Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 23:09, курсовая работа
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын айналым активтерінің талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның айналым активтерінің талдау жөніндегі сұрақтарды қарастыр-мас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.
Кіріспе...................................................................................................................... 3
1.Кәсіпорынның айналым активтерінің талдаудың теориялық негіздері.
1.1.Кәсіпорының айналым активтерінің мәні мен мазмұны................................5
1.2 Кәсіпорынның айналым активтерінің мақсаттары мен міндеттері..............9
1.3 Кәсіпорынның айналым активтерін қаржылық талдаудің әдістері...............13
2. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау және айналым активтері
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы және оның айналым активтері....................................................................................................................16
2.2. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау....................................................20
2.3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау...........................................23
3. Кәсіпорынның активтерінің дамыту перспекивалары.
3.1 “Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау.....29
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын мен іскерлік белсенділігін дамыту жолдары...............................................................................31
Қорытынды................................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................39
•кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
•шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
•төленген жарғылық капиталдьщ мөлшері;
•шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динами-касы;
• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мү-лік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
•кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұра-ныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы эконо-микалық байланыс және тағы басқалар жатады. [2]
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз кон-трагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сон-дықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржы-лық тұрақты "кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағ-дайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс. Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз об-лигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біт-кен уақытта-облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелері-мен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез кел-ген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз еті-луін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда - қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады. Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді жә-не төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықылас-пен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорын-ның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уакытылы және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзі-нің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экокомикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін ба-ғалайды. [2]
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржы-лық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
•активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды тара-тудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
•айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндетте-мелермен арақатынасын анықтау;
•қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
•кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
•ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш
және қорлар есебі;
•баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
• кәсіпорын табыстылығын бағалау;
• кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың дең-гейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
• кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
• кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзім-ді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның, шаруашылық қызметін талдау-дың қор ытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды:
жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақ-тауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рацио-налдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржы-лық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қар-жылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлем-дерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарасты-рылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәй-кестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады. [3]
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапа-сының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қа-ражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының норма-сының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөл-шерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қара-жаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қоры-тылады.
Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорының өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс та-бады.
Кәсіпорынның қаржылық айналым активтердің жағдайды талдауға мыналар жатады:
• кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
• кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
• баланс өтімділігін талдау;
• кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.
1.2. Кәсіпорынның айналым активтерінің мақсаттары мен міндеттері
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржы-лық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, ба-ланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныс-тырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдар-дың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшы-лар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алын-ған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиім-ділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайда-лануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек ала-ды, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды. [2]
1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұ-ратын кесте түрінде құрылып келді. Активтер, баланс кәсіпорынының есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық күқық құны ре-тінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгіле-рі бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пас-сиві мүлік және онын қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элемент-тер мен қорытындыланған керсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұн-дай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады [4]
Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік - бұл яғни баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйекті-лікпен орналасуы - яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына прин-цип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен бапта-ры жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтім-ді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шот-тардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.
Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімінің жеделдік дәреже-сіне байланысты мына принципке сай құрылды: төлем мерзімінің жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға дейін.
Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс жа-ңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша сипаттала-ды.
Олардың түсіндірмесі нарықтық экономикасы дамыған елдердің бухгалтер-лік есеп және аудит тұрғысындағы жетекші ғалымдардың еңбектеріне арқа сү-йейді.
Осыған орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған оқулықтардың және тәжірибе құралдарының авторларының пікірлері теориялық көзқарас болып та-былады.