2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 09:32, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының 2011–2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік–экономикалық даму болжамы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленді

Работа содержит 1 файл

2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалдыөинновациялық стратегиясы.doc

— 350.00 Кб (Скачать)

Макроэкономикалық тәуекелдер және ден қою тетіктері    Теңгерімделген және сапалы экономикалық өсуді қамтамасыз ету саясатын іске асыру кезінде жағдайлардың өзгеру дәрежесіне байланысты ден қоюдың әртүрлі тетіктерін талап ететін белгілі бір макроэкономикалық қауіптердің пайда болуы мүмкін.

Экономикалық жағдайдың төмендеуі бұл әлемдік экономиканың аса ұзақ мерзімде қалпына келуі, шикізаттық ресурстардың әлемдік бағаларының кезекті төмендеуі, қарыз алуға сыртқы нарықтардың жабық болу салдары, олар өз кезегінде мемлекеттік бюджет шығыстарының және түсімдерінің төмендеуіне, теңгеге девальвация жағына қарай қысым көрсететін елге шетелдік валюта ағынының қысқаруына, іскерлік және тұтынушылық белсенділіктің төмендеуі және экономиканың кейінгі өсу қарқындарының баяулауы әкеп соқтырады.

Инвестициялық, іскерлік және тұтынушылық белсенділікті қосымша ынталандыру мақсатында экономика секторлары өтімділігіне мыналар арқылы қосымша қолдау көрсету шаралары алынатын болады:

кредитке тәуелді салаларды қолдау, оның ішінде мемлекеттік компаниялар мен даму институтарын тарту есебінен қолдау көрсету үшін қосымша ресурстарды тарту;

екінші деңгейдегі банктер өтімділігін қолдау оның ішінде ең аз резервтік талаптар нормативтерін қайта қарау арқылы қолдау көрсету.

Жағдай жақсарғанда – шикізаттық ресурстардың әлемдік бағаларының едәуір өсуі және сыртқы қарыздарға рұқсат етілу жағдайында елге шетел валютасының құйылып, бюджет шығыстары мен түсімдері артады, бұл өз кезегінде «экономиканың қызып кетуінің» қайталануына, инфляция деңгейінің жоғарлауына әкеп соқтырады, сондай–ақ теңгенің айырбас бағамына нығаю жағына қарай қысым көрсетеді және шикізаттық емес экспорттың бәсекелестікке қабілеттілігінің төмендеуіне ықпал етеді.

Бұл жағдайда келесі шараларды қолдану қажет:

артық өтімділікті және ақша эмиссиясын зарарсыздандыру;

Ұлттық қордағы жинақтарды арттыру;

фискалдық саясатты қатаң ету (бюджет шығыстарының өсуін ЖІӨ өсуінің номиналды қарқынынан төмен деңгейде ұстап тұру);

ақша–кредит саясатын қатаң ету (ең төменгі резервтік талаптар тетігі және реттеуші ставкалар арқылы);

Ұлттық Банктің халықаралық резервтерін арттыру;

сыртқы қарыз алуға байланысты банк секторының тәуекелдерін шектеу.

Бюджет параметрлерінің болжамы

Салық – бюджет саясатының негізгі бағыттары 2007–2009 жылдары Қазақстан Республикасының салық–бюджет саясаты басым емес шығыстарды қысқарту жолымен бюджетке түсетін шығыс жүктемесін төмендетуді, мемлекеттік–жеке меншік әріптестік тетігін іске асыруды, сондай–ақ қаржы секторын тұрақтандыру, жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешуді қоса алғанда, әлемдік экономикалық және қаржы дағдарысының елдің экономикасына әсер етуіне қарсы іс–қимыл бойынша шаралар қабылдауға бағытталған болатын.

Шағын және орта бизнесті қолдауға, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға,  инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде мемлекеттік және ұлттық холдингтердің күшімен іске асыруға айрықша көңіл бөлінді [44, 48].

Көрсетілген кезеңде бюджеттік жоспарлауды мемлекеттік жоспарлаудың нақты жігіне сәйкес жүзеге асыруды болжайтын мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс басталды: мемлекеттік мақсаттар – мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттары – тактикалық міндеттер – іс-шаралар – ресурстар – бюджет.

2010 жылы да ел азаматтарының тұрмыс деңгейінің жоғарылауын және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуді, елдің болашақ дамуы үшін негіз салуды қоса алғанда, әлеуметтік проблемаларды шешу салаларында осыған дейін қабылданған шараларды іске асыру жалғасын табуда.

Алдағы орта мерзімді кезеңде бюджеттік саясат экономикаға оң әсер ететін оңтайлы шаралар мен бюджет қаражатының көлемін айқындауда, бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігін қамтамасыз етуде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оның қаражатын пайдаланудың жаңа Тұжырымдамасына сәйкес мұнайлық емес тапшылықты дәйектілікпен төмендетуден құрылатын болады.

Елдің қаржы жүйесін дамыту, ағымдағы ғаламдық дағдарыстың негізгі тұжырымдарын ескере отырып әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасына негізделеді.

Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа әдістемелеріне сәйкес Ұлттық қор қаражатын жинақтауды үкіметтік қарыз алумен ауыстыруға жол берілмейді. Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік сектордың ғана емес, сонымен қатар квазимемлекеттік сектордың қарыз алуын дұрыс жоспарлауды талап етеді.Оның ішінде, квазимемлекеттік сектордың борышын қауіпсіз деңгейде сақтап қалу мақсатында квазимемлекеттік сектордың қарыз алуын шектеуді реттейтін тетіктер әзірленеді.

Жаңа Тұжырымдама болашақ ұрпақ үшін жаңартылмайтын табиғи ресурстарды сатудан жинақталған қаржы ресурстарын жиынтықтау, бюджеттің әлемдік шикізат нарықтарындағы жағдайлардан тәуелділігін төмендету саясатын жалғастыруды болжамдайды.

Ұлттық қордың қаражатын пайдалануға жаңа көзқарас, 2010 жылдан бастап 8 млрд. АҚШ доллары деңгейінде абсолюттік мәндегі тіркелген кепілдендірілген трансфертті республикалық бюджетке тарту болып табылады. Шығыстардың басқа түрлерін қаржыландыруға, оның ішінде республикалық бюджетке нысаналы трансферттер бөлу, мемлекеттік және жеке сектор субъектілерінің қазақстандық бағалы қағаздарын сатып алу, заңды және жеке тұлғаларға кредит беру, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ретінде активтерді пайдалануға тыйым салынған. Көрсетілген шаралар Ұлттық қор қаражатының жинақталуын үкіметтік қарыз алумен алмастыруды болдырмауға бағытталған.

Бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігі жөніндегі саясат осы онжылдықтың аяғына қарай ЖІӨ–нің 3%–нан аспай құрауға тиіс мұнай тапшылығын қысқартуға, сондай–ақ Ұлттық қор қаражатының кейіннен тек даму бюджетін қаржыландыруға көшетін ағымдағы шығыстарға жұмсалуын қысқартуға бағытталатын, бұдан әрі оның мәні нөлге теңелетін болады.

Жағдайға қарай, бюджеттік саясатты, оның ішінде бюджет параметрлерін нақтылау жолымен түзететін шаралар жедел және қолайлы түрде алдын ала  қабылданатын болады.

2011–2015 жылдарға арналған салық саясатының негізгі бағыттары экономиканың қажетті бағыттарын дамытуға ынталандыратын және мыналардан:

Қазақстанның Кеден одағына кіруіне байланысты салықтық әкімшілендіруді жетілдіру;

Қазақстан Республикасындағы халықаралық салық салу жүйесін жетілдіруден тұратын мемлекеттік функциялардың толық орындалуын қамтамасыз ететін әділ және ақталған құрал ретінде салықтардың әлеуметтік маңызды функцияларын нығайту қажеттігін ескере отырып, міндеттерді шешуге бағдарланатын болады.

Салық заңнамасын жетілдіру бойынша жоғарыда көрсетілген міндеттердің шешілуі оң инвестициялық климаттың құрылуына, халықаралық бәсекелестік күшейген және елдердің арасында капиталдың еркін қайта ағымының болуы жағдайларында экономиканың шикізаттық емес секторында бизнестің дамуын ынталандыруға, бәсекелестіктің дамуына ЖІӨ–нің, бюджеттік кіріс бөлігінің ұлғаюы мен халықтың экономикалық белсенділігінің өсуіне әсер етуге тиіс.

Бұл ретте, мемлекет қабылдаған міндеттемелердің орындалуы мен жаңа бастамаларды іске асыру фискалдық жүктеменің ұлғаюын талап етуі мүмкін.

Жүргізіліп отырған орта мерзімді кезеңдегі шығыстар саясаты бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген ең жақсы тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттілігіне сүйене отырып, бюджеттің әзірленуі мен оны атқару жолымен мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталады.

Осы мақсатта 2011 жылы нәтижелілік пен тиімділік индикаторларына негізделген бюджетті атқару және қалыптастыру жүйесі, сондай-ақ орталық мемлекеттік атқарушы органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жетекшілік ететін саладағы/аядағы/өңірдегі, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге түпкі қол жеткізілген дәрежесін (қол жеткізілмеген) соның ішінде түпкі нәтижесі мен тиімділік көрсеткіштеріне талдау жүргізу жүйесі енгізілетін болады.

Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдары

 

 

Сурет 4.8 – 2008–2013 жылдардағы шоғырландырылған бюджеттің

теңгерімі мен мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы

 

2008 жылға дейінгі, шоғырландырылған бюджеттің профицитін қамтамасыз етіп отырған экономиканың орнықты өсуі елімізге ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысының теріс әсерін жұмсартатын резервтер жинақтап алуға мүмкіндік берді.

Сол сияқты, дағдарыстың салдарын еңсеруге, басым емес шығыстарды қысқартуды, сондай-ақ инвестициялық жобалар бойынша шығыстарды оңтайландыру мен мемлекеттік ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға мүмкіндік берген даму бюджетін іске асыруға деген көзқарастарды қайта қарауды қоса алғанда, бюджетке түсетін шығыс жүктемелерін азайту жөніндегі үкімет қабылдаған шаралар да бағытталған болатын.

2011–2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттің кірістері Салық және Кеден кодекстерінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін, сонымен қатар Қазақстанның Кедендік одағына кіруін әсер етуін ескере отырып, орта мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлері негізінде айқындалған (кесте 4.8).

2011 жылғы кірістерді есептегенде бюджет саласы кызметкерлерінің жалақыларын 30%–ға арттыру ескерілді.

 

Кесте 4.8 –  Мемлекеттік бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) ЖІӨ–ге  %–бен

Көрсеткіштер атауы

2011

2012

2013

Кірістер

16,8

17,0

17,4

Салықтық түсімдер

16,3

16,7

17,0

Салықтық емес түсімдер

0,4

0,3

0,3

Негізгі капиталды сатудан түсімдер

0,1

0,1

0,1

 

Мемлекеттік бюджеттің кірістерін болжамдау 2010 жылдан бастап мұнайға экспорттық кедендік баждың енгізілуін ескере отырып, есептелген және Кеден одағында кедендік баждардың сомаларын есепке жатқызу және бөлу тетіктерін қолдануды болжамдайды. 2011 жылға кірістерді болжамдауда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің таза табысының 18,4 млрд.теңге мөлшеріндегі бір бөлігінің түсімі ескерілген.

 

Сурет 4.9 – 2008–2013 жылдардағы мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары

 

Мемлекеттік бюджеттің шығыстарын болжамдау дағдарысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда ЖІӨ–нің өсу қарқынынан аспайтын деңгейдегі жүйелі өсу қарқынын көрсетіп отыр, бұл мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерінен бас тартуды білдірмейді.

 

 

Сурет 4.10 – 2008–2013 жылдардағы мемлекеттік бюджет шығыстарының және ЖІӨ–нің өсу қарқыны

 

Кірістердің шамалап өскеніне қарамастан бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы орта мерзімді перспективада әлі сақталады және мемлекеттік шығыстарды жоспарлау кезінде негізгі басымдық, өзінен кейін бюджет тапшылығына әкеп соқтырмайтын жаңа көтеріңкі міндеттемелерді қабылдамастан орнықты өсу мен адамдардың өмір сүру деңгейлерін жақсарту болып табылатын болады.

Мемлекеттік шығыстарды болжамдау кезінде Мемлекет Басшысының «Қазақстан халқының әл ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты», «Дағдарыстан жаңару мен дамуға», «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында айтылған тапсырмаларды iске асыру жөнiндегi іс–шаралар ескерілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы                  1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының     2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарын, ҮИИДМБ-ны,                  2011–2020 жылдарға арналған білім беруді және 2011–2015 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламаларын, Қазақстан Республикасындағы тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001–2010 жылдарға арнап әзірленіп жатқан бағдарламасын іске асыру үшін әзірленген іс-шаралар [5].

Әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде бұрынғы жылдардағыдай қаржылық тұрақты зейнетақы жүйесін қалыптастыруға айрықша көңіл бөлінетін болады.

2011 жылы Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 30%–ға ұлғаятын болады.

2015 жылға қарай базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемінен 60%–ға дейінгі деңгейде арттырылады, ал мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері – 2010 жылға қарағанда    1,2 есеге ұлғаяды.

Информация о работе 2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық стратегиясы