Экономиканы мемлекеттік реттеудегі фискалдық саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 17:07, реферат

Описание работы

Экономиканы мемлекеттік реттеу - мемлекет әлеуметтік-экономикалық жүйеге ықпал ету мақсатымен өзінің түрлі деңгейдегіинституттары арқылы жүзеге асыратын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық силаттағы шаралар жүйесі. Ол ұлттық экономикадағы жағдайға және әлемдік шаруашылықтың даму үрдісіне талдау жасау жолымен әзірленетін белгілі бір мемлекеттік саясатқа негізделеді. Түпкі мақсаттар және оларға жету жолдары айқындалады. бұл үшін жанама және аралық мақсаттар тұжырымдалады, сонан соң олардың баспалдақтары, мақсаттар "шежіресі" жасалады. Мемлекеттік саясаттың дәстүрлі мақсаттары: тұрақты экономикалық өрлеу, бағаның тұрақтылығы (инфляцияны бақылау), жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейде болуы (жұмыссыздықтың төмендігі), сыртқы экономикалық тепе-теңцік (төлем теңгерімінің актив сальдосы, валюта бағамының тұрақтылығы). Мақсаттар тұжырымдалғаннан кейін Экономиканы мемлекеттік реттеудің оларға қол жеткізуі үшін қажет тетіктер мен құралдар айқындалады. Экономиканы мемлекеттік реттеу экономикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады, олар: ақша-несие саясаты, салық-бюджех тетіктері, экономиканың мемлекеттік секторын, мемлекеттік жоспарлау мен бағдарламалауды пайдалану. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ажырағысыз бөлігі — әкімшілік құралдар (тыйым салу, рұқсат беру, мәжбүрлеу), сондай-ақ ерікті келісімдер (мыс., үкімет, кәсіподақтар, кәсіпкерлер одақтары арасындағы келісімдер).

Работа содержит 1 файл

Экономиканы мемлекеттік реттеу.docx

— 46.32 Кб (Скачать)

       Банк резервтерінің артық болуы, яғни Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтікталаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқгы резервтеудің альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциялдық нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын еңтөменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

       Әлемдік тәжірибеде, міндетті резервтердің ете жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал еңтөменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

       Ұлттық  Банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың пруденциалдық нормативтерді орыңдауына байланысты еңтөменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге мынадай екі тәсіл қолданады:

       міндетті  резервтер;

       резервтеудің  альтернативтік тәртібі.

       Резервтік талаптарды орындайтын банктерге Ұлттық Банк орташа айлық қайта қаржыландыру мөлшерлемесінін. 50% көлеміндетеңгедегі резервтер бойынша, ал еркін алмастырылатын валютадағы резервтік талаптар бойынша Лондондағы депозиттер нарығындағы (LIVID) бір айлық депозиттің орташа өлшемді мөлшерлемесінің 50 % көлемінде пайыз төлейді.

       Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің «Ең  төменгі резервтік талаптар туралы»  ережесіне сәйкес банктерді мүмкін және күтпеген шығындардан сақтау үшін екінші деңгейдегі банктер Ұлттық Банк белгіленген резервтік талаптардың нормаларын орындауы міндетті.

       Осыған  байланысты 2004 жылдан бастап, банктер ай сайын резервтік талаптарды орындау туралы есеп береді. Ең теменгі резервтік талаптардың көлемі, банктің банктерден басқа заңды және жеке тұлғалардың алдындағы барлық депозиттік міндеттемелерінен белгіленген пайыз мөлшерінде анықталады. 

       Банктердің  ең төменгі резервтік талаптарды орындаудың екі әдісі қолданылды:

       Баламалы  — ай сайын қаражаттардың резервтік  активтерде орналастыру, ондағы резервтік  активтердің орташа айлық сомасы айдың әрбір жұмыс күніндегі  депозиттік міндеттемелердің орташа айлық  сомасынан пайыз түрінде есептелінетін  еңтеменгі резервтік талаптардың  орташа айлық көлемінен кем болмауы керек.

       Балшасыз  — қаражаттарды Ұлттық Банктегі резервтік шотта орналастыру, ол шоттың қалдығы айдың бірінші жұмыс күні бойынша депозиттік міндеттемелердің пайыз түрінде есептелген мөлшерінде ең төменгі резервтік талаптарға тең болуы қажет.

       2006 жылы ең төменгі резервтік талаптар бұрынғы 6% деңгейінде сақталғанына қарамастан, ең төменгі резервтік талаптарды есептеубазасы кеңейді және резервтік активтердің тізбесі қысқарды.

       2006 жылың 12 шілде айынан бастап, міндетті резерв нормасын белгіленетін банктік міндеттемелер құрылымы төмендегідей түрлерге өзгертілді:

       банктердің  ішкі міндеттемелері бойынша міндетті резерв нормасын 6% деңгейінде белгілеу. Мұндағы банктің ішкі міндеттемелері қайтару мерзіміне байланыссыз резиденттердің алдындағы банктің міндеттемелерінің сомасын сипаттайды.

       банктердің  өзге де міндеттемелері бойынша міндетті резерв нормасы — 8%-ға белгіленді. Мүндағы  банктің өзгеде міндеттемелері бейрезвдент  алдындағы банктің міндеттемелері мен резидентгік белгісіне байланыссыз қарыздық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерінің сомасын білдіреді.

       Ашық  нарықтағы оперяциялар — бұл Ұлттық Банктің айналыстағы ақша массасының келемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялары.

       Бұл біршама ақша массасын, коммерциялық банктердің етімділігі және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді.

       Ұлттык  Банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың  резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге  несие беруді және ақша шыға- руды ынталандыру мақсатында Ұлттық Банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады. 
 
 
 
 

       Айналыстағы акша массасына ықпал ету мақсатында ҚҰБ айналысқа өзінің кысқа мерзімді ноталарын шығарады. Қысқа мерзімді ноталарды орналастыру ҚҰБ-мен қысқа мерзімді ноталармен операциялар жасау туралы келісімшарт жасаған және нақты ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқық беретін бағалы қағаздар нарығында, брокерлік және диллерлік қызметті жүргізуге арналған лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының қатысушылары арқылы жүзеге асырылады.

       Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының басты бағыттарына және қаржы  нарығының конънктурасына сәйкес және бекітілген қысқа мерзімді ноталарды  шығару шарттарына сай аукционға  қатысушылардың өтініштерін қанағаттандыруға құқылы.

       Қазақстан Ұлттық Банкісінің алғашқы агенттерімен келісім бойынша айналысқа шығарылған қысқа мерзімді ноталарды мерзімінен бұрын өтеуге немесе айналыстан толық  не жартылай алуға құқығы бар.

       Алғашқы агенттер аукционға қатысуға өтініш беру ұсынысын екі түрде жасайды: бәсекелестік және бәсекелестік емес.

       Қазақстан Ұлттық Банкі бәсекелестік емес сипаттағы өтінішті қанғаттандыруды, қаржы нарығының конънктурасына сәйкес аукционның шартын хабарлау арқылы алғашқы агенттерге және бейрезиденттерге қысқа мерзімді ноталарды сату көлемінің үлесің дербес түрде анықтайды.

       Аукционды өткізу барысында бастапқы кезекте аукционның шартында хабарланған шекте бәсекелестік емес ұсыныстары бар өтініштерді қанағаттандырады.

       Осылайша, Ұлттық Банк ноталарды зейнетақы  активтерін инвестициялау құралы ретіндегі тартымдылығын қысқарту және қысқа мерзімді мөлшерлемелер арқылы қаржы нарығындағы ахуалды реттеуге біртіндеп көшу жөніндегі ниетін жүзеге асыруды жалғастырады.

       Валюталық интервенция деп ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында Ұлттық Банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.

       Отандық банктік тәжірибемізде 1999 жылдың 4 сәуір айына дейін немесе еркін өзгермелі бағам режиміне өткенге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық нарықтағы интервенциялау саясаты алтын-валюта резервтері есебінен жүзеге асырылды.

       Еркін өзгермелі бағам режиміне өткенен  кейін де Қазақстан Ұлттық Банкі  ұлттық валютаның айырбас бағамының  алыпсатарлық өзгерістерінежол бермеу мақсатында валюталық интервенциялауды қолданылып отырғаны жасырын емес. Соған байланысты аталған бағам режимін басқарылатын режим деп қарастырған дұрыс болады. Еркін өзгермелі бағамға өтуге біздің ұлттық валюта бағамының шетел валютасына қатысты тұрақсыздығы мүмкіндік бермейтіні сөзсіз.

       Ұлттық  Банктің валюталық нарықтағы  интервенциясы дербес түрде кез  келген банктер және валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады.

       Мұның салдарынан алтын-валюта резервінің құнсыздану қаупі туындады. Осындай жағдайларды  болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ішкі валюта нарығында сатып алушы ретінде қатысып, алтын-валюта резервінің ұлғаюына септігін тигізді. Бұл жерде бір нәрсені естен шығармаған жөн, яғни Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ішкі валюта нарығындағы сұраныстан артық шетел валютасын сатып алған кезде, айналысқа артық ақша эмиссияланады жөне ол ақшаның құнсыздануына жол береді. Осындай теріс салдарларды болдырмау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «стирилизациялау» құралын пайдаланып отыр. Яғни, айналысқа шығарылған артық ақша көлемінде өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарып, артықақшаны айналыстан алып отырды.

       Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау  және басқару түрлерінің , нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде  және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік  бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын  қалыптастыру және пайдалану жөніндегі  қаржы қатынастары басқарылады.  
Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақты нәтижелерге – қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен сфераларындағы қоғамдық өнімдерінің, матриалдық емес игіліктердің, қызметтер көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнының құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады.  
Қаржы механизмі- экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді.  
Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Ол кезегінде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді.Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті органдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.  
Қаржы механизмінің элементі- бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айрықша түрде білінеді.  
Әрбір элемент біріңғай қаржы механизмінің құрамды бөлігі болып табылады.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеудегі фискалдық саясат