Айналым активтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 23:09, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын айналым активтерінің талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның айналым активтерінің талдау жөніндегі сұрақтарды қарастыр-мас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................... 3
1.Кәсіпорынның айналым активтерінің талдаудың теориялық негіздері.
1.1.Кәсіпорының айналым активтерінің мәні мен мазмұны................................5
1.2 Кәсіпорынның айналым активтерінің мақсаттары мен міндеттері..............9
1.3 Кәсіпорынның айналым активтерін қаржылық талдаудің әдістері...............13
2. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау және айналым активтері
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы және оның айналым активтері....................................................................................................................16
2.2. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау....................................................20
2.3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау...........................................23
3. Кәсіпорынның активтерінің дамыту перспекивалары.
3.1 “Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау.....29
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын мен іскерлік белсенділігін дамыту жолдары...............................................................................31
Қорытынды................................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................39

Работа содержит 1 файл

айналым активтери.doc

— 338.00 Кб (Скачать)

Біздің мысалымызда - ол жылдың басында 2,03-ке тең (300475:147795), со-ңында 1,42 (299410:210260) болады. Бұл берілгендерге қарап меншікті капитал тек қана негізгі құралдарды сатып алуға ғана емес, кәсіпорынның қаржылық бе-руінің басқа да активтерін, соның ішінде ағымдағы активтерін сатып алуға да пайдаланылады деуге болады. Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып, мен-шікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айна-лым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Кәсіпорын, бар-лық қарыз каражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады

 

 

       3. Кәсіпорынның активтерінің дамыту перспекивалары.

 

  3.1 “Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау

 

“Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау” параграфында кәсіпорын активтерінің өтімділігі, яғни активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығының төмен екенін анықтадық.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, өтімділігі мен рентабельділігі ең алды-мен ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байла-нысты.

Активтердің өтімділігі туралы мәліметтерге сүйене отырып біз айналым ак-тивтерінің меншікті қаражаттар есебінен қаржыландыруының төмендегенін кө-ре аламыз. Бұл өз алдына кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізуде, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу кезінде кәсіпорын проблемаға тап болады.

Осылайша кәсіпорынның өз жабдықтаушылары мен кредиторлар алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелерін уақытында өтеу мүмкіншілігі төмендейді.

М.А.Федотов өзінің “Кәсіпорынның табысын талдау” атты еңбегінде өтімді-лікті арттырудың келесі әдістерін ұсынады:

а)жарғылық капиталды арттыру;

ә)ұзақ мерзімді заемдар алу;

б)міндеттемелерді қайта құрылымдау;

в)қысқа мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;

г)ұзақ мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;

д)активтерді қайта құрылымдау, сонымен қатар активтердің кейбір бөлігін сату;

е)шығындар мөлшерін азайту, соның ішінде басқару шығындарын (жұмысшы-лардың жалақысын қоса алғанда).

Мен бұл дипломдық жұмыста активтердің өтімділігін арттырудың келесі әдістерін ұсынамын:

1) Қысқа мерзімді қарыздарды ұзақ мерзімді қарыздарға қайта құрылымдау. Бұл әрине өз алдына банктің өзінің несиелік саясатын қайта қарауына, яғни не-сие бойынша пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне алып келеді. Бірақ кәсіпорын осы іс-шаралардың нәтижесінде өзінің өтімділігінің артуына қол жеткізеді.

2) Тауарлы материалдық қорлардың мөлшерін азайта отырып, ақша қаражатта-рының көлемін арттыру. Сол арқылы активтердің абсолютті өтімділігін артты-руға қол жеткізу болады.

Жоғарыдағы айтылған жолдардың  бірінші нұсқасы тиімді және іске асуы оңай болып келеді.

Қысқа мерзімді қарыздарды ұзақ мерзімді қарыздарға қайта құрылымдау қо-сымша ақша қаражаттарын қажет етеді. Ол ақша қаражаттарын қосымша обли-гациялар шығарумен алуға болады.

Осы іс-шараларды іске асыру барысында 2008 жылдың аяғына дейін баланс құрамында өзгерістер күтіледі.

Бірінші әдіс  25 млн. теңгені қысқа мерзімді міндеттемелерден ұзақ мерзімді міндеттемелерге ауыстыруды қарастырады. Бұл жағдайда баланстағы “ұзақ мерзімді міндеттемелер” статьясы 0-ден 25 млн. теңгеге артады, ал “кредитор-лық борыш” 41835 мың теңгеден 16835 мың теңгеге дейін азаяды. Жүргізіліп отырған іс-шараның тиімділігін дәлелдеу үшін баланстың басқа статьялары өз-геріссіз қалады делік.

Сонда жүргізілген іс-шараның нәтижесін төмендегі 4-кестеден көруге бола-ды:

Көрсеткіштер

Өзгеріске дейін

Өзгерістен кейін

Өзгеріс

Меншікті айналым қаражаттары

52 625

67 625

+15000

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

2,2

3,7

+1,5

Аралық өтімділік коэффициенті

0,98

1,68

+0,7

Абсолюттік өтімділік коэффициенті

0,1

0,2

+0,1

     Кесте-4 Қысқа мерзімді міндеттемелерді ұзақ мерзімді міндеттемелерге қайта құрылымдау нәтижесіндегі кәсіпорынның өтіділігі мен төлем қабілеттілігіндегі өзгерістер.

Жалпы осы есептеулерден кейін 25 млн. теңге қысқа мерзімді міндеттеме-лерді ұзақ мерзімді міндеттемелерге қайта құрылымдау бойынша іс-шаралар активтердің өтімділігін арттыратына, яғни тиімді екеніне көз жеткізуге болады.

Екінші әдіс тауарлы-материалдық қорлардың көлемін 25 млн. теңгеге азай-тып, оларды ақша қаражаттарына аударуды қарастырады. Бұл жағдайда баланстағы “ақша қаражаттары” статьясы 5470 мың теңгеден 30470 мың теңге-ге дейін артады, ал “тауарлы-материалдық қорлар” 53600 мың теңгеден 28600 мың теңгеге дейін азаяды.

Жіргізіліп отырған іс-шаралардың тиімділігі төмендегі 5-кестеден көруге бо-лады.

Көрсеткіштер

Өзгеріске дейін

Өзгерістен кейін

Өзгеріс

Меншікті айналым қаражаттары

52 625

52 625

0

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

2,2

2,2

0

Аралық өтімділік коэффициенті

0,98

1,4

+0,42

Абсолюттік өтімділік коэффициенті

0,1

0,5

+0,4

Кесте-5 Тауарлы-материалдық қорлардың көлемін азайту нәтижесіндегі кәсіпорынның өтіділігі мен төлем қабілеттілігіндегі өзгерістер.

Кестеден көріп отырғанымыздай тауарлы-материалдық қорлардың көлемін азайту және оларды ақша аражаттарына айналдыру тек екі көрсеткіштің, яғни аралық және абсолюттік өтімділік коэффициенттерінің өсуіне әкеледі.

Сондықтан бұл әдісті басқа әдістермен біріктіріп пайдалану ұсынылады.

Мен бірінші және екінші әдістерді біріктіріп пайдалануды ұсынамын.

Екі әдісті бірге пайдалану кезіндегі кәсіпорын өтімділігінің артуын төменде-гі 6-кестеден көруге болады.

Көрсеткіштер

Өзгеріске дейін

Өзгерістен кейін

Өзгеріс

Меншікті айналым қаражаттары

52 625

67 625

+15000

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

2,2

3,7

+1,5

Аралық өтімділік коэффициенті

0,98

2,4

+1,42

Абсолюттік өтімділік коэффициенті

0,1

0,9

+0,8

Кесте-6 Екі әдісті қатар пайдаланудың нәтижесіндегі кәсіпорынның өтіділігі мен төлем қабілеттілігіндегі өзгерістер.

Кесте мәліметтерін қорытындай келе екі әдісті қатар пайдалану кәсіпорын-ның қысқа мерзімді қарыздарды меншікті активтерімен жабу қабілетін арттыра-ды. Бұл өз алдына кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттігінің артқанын білдіреді.

 

3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын мен іскерлік белсенділігін дамыту жолдары.

 

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы реурсының жағдайы. Ол өндірістің тиімділігімен, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелерімен тығыз байланысты.  Өндіріс көлемінің азаюы, өнімнің өте жоғарғы өзіндік құн кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді [3]. Оған көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.                              Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.     

Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.                                    

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы(мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.                                                                                                                  

Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тара-ту құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды бо-лып табылады.                                                                                  

Информация о работе Айналым активтері