Аккредитивтер мен есеп айырысу

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 17:49, курсовая работа

Описание работы

Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізіңде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі.— бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты — қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.

Содержание

ЖОСПАР
Кіріспе 4
1. Кәсіпорындағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы 5
1.1. Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері 5
1.2 Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз етудегі қаржы менеджментінің ролі 7
1.3 Қаржы менеджменті және маркетингтік саясаттың өзара байланысы 8
2 Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін талдау 11
2.1 Кәсіпорынның нарықтағы жағдайды талдауы 11
2.2 Кәсіпорын өнімінің бәсекелестік қабілетін талдау 14
2.3 Кәсіпорынның тиімді баға стратегиясын қалыптастыру 18
3 Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің мәселелері 21
3.1 Қазақстандағы бәсекелестіктің негізгі нысандары 21
3.2 Кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыру жолдары 23
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28

Работа содержит 1 файл

каржы менеджментиндеги басекелестик маселеси.doc

— 281.00 Кб (Скачать)

    Баға  стратегиясын таңдау – бұл кәсіпорын  қызметінің өзекті мақсаттарын бағалауға  негізінде баға қалыптасуының стратегияларын таңдау. Жоғарыда келтірілген мәліметтерден  байқағанымыздай, кез-келген кәсіпорын  нарық жағдайларында баға стратегияларын таңдаудың үлкен мүмкіндігіне ие. Кәсіпорынның баға стратегиясының жүйесін қалыптастыратын негізгі екі көрсеткіш – бұл кәсіпорынның мақсаты мен тұтынушылардың сипаттамасы (2.4-кесте). 

2.4-кесте 

Кәсіпорынның  баға стратегиясының жүйесі 

Тұтынушылардың  сипаттамасы Кәсіпорынның  мақсаты
Тұтынушылар катего-риялары арасындағы баға өзгерісі Бәсекелестік  жағдайды пайдалану Тауар ассортимен-тіне байланысты баға қалыптасуы
Тауарды іздестіру шығындары жоғары тұтынушылар Кездейсоқ шегерімдер Бағалармен  белгі беру Кәсіпорынның  даңқына сай баға
Тауардың  пайдалылы-ғын төмен бағалайтын тұтынушылар Мезеттік шегерімдер Нарықа ену  және тәжірибеге сай баға қалыптасуы Номиналдан  жоғары бағалар
Тауар үшін ерекше шығындар жұмсайтын тұтынушылар Нарықтық шегерімдер Географиялық бағалар «Комплект»  баға қалыптасуы
 

    Нақты бір стратегиялық шешімдер қабылдау, әрине, қиын. Әсер етуші факторлардың кейбірлері (іздестіру шығындары, тауардың пайдалылығын бағалау ерекшеліктері) бір мезгілде пайда болуы мүмкін, сол себепті тәжірибеде кәсіпорындар аталған стратегиялардың түрлі байланысын қолдана алады.

    Баға  стратегиясын таңдау, сонымен қатар, заңнамалық негіздерге де байланысты болып келеді. Бәсекелестік деңгейі  төмен кәсіпорындарға немесе нарықтағы  ақпараттардан бейхабар тұтынушыларға  қарсы бағалық қасақана заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін көптеген елдерде кәсіпорындардың баға стратегиясын реттейтін заңдар қабылданған. Бұл заңдар, әдетте, бәсекелестер арасындағы қақтығыстарға және тұтынушыларды кемсіту секілді әрекеттерге бөгет болады. Кейбір заңдарда тіпті баға стратегиясының нақты нұсқалары да белгіленген. Сонымен қатар, ешқандай баға стратегиясы бәсеклестіктің әсерін төмендетпеуі тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    3. Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің мәселелері

3.1 Қазақстандағы  бәсекелестіктің негізгі нысандары

 

    Елімізде  нарықтық қатынастардың дамуы тауарлар нарығында бәсекелестіктің дамуына  да себеп болып отыр. Кәсіпорындар арасындағы нарықтағы бәсекелестіктің  түрлі нысандары да қалыптасып үлгерді: баға бәсекелестігі, тауар бәсекелестігі, баға дискриминациясы және т.с.с. Бәсекелстік нысандарының арасындағы ең кеңінен және, әрине, алғашқы болып,  қалыптасқаны – бұл баға бәсекелестігі.

    Баға  – бұл тұтынушының тауарды  сатып алар кезіндегі ең бірінші  көңіл аударатын қасиеті десек те болады. Тұтынушы ең алдымен тауардың бағасын, содан кейін оның басқа параметрлеріне (сапасына, техникалық көрсеткіштеріне) назар аударады. Сол себепті тауар өндірушілер бәсекелестік күресте оң нәтижелі жетістіктерге жету мақсатында өздерінің баға саясатына көп көңіл бөледі.

    Қазақстандағы баға бәсекелестігінің мысалы ретінде  ұялы байланыс нарығындағы компаниялардың баға саясатын қарастыруға болады. Әрбір компанияның өз өнімінің бағасы соғылған қоңыраудың түріне және уақытына байланысты (3.1-кесте). 

3.1-кесте 

Қазақстандық  ұялы байланыс нарығындағы

компаниялардың  баға саясаты 

    теңге

Сыртқа  соғылған  қоңыраулар K-Cell K-Mobile Beeline Dalacom
30 се-кунд 1 ми-нут 10 се-кунд 1 ми-нут 1 се-кунд 1 ми-нут 1минут
Өз  компаниясының ұялы телефонына 20,8 41,6 7,0 42,0 0,64 38,0 3,0
Қалалық телефонға 26,0 52,0 40,0 0,70 42,0 22,5
Өзге  компанияның ұялы телефонына 26,0 52,0 40,0 0,70 42,0 45,0

*  «Dalakom» компаниясының байланыс станциялары орнатылған қалалар мен елді

   мекендер  үшін ғана. 

    3.1-кестеден байқап отырғанымыздай, ең төмен тариф «Dalakom» компаниясының өз желісі ішінде орнатылған, сонымен қатар қалалық телефондарға қоңырау соғу бағасы да аталған компанияның баға саясатының тартымдылығын көрсетеді. Дегенмен, өзге компаниялардың бәсекелестік саясаты басқа көрсеткіштер бойынша өзіндік артықшылықтары бар. Мәселен, «Beeline» компаниясы барлық телефондарға соғылатын қоңыраулар үшін секундтық тарифтік бағалар орнатқан, ал «K-Cell» компаниясы көрсетілген тарифтерден басқа қосымша жеңілдіктер қарастырады (кешкі уақыттарда байланыс бағасының 75%-ға дейін төмендетілуі және т.с.с.).

    Ұялы  байланыс компанияларының баға бәсекелестігі  олардың өнімдеріне деген бағаның  төмендеуіне алып келді. Алғашқы  кездері ұялы байланыс нарығында  монополистік үстемдік құрған «Алтел» компаниясының қызметі үшін тұтынушылар тіпті қабылданған қоңыраулар үшін де есеп айырысатын, ал уақыт бірлігінің бағасы сол кездері бір АҚШ долларынан асатын.

    Баға  бәсекелестігінің нысаны ретінде бағалық  дискриминацияны қарастыруға болады. Бағалық дискриминация бір тауарға, өндіріс  шығындары көлеміне қарамастан, әр түрлі тұтынушылар үшін түрлі бағалар орнатумен сипатталады. Бұл нарықты тұтынушылардың категориясына қарай, олардың тауарды сатып алу қабілетіне қарай бөлу арқылы жүзеге асады. Тұтынушылардың түрлі категорияларына қарай әр түрлі баға белгілеу нәтижесінде өндірушілер жалпы табысты арттыруға мүмкіндік алады, себебі тауар қымбат және арзан нарықтарда сатылады, ал тауарды өндіруге кеткен шығын бірдей. Бағалық дискриминация саясатының мысалы ретінде «Қазақтелеком» АҚ баға саясатын келтіруге болады (3.2-кесте). 

3.2-кесте 

«Қазақтелеком»  АҚ белгілеген автоматтық қалааралық

байланыс  тарифтерінің коэффициенттері 

Жұмыс уақытының  басталуы Жеке тұлғалар үшін Заңды тұлғалар үшін Мемлекеттік мекемелер үшін
Демалыс және мейрам күндері
1 00.00-03.00 0.85 0.75 0.75
2 03.00-06.00 0.40 0.75 0.75
3 06.00-00.00 0.75 0.75 0.75
Жұмыс күндері
1 00.00-03.00 0.95 0.75 0.75
2 03.00-00.00 0.40 0.75 0.75
 

    Кестеден  «Қазақтелеком» АҚ автоматты қалааралық байланыс қызметтеріне тұтынушылардың категорияларына қарай әр түрлі тарифтер орнатқанын көреміз. Тарифтер апта күніне және тәулік мерзіміне қарай бөлінеді: түнгі сағат 3-тен бастап ең тарифтер қолданылады. Сонымен қатар, компанияның қызметі әр түрлі абоненттерге түрлі бағалар бойынша ұсынылады: мемлекеттік мекемелер мен заңды тұлғаларға байланыс қызметі жеке тұлғалармен салыстырғанда арзанырақ түседі.

    Қазақстанда нарықтық қатынастардың дамуы бүгінде  бәсекелестіктің дамуына тікелей  әсерін тигізуде. Сонымен қатар, бәсекелестіктің елімізде қалыптасып келе жатқан негізгі принципі: «жаңа тауарлардан, жаңа технологиялардан, жабдықтаудың жаңа көздерінен, өндірісті ұйымдастырудың жаңа түрлерінен бастау алу». Қазіргі таңдағы кәсіпорын басшылары мен жеке кәсіпкерлердің басты міндеті - өндірісті жабдықтаудың жаңа көздерін табу, жаңа нарықтарды игеру немесе өз саласын қайта ұйымдастыру арқылы жаңа тауарды өндіру немесе ескі тауарды жетілдіру үшін қолданыста жоқ технологияларды табу және қолдану. Нарықтық даму күтпеген кәсіпкерлік, инновациялық екпінділіктерді қажет етеді. Осы жағдайда ғана бәсекелестіктің динамикалық, кәсіпкерлік бейнесі нарықта жаңа тауарлардың, өндірісте жаңа технологиялардың пайда болуын қамтамасыз етеді.

    Бәсекелестік  күрестегі ауыртпалықтың «жаңа» тауарларды іздестіруге түсуі нәтижесінде еліміздегі нарықтық қатынастардың дамуының тағы да бір бағытын ашылды. Отандық кәсіпорындар арасындағы бәсекелестіктің тағы бір нысаны - өнім бәсекелестігі қалыптасты. Өнім бәсекелестігі дегеніміз – кәсіпорындардың өз өнімін жетілдіруге және сол арқылы тұтынушылардың мұқтаждықтарын барынша қанағаттандыруға, олардың талғамын жаулап алуға бағытталған атсалысы болып табылады. Тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету өнімді дифференцияциялау, яғни оларға қасиеттеріне, сапасына, тағы да басқа параметрлеріне қарай тауардың алуан түрін ұсыну арқылы жүзеге асады.

    Ғылыми-техникалық революция бәсекелестік күрестің ауыртпалығын ғылыми зерттеулер мен жобалар саласына аударуда. Ғылыми-техникалық революцияның қысымымен өндіріс пен тұтынудың техникалық базасы жылдам қарқынмен жаңалануда, өндірілетін өнімдер тоқтаусыз жетілдірілуде, тауар ассортименті толықтырылуда, жыл санап тұтынушылар мен өндірушілер үшін тауар мен технологиялардың бағасы емес, оның сапасы мен сенімділігі басты мәселеге айналып барады. Осы орайда кәсіпорындардың бәсекелестік күрестегі әрекеттері ескі тауарлар нарығын жаулап алып, бәсекелестерді ығыстыру емес, тұтынушыға жаңа тауарлар ұсыну болып табылатындығы көрінеді. Жаңа тауарлар ретінде әлі нарыққа түспеген жаңа тауарлар немесе жетілдірілген ескі тауарлар қарастырылады. Тауарлардың жаңалануы үнемі артып келеді. 

3.2 Кәсіпорындардың  бәсекелестік қабілетін арттыру  жолдары

 

    Бәсекелестік  артықшылықты жаулап алу және оны  сақтау қәсіпорындарды стратегиялық басқарудың шешуші қызметі болып табылатыны мәлім. Нарықтық қатынастардың дамуымен бұл қызметтің ролі мен маңыздылығы артып келеді.

    Бәсекелестер  алдындағы артықшылық негізінен  алғанда инновациялық шаралардың көмегімен  мүмкін болады. Сол себепті кәсіпорын  қызметіне жаңа техникалық және технологиялық элеметтерді енгізу бәсекелестіктің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.

    Кәсіпорындардың дамуындағы қиындықтар, бірінші кезекте, қаржы ресурстарының жетіспеушілігімен  сипатталады. Барлық экономикалық және заңды тұрғыдан мүмкін болатын қаржы көздерінің арасында қарыз қаражаттар ерекше орын алады. Кәсіпорынның ішкі қаражат көздері, яғни табыс пен амортизациялық қорлардың қаражаттары қажетті инвестициялық мүдделерді жүзеге асыруға жеткіліксіз. Таза табыс кәсіпорын иелері арасында бөлінуге түссе, амортизация қорлары істен шыққан құралдарды алмастыруға ғана жетеді, ал алдыңғы технологиялы жаңа құралдарды тұтыну үшін қосымша қаражаттарды талап етеді.

    Несиелік  қаражаттарды кеңінен қолдану бірқатар факторлардың әсерінің нәтижесі деп қарастыруға болады:

  • өндірістік қатынастар жүйесі – экономикалық қатынастардың негізі. Тауар-ақша қатынастары оның тек құрамдас бөлігі болып табылады, ал соңғылары несие нарығының қызмет ету мүмкіндігін анықтайды;
  • кез-келген экономиканың өзегі болып табылатын және экономиканы ұйымдастырудың экономикалық принциптерімен негізделетін қаржы нарығы;
  • өндірістік қорлардың айналымының заңдылығы, нақты капиталдың қызмет етуі;
  • экономикалық тәуелсіз шаруашылық субъектілерінің қызмет етуі.

    Отандық кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыру кәсіпорындардың өз тарапынан және, ең алдымен, мемлекет тарапынан бірқатар шараларды қажет етеді. Қазіргі таңда кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыруға бөгет болып тұрған бірқатар ішкі және сыртқы факторларды қарастыралық.

    Біріншіден, дамыған елдермен салыстыруға келмейтін  отандық кәсіпорындарға мемлекеттік  тарапынан көрсетілетін қолдау. Бірінші  кезекте, бұл жерде ішкі нарықтың дамуына себеп болатын және отандық  тауар өндірушілердің халықаралық  деңгейде мүдделерін қорғайтын мемлекеттік нормативтік құжаттардың, территориялық экспорттық баж салықтары мен жеңілдіктерді керек кезінде қабылдануы түсінуге болады.

Информация о работе Аккредитивтер мен есеп айырысу