Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 23:09, курсовая работа
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын айналым активтерінің талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның айналым активтерінің талдау жөніндегі сұрақтарды қарастыр-мас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.
Кіріспе...................................................................................................................... 3
1.Кәсіпорынның айналым активтерінің талдаудың теориялық негіздері.
1.1.Кәсіпорының айналым активтерінің мәні мен мазмұны................................5
1.2 Кәсіпорынның айналым активтерінің мақсаттары мен міндеттері..............9
1.3 Кәсіпорынның айналым активтерін қаржылық талдаудің әдістері...............13
2. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау және айналым активтері
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы және оның айналым активтері....................................................................................................................16
2.2. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау....................................................20
2.3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау...........................................23
3. Кәсіпорынның активтерінің дамыту перспекивалары.
3.1 “Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау.....29
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын мен іскерлік белсенділігін дамыту жолдары...............................................................................31
Қорытынды................................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................39
Кәсіпорынның айналым активтерін талдаудың әлемдік тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңі-мен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді. [2]
Тікалей (кұрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құ-рылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қоры-тынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік бере-ді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнын-дағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондық-тан да есептік бухгалтер үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есеп-теуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезендермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсет-кіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, одан кейін перспективті, бол-жамдық талдау жүргізіледі. [2]
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек тарал-ған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреу бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынас ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке бапта-рының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табы-лады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыс-тарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді. [4]
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылы-ғы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдау-дың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономика-лық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар.
Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау кажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.
2. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау және айналым активтері
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы және оның айналым активтері
«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы 1919 жылы құрылған. Оның негізгі қызметі мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скаважиналарын жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау және жабдықтау-мен айналысу болып табылады.
Компанияның орталық офисі Хьюстонда (Техас штаты) орналасқан.
Жұмысшылар саны 85 мың адамды құрайды.
Кәсіпорынның әлемнің 120 мемлекетінде бөлімшелері бар, солардың қатарында Қазақстан да бар. Қазақстандағы кәсіпорынның бөлімшесі Каспий-дегі мұнай жобаларын әзірлеумен айналысады.
Компанияның айналымы 2006 жылы 30,5 млрд. АҚШ долларды құрады.
Соңғы 12 жылда «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы Нарьян-Марда, Няганда, Ханты-Мансийскте, Пермьде, Тюменьде, Нижневартовскте, Нефтеюганскте, Сургутте, Губкинскте, Ноябрьскте, Архангельскіде, Мегионда, Радужда, Охада, Тенгизде, Ақтөбеде, Атырадау, Актауда, Астраханда, Причал-да, Небит-Дагта, Туркменбашыда және Южно-Сахалинскте жобаларды іске асырумен айналысты.
Компанияның Energy Services Group бөлімшесі мұнай және газ саласында қызмет етеді және скажиналар құрастыру, оларды аяқтау және жөңдеу бойынша қызметтер көрсетеді.
Компанияның екінші білімшесі Halliburton Engineering and Construction Group теңіздегі платформаларды, мұнай және газ өңдеу зауыттарын жабдықтаумен және өндіріс объектілерін салумен , жөңдеумен айналысады.
Әлемнің 30 халықаралық тәуелсіз компанияларымен бірлесіп қызмет ету тәжірибесі бар.
«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы Қазақстанда Қашағанды иге-ріп жатқан Agip KCO консорциумымен, «Казахойл Актобе» компаниясымен және «Тенгизшевройлмен» (ТШО) қызмет жасайды.
Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кә-сіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және олар-да болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның же-ке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі 3-аналитикалық кесте құрылады.
Активтер | Сомасы, мың тг. | Құрылымы, % | Өзгеріс (+ ; -) | |||
| Жыл басында | Жыл соңында | Жыл басында | Жыл соңында | Мың тг. | Үлес салмағы, % |
Ұзақ мерзімді активтер |
|
|
|
|
|
|
Негізгі құралдар | 147 795 | 210 260 | 40,03 | 58.44 | +62 465 | +42,26 |
Аяқталмаған өндіріс | 45 300 | 17 280 | 12,27 | 4,80 | -28 020 | -61,85 |
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар | 18 590 | 18 590 | 5.03 | 5.17 | 0 | 0 |
Алдағы кезең шығындары | 395 | 655 | 0,11 | 0,18 | +260 | +65,82 |
Жиыны | 212 080 | 246 785 | 57.44 | 68,60 | +34 705 | +16,36 |
Қысқа мерзімді активтер |
|
| 0,00 | 0,00 | 0 | 0,00 |
Тауарлы-материалдық қорлар | 57 780 | 53 600 | 15,65 | 14,90 | -4 180 | -7,23 |
Дебиторлық борыш | 91 595 | 47 525 | 24,81 | 13,21 | -44 070 | -48,11 |
Қысқа мерзімді қаржылық салымдар | 0 | 670 | 0,00 | 0,19 | +670 |
|
Ақша қаражаттары | 1 505 | 5 470 | 0,41 | 1,52 | +3 965 | +263,46 |
Басқа да қысқа мерзімді активтер | 6 290 | 5 715 | 1,71 | 1,58 | -575 | -9,14 |
Жиыны | 157 170 | 112 980 | 42,56 | 31,40 | -44 190 | -28,12 |
Барлығы | 369 250 | 359 765 | 100,00 | 100,00 | -9 485 | 2,57 |
Кесте-1 «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының баланс активтерінің құрамы мен құрылуы.
Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасы-ның есепті жылы 9 485 мын теңгеге немесе 2,57%-ға кемігенін көруге болады. Бұл кәсіпорын дамуының теріс нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді тал-дай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет.
1-кесте мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды ағымдағы және ұзақ мерзім-ді активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 14,88 пунктке аз болса (42,56-57,44), жыл аяғында ол 37,2 пунктке (52,33-47,67) дейін төмендеді және 31,40%-ды құ-рады.
Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мо-бильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін си-паттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмыс-ты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады - яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскенді-гін көрсетеді.
Талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда бұл коэффициенттің деңгейі жыл басында 0,43 (157170:369250), ал жыл соңында 0,31 (112980:359765) құрады. Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш - мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағым-дағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.
Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық ерек-шіліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің дең-гейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.
Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі жыл басында - 0,74 (157170:212080), ал жыл аяғында – 0,46 (112980:246785) құрайды. Бұл коэффи-циент деңгейі иммобильді қаражаттардың өсу қарқыны мобильді қаражаттар-дың өсу қарқынан артуының нәтижесінде кеміп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни иммобильлді қаражаттар 1,2 есеге (246785:212080) өссе, ал екіншілері - 28,12%-ға (-44190:157170100) азайған. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақ-тылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтер-мен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұ-рақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасы-ның коэффициентінен артық болуы керек.
Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалы-ның маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.
Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құны-ның (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы Негізгі құ-ралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің бар-лық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.
Біздің мысалымыз бойынша баланс валютасындағы негізгі құралдардың қал-дық құнының үлесі жыл басында - 40,03%-ды, ал жыл соңында - 58,44%-ды құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәнінен 8,44 пунктке асып отыр.
Әрі қарай ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет. Кес-теде келтірілген мәліметтер кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жағымсыз динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қортындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер-яғни ақша қа-ражаттары бір жылда 3965 мың теңгеге немесе 263,46%-ға артқан болса, ал қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар жыл соңында - 670 мың теңгені құра-ды.
Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 7,23%-ға төмендеді және ол жыл аяғында 53600 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 0,75 (15,65-14,90) пунктке азайған. Бұл жағдай, материалды айналым каражаттары-ның құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен болып табылатын басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, дайын өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер жоқтығын көрсетеді.