Несиелік тәуекелдердің пайда болуы және олардың жіктелінуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 16:13, реферат

Описание работы

Менің жұмысымның негізгі мақсаты - банктік тәуекелдер аясында банктік менеджменттің ең тиімді құралдары мен әдістерін ұсыну болып табылады.
Осы мақсатты орындауға байланысты келесідей мәселелер туындайды:
> Тәуекелдердің пайда болу факторларын анықтау;
> Қазақстан жағдайында тәуекелдерді басқару әдісін анықтау;

Содержание

Кіріспе 2
І.Несиелік тәуекелдердің пайда болуы және олардың жіктелінуі 3
1.1 Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері мен себептері 3
1.2 Банктік тәуекелдерді топтаудың критерийлері мен принциптері 4
1.3 Банктік тәуекелдерді бағалау әдістері 6
1.4 Коммерциялық банктердің тәуекелдерді басқару және несиелік тәуекелді бағалау әдістері 8
Қорытынды 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 14

Работа содержит 1 файл

Банк тәуекелі реферат.doc

— 157.00 Кб (Скачать)

      4. Тәуекелді есептеу (талдау) әдістері. Тәуекелді талдау арқылы банк жобаға қатысу кезінде қаржылық шығындарды шектеуге тырысады.  

     Тәуекелді талдау кезінде бір бірімен тығыз  байланысты екі әдісті қолдануға болады. Олар: сандық және сапалық. Сапалық талдау жеңілірек болып келеді. Оның негізгі мақсаттары – тәуекелдің факторларын, пайда болу кезеңдерін, пайда болуының мүмкін аймағын анықтау болып табылады. Тәуекелді анықтау жүйесі үш элементтен тұрады: тәуекелдің ұзақтығы, көлемі, ықтималдығы. Қазіргі уақытта тәуекелді сандық талдаудың жиі қолданылатын әдістері мыналар болып табылады: статистикалық, аналитикалық, сараптамалық және тағы басқалары.

      5. Банктік тәуекелдің деңгейі. Банктік  тәуекелдің, деңгейі оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Ол пайыз түрінде немесе коэффицент түрінде анықталады.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2002 жылдың үшінші шілдесінде бекіткен «Екінші  деңгейлі банктер үшін пруденциалды нормативтер туралы ережеге сәйкес тәуекелдің деңгейіне байланысты банк активтері ірі бес топқа бөлінген. Бірінші топтағы активтерге кассадағы қолма-қол ақша, аффинирленген бағалы металдар, үкіметке берілген несие, Ұлттық банкке берілген несие. Ұлттық Банктегі депозиттер, мемлекеттік бағалы қағаздар және тағы басқалары жатады. Бұл топтағы активтердін тәуекелділік деңгейі 0-ге тең. Екінші топтағы активтерге жергілікті билік органдарының шығарған бағалы қағаздары, «Қазақстан ипотекалық компаниясының» бағалы қағаздары. Бұл активтердің тәуекел деңгейі 0,2-ге тең. Үшінші топтағы активтерге аффинирленбеген бағалы металдар және тағы басқалары жатады және олардың тәуекелі 0,5-ке тең. Төртінші топтағы активтерге төлем бойынша есеп айырысулар, негізгі құралдар, материалдық қорлар жатады және бұл топтағы активтердің тәуекел деңгейі 1-ге тең. Бесінші топқа әділеттік құны бойынша есептелетін инвестициялар, субординацияланған қарыз, лицензияланған программалық жабдықтау) жатады. Бұл топтағы активтердің тәуекел деңгейі 1-ге тең.

     6. Тәуекелді уақыт тұрғысынан үлестіру. Нарық жағдайында тәуекелдерді уақыт тұрғысынан үлестіру банк үшін маңызды элементтердің бірі болып келеді. 

     Уақыт тұрғысынан қарастырсақ тәуекелдер ағымдағы, келешектегі және бұрынғы деп үшке бөлінеді. Бұрынғы тәуекелдерді талдау арқылы біз ағымдағы және болашақтағы тәуекелдердің деңгейін төмендете аламыз. Бұл үш кезеңдегі тәуекелдер бір-бірімен өте тығыз байланысты болып келеді. Мысалы, ағымдағы кезеңде несие берілсе, ол несиені қайтармауға байланысты шығындар келешекте көрініс табады. Сондықтан да банк үшін тәуекелді уақыт тұрғысынан үлестіру маңызды болып келеді.

     7.Тәуекелді есепке алу сипаты. Есепке алу сипатына байланысты тәуекелдер баланстық және баланстан тыс, активтік және пассивтік операциялар бойынша тәуекел деп бөлінеді.

     8.Банктік  тәуекелдерді басқару мүмкіндігі. Баскару мүмкіндігіне байланысты тәуекелдер ашық және жабық болып бөлінеді. Ашық тәуекелдер реттелуге жатпайды, ал жабық тәуекелдерді реттеуге болады.

1.3 Банктік тәуекелдерді  бағалау әдістері

     Банктік тәуекелдерді бағалау кезінде тәуекел  туралы толық ақпаратты алу бірнеше көрсеткіштердің есептелінуі нәтижесінде алынады. Неғұрлым ақпараты сапалы болатын банктік тәуекелді бағалау салыстырмалы көрсеткіштер болып табылады. Мысалы, вариация коэффиценті. Ал абсолютті көрсеткіштер - бағаланып жатқан объектіден күтілетін нәтижелердің негізінде қолданылады. Тәуекелді бағалау кезінде ықтималдықтың деңгейін анықтайтын көрсеткіштердің манызы зор болып келеді. Банктік тәуекелдің деңгейін бағалау барысында нақты көрсеткіштердің жоспарланған көрсеткіштерден ауытқуын есептеп қана қоймай, сонымен қатар теріс ауытқулардың оң ауытқуларға қарағандағы ықтималдығы есептеледі.

     Банктік тәуекелді бағалаудың келесідей  әдістері мен көрсеткіштері жиі  кездеседі:

     Value at Risk (VaR) моделі.

     Ағылшын тілінен аударғанда тәуекелге ұшыраған сома деген мағынаны береді. VaR тәуекелдің құнын бағалаудың әдістемесі болып табылады. Бұл көрсеткіш белгілі бір интервал аралығында шығындардың  ең  жоғары  мөлшерін  көрсетеді.  Яғни  VaR -дың көлемі инвестордың n күн ішінде белгілі бір ықтималдық деңгейінде шегуі мүмкін шығындардың ең жоғары мөлшерін көрсетеді. VaR -ды есептеудегі ең негізгі параметрлері уақыт және ықтималдық болып табылады. VaR мына көрсетілген тәуекелдерді есептеудің әмбебап әдістемесі болады: бағалық тәуекел, валюталық тәуекел, несиелік тәуекел, өтімділік тәуекелі. VaR -ды есептеудің үш әдісі бар:

    • Параметрлер әдісі;

    • Тарихи модельдеу әдісі;

    • Монте-Карло әдісі;

      Параметрлер әдісінде портфель базистік активтерге бөлінеді. Мұнда портфель құнының орташа квадраттық ауытқуы оның компоненттерінің орташа квадраттық ауытқуымен және ковариация матрицасымен анықталады.

     Тарихи  әдіс - активтер құнының бұрындағы  өзгерістерін есепке ала отырып , ағымдағы портфель құнының өзгерісін бағалау.

     Монте-Карло  әдісі - портфельге кіретін активтердің  жеке статистикалық параметрлерінің негізінде жалпы портфель құнының өзгерісін модельдеу. 
 

     «АЛЬФА-БЕТА»  моделі: 

     «Альфа-бета»  моделі бойынша қаржы құралдары  құнының (Р) өзгеруі тәуекел индексі (I) құнының өзгеруімен сипатталады. Ол мына сызықтық регрессия формуласында көрсетілген:

    Р = α +  ßΔІ +ε, мұндағы:

   α - құрал құнының тұрақты өсімі;

   ß- құрал құнының индекстелген сызықтық тәуелділік дәрежесін сипаттайтын коэффицент. Егер коэффицент 1-ден жоғары болса, онда құрал индекстің өзгерісіне тәуелді болып келеді. Егер коэффицент 1-мен 0-дің арасында болса, онда құрал құнынының өзгерісі индекстің өзгерісіне онша тәуелді емес, ал егер коэффицент мәні 0-ден төмен болса, онда құрал құнының өзгеруі индекстің өзгеруіне қарама-қарсы болады, яғни мұндай жағдайда индекспен байланысты тәуекелді хеджирлеуге мүмкіндік туады.

   ε - жүйелік емес тәуекелдерді сипаттайтын және математикалық күтімі 0-ге тең кездейсоқ шама.

     

«Gap»  әдісі:

     Gap дегеніміз проценттік ставканың өзгеруіне тәуелді активтер мен проценттік ставканың өзгеруіне тәуелді пассивтердің айырмасы болып табылады. Осы концепцияны қолдану барысында банктің негізгі міндеті айырманың мәнін минимумға дейін жеткізу болып табылады. 

    Gap -тің көлемі төмендегі формула бойынша есептеледі:

       G= а - п = Пп - Ап;

а - өзгермелі  ставкамен есептелетін активтердің  көлемі;

п - өзгермелі ставкамен есептелетін пассивтердің көлемі;

Ап - тұрақты  ставкамен есептелетін активтердің  көлемі;

Пп  - тұрақты ставкамен есептелетін пассивтердің көлемі.

1.4 Коммерциялық банктердің  тәуекелдерді басқару  және несиелік  тәуекелді бағалау  әдістері

     Банк  үшін тәуекелдерді басқару өте маңызды  болып келеді. Стратегиялық басқару мен жоспарлау болып табылады. Осы арқылы банк өзіндегі бар ресурстар мен мақсаттардың сәйкестігін қамтамыз етеді. Стратегиялық жоспарлау мен басқарудың негізгі мақсаты - операциялардың көлемін, табыс деңгейін жоғарлату, акциялардың нарықтық құнын жоғарылату мақсатында банктік қызметтердің жаңа түрін енгізу.

     Тәуекелдің жоғары деңгейімен сипатталатын банк қызметтерінің түрлерінде банк табысқа ие болу үшін шешім қабылдаудың ерекше механизмін дамытады. Банктер тәуекелдің мүмкін болатын деңгейін анықтап, оның табысты қандай дәрежеде ақтайтынын есептейді. Осының негізінде банк тәуекелдерді анықтауға өзгертуге, бақылауға деңгейін төмендетуге байланысты іс-шараларды дайындап жүзеге асырады. Банктердегі тәуекелдерді басқару жүйесі төмендегі суретте көрсетілген элементтерден тұрады.

     Банктік тәуекелдерді басқару жүйесі нақты шаралар арқылы жүзеге асады. Ондай шаралар стратегиялық басқару деңгейінде немесе ұйымдастырушылық деңгейінде жүзеге асуы мүмкін. Банктік тәуекелдерді басқаруға байланысты банктер тарапынан көптеген жалпы және арнайы әдістер қолданылады. Олардың ішінде жиі кездесетіндер:

    1. диверсификация;
    2. нәтижелер туралы қосымша ақпараттарды алу;
    3. лимиттеу;
    4. өзін-өзі сақтандыру;
    5. хеджирлеу;
    6. сапаны басқару;
 

   1.Диверсификациялау арқылы банктік  операциялардың бір түріне байланысты тәуекелділікті жояды немесе төмендетеді. Банк өзінің портфелін төменде көрсетілген бағыттарға байланысты жиі диверсификациялау керек:

а) Тартылған  қаражаттың диверсификациясы:   

 •   мерзімі бойынша;

 •  тартылу түрлері бойынша (заңды тұлғалардың депозиттері, жеке тұлғалардың депозиттері, банк аралық несие, халықаралық қарыздар);

 •  тартылу көздері бойынша (сала, клиенттердің топтары бойынша);

б) қолданылатын құралдардың диверсификациясы:  

 •  активтер портфелінде төлем құралдары көп болу керек;

с) қалыптастырылған портфельдің диверсификациясы:

 •   мерзімі бойынша: көбінесе ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді;

 •  қарыз алушылар бойынша: ссудалық портфельде қарыздың аз мөлшерде бірақ көп тұлғаларға берілуі керек.

     2. Сақтандыру. Мейлінше, тәуекел деңгейі бар банк активтерінің барлық түрлері сақтандырылуы керек;

  1. Хеджирлеу. Қаржылық құралдарды сату-сатып алу бойынша ашық позициялар кері мәмілелер арқылы хеджирлену керек;
  2. Өзін-өзі сақтандыру. Банктің ссуда бойынша үмітсіз қарыздарды есептен шығару және операциялар бойынша мүмкін шығындарды жабу үшін мемлекеттен немесе құрылтайшылардан қосымша алған құралдар немесе банктің пайдасынан құрылған резервтік қоры болуы керек.
  3. Лимиттеу-банктік тәуекелдерді шектеу мақсатымен партнерлар, құралдар және көлемдері бойынша банктік операцияларды зерттеуді шектеу.
  4. Шектеудің келесідей көп тараған түрлері бар:

     • әр контрпартнерлармен операциялар бойынша лимиттер;

     •   әр құрал, актив түрі, нақты бөлімше немесе дилерге лимиттер;

     •  бір қарыз алушыға минималды қарыз мөлшері; 

     •  баланстан тыс міндеттемелердің минималды мөлшері;

     • келесі күнге қалдыруға мүмкін ашық позицияның минималды мүмкін мөлшері;

     • банктің әр бөлімшесі, әр құралы, әр позициясы бойынша пайда мен шығындар лимиті.

     6.  Нәтижелер  мен  таңдаулар   туралы  қосымша  ақпараттарды  алу практикада келесі шаралардың көмегімен жүзеге асады:

 • банктің клиенттері, банктің қауіпсіздік бөлімшесінің материалдары және мерзімді басылымдар бойынша ақпараттарды іздестіру;                                   • Блумберг, Телерейтер, Рейтер. Интернет сияқты маманданған фирмалардан электрондық және ақпараттық қызметтерді алу және аналитикалық агенттіктердің мерзімді басылымдарына жазылу;

    7. Сапаны басқару - тәуекелді басқарудың  қазіргі уақытқа ең көп қолданылатын түрі. Оның негізгі мәні болып банк басқармасының тарапынан тәуекелдердің алдын алу болып табылады. Мұндай тәсілмен басқару үшін банкке маманданған қызметкерлер керек.

     Несиелік  тәуекелді басқару. Банк үшін несиелік тәуекелді басқарудың маңызы зор болып табылады. Несиелік тәуекел - негізгі қарызды және берілген қарыз бойынша есептелген проценттерді қайтармауға байланысты туындайтын тәуеклдің түрі. Несиелік тәуекелдің бірдей дәрежеде клиентке және банкке қатысы бар. Ол мынадай факторлармен байланысты туындауы мүмкін: кәсіби белсенділіктің төмендеуі, сұраныс деңгейінің төмендеуі, келеңсіз жағдайлар және тағы да басқа факторлар.

      Банктердің  несиелік тәуекелі негізінен екі тәуекелден тұрады: несиелік тәуекел және контрпартнер тәуекелі. Несиелік тәуекел несиені уақтылы емес немесе ішінара қайтаруға байланысты туындайды, ал контрпартнер тәуекелі контрпартнердың қаржылық жағдайының нашарлауымен немесе банкроттыққа ұшырауымен байланысты туындайды. Несиелік тәуекел немесе негізгі соманың қайтарылмау тәуекелі келесідей өндірістік мәселелермен түсіндіріледі: өндірістің құлдырауы, өнімге деген сұраныстың төмендеуі және жеке өндіріс саласындағы кризистік жағдай.

     Банктегі  несиелік тәуекелдің деңгейі келесідей факторларға байланысты:

Информация о работе Несиелік тәуекелдердің пайда болуы және олардың жіктелінуі