Персонлды басқарудағы контроллинг

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 17:56, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорында менеджменттің тиімділік факторы есебінде персоналды басқару проблемасына кейінгі уақытта аса көңіл бөлініп отырғанына персонал менеджментінің маңыздылығын ғалымдар мен кәсіпорын басшыларының мойындауы себеп болып отыр.

Содержание

Кіріспе.
1 Бөлім. Персоналды басқару және контроллинг негіздері...........................
1.1. Персоналды басқарудың мәні мен мазмұны............................................
1.2. Контроллинг: негізгі ұғымы, мақсаттары және міндеттері.....................
1.3. Кәсіпорында контроллинг жүйесін құруға ықпал ететін факторлар......
2 бөлім. Ұйымның персоналды басқару жүйесіндегі контроллингті жоспарлау.........................................................................................................
2.1. Персоналды басқару жүйесіндегі контроллингті енгізу........................
2.2. Ұйымдағы персоналды басқару жүйесіндегі контроллинг
ерекшеліктері......................................................................................................
2.3. Ұйымдағы контроллинг жүйесінің тиімділігін бағалау және жетілдіру бағыттары...........................................................................................................
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Кіріспе.docx

— 98.41 Кб (Скачать)

      Персоналды  басқарудың шартты қағидаларына персоналды басқару функцияларының қалыптасуы мен өндірістің мақсаты және өзгеру жағдайлары жатады. .[2] 

1.2. Контроллинг: негізгі  ұғымы, мақсаттары  және міндеттері

             Контроллинг экономикалық тұрғыда басқару және бақылауды білдіреді, дегенмен мақсат қою мен оны жүзеге асыру бағытындағы іс-шараларды жоспар құру әрекетінсіз тиімді басқару мүмкін емес. Сондықтан контроллинг жоспарлау, реттеу және бақылау бағытындағы іс-шаралар жиынтығынан тұрады. Контроллинг жүйесінің барлық элементтері жоспарлаудан бастап, оның орындалуына мониторинг жасауға дейін ең алдымен жоспардың орындалу нәтижелерін талдау, оны жүзеге асыру үдерісінде оң және теріс ауытқуларды бағалау негізінде жоспардың орындалуы үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған.

    Контроллингтің  мақсаты ұйымның жалпы мақсатынан туындайды және ең алдымен ұйымның  қалыпты жағдайын сақтау және оның табысты дамуына бүкіл басқарушылық үдерісті бағдарлауға негізделген.

    Контроллинг – кәсіпорын экономикасын талдау мен болашақта күтілетін әрекеттерге  қатысты басқарушылық қызметті үйлестіру  бағытындағы кәсіби қызметтің заманауи жаңа тұжырымдамасы.

    Контроллингтің  міндеттеріне табыстылықты, өтімділікті  қамтамасыз ету, тәуекелді төмендетуді  жоспарлау және бақылау жатады. Мұнда  контроллингтің негізгі мақсаты  ретінде қызметті басқару, төтеп  беру және күшейту бағытындағы іс-шараларды  дер кезінде жүргізуге мүмкіндік  беретін ақпаратпен уақытылы қамтамасыз ету.

    Контроллинг – кәсіпорын қызметінің табыстылығын арттыру жолымен ұзақ мерзімді кезеңде оның өмір сүруін қамтамасыз етуге, серпінді дамуы үшін ұтымды инвестициялық шешімдерді қабылдауға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте тәуекелді төмендетуге мүмкіндік беретін кәсіпорынды басқарудың заманауи жүйесі. Отандық және шетелдік экономист-ғалымдарының контроллинг аясындағы пікірлері мен ғылыми ұстанымдары көбінесе басқару қызметіне, үйлестіруге және ақпаратқа негізделген. Сол себепті контроллинг жеке ғылыми зерттеуді қажет етеді. .[3]

    Контроллингтің  ерекшеліктері

    А.Дайле  мен Р.Майердің зерттеулерінде нақты  өндірістік шарттарда кәсіпорынды  мақсатқа сай басқару үшін құрал  ретінде контроллингтің біртұтас бейнесін құру мақсаты алға қойылған. Осы ғалымдардың зерттеулері контроллингтің тұжырымдамалық негізде дамуына едәуір тәжрибеге негізделген (эмпирикалық) үлесін салған.

    Ю.Аниськиннің  пікірінше, контроллинг – кәсіпорын мен оның құрылымдық бірліктерінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатымен келешекті басқару. Контроллинг жүйесіндегі бақылаудың дәстүрлі бақылаудан айырмашылығы әкімшіліктің негізгі міндеті болып табылмайды. Мұнда бақылаудың міндеті – «жоспар – нақты» бағалауын салыстырып, ауытқу себептерін түсіндіріп, ауытқуларды жою бойынша түзету іс-шараларын құру.

    Контроллинг, мақсаты ұйымның жалпы мақсатынан туындайды, ең алдымен ұйымның қалыпты  жағдайын сақтау жағдайын сақтау және оның табысты дамуына бүкіл басқарушылық үрдісті бағдарлауға негізделген.

    Л.В.Попова контроллингтің келесідей ерекшеліктерін және атап өткен:

  1. ағымдық қаржылық - экономикалық есептерді және стратегиялық шешімдерді байланыстыру;
  2. экономикалық тұрғыдан негізделген шешімдерді қабылдауға қаржылық – экономикалықесептеулерді бағдарлай білу;
  3. жоспарлау, бақылау, ақпараттық қамтамасыз ету сынды дәстүрлі басқарушылық қызметтердің, контроллингтің түйінін құрайтын қызметтердің жаңа мазмұны;
  4. жоспарлы – экономикалық қызметтің атқарытын рөлінің жаңа психологиялық мазмұны.

    Контроллинг пен басқару қызметтерінің ерекшеліктері  келесі кестеде 

келтірілген. 

    Басқару қызметі Басқару Контроллинг
    Есепке  алу Экономикалық  көрсеткіштер мәндерін есепке алу Біріңғай ақпараттық кеңісті шеңберінде түсініктер сөздігін қалыптастыру
    Бақылау Экономикалық  көрсеткіштердің мәндерін алшақтықтарына бақылау жүргізу Экономикалық  көрсеткіштер мәндерін бақылау, талдау және реттеудің сәйкес әдістерін  талдау
    Талдау Алшақтықтар себептерін талдау, факторлардың әсерін бағалау Қабылданған шешімдердің  сапасын жақсарту үшін үлгілерді  пайдалану
    Реттеу Алшақтықтарды, ауытқуларды төмендеу үшін математикалық  үлгілерді пайдалану  Басқару сапасын  бағалау үшін математикалық үдгілерді  пайдалану
    Жоспарлау Экономикалық  көрсеткіштердің мәндерін жоспарлау  үшін математикалық үлгілерді пайдалану Кәсіпорындағы басқару жүйесін енгізуді жоспарлау

    1-кесте.  Басқару қызметтері  мен контроллинг  арасындағы ерекшеліктер 

    Үш  өлшемді     кеңістікте   экономикалық     жүйе,    басқару       және

контроллингті бейнелеу, ғалымдардың пікірінше, олардың  өзара әрекет етуіндегі жүйе бөліктерінің мәнін бейнелейді. Кәсіпорында контроллинг  жүйесін енгізу нәтижесінде басқару  әдістерінің таңдамалы нұсқалары  құрылады және бұл контроллинг жүйесінде  шешім қабылдау болып табылады. Экономикалық жүйені басқару жүйесінің құрылымы иерархиялық функционалды үлгілер  кешенін білдіріп, ұйым құрылымын  сипаттайды. Менеджер нәтиже (нақты) және идеяларға байланысты нәтижеге жетуге ұмтылу (жоспарлау) іс-шараларына жауап береді.

    Сондықтан    менеджер     шешім     қабылдайды,      ал      контроллер

төмендегілерге жауап береді:

  • менеджердің мақсаттарын (ойын) елестете алу айқындылығы (шоғырландыру және бақылау) ;
  • үшінші тұлғалар үшін менеджер әрекеттерінің нәтижелерінің айқындылығы (бақылау және бағалау);
  • менеджердің өзінің келешектегі осы әрекеттерін қалыптастыру– оңайландыру (үйлесімділігін қамтамасыз ету) жағдайында сараптамалық әдістемелерді пайдалану дұрыстығы.

           Контроллинг менеджер мен контроллер  қызметінің өзара байланысуы, түйісуі  кезінде көрінеді, яғни менеджер  мен контроллер бірігіп жұмыс  жасайды. Егер екеуі жеке –дара  қызмет ететін болса, онда менеджмент басқарушылық есептен бөлек қызмет етеді деуге болады. Менеджерге оның қандай да бір идеялары, іс-әрекет ету ойлары қате екенін, ал қандайы тиімділіктің барлық әлеуетін пайдаланбайтындығы жайлы ойын жеткізуі үшін контроллер деректер даярлауы қажет. .[3] 

Контроллингтің  қызметтері мен міндеттері

           Бақылау қызметі бүіл ұйым  бойынша немесе оның құрылымдық  бірліктерінің экономикалық жұмыстарын  бақылауға арналған. Ревизиядан  контроллингтің ерекшелігі – ұйым қызметінің ағымдағы және келешектегі нәтижелеріне бағытталған, сонымен қатар шаруашылық операцияны жүзеге асыру жағдайында құжаттық тексеруге байланысты емес.

          Контроллингтің қызметтері: жүйелі басқарушылық ақпараттарды жинау, өңдеу, тексеру және ұсыну болып табылады. Контроллинг, сонымен қатар жоспарлау үдерісін қолдау және үйлестіру, ақпаратпен қамтамасыз ету, бақылау және бейімдеу қызметін атқарады.

    Контроллинг мақсаты – іс–әрекет бағыты ретінде ұйымның мақсатынан

тікелей туындайды, мысалы, белгілі пайда  деңгейіне, рентабельділік және өтімділік  деңгейіне, еңбек өнімділігіне жету.

    Контроллингтің  негізгі қызметтері және олардың өз алдына

міндеттері:

  1. Есепке алу.
  • ақпараттарды жинау және өңдеу;
  • ішкі есеп жүйесін құру және енгізу;
  • ұйымның және оның құрылымдық бірліктерінің қызметін бағалау әдістері мен шешімдерін үйлестіру.
  1. Жоспарлау.
    • өнім өндірісі мен оларды өткізу, инвестиция және сатып алу жоспарларын құру барысында ақпараттық қолдау көрсету;
    • жоспарлау жүйесінің барлық «архитектурасын» қалыптастыру және жетілдіру;
    • ақпарат алмасу үдерісін үйлестіру;
    • уақыт және мазмұны бойынша жеке жоспарларды үйлестіру және байланыстыру;
    • ұсынылған жоспарлардың толықтығы мен іске асырылуын тексеру;
    • кәсіпорынның жиынтық жоспарын құру.
  1. Бақылау және реттеу.
  • уақыты және мазмұны бойына бақыланатын шамаларды анықтау;
  • мақсатқа жету дәрежесін өлшеу және бақылау үшін жоспарлы және нақты шамаларды салыстыру;
  • шамалардың ауытқу шегін белгілеу;
  • нақты мәндердің жоспарлы көрсеткіштерден ауытқуын талдау және ауытқуларды төмеендету үшін ұсыныстар беру.
  1. Ақпараттық – сараптамалық қамтамасыз ету.
  • ақпараттық жүйенің архитектурасын құру;
  • ақпараттық тасымалдаушылар мен арналарды стандарттау;
  • ұйымда бақылау және басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сандық мәліметтерді ұсыну;
  • шешім қабылдауға қажетті аса маңызды мәліметтерді жинақтау және жүйелеу;
  • жоспарлау, бақылау және шешім қабылдау үшін инструментарий құру;
  • түзету іс-шаралары мен шешімдерін таңдау бойынша кеңес беру;
  • ақпараттық жүйелердің қызмет етуінің үнемделуін қамтамасыз ету;
  1. Арнайы қызметтер.
    • сыртқы орта (ақша және қаражат нарығы, сала құрылымы, әкімшілік-экономикалық бағдарламар) жайлы мәліметтер жинау және талдау;
    • бәсекелестермен салыстыру;
    • басқа фирмалармен бірігу, фирма ашу (оны жабу) туралы негіздеулер беру; 
    • ерекше тапсырыстар үшін калькуляция жасау:
    • инестициялық жобалардың тиімділігін есептеу;

    Контроллинг – кәсіпорын экономикасын талдаумен және болашақта

күтілетін әрекеттерге қатысты басқарушылық қызметі үйлестіруге байланысты кәсіби қызметтің қазіргі заманғы  жаңа тұжырымдамасы. Контроллингпен кәсіби айналысатын қызметкерді контроллер деп атайды. Ол «контроллерге» өзінше антипод болып табылады (бір-біріне кереғар ұғымдар). 

    Персоналды  басқару жүйесіндегі контроллинг ұйымға жоспарлау,

басқару, контроль және кадрлық шаруашылық жұмыстардың  ақпараттық қамсыздандыру міндеттерін  мақсат етіп қояды. 

    Тиімділік контроллингі
    Кадрлық менеджменттің фирма нәтижелеріне қосқан үлесі
    Нәтижелік контроллинг
    Кадрлық менеджментте ресурстарды нәтижелі қолдану
    Шығын контроллингі
    Кадрлық менеджмент бюджеті

Нәтижелер/шығындар 
 

Шығындар/үдеріс 
 

Шығын/период 
2-кесте. Персоналды контроллингтің үш деңгейі

     

    Кадрлық контроллинг және кадрлық жоспарлау 

    Контрольсіз кадрлық жоспарлау тиімді болуы  мүмкін емес. Осыған

сәйкес  контрольды ұйымдағы адамдарды тексерумен (надзор) шатастыруға болмайды. Сондай-ақ бұл контрольды персоналға деген сенімсіздік деп ойламау керек.Котроль – басшылықтың шешім қабылдауға бағытталған функция ретінде қолданылады. Бұл процесс мақсаты кадрлық шешім қабылдау.

Информация о работе Персонлды басқарудағы контроллинг