Қазақстан Республикасының «Сертификаттау туралы» заңы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 16:56, курсовая работа

Описание работы

Сертификаттау латыншадан аударғанда «дұрыс жасалған» «деген ұғымды білдіреді. Ол үшін қандай талаптар қарастырылып отырғанын, сол талаптарға сәйкестігін бақылаудың түрін анықтап алу қажет.
Бақылаулар, негізінен сынақ зертханаларында іске асырылады.Берілген талаптарға сәйкестік дәрежесін жүйелі түрдегі тексеруді сәйкестік багасы деп атайды.
Сәйкестік бағасын «үшінші жақтың» сынақтан өткізуінің нәтижесі бойынша анықтайды. «Тасымалдаушы» (бірінші жақ) мен «сатып алушыларға» (екінші жақ) тәуелсіз қызмет орнын «үшінші жақ» деп атаймыз.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................2
І. ҚЫЗМЕТ ЕТУДІ СЕРТИФИКАТТАУ
1.1 Қызмет етуді сертификаттау..................................................................4
1.2 Сертификаттаудың мақсаты мен принциптер......................................6

ІІ. СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасының «Сертификаттау туралы» заңы............7
2.2 Экологиялық сертификаттау..................................................................8


ІІІ ҚЫЗМЕТТІ СЕРТИФИКАТТАУ СЫЗБАЛАРЫ
3.1 Қызметті сертификаттау сызбалары .....................................................9
3.2 Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарга қойылатын талаптар………………………………………………………………..........12


ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................15

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................16

Работа содержит 1 файл

таза реф кыз сер.docx

— 56.50 Кб (Скачать)

3.2 Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарга қойылатын талаптар 
1. Сертификаттау жөніндегі нормативтік қүжаттар белгілейтін талаптар ғылымның, техника мен технологияның қазіргі заманға сай жетістіктеріне негізделуі, халықаралық (аймақтық) стандарттардың талаптарына сәйкес келуі, өнімді пайдаланудың, үрдістерді, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындаудың шарттарын ескеруі тиіс. 
Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптары, халықаралық саудада қосымша кедергі келтірмеуге тиіс. 
Нормативтік құжаттарда регламенттелген сертификаттау ережелері мен рәсімдері отандық өнім үшін де, оның шығу тегіне қарамастан, бірдей болуға тиіс. 
Сертификаттау саласындағы құжаттарды әзірлеу барысында олардың жобаларының мәтіндері, заңмен қорғалатын құпия болып табылатын ақпаратты қоспағанда, талқылау және мүдделі мемлекеттік басқару орындарының, жеке және заңды тұлғалардың ескертпелер мен ұсыныстар дайындауы үшін бұқаралық ақпарат құралдарында немесе стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның арнаулы басылымдарында жарияланады. 
Сертификаттау жөніндегі құжаттар жобаларына ескертпелер мен ұсыныстар дайындауды қарау тәртібі мен мерзімін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгілейді. 
2. Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу үшін негіз ретінде халықаралық техникалық регламенттер мен стандарттар қолданылуы тиіс, бұған олардың адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейіне, елеулі технологиялық мәселелерге байланысты тиімсіз немесе жарамсыз болу жағдайлары кірмейді. 
3. Міндетті сертификаттауға жататын өнімге арналған нормативтік құжаттарда олар бойынша міндетті сертификаттауда жүзеге асырылатын талаптар, осы талаптарға сәйкестік бақылаудың әдістері, өнімді таңбалаудың ережелері, ілеспе құжаттамаға енгізілетін сертификаттау туралы ақпаратқа қойылатын талаптар болуы тиіс. 
 
2.4. Сертификаттау саласындағы мемлекеттік бақылау және сертификатталған өнімдерге, үрдістерге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге инспекциялық бақылау 
Сертификаттау ережелерінің сақталуын және сертификатталган өнімнің сапасын мемлекеттік түргыдан қадагалау 
1. Сертификаттау ережелерінің сақталуына, сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган стандарттау және сертификаттау туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырады. 
2. Сертификаттау ережелерінің сақталуына және сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалау барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалар (шетелдік ұйымдарды қоса алғанда) мен жеке тұлғаларды әзірлеу, өндіру, беру, өткізу, айналыста (пайдалануда) болу, сақтау, тасымалдау, кәдеге жарату сатыларында жүзеге асырылады. 
Сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ зертхана (орталыгының) қызметін мемлекеттік тұргыда бақылау 
1. Сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар мен сынақ зертхана (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган немесе оның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелері заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. 
2. Сертификаттау жөніндегі органның немесе сынақ зертханасының (орталығының) қызметінде сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, оны алты ай мерзімге дейін тоқтата тұруга құқығы бар. Тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұрған себептер жойылганнан кейін, тіркеу аттестатын қайта қолдана бастайды. 
Тіркеу аттестатының күшінде болу мерзімі ішінде нормативтік кұжаттар талаптарын қайталап бұзғаны анықталған жағдайда стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша сот тіркеу аттестатының күшін жоюы мүмкін /8/ 

Сертификаттау саласында мемлекеттік қадағалауды және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары 
Сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалауды және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертхана орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың; 
Қызметтік куәліктері мен жұмыстарды жүргізуге арналған нұсқамаларды көрсеткен кезде сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасын мемлекеттік қадағалауға немесе сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертхана (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылауға кедергісіз қол жеткізуге; 
Жеке және заңды тұлғалардан сертификатталған өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасына мемлекеттік қадағалау және сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертхананың (орталықтарының) қызметіне мемлекеттік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуга және алуға; 
Нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес, жұмсалған үлгілердің құны мен сынақтар (талдаулар, өлшеулер) жүргізуге арналған шығындарды тексерілетін объектілер өндірісінің шығысына жатқыза отырып, өнімнің сәйкестігін бақылау үшін оның сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүргізуге; 
Стандарттау және сертификаттау туралы заңдарды бұзған жеке және заңды тұлғаларға заңдармен белгіленген құқықты ықпал ету шараларын қолдануға құқығы бар. 
Сертификатталган өнімді, үрдістерді, жұмыстардыц және қызмет көрсетулерді инспекциялық бақылау 
Сертификатталған өнімдерді, үрдістерді, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді инспекциялық бақылауды сертификаттау жөнін нормативтік құжаттарды белгіленген тәртіппен сертификат жөніндегі органдар жүргізеді. 
Сертификаттау туралы заңдарды бұзганы үшін жауаптылық 
Жеке және заңды тұлғалар, барлық меншік нысанындағы үйымдардың лауазымды адамдарды сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны үшін заңдарға сәйкес жауапты болады. 
 
2. 5. Сертификаттаудың маңызды мәселелері, өнімдерді сертификаттау 
Өнімдерді сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі бойынша міндетті түрде сертификаттау (импорттық өнімдерге де) бекітілген. 
Біртекті өнімдерді өзіндік ерекшеліктері бойынша сертификаттау жүйесі келісімді тәртібін жасайды. 
Тәртіп, өнім сипаты таңдап алынған сертификаттау құрылымы бойынша, сертификатталған өнім нормалық құжаттың қандай талаптарына сай келуін, сертификаттау жұмысы қандай кезекпен жүргізілуін және оның маңызын анықтайды. 
Сертификаттау тәртібі ИСО/МЭК нұсқауларының жалпы принциптеріне сай болуы керек. 
Сертификатталатын кезінде тексерілетін тауардың сипаты (параметрлері) мына нышандарға қарай таңдап алынады: 
-өнімнің бірдейлігін анықтау мүмкіндігі (белгілі-бір өндіріс партиясына жатады); 
-тапсырылған өнімнің техникалық күжатына сэйкестігі; 
-алынған параметрлер қауіпсіздік нормасын, экологиялық өнімге нормалық құжаттарда бекітілген талаптарға сәйкес толық және шын анықталуы; 
заң актілеріне сәйкес, міндетті сертификаттауда, басқа талаптарды көрсететін қажетті параметрлерді анықтау. 
Сертификаттау құрылымын таңдап алғанда өнімді өндірген өндірістің, сынақтың, тапсырудың, нақты өнімнің пайдасының ерекшеліктері еске алынады. Сертификаттау құрылымы Мемлекеттік стандартпен немесе өкілетті сертификаттау органдарымен анықталады. 
Өз еркімен сертификаттауда өтініш беруші сертификаттау кұрылымын таңдап алып сертификаттау органына ұсынады. 
Өнімді сертификаттау тәртібі 
1. Сертификаттауга өтініш беру. Өтініш беруші өтінішін сертификаттау органына, ол жоқ болса ҚР Мемстандарт комитетіне береді. Сертификаттау органы өтінішті қарап, өтініш берушіге сертификаттауды қандай орган жүргізетінін хабарлайды. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер беріледі. 
2. Үлгі алу, бірдейлігін анықтау және сынақ жүргізу. Сынақ үлгісін аттестатталған сынақ зертханасы немесе сертификаттау органдарының өкілетті мекемелері жүргізеді. Сынақтан өткен үлгі сертификаттау жүйесінің нақты өнімге тарайтын ережесі бойынша сақталады. 
3. Өндірісті багалау. Таңдап алынған сертификаттау құрылымы бойынша өндірістің жағдайы немесе сапа жүйесінің сертификаты талданады. Өндірісті бағалау тәсілі сәйкестік сертификатында көрсетіледі. 
4. Сәйкестік сертификатын беру. Өнімнің сапасы жөніндегі сынақ хаттамасы, өндірісті бағалау нәтижесі және басқа құжаттар сертификаттау органында талданылып, өнімге қойылатын талаптарға сәйкес немесе сәйкес емес екендігі туралы тұжырым жасалады. Бағалау нәтижесі жөнінде эксперттің қорытындысы жасалып, оң шешім болганда сертификаттау органы сәйкестік сертификатын береді. Өнімге қауіпсіздігі жөнінде арнаулы талаптар (санитарлық, ветеринарлық т.б.) қойылатын болса, сертификат тек қана арнаулы сертификаты (гигиеналық, ветеринарлық, фитосанитарлық т.б.) болса ғана беріледі. 
Сертификаттың пайдалану мерзімін сертификаттау органы бекітеді, бірақ 3 жылдан көп болмауы керек. 
5. Сәйкестік белгісін пайдалану. Дайындаушы сертификаттау органынан лицензия алып, сертификатталған өнімді сәйкестік белгісімен белгілеу кұқын алады. 
6. Инспекциялық бақылау. Сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау сертификат мерзімінің ішінде жүргізіледі, бірақ жылына 1 мәртеден аз болмауы керек. 
1 - құрылым - аккредитацияланған зертханада типтік үлгілі тауар партиясын ғана сынайды. Бүл күрделі конструкциялы өнімдерге тарайды. 
2 - құрылым - аккредитацияланған зертханада сату орнындағы, сатылатын өнімнен (тауарды) алынган үлгіні сынақтан өткізеді. 
3 - құрылым - дайындау орнындағы дайын өнімді сақтау қоймасынан алынған үлгіні сынау зертханасында сынайды. 
4 - құрылым - типтік үлгіні сынау үшін дайындау орнынан да сату орнынан да алады. 
5 -құрылым - типтік үлгіні сынау, өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттау. Инспекциялық бақылаудың сертификатталған сапа жуйесін (өндірісті), сатушыдан, дайындаушыдан алынған үлгіні сынаумен бірге жүргізеді. 
6 -құрылым - сертификаттау органына өтініш декларация беріліп сәйкестік белгісіне лицензия алады. Бұл құрылым өндірістегі сапа көрсеткішін сертификаттау үшін жасалады. 
7 - құрылым - тауар партиясын сынау үшін қолданады. 
8 - құрылым - әрбір өнімді сынауды өткізуді қамтиды. 
9-10 құрылымдар - дайындаушының өтініш-декларациясы бойынша инспекциялық бақылау жүргізеді.  
Құрылымды пайдалану: 
1 - құрылым - отандық азғантай мөлшердегі шығарылған өнімдерге және аз мерзімге шығарылған импорттық тауарларға арналады. 
2 - құрылым - ұзақ мерзімге қойылатын импорттық өнімдерге арналады. 
3 -құрылым - сертификатталғаннан кейінгі ұзақ мерзімде бірқалыпты жағдайдағы өнім сапасына арналады. 
4 -құрылым — инспекциялық бақылауды өткізу, міндетті жағдайда пайдаланылады. 
5-6құрылым - өндірілетін өнім қоспасына қатаң талап қойғанда пайдаланылады. 
7-8 құрылымдар — бір рет қойылатын өнімдерге арналады. 
9-10 құрылымдар - кіші кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлерге жарамды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                   Қортынды

Қорта айтатын болсақ ,стандарттау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырудағы уақыт талабына сай ерекшеліктер мен басты бағыттар мына жағдайларға байланысты:

-Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімді орындау қажеттілігіне.

-Мемлекеттік  стандарттау жұмыстарын тек қана  мемлекеттік бюджеттен ғана емес, басқа да бюджеттен тыс қаржы  көздерінен (шаруашылық субъектілерінің  қаржысынан) қаржыландыру, т.б.

Алдағы  уақытта мына мәселелерді  шешу қажет:

1) Стандарттау жұмыстарын басты бағыттарда қарқынды дамыту. Басты бағыттар ретінде саналады:

-экология және қауіпсіздік (бірінші кезекте балалар тағамдарын, адамдарға токсикологиялық әсер ету мүмкіндігі зор тамақ өнімдерін, аса қауіпті техника түрлерін стандарттау мәселелері шешілуі қажет);

-ақпараттың  технологиялар;

-ресурстарды  үнемдеу;

-тұтынушылардың  құқығын ңорғау мақсатында өнім  сапасын нормативті құжаттармен  қамтамасыз етуді жетілдіру;

-бухгалтерлік есеп пен банк жұмыстарын стандарттау;

-мүліктерді  бағалау қызметін стандарттау.

2) Стандарттау  саласында техникалық заңдылықтарды  қалыптастыру.

-нақтылы өнім  топтары мен түрлеріне немесе  іс-қимылдарға стандарттау, метрологиялық  жабдықтау және сертификаттау жұмыстарын жүргізу ерекшеліктерін айқындап беретін заңдылық актілерін жасау;

-заңдылық актілеріне - заңдарды, ҚР Үкіметінің қаулыларын, т.б. (ДСҰ қолданылатын техникалық регламенттердегідей), яғни нақтылы талаптарды (нормативтерді) енгізу.

3) Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы үшін қажетті жағдайларды орындау. Бұл үшін стандарттау саласында жасалуға тиісті:

-отандық стандарттарды  халықаралық стандарттармен үйлестіру;

-ДСҰ мүше мемлекеттерімен тығыз ақпараттың байланыс орнату;

-қолданыстағы  мемлекеттік стандарттар қорын  жаңарту.

Мемлекеттік стандарттар қоры ескіріп отырады. Мысалы, Ресейде 60%-дан астам мемлекеттік стандарттар (олардың көбі біздің елде де қолданыста) 1986 жылға дейін қабылданған. Оңтайлы жаңарту деңгейі шамамен 10-12% (ЕО, АҚШ, Жапония) болуы керек.

4) Еркін стандарттардың  рөлін арттыру.

Ұсыныс түріндегі  талаптарға негізделген еркін стандарттар өнімнің (қызметтің) бәсекелесу мүмкіндігін көтеру үшін қолайлы. Елімізде еркін стандарттарға жаппай өту (шетел тәжірибелеріне сәйкес) біртіндеп жүргізілуі керек. Өйткені, ол үшін: өнімнің қауіпсіздігін және сапасын заңдылық негізде реттеу көлемін кеңейту қажет, шаруашылық субъектілерінің келісімшарттарында, басңа да коммерциялық құжаттарында стандарттарға сілтемелер кеңінен қолданылуы керек.

4. Жаңа стандарттарды  дайындауды қаржыландыру үшін бұл жұмысқа шаруашылық субъектілерін және шетел инвесторларын кеңінен қатыстыру қажет.[ 
 
 
 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 Акишев К., Дарибаева Г. Стандарттау, метрология  және сәйкестікті бағалау: Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008. - 256 бет.

Қазақстан Республикасының  «Сертификаттау туралы» заңы

"Казахстанская  правда" 2010 жылғы 23 қазандағы №  281-282 (26342-26343); "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 9 қарашадағы № 461-468 (26311)

А.Қ. Смағұлов және т.б.. Стандарттау. Оқу құралы. —  Алматы. 2005ж.

К. Сағадиев, А. Смағұлов және т.б. Сертификаттау. Оқулық.—  Алматы. 2000ж.-209б.

    «ҚР техникалық реттеу туралы» заңы. 

Информация о работе Қазақстан Республикасының «Сертификаттау туралы» заңы