информация о работе Персонлды басқарудағы контроллинг