Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 17:07, реферат
Экономиканы мемлекеттік реттеу - мемлекет әлеуметтік-экономикалық жүйеге ықпал ету мақсатымен өзінің түрлі деңгейдегіинституттары арқылы жүзеге асыратын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық силаттағы шаралар жүйесі. Ол ұлттық экономикадағы жағдайға және әлемдік шаруашылықтың даму үрдісіне талдау жасау жолымен әзірленетін белгілі бір мемлекеттік саясатқа негізделеді. Түпкі мақсаттар және оларға жету жолдары айқындалады. бұл үшін жанама және аралық мақсаттар тұжырымдалады, сонан соң олардың баспалдақтары, мақсаттар "шежіресі" жасалады. Мемлекеттік саясаттың дәстүрлі мақсаттары: тұрақты экономикалық өрлеу, бағаның тұрақтылығы (инфляцияны бақылау), жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейде болуы (жұмыссыздықтың төмендігі), сыртқы экономикалық тепе-теңцік (төлем теңгерімінің актив сальдосы, валюта бағамының тұрақтылығы). Мақсаттар тұжырымдалғаннан кейін Экономиканы мемлекеттік реттеудің оларға қол жеткізуі үшін қажет тетіктер мен құралдар айқындалады. Экономиканы мемлекеттік реттеу экономикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады, олар: ақша-несие саясаты, салық-бюджех тетіктері, экономиканың мемлекеттік секторын, мемлекеттік жоспарлау мен бағдарламалауды пайдалану. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ажырағысыз бөлігі — әкімшілік құралдар (тыйым салу, рұқсат беру, мәжбүрлеу), сондай-ақ ерікті келісімдер (мыс., үкімет, кәсіподақтар, кәсіпкерлер одақтары арасындағы келісімдер).
Бірақ
өзінше жұмыс істейді және барлық
элементтер келісуді талап етеді.
Қаржы құқығы қаржы саясатын қалыптастыру
мен жүргізудің тетігі болып табылады
және экономикалық саясаттыққа әсер етеді.
Қаржы механизмдерін қалыптастыра отырып,
мемлекет сол бір кезеңнің қаржы саясаты
талаптарына оның толығырақ сәйкестігін
қамтамасыз етуге тырысады, бұл саясаттың
мақсаттары мен міндеттерін толық жүзеге
асырудың кепілі болып табылады.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде
қаржы механизмін жетілдірудің міндеттері
өндірісті кеңінн демократияландырумен,
коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді
ендірумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне
экономикалық ынталылықты күшейтумен
байланысты болып отыр. Ақшалай табыстарды,
қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану
арқылы қаржы механизмі шаруашылық жүргізудің
түпкілікті нәтижелеріне белсенді түрде
әсер етеді.
Экономиканы
реттеудің басты мазмұны
Фискалдық саясат мақсаты.
Ел экономикасының өнімділігі мен оны әртараптандыруды арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу мақсатында салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру.
Міндеттері
1. Салық-бюджет жүйесінің орнықтылығын
қамтамасыз ету, фискалдық тәртіпті арттыру,
мемлекеттік шығыстардың қалыпты қатаң
саясатын жүргізу және ұлттық қордың активтерін
тиімді басқаруды жүзеге асыру.
2. Экономикаға салық жүктемесін оңтайландыруға,
салықтық рәсімдерді оңайлатуға және
олардың ашықтығын арттыруға бағытталған
салық саясатын жүргізу жолымен шаруашылық
жүргізуші субъектілер мен халықтың іскерлік
белсенділігінің өсуін ынталандыру.
3. Бюджет қаражатының мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық
саясаттың негізгі міндеттерін шешуге
жұмсалуын қамтамасыз ету.
Шешу
жолдары
Салық-бюджет жүйесінің макроэкономикалық
тұрақтылығын және орнықтылығын қолдау
үшін мыналар көзделеді:
орта мерзімді кезеңде экономика өсімінің
номиналды қарқынынан аспайтын мемлекеттік
бюджет шығыстары өсімінің номиналды
қарқынын қамтамасыз ету;
бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығын
бірте-бірте төмендету;
Ұлттық
қордың активтерін басқарудың тиімділігін
арттыруға бағытталған
мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген
қарыз бен борышты, мемлекеттің кепілгерліктерін
тиімді басқару, оның ішінде сыртқы қарыздарды
мерзімінен бұрын өтеу, бюджет тапшылығын
қаржыландыру құрылымында сырттан қарыз
алу үлесін азайтудың жолымен мемлекеттік
борыш құрылымын оңтайландыру.
Салық салудың қолданыстағы жүйесін талдау
мен бағалау және әлемдік тәжірибе негізінде
елдегі іскерлік белсенділіктің өсуін
ынталандыру мақсатында мыналар көзделеді:
орта мерзімді кезеңде салық ауыртпалығын
заңды тұлғалардың кірістерінен жеке
тұлғалардың кірістеріне халықтың әлеуметтік
осал топтарына жүктеме деңгейін арттырмастан
кезең-кезеңімен қайта бөлу бойынша салық
заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау;
кедендік және салық әкімшілігін жүргізу;
салық және кедендік рәсімдерді одан әрі
оңайлату және олардың ашықтығын арттыру;
2008 жылдан бастап экономиканың шикізаттық
емес секторында шағын және орта бизнестің
жобалары бойынша инвестициялық салықтық
преференциялар алудың хабарлау жүйесін
енгізу.
Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық
саясаттың негізгі бағыттарын тиімді
шешуге арналған бюджет шығыстарын бағдарлау
үшін мыналар көзделеді:
стратегиялық, орта мерзімді және бюджеттік
жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттерін
ықпалдастыру;
бюджетті жоспарлау және атқару процесін
бюджеттік шығыстардың тиімділігі мен
нәтижелілігіне, тиімсіз шығындарды қысқартуға
бағдарлау;
бюджетті қалыптастыру мен атқару процесінің
ашықтығын қамтамасыз ету;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне
бюджеттік тәртіпті сақтау бойынша қойылатын
талаптарды күшейту;
бюджет ақшасын (қолма-қол ақшаны) басқарудың
сапасын арттыру.
Нәтижелері
Салық-бюджет саясаты тетіктерінің, бюджет
шығыстарының тиімділігін арттыру, мемлекеттің
қаржылық міндеттемелерін толық орындау.
Қаржылық
реттеудің басты мазмұны
Мультипликаторлардың іс
1) мемлекет шығыстарының көбеюі;
2) салықтардың төмендеу
3)
мемлекеттің шығыстары
Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:
1) мемлекет шығыстарының азаюы;
2) салықтардың көбеюі;
3) бұл бағыттардың үйлесуі.
Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.
Дискредициялық емес фискалдық саясат акцентті рыноктық өзін-өзі реттеуге қоя отырып, мемлекеттің қаржы үдерістеріне аз араласуын ұйғарады.
Дискредициялық
емес фискалдық саясат автоматты, ягны
кіріктерме тұрақтандырғыштардың (кіріктірме
тұрақтылық) механизмі негізінде
іс- әрекет етеді. Бұл жағдайда экономикалық
циклдің әр түрлі фазаларында
салықтық алынымдардың сомасы ұлттық
өнімнің мөлшеріне тепе-тең
Автоматты
тұрақтандырғыштардың іс-әрекетінің маңызды
ерекшелігі бюджет тапшылықтары мен
артығын реттеу болып табылады: бюджет
тапшылығы өрлеу фазасында
Практикада тепе-теңдік моделдерде қаралған тәуелділіктер қосымша факторлардың әсерін бастан кешіреді:
1)
фискалдық саясаттың
2)
ығыстыру әсерінің іс-әрекеті,
бұл ақша рыногында пайыздық
мөлшерлемелердің өсуімен
3)
сұранымды ынталандыру жиынтық
ұсынымға әсер етеді, бұл
4)
ашық экономикада ұлттық өндірі
Сондықтан
ынталандырушы фискалдық
Қаржылық-экономикалық реттеуде фискалдық және монетарлық саясаттардың өзара әрекеттерін қарастыру қажет.
Монетарлық саясат өзге құрамдас бөліктерден басқа ұлттық валюта бағамына - төмен (арзан ақшапар) және жоғары (қымбат ақшалар) - ықпал жасау бойынша шаралар жүргізуді кіріктіреді.
Өндірістің құлдырауы, жұмыссыздық және өндірістік қуаттарды жеткіліксіз пайдалану кезінде монетарлық өкіметтерге арзан ақшалар саясатына жүгінуі керек. Арзан ақшалар саясаты кредитті арзан және жеңіл қолжетерлік етеді. Ақшалай ұсынымды көбейту үшін орталық банк белгілі бір құрамдастырымда мынадай іс-әрекеттерге кіріседі:
1)
ашық рынокта банктер мен
2) резервтік норманы төмендету;
3)
қайта қаржыландыру
Нәтижесінде коммерциялы
Керісінше, егер ақшалай ұсынымның көбеюі сұраным инфляциясын тудырса, орталық банк қымбат ақшалар саясатына иек артады. Қымбат ақшалар саясаты кредитке қолжетерлікті азайтады және оның шығындарын көбейтеді. Орталық банк бірқатар құрамдастырымда мынадай іс- әрекетке кіріседі:
1)
ашық рынокта депозит мекемелер
2)
алдын ала жазып қойылатын
резервтік норманы көбейту
3)
қайта қаржыландыру
Мұның салдарынан пайыздық мөлшерлеменің артуын тудыра отырып, ақшалай ұсыным қысқарады. Пайыздық мөлшерлеменің өсуі жиынтық шығыстарды азайта отырып және сұраным инфляциясын шектей отырып, инвестицияларды қысқартады.
Ашық
экономика жағдайларында бұл
себептік-салдарлық
Құлдырауды әлсіретуге бағытталған арзан ақшалар саясаты ел ішінде пайыздық мөлшерлемені азайтады. Бұл елге қаржылық капиталдың ағынын азайтады. Демек, шетелдік вапюта рыноктарында оның құнсыздануын тудыра отырып: шетелдік валютаны сатып алу үшін ұлттық валюта көбірек қажет болады, ұлттық валютага сұраным түседі. Бұл ел азаматтары үшін шетел тауарларының қымбат бола бастағанын және керісінше, шетелдіктер үшін отандық тауарлардың арзан бола бастағанын білдіреді.
Нәтижесінде импорт қысқарады, ап экспорт ұлғаяды, немесе таза экспорт жиынтық шығыстар мен тепе-тенді ТҰӨ көбейеді.
Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеудегі фискалдық саясат