Басшылық пен билік

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 11:50, курсовая работа

Описание работы

Билік адамдар қауымдастығын белгілі бір тұтастыкқа ұйымдастырады. Ол осы қауымдастық өзінің тіршілік әрекетін іске асыратын әлеуметтік кеңістікті қалыптастырып, қауымдастық агенттері арасыңдағы әлеуметтік қатынастардың дамуы мен олардың қажеттіліктерінің кднағаттануына қолғабыс етеді.

Содержание

Кіріспе
І Билік ұғымы туралы түсінік
1.1. Биліктің шығу тегі мен функциялары
1.2. Биліктің легитимділігі және саяси билік
ІІ Басшылық
2.1 Басшылық ұғымының түсінігі
2.2 Басқару тәсілдері
2.3. Көшбасшы (лидер)
2.4. Басшылық сипаты
ІІІ Адамдарды басқару және топтарды басқару.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс.docx

— 82.15 Кб (Скачать)

   Билікке келгеннен кейін билік құрушы субъект өз әрекетін легитимдендіру үшін әр түрлі формалар мен тәсілдерді іздестіреді. Ол референдумдар өткізіп, өзінің іс-әрекетінде олардың шешіміне сүйенеді, Конституцияға өзгерістер енгізеді, өз өкілеттігінің кеңеюіне қол жеткізуге тырысады, билік құрылымдарын жетілдіреді, заңдар шығарады, өзінің әлеуметтік базасын кеңейту және оппозицияны оқшауландыру, оның әлеуметтік ықпалын әлсірету мақсатында әрқилы әлеуметтік шаралар өткізеді. Оппозиция биліктің өрекетін мұқият бақылап, олардың легитимділігін жокқа шығарады, конституциялық нормалардың, қабылданған зандардың қатаң сақталуын талап етеді. Мұның барлығы қоғамның демократиялық саяси мәдениетінің дамуына септігін тигізеді, нарықтық қатынастар жүйесіне сай келетін қоғамның саяси құрылымын қалыптастырады. Легитимділік туралы мәселенің сыртқы аспектілері де бар. Билік біріктірген ассоциативтік қауымдастық субъект-субъектілік қатынастардың мейлінше кең жүйесінде субъект ретінде көрінуі мүмкін. Оның бұл «сыртқы саяси іс-әрекеті» осы кең жүйеде қабылданған нормаларға сай келуі, басқа субъектілердің мүдделеріне, құқықтарына нұқсан келтірмеуі қажет. Баска ассоциативтік қауымдастықгардың мүдделерін бұзатын билік құрушы субъект, оның әрекеттері, акциялары заңды деп танылмауы да мүмкін.

 

 

Биліктің түрлері:

   Биліктің жүзеге асырылу тәсіліне және құрылысына қарай басқару түрі және мемлекеттік құрылысы болып бөлінеді.

   Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді.Соған байланысты мемлекет монархиялық республикалық болып екіге бөлінеді.

   Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке – дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға  мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін.

   Монархиялық өз кезугінде абсолюттік және конституциялық болып бөлінеді.Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парлаентен шектеледі.

   Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.

   Республика президентік, парламенттік және аралас болып үшке бөлінеді.Президенттік басқару, әдетте, мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлауы мүмкін. Егер президентті парлам ент немесе оның негізінде құрылған коллегия сайласа, оны “парламенттік президент “ дейді.

   Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке  бағынады.    Онда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, с ауданы реттейді, халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, соғыс аша алады, әскерді қамтамасыз етеді және т.б.

   Республиканың үшінші түріне аралас  республика жатады. Мұнда республикалық та, парламенттік те түрлердің белгілері кездеседі.Үкіметке екі жақты жауапкершілік жүктеледі. Республиканың классикалық ондай түріне Франция жатады.

   Билік басқару түрімен қатар құрылысына қарай да ерекшеленеді. Ол унитарлық, федеративтік, конфедеративтік болып үшке бөлінеді.

   Унитарлық құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ.

   Федерация деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың  бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруын айтады. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі.

    Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін  үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Онда жалпыодақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәріне міндетті заң шығаруғы билік болмайды.

   Саяси билік бар жерде тенсіздік бар. Мұнла біреулер билеуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. 
Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Мысалы: сайлау науқаны уақытында көп қаржы жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат жетістпегендіктен шетелдерде үміткерлер жеке бай адамдардың бірлестіктердің көмегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты ұстап тұру үшін көп қаражат керек. Және үкімет басына келушілер өз реформаларын ала келеді. Мысалы: АҚШ президенттері Ф.Рузвельт "Жаңа бағыт", Дж. Кеннеди "Жаңа шеп", т.с.с. Экономикалық қорға қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа да материалдық құндылықтар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары, т.б. жатады. 
   Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдарды топтастырады. Ондай рөлді ең алды мен оның мәртебелі, абыройлы, көптеген жеңілдіктерді пайдаланатын қызметкерлері орындайды. 
   Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура. т.б. жатады. 
   Ақпарат құралдары. Радио, теледидар. баспасөз,т.с.с. ақпарат құралдары өз елдеріндегі жағдайларды ғана емес, дүние жүзінде не болып не қойып жатқанын көріп-біліп отырады. Шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялық партиялары бар елдерде ақпарат құралдарының маңызы арта түседі. Ақпараттық қор. Білім мен ғылым мағлұматтарын алу, оларды тарату бүгінгі күні алдыңғы қатарлы орынға шығуда. 
 
   Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Олар: 
1. Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру. 
2. Оның саяси жүйесін қалыптастыру. 
3. Әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару. 
4. Үкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау. 
5. Саяси және басқа қатынастарды бақылау. 
6. Белгілібір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты құру. 
7. Қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау. 
8. Дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу. 
9. Қоғамдық келісімге, мәмілеге келу. т.с.с.  
   Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, қызмет етеді: 
1.  Жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей. 
2.  Орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шенбердегі жергілікті әкімшілік билік кіретін орта деңгей. 
3.  Адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей., 
   Ал демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару мақсатында, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі деп үш тармакқа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк(1632 - 1704)пен француз ғалымы Ш.Л. Монтескье (1689 - 1753) болды. 
   Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және әскермен қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын анықтайды. Конституция атынан оның жұмысына арнайы органдар бақылау жасайды. 
Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды, ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады. 
   Сот билігі адамдардың құқығын қорғайды, заң бұзушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялы жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады. 
Биліктің бейнесін, қоғамдағы рөлін, қызметін және болашағын бағалау үшін оны жүйелеп, топтастырудың мәні зор. Билік түрлері өзара байланысты бірқатар белгілермен өзгешеленеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Басшылық

2.1     Басшылық ұғымының түсінігі.

 

   Басшылық пен қолбасшы (лидерлік) жеке адамдар арасындағы басқару аспектісі болып саналады, сол арқылы бағыныштылар кәсіпорынның мақсатын әрі оған жету үшін неғұрлым тиімді және қолайлы ықпал етуді білуі мүмкін.

Басқару қызметі – бұл  басқару қызметінің белгілі бір  тұтастан мазмұнға ие болған оқшауланған  бөлігі, яғни бұл басқару қызметінің мамандандырылған бөлігі.

   Басқарудың мамандығын қызметінің біріңғай тұтас синтезделуін және интеграциялауын басшылық деп атайды.

   Басшы өзіне негізгі 2 міндеттің жүктелгенін білуі тиіс: адамдармен жұмыс істеу және басқару жүйесін ұйымдастыру. Олар өзара байланысты.

   Басшының мақсаты басқалардың өзіне бекітілген жұмысты орындалуына ықпал ету. Басшы еңбегін таңдауға түрткі болатын ықпалдар төменгі кестеде келтірілген. Осы қызметтің орындау үшін оның өзінің формальды өкілеттілігі мен қоса билігі болған қажет.

   Билік – бұл басқалардың жүріс-тұрысына ықпал ету мүмкіндігі.

Басшы еңбегін таңдауға түрткі болатын ықпалдар (А. Эрлих бойынша)


Экономикалық ықпалдар                                                                                                                                                                                                                                                              Беделдік формальды отрибуттарына ие болуға тырысатын   ықпалдар (жеке жұмыс кабинеті, сәнді мебелдер, телефон, көмекшілер, автомашина, т.б.)


          Қоғамдық ықпалдар – мұның мәнісі оның формальды    отрибуттарына ғана емес, “қоғамның тануына ие болуына” тырысу. Қоғамға пайда келтіретініне сезіну.


          Творчестволық ықпал және ой өрісін дамытуға тырысу – бұл жаңа проблеммаларды шешуге жаңаша жұмыс істеуге ұмтылу.


           теріс ықпалдар – жазалаудан талқылаудан сөгістен қауіптену


 

   Ұйымның әр түрлі бөлімшелеріндегі басшы өзінің тікелей бастығына, қол астындағылары мен әріптестеріне тәуелді.

   Шындығына келгенде осы топтар басшының маңайына топтасқан адамдардың бір бөлігі. Осы адамдардың жәрдемінсіз басшы өз қызметін ойдағыдай жүзеге асыра алмайды.

   Ықпал ету мен билік жүргізу ықпалы ететін жеке адамдарға сондай-ақ нақты жағдайларға және де басшының қабілетіне байланысты. Адамдар басшыға неғұрлым тәуелді болса, оның билігі де соғұрлым көп болады.

   Басшының қол астындағылар жалақыны көтеру, жұмыс тапсырмасын алу, қызмет бабындажоғарылау, өкілеттілігін ұлғайту әлеуметтік мұқтажын қанағаттандыру секілді мәселелерде сол басшысына тәуелді болатындықтан, басшының қол астындағыларға толық билігі бар.

   Екінші жағынан, қабылданған шешімдердің жүзеге асуы, өндірістік тапсырмалардың дер кезінде орындалуы басшылық қол астындағыларға тікелей байланысты болатындықтан, кейде бұлар да басшыға билік жүргізе алады.

 

 

 

    1.   Басқару тәсілдері

 

    Басқару үшін ықпал ету қажет. Ал ықпал ету үшін билік керек. Билік орындаушылардың белсенді талаптарына физиологиялық талабы, қорғалу талабы, әлеуметтік талабы, құрметтеу талабы ықпал етуге негізделген. Ықпал етудің барлық нышандары басқа адамның тілегін орындауға түрткі болады.

 

 

Тренг пен Рейвеннің  жіктеуі бойынша биліктің негізгі 5 нышаны болады:

  1. Мәжбүр етуге негізделген билік қорқыту арқылы ықпал ету сонда ғана тиімді болады егер ол мықты бақылау жүйесімен нығайтылатын болса әдетте бұған көп шығын кетеді.

 

  1. Көтермелеуге негізделген билік. Бұл қорқытып билік жүргізуге қарағанда, едәуір ықпалды, әрі жұмыс сапасы біршама жақсарады. Кейде қандай көтермелеудің тиімділігі болатындығын айқындау қиын.

 

  1. Эксперттік билік ықпал етуінің арнайы білімі барына сол есепті тиісті. Мұқтажын қанағаттандыратынына орындаушы сенеді. Технология күрделілігі мен ұйым көмегі артып отарған жағдайда орындаушыға сенім арту барған сайын тиімді бола түсуде.

 

  1. Эталондық билік (үлгі билігі) ықпал етудің мінез-құлқы немесе қасиеті тартымды болатыны соншалық орындаушылар соған еліктеуге, сондай басшы болуға тырысады.

 

  1. Заңды билік ықпал етудің бұйрық беруге қатысы бар екендігін орындаушы мойындайды, әрі оның міндеті-бағыну керектігін түсінеді.

 

   Барлық басшылар заңды білікті пайдаланылады, өйткені оның өзі басқа адамдарды басқаруға өкілдік береді. Биліктің осы 5 негіздері басшының негізгі құралы болып саналады. Сол арқылы ол ұйымның мақсатына жету үшін қол астындағыларға жұмысты орындауды міндеттей алады.

 

 

2.3.    Көшбасшы (лидер)

 

   Әдетте бейресми топтарға ұжым мүшелері арасында беделі бар, іске қабілеті бар адамдар көшбасшылық етеді.

   Әлеуметтік психологияда шағын топтағы көшбасшылар деп, мақсатқа жету мақсатында топқа, жетекшілік ететін, басқа топ мүшелерімен өзара қарым-қатынас арналатын адам қызметін айтады.

    Топ қызметкерлерінде көшбасшы ұғымына сипаттама бергенде мынадай жағдайлар бөліп қарастырылады.

  1. Көшбасшыны қызмет орнына ресми түрде ешкім ұсынбайды. Ол басшылық позицияны топтың ашық немесе жабық келісімімен атқарады.
  2. Топ қабылдаған нормалар мен құнды бағдарламалар жүйесі көшбасшының қолдауымен жүзеге асырылады.
  3. Топ өміріндегі арнайы, алайда біршама мәнді жағдайларда көшбасшы тиісті рөл атқарады.

Көщбасшының біршама сапалы ерекшеліктері бар:

    • инециативолығы мен белсенділігі басқалардан біршама жоғары.
    • Ұйымдастыру қызметінде тәжірбесі мен дағдысы бар:
    • Топ ісіне мүдделі адамдарға үйір, әрі өзінің мінез-құлқымен үлгі өнеге көрсете білетінтопта беделді болуы тиіс.

 

Көшбасшының 2 түрі бар.

 

      1. Инструменттік. Көшбасшы адамдар тобына-міндет пайда болғанда топ мүшелері осы жұмысты атқара алатын жетекшіні көрсетеді
      2. Эмоционалдық. Көшбасшы – бұл маңдай алды жақсы адам.

    Бірақ оларды осы 2 ерекшелікке бірдей ие болатын адамдар сирек кездседі.

Бейресми топта көшбасшы болу мүмкіндігінің айқындаушы факторлары мыналар: жасы, лауазымдық орны, кәсіптік біліктілігі, жұмыс орнының орналасуы, жұмыс айқындауы аймаймағында еркін  әрекет етуі және ықыластығы.

   Көшбасшыға дәл сипаттама беру топ жүйесінде қабылданған дәстүрге байланысты. Мыс: кейбір бейресми ұйымдарда ересек жасты көшбасшы қолайлы болса, басқаларда керісінше болуы мүмкін.

   Бейресми көшбасшының негізгі қызметі топтың негізгі мақсаттарына жетуге жәрдемдесу әрі оны нығайта түсу.

  Көшбасшы – бұл қызметті жүзеге асыру үшін топтың мақсатардыгбелгілеп, соның, орындалуын бақылайды, адамдарға жәрдемдеседі. Ол сарапшы реттік қызмет етеді. Адамдарға қажет болатын жағдайлар одан ақыл-кеңес алады.

   Топты сыртқы ортамен таныстырады, топ ішіндегі қарым-қатынасты реттейді.

 

 

 

2.4.    Басшылық  сипаты

 

   X, Y теориясы. Адам факторларына ерекше көңіл бөлген ғалымдардың бірі Мак-Грегор. Ол өзінің белгілі кәсіпорындардың адамгершілік жақтары кітабында басшылықтың өктемшілік (автокатиялық және либералды демократиялық) түрге ажыратып көрсетеді. Ол жұмыскерлерге өктемшілік (автокатиялық) басшылықты Х тнориясы деп атайды. Бұл тнория бойынша өктнмшіл басшылар өзінің қарамағындағылар туралы былай ойлайды:

Информация о работе Басшылық пен билік