Несиелік тәуекелдердің пайда болуы және олардың жіктелінуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 16:13, реферат

Описание работы

Менің жұмысымның негізгі мақсаты - банктік тәуекелдер аясында банктік менеджменттің ең тиімді құралдары мен әдістерін ұсыну болып табылады.
Осы мақсатты орындауға байланысты келесідей мәселелер туындайды:
> Тәуекелдердің пайда болу факторларын анықтау;
> Қазақстан жағдайында тәуекелдерді басқару әдісін анықтау;

Содержание

Кіріспе 2
І.Несиелік тәуекелдердің пайда болуы және олардың жіктелінуі 3
1.1 Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері мен себептері 3
1.2 Банктік тәуекелдерді топтаудың критерийлері мен принциптері 4
1.3 Банктік тәуекелдерді бағалау әдістері 6
1.4 Коммерциялық банктердің тәуекелдерді басқару және несиелік тәуекелді бағалау әдістері 8
Қорытынды 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 14

Работа содержит 1 файл

Банк тәуекелі реферат.doc

— 157.00 Кб (Скачать)

 

ЖОСПАР 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

     Тәуекел адам іс-әрекетінің кез-келген саласында  көрініс табатын объективті оқиға болып табылады. Ол кәсіпкерліктің барлық саласында кездесетін көп аспектілі категория. Өзінің табиғаты бойынша тәуекел жағымсыз оқиғаның болуымен сипатталады. Яғни, тәуекелге ұшырау барысында кәсіпорын экономикалық немесе басқа да шығындарды шегеді.

      Кез келген кәсіпкерлік іс тәуекелмен байланысты, әсіресе банктер үшін тәуекелді басқарудың маңызы жоғары болып келеді. Өйткені, банктер нарықтағы конъюнктуралық өзгерістерді бірден қабылдайтын сегмент.

      Бүгінгі таңда банктер операциялардың көптеген жаңа түрлерін атқаруда. Ол операциялардың әрқайсысы белгілі бір деңгейде тәуекелмен байланысты болып келеді. Осы шешімдерді өз мойнына алу банк ісінің негізі болып табылады. Тәуекелдер міндетті түрде реттелуі керек және банктің қаржылық мүмкіндігінің шегінде орналасуы керек. Осы мақсаттарға жету үшін банктер тарапынан тәуекелдерді басқарудың саясаты қалыптастырылады.

      Нарықтық  жағдайда банктік тәуекелдер жоғары деңгейде болады. Сондықтан банктер қосымша капиталды қажет етеді. Банктік қызметтер тәуекелсіз жүруі мүмкін емес, өйткені банктің кез-келген операциясы тәуекелмен байланысты болып келеді. Банк ісінің тарихында тәуекелдерді дұрыс басқармауына байланысты көптеген банктердің банкроттыққа ұшырағанына көз жеткізуге болады.

     Бұл жұмыстың мақсаты банктік тәуекелдердің теориясына талдау жасай отырып, олардың түрлерін, оларды бағалаудың әдістері мен тәсілдерін, сол сияқты олардың Қазақстанның банктік жүйесінде колданылу мен баскарылуының теориялық аспектілерін анықтау және тәуекелдерді баскаруда шетелдік тәжірибе мен отандық тәжірибені салыстыра отырып, коммерциялық банктер үшін тәуекелді басқарудың жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады. Жұмыстың негізгі объектісі - банктік тәуекелдер және банктерде қолайсыз жағдайлардың пайда болу ықтималдығы болып табылады.

     Менің жұмысымның негізгі мақсаты - банктік тәуекелдер аясында банктік менеджменттің ең тиімді құралдары мен әдістерін ұсыну болып табылады.

      Осы мақсатты орындауға байланысты келесідей  мәселелер туындайды:

    > Тәуекелдердің пайда болу факторларын анықтау;

    >    Қазақстан жағдайында тәуекелдерді басқару әдісін анықтау;

  • Шетелдегі банктердің тәуекелдерді басқаруына талдау жасау;
  • Отандық және шетелдегі банктік тәуекелдерді басқару тәжірибелерінің негізінде біздің экономикаға қолайлы басқару әдістерін анықтау.

І.Несиелік тәуекелдердің пайда болуы және олардың жіктелінуі

1.1 Банктік тәуекелдердің  пайда болу көздері  мен себептері

    Тәуекелдің  тұжырымдамасы адамзатқа ежелден-ақ таныс. Өйткені тәуекел біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып келеді. Тәуекел деп оқиғаның болу немесе болмау мүмкіндігін жүз проценттік нақтылықпен болжай алмауын айтамыз. Кез келген адам тәуекел деңгейін төмендетуге тырысады. Өйткені жағымсыз оқиғаның болу жағдайында тәуекелге ұшыраған адам шығын шегеді. Тәуекел деңгейін төмендету мақсатында біз екі немесе одан да көп баламалардың бар болуын қалаймыз. Яғни, таңдау құқығына ие болғымыз келеді. Тәуекел деңгейі мен табыстылық деңгейі өзара пропорционал болып келеді. Яғни, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Керісінше тәуекел деңгейі төмен болса, табыс та төмен болады. Сондықтан кез келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды.

     Жоғарыда  айтылғандарды ескере отырып, банк үшін тәуекелді басқару ең маңызды мәселелердің бірі болып келетінін айтып кеткен жөн. Өйткені кез келген банктің қалыптасу процесінен бастап бүкіл  қызмет ету уақтысында банктің іс-әрекеті көптеген тәуекелдерге тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан банктің болашақта банкроттыққа ұшырауы немесе ұшырамауы банктің тәуекелді басқаруымен байланысты. Банк ісінде тәуекел деп банктің табысы мен капиталына кері әсер ететін оқиғалардың болу ықтималдылығын айтамыз. Тәуекел жағымсыз оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Бұл оқиғаларға мыналар жатады: табыстың төмендеуі, берілген несиелердің қайтарылмауына байланысты шығындардың пайда болуы, базалық ресурстардың азаюы, баланстан тыс операциялар бойынша төлемдердің төленбеуі және тағы басқалары. Бірақ тәуекел деңгейі қаншалықты төмен болса, жоғары табыс алу ықтималдығы да соншалықты төмен болады. Сондықтан кез келген банк өзінің қаражаттарын табысы жоғары және тәуекел деңгейі төмен іс-әрекеттерге жұмсауға тырысады.

   Тәуекелдің пайда болуының үш көзін атап өтуге болады. Алғашқы екі түрі объективті сипатта, яғни банктің іс-әрекеттеріне байланыссыз немесе тәуелсіз болады. Ал, үшінші түрі субъективті сипатта болады, яғни банк қызметіне тәуелді болып келеді.

     1. Нарықтық тәуекел деп әр түрлі  активтер құнының өзгеруіне тәуелді  қаржылық жағдайды айтамыз. Ол мыналардан тұрады:

      а) Проценттік  тәуекел — ағымдағы  проценттік мөлшерлеменің  өзгеруімен байланысты тәуекелдің түрі.

      b) Валюталық тәуекел -  валюта  бағамының өзгеруімен  байланысты  тәуекелдің түрі.

      с)    Инвестициялық тәуекел  қор нарығындағы өзгерістермен байланысты тәуекелдің түрі.

      2. Контрагент тәуекелі немесе несиелік тәуекел — контрагенттің өз міндеттемелерін орындамауына немесе берілген несиені қайтармауына байланысты тәуекелді айтамыз.

      3. Басқару немесе менеджмент тәуекелі. Ол мыналардан тұрады:

     а) Оперативтік тәуекел — банктің  кейбір функцияларымен байланысты тәуекелді айтамыз. Оларға мыналар жатады: банктің ұйымдастырушылық құрылымы, ақпараттық және технологиялық жабдықтармен камтамасыз етілу дәрежесі, кадрлардың мамандану деңгейі, банктің өз қызметін жедел және нақты орындау қабілеті.

     b) Стратегиялық тәуекел - банк қызметінің  дұрыс ұйымдаспауымен немесе жіберілген қателермен байланысты тәуекелдің түрі. Олар: шешім қабылдау үшін ақпараттық базаның жеткіліксіздігі, қаржы нарығының математикалық модельдерінің сапасының төмен болуы, болжау және жоспарлау әдістемелерінің толық еместігі.

     Тәуекел деңгейіне әсер ететін факторларды  ішкі және сыртқы деп екіге бөлуге болады.

     Жоғарыда  келтірілген факторлар келесі жиі  кездесетін банктік тәуекелдердің пайда болуына себеп бола алады:

  • Өтімділік тәуекелі активтерді тез арада ақшаға айналдыру немесе міндеттемелерді орындау үшін керек ресурстарды тарту қабілетін жоғалтумен байланысты.
  • Проценттік тәуекел нарықтағы проценттік ставканың ауытқуымен байланысты.
  • Несиелік тәуекел қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамауымен байланысты.
  • Нарықтық немесе инвестициялық тәуекел бағалы қағаздардың мүмкін болатын құнсыздануымен байланысты.
  • Саяси тәуекел мемлекеттегі саяси жағдайдың тұрақтылығымен сипатталады.
  • Валюталық тәуекел валюталық бағамның жоспарланған деңгейдегі ауытқуымен байланысты.
  • Операциондық тәуекел төлемдерді жүргізу барысында немесе мәліметтерді электрондық өңдеу кезінде пайда болады.
  • Экономикалық тәуекел өндіріс салаларында және қаржы нарығындағы болатын жағымсыз жағдайларға байланысты пайда болады.
  • Келеңсіз жағдай тәуекелі табиғи апаттармен немесе төтенше жағдайлармен байланысты пайда болатын тәуекелдің түрі.

      Банк  өзінің іс-әрекеттері нәтижесінде тәуекелдердің  сан алуан түріне ұрынады. Мұндай тәуекелдер пайда болу уақтысына, пайда болу жеріне, ішкі, сыртқы факторларға және тағы басқа көптеген критерийлерге байланысты жіктеледі. Тәуекелдің барлық түрлері өзара байланысты болып табылады. Сондықтан тәуекелдің бір түрінің өзгеруі басқа да тәуекел түрлерінің өзгеруіне себеп болады. Осы себептерге байланысты банк үшін әр тәуекелдің түрін талдау, оның басқа тәуекелдің түрлерімен байланысын анықтау қиынға соғады.

1.2 Банктік тәуекелдерді топтаудың критерийлері мен принциптері

      Осылайша  банктік тәуекелдердің түрлерін жіктеу мақсатында тәуекелдерді мына элементтер бойынша топтаймыз:

    1. коммерциялық банктің түрі немесе мамандану саласы;
    2. банктік тәуекелдің пайда болу немесе ықпал ету аясы;
    3. банк клиенттерінің құрамы;
    4. тәуекелділікті есептеу әдістері;
    5. банктік тәуекелдің деңгейі;
    6. тәуекелді уақыт тұрғысынан үлестіру;
    7. тәуекелді есепке алу сипаты;

          8. банктік тәуекелді басқару мүмкіндігі.

      1. Коммерциялық банктердің түрлері  немесе мамандану саласы. Қазіргі  кезде коммерциялық банктердің мамандану саласына байланысты үш түрін көрсетуте болады: маманданған, салалық және әмбебап . 

        Маманданған банктердің қызметі белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты болып табылады. Банк ісінде қызмет көрсету саласына тән тәуекелдердің түрі жиі кездеседі. Мысалы, инновациялық банктер жаңа технологияларды несиелендірумен байланысты тәуекелдерге жиі кезігеді. Ал, әмбебап банктерде тәуекелдің барлық түрлері жиі кездесуі мүмкін.

   2. Банктік тәуекелдердің пайда  болу немесе ықпал ету аясы.

Банктік тәуекелдердің пайда болу немесе ықпал ету аясына сәйкес ішкі және сыртқы деп екігі бөлінеді. Сыртқы тәуекелге банктің немесе клиенттің іс-әрекеттеріне тәуелді емес тәуекел жатады. Сыртқы тәуекелдің деңгейіне көп факторлар әсер етеді. Олар: саяси, экономикалық,  демографиялық. әлеуметтік, географиялық және тағы басқалары. Ішкі тәуекелге банктің және оның клиенттерінің іс-әрекеттерімен байланысты пайда болатын тәуекелдерді жатқызуға болады. Ішкі тәуекелдерге мыналар жатады: банк басқармасы іс-әрекетінің белсенділігі, тиімді маркетингтік саясатты таңдауы және тағы басқа факторлар. Сыртқы тәуекелге мемлекеттік тәуекел, валюталық тәуекел, табиғи апаттар тәуекелі жатады,  ал ішкі тәуекелдерге банк клиентінің құрамы, банктік операциялардың сипаты және коммерциялық банктердің түрлері жатқызылады .

     Мұндағы негізгі ерекшелік сыртқы тәуекелдердің  басқарылатын және басқарылмайтын деп екіге бөлінуі болып табылады. Ал ішкі  тәуекелдер әкімшілік, қаржылық және ұйымдастырушылық деп үшке бөлінген. Басқарылатын сыртқы тәуекелге клиенттік тәуекел, контрпартнерлық тәуекел жатады. Басқарылмайтын сыртқы тәуекелдерге саяси, экономикалықу сақтандыру, депозиттік, валюталық, инвестициялық, проценттік тәуекелдер жатады.

      Ал әкімшілік тәуекелдерге құрылымдық  баскару, ынталандыру, бақылау, стратегиялық тәуекелдер жатады. Қаржылық тәуекелдерге қаржыландыру, өтімділік, диверсификациялык, табыстылықтың төмендеу тәуекелдері жатады. Ұйымдастырушылық тәуекелдерге ақпараттық, персоналдық, жаңа технологияларды қолданумен байланысты тәуекелдер жатады.

     3. Банк клиенттерінің құрамы.

Клиенттің құрамына байланысты әр банк тәуекелді  есептеудің әдісін және тәуекел дәрежесін  анықтайды. Осыған байланысты банк клиенттеріне байланысты тәуекелдердің толық  құрылымын анықтауға болады.  Кәсіпорынның көлеміне байланысты клиенттерді кіші, орта және ірі деп үш топқа бөлуге болады.

      Кіші және орта қарыз алушылар немесе клиенттер нарықтағы өзгерістерге тез бейімделеді. Олардың құрылымы өте қарапайым болып келеді, сондықтан  мұндай кәсіпорындар жоғары табыс алу  мақсатында кәсіби бағытын жедел  өзгерте алады. Бірақ мұндай кәсіпорындардың меншікті капиталы аз болады, олар саяси немесе экономикалық өзгерістерге, қатаң бәсекеге төтеп бере алмай банкроттыққа ұшырайды.

     Ал  ірі кәсіпорындар керісінше, нарықтағы  сұраныстың өзгеруіне өте жай  бейімделеді және өздерінің кәсіби бағыттарын мүлдем өзгертпейді.

  Бірақ мұндай кәсіпорындардың меншікті капиталы үлкен болады, сондықтан олар нарықтағы жағымсыз экономикалық өзгерістерге төтеп бере алады.

     Меншікке  қатысына байланысты банктің клиенттері немесе кәсіпорындар мемлекеттік, жеке, акционерлік, кооперативтік деп бөлінеді. Меншікке қатысына байланысты әр түрлі кәсіпорындарда тәуекелдің деңгейі де әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан банк клиенттерге қызмет көрсетпес бұрын  немесе  несие  берместен  бұрын  клиенттер  портфелінің  сапасын тексереді. Осылайша банк өз өтімділігін сақтау үшін және рентабельділігін белгілі бір деңгейде ұстау үшін үнемі түрде клиенттер портфелінің сапасын тексере отырып нақты және потенциалды клиенттердің артықшылықтарын анықтайды.

Информация о работе Несиелік тәуекелдердің пайда болуы және олардың жіктелінуі