2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 09:32, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының 2011–2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік–экономикалық даму болжамы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленді

Работа содержит 1 файл

2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалдыөинновациялық стратегиясы.doc

— 350.00 Кб (Скачать)

Қазақстанда контрактілік үлгіні енгізу үшін (Жаңа Зеландия, Дания үлгісінде) негізгі шарттары мемлекеттік сектордағы жалақының жеткілікті деңгейі, бюджеттік процестің транспаренттігі, сыбайлас жемқорлық пен қорғаушылықты түп тамырымен құрту, мемқызметкерлердің жоғары кәсібилігі және басқалар болып табылады.

БОР жүйесіне тиімді көшуде айтарлықтай созылмалы  уақыт қажет. Бұл жөнінде осы төңіректегі әлемдік тәжірибе де куәлендіреді. Жоғарыда берілгендей, АҚШ–та реформалар бюджеттік салада жарты ғасырдан аса жалғасып  келеді. Тағы айта кету қажет, әртүрлі елдерде БОР–ға  ену жөнінде біркелкі тәсіл жоқ. Реформалар пакетінің мазмұны мен осы реформалардың іске асыру уақытын таңдау әрбір ел үшін бірегей.

Елдің 2011–2015 жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуы 2020 жылға қарай Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында айқындалған әлеуметтік–экономикалық дамудың нысаналы индикаторларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

2020 жылға қарай 2009 жылғы деңгеймен салыстырғанда үш еседен артық экономиканың өсуінің қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылға қарай нақты ЖІӨ-ні 20,0%–дан артық ұлғайту көзделеді.

Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты деңгейін арттыру мақсатында жан басына шаққандағы ЖІӨ 2015 жылы 12 мың АҚШ доллары деңгейіне дейін жеткізілетін болады.

Ұзақ мерзімді кезеңдегі инфляция деңгейінің төмендеуіне оның деңгейін орта мерзімді кезеңде 6,0-8,0% дәлізінде ұстап қалу ықпал ететін болады.

Жұмыссыздық деңгейін 2020 жылға қарай 5%–дан аспайтын деңгейде қамтамасыз ету үшін 2011–2015 жылдары оның 5,5%–ға дейін төмендеуі жоспарланып отыр.

Қазақстанның экономикалық өсудің озық моделін ұстанған мемлекеттерден айырмашылығы – біздің елімізде дамушы елдердің экономикалық көтерілуі кезеңінде олардың қарамағында болмаған факторлар бар. Бұл – халықтың жоғары білім деңгейі, ұлттық инновациялық жүйе, ғарышты игерудегі жетістіктер. Осымен бір мезгілде бізде өнеркәсіптің көптеген салаларында құрал–жабдықтар тозған және ескірген. ҚР дамыған елдерден 30–25 жылға артта қалып отыр. ЖІӨ үшінші технологиялық тізбекпен өндірілуде, оның үлесі 40–50% құрайды. Төртінші ТТ үлесі 40–45% дейін жетті. Бесінші тізбек енді ғана бой көтеріп келеді және оның қолданылуы жөнінде айту әлі ертерек. Ерекшеліктерді ескеретін болсақ, Қазақстан  үшін өспелі даму моделі  экономикалық өсудің келелі моделі болып табылады. Оның мәні мынадай. Қазақстанның салыстырмалы қысқа мерзімдерде әлемдегі қолда бар үлгілерді әкелу есебінен технологиялар мен негізгі құралдарды жаңартып алуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар отандық ұлттық инновациялық жүйеге сүйене отырып, еліміз технологиялық жетістіктерге қол жеткізіп, дүниежүзілік нарыққа жаңа технологиямен шығуды қамтамасыз ете алады. Осындай даму үшін еліміздің барлық ресурстарын шоғырландыру, жалпы басым мемлекеттік мақсаттарды белгілеу қажет.

Үдемелі индустриялық–инновациялық саясатты белсенді жүргізу отандық экономиканың тізбекті дағдарыстарға қатысты орнықтылығын жоғарытылады және қазақстандықтардың әл–ауқатын арттырады.

Экономикалық өсудің мәні нақты ЖІӨ арттыру қарқыны халықтың өсу қарқынынан асуына негізделген ұлттық экономиканың дамуы болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда экономикалық өсу, ең алдымен, адамдардың өмір сүру деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз етеді. Бұл өсу мәселелерін сырттай бақылаушы емес, қоғам қажеттіліктерін ұстаушы тұрғысынан зерттеуге мүмкіндік береді. 

Экономикалық өсуді қамтамасыз ету барлық қажетті элементтерді жаңа технологиялық тізбектің тұтас өндірістік даму контурына біріктіруге, экономиканы жаңарту және оның тиімділігін жоғарылату үшін жағдайлар жасауға ықпал ететін технологиялық, институционалдық және ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру міндетін үйлесімді шешуді қажет етеді. Инвестициялық және инновациялық белсенділікті жоғарылату үшін қолайлы макроэкономикалық орта және микродеңгейде кәсіпкерлікті дамытудың лайықты негіздері қалыптастырылуға тиіс. Макроэкономикалық саясат өндірістік қызметті оңтайландыруға, жақсы инвестициялық және инновациялық климатты, отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігіне қолдау көрсетуге кепілдік бере отырып, аталған міндеттерді шешу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Экономиканың дезинтеграциялануын еңсеру, өндірістік саладағы ақша айналымын және капитал айналымын қалыпқа келтіру, жаңа технологиялық тізбекті дамыту үшін қолайлы баға арақатынастарын және шаруашылық тетіктің басқа да параметрлерін қамтамасыз етуі қажет.

Сыртқы даму жағдайларының әсерін есепке ала отырып, 2010–2013 жылдары экономика: мұнай және табиғи газ өндіру салаларында, экономиканың мемлекеттік секторында экономикалық белсенділіктің сақталуы және 2010 жылдан бастап ірі инвестициялық жобаларды белсенді іске асыру фазасына кіру; сыртқы қарыздарға қызмет көрсету бойынша негізгі соманың өтелуі нәтижесінде банк секторы жағдайының жақсаруы және мемлекеттік қолдау көрсету, депозиттік базаның өсуін ынталандыру арқылы оның активтері сапасының жақсаруы сияқты факторлардың әсерінен дамитын болады.

 

 

 

 

2

 



Информация о работе 2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық стратегиясы