Экономиканы мемлекеттік реттеудегі фискалдық саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 17:07, реферат

Описание работы

Экономиканы мемлекеттік реттеу - мемлекет әлеуметтік-экономикалық жүйеге ықпал ету мақсатымен өзінің түрлі деңгейдегіинституттары арқылы жүзеге асыратын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық силаттағы шаралар жүйесі. Ол ұлттық экономикадағы жағдайға және әлемдік шаруашылықтың даму үрдісіне талдау жасау жолымен әзірленетін белгілі бір мемлекеттік саясатқа негізделеді. Түпкі мақсаттар және оларға жету жолдары айқындалады. бұл үшін жанама және аралық мақсаттар тұжырымдалады, сонан соң олардың баспалдақтары, мақсаттар "шежіресі" жасалады. Мемлекеттік саясаттың дәстүрлі мақсаттары: тұрақты экономикалық өрлеу, бағаның тұрақтылығы (инфляцияны бақылау), жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейде болуы (жұмыссыздықтың төмендігі), сыртқы экономикалық тепе-теңцік (төлем теңгерімінің актив сальдосы, валюта бағамының тұрақтылығы). Мақсаттар тұжырымдалғаннан кейін Экономиканы мемлекеттік реттеудің оларға қол жеткізуі үшін қажет тетіктер мен құралдар айқындалады. Экономиканы мемлекеттік реттеу экономикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады, олар: ақша-несие саясаты, салық-бюджех тетіктері, экономиканың мемлекеттік секторын, мемлекеттік жоспарлау мен бағдарламалауды пайдалану. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ажырағысыз бөлігі — әкімшілік құралдар (тыйым салу, рұқсат беру, мәжбүрлеу), сондай-ақ ерікті келісімдер (мыс., үкімет, кәсіподақтар, кәсіпкерлер одақтары арасындағы келісімдер).

Работа содержит 1 файл

Экономиканы мемлекеттік реттеу.docx

— 46.32 Кб (Скачать)

       Экономиканы мемлекеттік реттеу - мемлекет әлеуметтік-экономикалық жүйеге ықпал ету мақсатымен өзінің түрлі деңгейдегіинституттары арқылы жүзеге асыратын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық силаттағы шаралар жүйесі. Ол ұлттық экономикадағы жағдайға және әлемдік шаруашылықтың даму үрдісіне талдау жасау жолымен әзірленетін белгілі бір мемлекеттік саясатқа негізделеді. Түпкі мақсаттар және оларға жету жолдары айқындалады. бұл үшін жанама және аралық мақсаттар тұжырымдалады, сонан соң олардың баспалдақтары, мақсаттар "шежіресі" жасалады. Мемлекеттік саясаттың дәстүрлі мақсаттары: тұрақты экономикалық өрлеу, бағаның тұрақтылығы (инфляцияны бақылау), жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейде болуы (жұмыссыздықтың төмендігі), сыртқы экономикалық тепе-теңцік (төлем теңгерімінің актив сальдосы, валюта бағамының тұрақтылығы). Мақсаттар тұжырымдалғаннан кейін Экономиканы мемлекеттік реттеудің оларға қол жеткізуі үшін қажет тетіктер мен құралдар айқындалады. Экономиканы мемлекеттік реттеу экономикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады, олар: ақша-несие саясаты, салық-бюджех тетіктері, экономиканың мемлекеттік секторын, мемлекеттік жоспарлау мен бағдарламалауды пайдалану. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ажырағысыз бөлігі — әкімшілік құралдар (тыйым салу, рұқсат беру, мәжбүрлеу), сондай-ақ ерікті келісімдер (мыс., үкімет, кәсіподақтар, кәсіпкерлер одақтары арасындағы келісімдер).

       Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.

       ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетелвалюталарына қатысты түрактылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясяты—бұл айналыстағы ақша массасын, несиекөлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жуйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.

       Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және колма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

       Шаруашылық конъюктурасынын, жағдайына байланысты ақша- несие саясатының екі түрі болады:

       Рестрикциялық ақша-несие саясаты;

       Экспанцондық  ақша-несие саясаты.

       Рестрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шартбелгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

       Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудыңәлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.

       Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты  көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық Банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде.

       Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-несие  саясатын (бұдан әрі — АНС) жүргізуші  болып табылады. Нақтырақ айтсақ ақша-несие  саясатының бағдарламасын және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ҚҰБ Басқармасы анықтайды, ал Директорлар кеңесі оны жүргізеді және өзге ресми мөлшерлемелерді белгілейді. Сонымен қатар АНС-ның жүзеге асырылуына ҚҰБ-нің ақша-несие саясаты жөніндегі Техникалық комитеті тікелей жауап береді. Техникалық комитет әр апта сайын АНС-на байланысты мәжіліс өткізеді жәнеұсыныстар жасайды. Оның құрамы 13 мүшеден: басшы, екі орынбасары, төрт департамент директорлары, төрт басқарма бастықтары, Төрағаның кеңесшісі және Қаржылық қадағалау агенттігінен бір өкіл кіреді.

       АНС-ның  мақсаты — инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. 2004 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолданып отырған ақша-несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді. Тікелей құралдар (несиебағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған):

       несиенің  бағасын (Р — сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу;

       коммерциялық  банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу.

       Жанама  құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналаған):

       ашық  нарықтағы операциялар;

       міндетті  резервтік талаптар;

       несиелеуге  және вексельдерді қайта есепке алуға  байланысты операциялар.

       Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс-жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелерінбелгілеу, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.

       Ұлттық  Банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:

       ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;

       ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме;

       РЕПО  және кері РЕПО операциялары бойынша  сыйақы мөлшерлемесі;

       «овернайт»  займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;

       овер  драфт займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

       банктерден  тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

       Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі—  ақша нарығының жалпы жағдайына  несие бойынша сұраныс мен  ұсынысқа,инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді.

       Ұлттық  Банкінің заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.

       Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі — ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық Банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдық пайыздық мелшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.

       РЕПО  және кері РЕПО операциялары бойынша  сыйақы мөлшерлемелері — жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржынарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлесінен ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерін реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелерінің елеулі ауытқуын болдырмау.

       «Овернайт»  заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттык Банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.

       Овердрафт заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері — Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҮБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытшаболмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолданылады.

       Банктерден  тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктердің уақытша бос қаражаттарын тартуға байланысты қолданылады.

       2005 жылғы 1 кыркүйектен бастап тікелей  репо операцияларын жүргізу практикасы, сондай-ак мерзімдері 1 жүмыс күнінен  аспа- ғандықтан «овернайт» және  «овердрафт» заемдарын ұсыну  уақытша тоқтатылды.

       Ең  төменгі резервтік талаптар. Ақшалай  нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салымиелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау максатында Ұлттық Банк ең төменгі резервтік талаптар тетігін қолданады. 
 
 
 
 
 

       Резервтік талаптар ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама акшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялық банктердің депозиттерін сактандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация үдерісін реттеу қызметтерін атқарады.

       Ақша-несие  саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген Қазақстан Республикасынын, коммерциялық кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы нұсқауға сәйкес, бастапқыда міндетті резерв нормасы депозиттік міндеттемелердің 18—20% мөлшерінде бекітілген болатын. Кейіннен оның мөлшері 6%-ға дейін темендеді.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеудегі фискалдық саясат