Қазақстан Республикасының «Сертификаттау туралы» заңы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 16:56, курсовая работа

Описание работы

Сертификаттау латыншадан аударғанда «дұрыс жасалған» «деген ұғымды білдіреді. Ол үшін қандай талаптар қарастырылып отырғанын, сол талаптарға сәйкестігін бақылаудың түрін анықтап алу қажет.
Бақылаулар, негізінен сынақ зертханаларында іске асырылады.Берілген талаптарға сәйкестік дәрежесін жүйелі түрдегі тексеруді сәйкестік багасы деп атайды.
Сәйкестік бағасын «үшінші жақтың» сынақтан өткізуінің нәтижесі бойынша анықтайды. «Тасымалдаушы» (бірінші жақ) мен «сатып алушыларға» (екінші жақ) тәуелсіз қызмет орнын «үшінші жақ» деп атаймыз.

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................2
І. ҚЫЗМЕТ ЕТУДІ СЕРТИФИКАТТАУ
1.1 Қызмет етуді сертификаттау..................................................................4
1.2 Сертификаттаудың мақсаты мен принциптер......................................6

ІІ. СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасының «Сертификаттау туралы» заңы............7
2.2 Экологиялық сертификаттау..................................................................8


ІІІ ҚЫЗМЕТТІ СЕРТИФИКАТТАУ СЫЗБАЛАРЫ
3.1 Қызметті сертификаттау сызбалары .....................................................9
3.2 Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарга қойылатын талаптар………………………………………………………………..........12


ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................15

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................16

Работа содержит 1 файл

таза реф кыз сер.docx

— 56.50 Кб (Скачать)

8/ сәйкестік белгісі – мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелеріне сәйкес қолданылатын, осы өнімнің, процестің, жұмыстың, қызмет көрсетудің нақты стандартқа немесе басқа нормативтік құжатқа сәйкес екендігін, қажет сенімнің қамтамасыз етілетінін көрсететін белгіленген тәртіппен қойылған белгі;

9/ инспекциялық бақылау – сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың тарапынан сертификаттклған өнімнің, процестің, жұмыстың, қызмет көрсетудің белгіленген талаптарға сәйкестігіне бақылау жасау;

10/ өнімнің бірдейлігі – белгілі бір өнімді өндіру, оның айналасы, пайдаланылуы саласында айырым белгілері бойынша біркелкі танылуын қамтамасыз ететін рәсім;

11/ сынақ зертханасы – өнімнің құжат талаптарына сәйкестілігін жүргізетін орталық;

12/ сертификаттау жөніндегі нормативтік құжат – сертификаттау жөніндегі қызметтің алуан түрлеріне немесе оның нәтижелерін қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды белгілейтін стандарттау туралы құжат;

13/ өнімді, үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі орган – мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген тәртіппен, белгілі бір қызмет саласында сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тіркелген заңды тұлға;

14/ мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімі – сәйкестік сертификаттарын, сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларын, сертификаттау жөніндегі сарапшы аудиторларды, сертификаттау саласындағы нормативтік құжаттарды тіркеу есебінің құжаты;

15/ сертификаттау -- дайындаушы мен тұтынушыға, сатып алушыға тәуелсіз мекеменің өніміне, жұмысына қызмет көрсетудің нормативтік құжаттарының белгіленген талаптарға сәйкес жазбаша растауы;

16/ сәйкестік сертификаты – мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелері бойынша берілген өнімнің, жұмыстың, техникалық регламенттің, стандарттың немесе өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін көрсететін құжат;

17/ тауардың шығу тегінің сертификаты – өнімнің шығарылған және куәландырылған құжаты;

18/ сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудитор – белгілі бір қызмет саласында сертификаттау немесе тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аттестатталған маман.

2-бап. Сертификаттау туралы заңдар

  1. Сертификаттау туралы заңдар осы Заңнан және ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
  2. Егер ҚР-сы бекіткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.

3-бап. Сертификаттаудың мақсаттары

Сертификаттаудың  негізгі мақсаттары мыналар болып  табылады: адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау, өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін  қамтамасыз ету;

Өнімдер мен  қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде  тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

Саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтық бәсекелестік қабілетін  қамтамасыз ету;

Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар нарықтық қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық  саудаға қатысуы үшін қажетті  жағдайлар жасау. 
 

Экологиялық сертификаттау 

Экологиялық сертификаттау (Экологическая сертификация) — қызметтің немесе өнімнің белгіленген экологиялық талаптарға сәйкес келетіндігінің арнайы актімен хатталып расталуы. Экологиялық сертификаттаудың негізгі мақсаты, қоршаған ортаны төмен дәрежеде ластайтын, өнімнің тұтынушының өміріне, денсаулығына және қоректену ортасына залалсыздығына кепілдік бере алатын, өнімдер мен тауарлардың технологиялық процестерін енгізуді қамтамасыз ететін өндірушілерді ынталандыру үшін көрсетілетін қызмет.Бүгінгі таңда Қазақстанда экологиялық сертификаттау нөлдік жағдайда қалып отыр.Қазіргі жіктеу бойынша, осы салаға жататын объектілер үш топқа бөлінеді:

  1. өнім, процестер, жұмыстар мен қызметтер, олар туралы экологиялық талаптар мемлекеттік стандарттарга енгізілген және ҚР «Сертификаттау» заңына сәйкес міндетті түрде сертификаттаудан өтеді;
  2. ҚР мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережесі бойынша, экологиялық ерекшелігіне байланысты сертификаттауға жатпайтын объектілер;
  3. сертификациялық және нормативтік талаптары әлі жасалынбаған қоршаған табиғи орта (биосфера, атмосфера, гидросфера, литосфера).

Қоршаған табиғи орта жағдайын бағалаудағы түсінбеушілік  салдарынан алғашқы екі объектіні  сертификаттаудың дамуы тежелуде. Оның себебі мынада: Республикадағы қоршаған орта сапасын анықтауға әр түрлі  ұйымдар, яғни, табиғат қорғау органдары, бақылау органдары, жергілікті өзін-өзі  басқару органдары, табиғат пайдаланушылар, академиялық және сапалық ғылыми-зерттеу  институттары, ғылыми орталықтар қатысады.Әр түрлі мекеменің бағалау мәліметтері түрліше болғандықтан, оларды салыстыру қиындық туғызады. Мәліметтердің дәлдігіне, олардың кәсіптік, техникалық және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі де әсерін тигізеді. Сондықтан, қателердің бағасы өте жоғары болмас үшін, экологиялық сертификаттау объектілерінің анық топталуы қажет.

Экологиялық сертификаттау  объектілері төрт түрге бөлінеді:

  • қоршаған табиғи орта объектілері;
  • қоршаған ортаны ластау көздері;
  • табиғатты қорғауға арналған өнімдер;
  • экологиялық ақпарат ресурстары, өнімдер және технологиялар.

Экологиялық сертификаттаудың өзекті мәселесі - қалдықтар. Бұл жағдайдағы сертификаттау қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлерін болдырмау және оларды мүмкіндігінше қосымша шикізат көзі ретінде пайдалануға бағытталған. Қазақстанда қалдықтардың түрлері мен категориялары үшін халықаралық стандарттарды тікелей қолдану жүйесін дамытудың маңызы зор. Себебі ол сапа жүйесі мен өндірісті сертификаттаумен тікелей байланысты.Экологиялық жаңа өнім түрлері мен процестерін сараптау мәселелеріне көп көңіл бөлініп жатқан жоқ. Олар үшін нормативтік құжаттарға сәйкес талаптар енгізу керек.Экологиялық сертификаттауға халықаралық ұйымдардың назары ауып отырғанын айта кеткен жөн.Экологиялық таңбалау және тіркеу мәселелерімен халықаралық ИСО (стандарттау бойынша халықаралық) ұйым айналысады.  
 

                           Қызмет көрсетуді сертификаттау 
 
Қызметті сертификаттау кезінде қызмет көрсету көрсеткіштері тексеріледі және сынақ әдістері қолданылады, олар:

  1. қызмет көрсету идентификациясын өткізу, сонымен қатар жіктемелік топтамаға жатуын, техникалық құжаттарға сәйкестігін (үлгі-моделіне, техникалық сипатқа және т.б.);
  2. нормативті құжаттарда бекітілген талаптарға сертификатталатын қызметтердің сәйкестігін растауды мүмкін етеді;

Қызмет көрсетулерді сертификаттау келесі кезедерден тұрады:

  1. Ұйымға сертификаттауға өтініш беру;
  2. Сертификаттау сызбасын таңдау;
  3. сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды өткізу үшін ұ йым мен өтінішберуші арасында келісім шарт жасасу;
  4. қызметті сынақтан (тексеруден) өткізу және қызмет көрсету үрдісін, орындаушы шеберлігін, өнеркәсіптің аттестатталуын, сапа менеджмент жүйесін сертификаттауын бағалау;
  5. алынған шешмідерді талдау және сертификатты беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;
  6. берілген сертификатты реестрде тіркеу;
  7. сертификатты беру;
  8. сертификатталған қызметті инспекциялық бақылау (сертификаттау сызбасына байланысты)
Сызба нөмірі Орындаушы мастерствосын бағалау Қызмет көрсету  үрдісін бағалау өнеркәсіпті аттестациялау Менеджмент  жүйесін сертификаттау Қызмет көрсету  нәтижесін таңдамалы тексеру Инспекциялық  бақылау
1 2 3 4 5   6
1 +       + қызмет көрсету  нәтижесін тексеру*
2   +   +   Қызмет көрсету  үрдісінің тұрақтылығын бақылау
3         + қызмет көрсету  нәтижесін таңдамалы тексеру
4     +   + қызмет көрсету  нәтижесін таңдамалы тексеру*
5       +   Қызмет көсрету  үрдісінің тұрақтылығын бақылау

Ескертпе 
-материалдық емес қызметтерді сертификаттау әлеуметтік әдіспен іске асырылады. 
 
Қызметті сертификаттау сызбаларын қолдану 
 
1. 1Сызбасы қызметті орындаушы/көрсетуші шеберлігін бағалауын көрсетеді. Оның құрамына: жұмыс жағдайын, технологиялық нормативті құжаттаманы білуін, жұмыс тәжірибесін, біліктілік деңгейін арттыру туралы мәлімет және қызмет көрсету нәтижесін (жөнделген, тазартылған және басқа ды бұйымдар) таңдамалы тексеруі кіреді, сонымен қатар одан кейінгі инспекциялық бақылау кіреді. 
 
Сертификаттауға кішігірім кәсіпорын мен кәсіпке-азаматтармен көрсетілетін қызметтерді қолдану ұсынылады. 
 
2. 2 Сызба қызмет көрсету үрдісін бағалау болып табылады, ол екі тәсілмен іске асырылады: 
технологиялық үрдіс, орындаушы шеберлігі, қызмет ету шарттарын тексеру; 
менеджмент жүйесін бағалау. 
 
Инспекциялық бақылау қызмет көрсету үрдісінің тұрақтылығын бақылау жолымен іске асырылады. 
Технологиялық үрдісті бақылауда төменде көрсетілгендер тексеріледі:

  1. технологиялық құжаттаманың толықтығы;
  2. орындалатын техникалық үрдіс талаптарына жабдықтың сәйкестігі;
  3. орындаушы квалификациясының орындалатын техникалық үрдіс талаптарына сәйкестігі;
  4. технологиялық әдістеменің сақталуы;
  5. жабдықпен қамтамасыздандырылу, өлшеу-бақылағыш құралдардың орындалатын технологиялық үрдіс талаптарына сәйкестігі;

 
Менеджмент жүйесін бағалауда тексерілетіндер:

  1. сапа саласындағы саясат;
  2. сапа бойынша басшылық;
  3. менеджмент жүйесі элементтерінің бекітілген талаптарға сәйкестігі;
  4. сапа салаларындағы бекітілген мақсаттарға жету жағынан менеджмент жүйесінің тиімділігі.

 
Өтінішберушіде менеджмент жүйесіне сертификаттардың бар болу жағдайында менеджмент жүйесін бағалау өткізілмейді. 
 
3. 3 Сызба қызмет көрсету нәтижелерін кең түрде тексеруді көрсетеді. 
Сызба материалды қызметті сертификаттауда (жеке тапсырыс бойынша өнімді өндіру және жөндеу) пайдалыналы алады. 
 
Инспекциялық бақылау қызмет нәтижесін таңдамалы тексеру жолымен іске асырылады. 
 
4. 4 Сызба өндірісті аттестациялауды көздейді, оның құрамына: материалды-техникалық базаның жағдайын, тұтынушаыға қызмет көсретідің санитарлық-гигиеналық шарттарын; қызметтің көптүрлілігі мен сапасын, сонымен қатар мақсаттық және қосымша қызметтерді; қызметтің уақытында көрсетілуін; қызмет көрсету сапасы (этика общения, комфортность, эстетичность, тұтынушы сұраныстарын есептеу); қызмет көсрету персоналының мамандық шеберлігін тексереді. Қонақ үй, мейрамхана, шаштараз, кинотеатр және т.б. сертификаттауында қолдануғы ұсынылады. 
 
Өнеркәсіпті бағалау нәтижесі жалпы алғанда разрядты (категория, класс, жұлдызша) берумен бағаланады. 
Инспекциялық бақылау әлеуметтік әдістерді қолданумен іске асырылуы мүмкін. 
 
5. 5 Сызба менеджмент жүйесін сертификаттауды көрсетеді және оның жұмыс істеуінің тұрақтылығын инспекциялық бақылауы көрсетіледі. Басқару жүйесін сертификаттау ҚР техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің нормативтік құжаттарына сәйкес менеджмент жүйесі бойынша сарапшы-аудиторларды тартумен сәйкестікті растау бойынша органмен іске асырылады. Қызмет көрсетудің барлық түрлерін сертификаттауда қолданыла алады. Ескерту-материалды емес қызметтерді сертификаттау сарапшылық немесе әлеуметтік бағалау жолымен іске асырылады.
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстан Республикасының «Сертификаттау туралы» заңы