2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 09:32, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының 2011–2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік–экономикалық даму болжамы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленді

Работа содержит 1 файл

2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалдыөинновациялық стратегиясы.doc

— 350.00 Кб (Скачать)

Мұнайдан алынған кірістерді тәртіпті және тиімді басқару жүзеге асырылатын болады.

Құрылымдық саясат. Елдің кұрылымдық саясатының өзегі үдемелі индустрияландыру жолымен экономиканы әртараптандыру болады. Индустрияландыру негізінде мемлекеттік және жеке секторлардың тиімді өзара іс–қимылы, отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және қазақстандық қамтуды ұлғайту дәстүрлі экспортқа бағдарланған салаларды дамыту арқылы, басымды шикізаттық емес секторларды дамыту принциптері алынған. Индустрияландырудың нәтижесі барлық секторларда экономиканың өнімділігін арттыру болады.

Орта мерзімді перспективада индустриялдық–инновациялық бағдардың негізгі тетігі ірі инвестициялық жобаларды экономиканың дәстүрлі мамандандыру секторларында іске асыру үдерісі болады, бұл жобалар шикізаттық емес салаларды, шағын және орта бизнесті дамыту және озық технологияларды тарту катализаторлары болады.

Дәйекті индустрияландыру Қазақстан үшін шикізаттық сектордың дәстүрлі салаларын кейіннен мыналарды дамытуға өту үшін:

жерқойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялар мен мемлекеттің сұранысына негізделген секторлар;

экспортқа басым бағдарланған шикізаттық емес секторлар;

ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетиканы қамтитын «болашақ экономикасының» секторларын қамтитын болады.

Экономиканы әртараптандырудың макроэкономикалық негізі айырбастау бағамын реттеу және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының функцияларын жетілдіру бөлігінде күшейтілетін болады.

Қолайлы экономикалық ортаны қалыптастыруға, отандық өндірушілерге сыртқы ңарықтарға шығуға мүмкіндік беру және жосықсыз бәсекені жоюға шоғырланған тиімді сауда саясаты ықпал ететін болады. Қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және инвестицияларды тарту мақсатындағы платформа болып Қазақстан, Ресей және Белорусь арасында құрылған Кеден одағы және Еуропалық экономикалық кеңістік қалыптастыру табылады.

Экономикалық саясаттың келесі құрамы ұлттық инновациялық жүйені құру болады, ол ҒЗТКЖ қаржыландыру саласындағы едәуір мемлекеттік қолдау, әлемдік деңгейдегі университеттер құру және қаржыландыру үдересінің транспаренттігін арттыруды қамтиды. Осылайша, экономика өнімділігін кешенді арттыру мақсатына қазақстандық экономика жағдайында тиімді жұмыс істейтін жоғары технологияларды қолдану арқылы қол жеткізіледі.

Құрылымдық саясат, бұдан басқа экономиканы әртараптандыруды өңірлік дамыту және экономикалық өсу орталықтарын қалыптастырумен біріктіретін болады.

Салалық саясат Салалық саясат әртараптандыру және оның бәсекеге қабiлеттiлігiн арттыру арқылы экономиканың тұрақты және теңгерiмдi өсуiн қамтамасыз етуге бағытталады.

Орта мерзімде перспективада ҮИИДМБ шеңберінде экономиканы үдемелі әртараптандыру негізгі жеті саланы қамтиды:

агроөнеркәсiптiк кешен және ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу;

құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндiру;

мұнай өндеу және мұнай–газ секторының инфрақұрылымы;

металлургия және дайын металл өнімдерін өндіру;

химиялық, фармациялық және қорғаныс өнеркәсібі;

энергетика;

көлік және телекоммуникациялар;

туризм индустриясы;

машина жасау.

Осы бағыттар ҮИИДМБ басымдықтары болып табылады.

Салаларды дамытудағы мемлекеттік саясат қолайлы макроортаны құру, басымды секторлар мен жобаларды қаржылық және қаржылық емес шаралар кешенін, сондай–ақ озық технологиялар мен импортты алмастырушы өндiрiстi дамыту бойынша шағын және орта бизнес бастамаларын қолдауды қамтитын болады.

Экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған салаларында (мұнай–газ секторы, тау–металлургия кешені, атом және химия өнеркәсібі) ірі инвестициялық жобаларды іске асыру шикізат өндірісінің кейіннен неғұрлым жоғары қайта бөлулерге ауысуы шағын және орта бизнеске зор мүмкіншілік береді. Келешекте дәстүрлі секторлар агроөнеркәсiптiк кешен, жеңіл өнеркәсіп, туризм сияқты шикізаттік емес өндірісті дамыту қозғауыштары болады. Түпкі нәтижесінде саясат «болашақ экономикасының» секторларын: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика және ғарыш қызметін дамытуға бағытталатын болады.

Iрi жобаларды iлгерiлетуді «Самұрық–Қазына» ұлттық әл–ауқат қоры, экономиканың отын-энергетика және металлургия секторларының жүйе құраушы компаниялары, сондай–ақ стратегиялық шетелдiк инвесторлар қамтамасыз етеді.

Экономиканы табысты әртараптандыру тұрақты дамудың негізі болады және қазіргі заманғы технологияларды енгізу жаңартылатын негізіндегі ресурстар мен энергия көздері, төмен көмiрсутекті экономиканың «жасыл» саясатын жүргізу арқылы жүзеге асырады.

Сонымен қатар, iшкi, ал кейiннен өңiрлiк нарықтарғада (Кеден одағы, Орталық Азия елдерi) бағдарланған шикiзаттық емес секторларды күшейту жалғастырылатын болады.

Инвестициялық саясат. 2010 жылы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілген, онда инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары анықталған.

Мемлекет озық технологиялар трансфертiне, жаңа жоғары технологиялық өндіріс құруға, әсіресе тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған, қазақстандық шағын және орта бизнес бастамаларын қолдайды.

Жалпы қолайлы инвестициялық ахуал жасау шаралармен қатар Қазақстан Республикасы аумағында жобаларды іске асыру үшін трансұлттық компанияларға жағдай жасалатын болады.

Ол үшін, тікелей инвестицияларды тарту бойынша тұтас жүйе құру көзделеді, бүл жүйе ынталандыру шаралар кешенімен бірге шетелдік инвесторлармен жұмыстың институционалдық тетігінде қамтиды.

Инвестицияларды ынталандыру бойынша мынадай шаралар қолдану қарастырылады:

1. Экономиканың басымды салаларындағы инвестициялық жобалар үшін:

«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген инвестициялық преференциялар;

шетелдік мамандарға жедел және өтеусіз негізде елге кіру рұқсатнамасын берудің арнайы тәртібі.

2. АЭА аумақтарында іске асырылатын инвестициялық жобалар үшін:

әлемдік таңдаулы тәжірибені есепке ала отырып, салық салудың ерекше тәртібі. Осы бағдарламамен айқындалған өлшемдер бойынша іріктелген кәсіпорындарға жеңілдіктер беріледі;

шетелдік жұмыс күшін әкелуге қатысты ерекше тетік.

3. Танымал шетелдік инвесторлардың, трансұлттық компаниялардың қатысуымен ең ірі және басымды инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік қолдаудың ерекше шараларын қарастыратын жеке инвестициялық келісім жасаланады:

салық жеңілдіктері мен преференциялар;

ең аз ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырысты және трансұлттық компаниялардың тапсырыстарын қамтамасыз ету;

басқа да қаржылық және қаржылық емес ынталандыру шаралары.

Инвестициялық келісімдер шеңберіндегі осы қолдау шаралар бойынша шешімдер Үкімет деңгейінде қабылданады.

Экономиканың шикізаттық емес секторларына инвестициялар тартуды көбейту максатында әрбір ірі әлеуетті инвестормен жеке келіссөздер жүргізілетін болады.

   Елдің 2011–2015 жылдарға арналған әлеуметтік–экономикалық дамуының болжамы. Орта мерзімді кезеңдегі теңгерімді экономикалық өсудің негізі инвестициялық үдеріспен қатар, тұтыну белсенділігін ынталандыру болып табылады [5].

2011–2015 жылдары инвестициялардың өсу қарқыны орташа есеппен бір жылда 2,4% құрайды. Ол белсенді технологиялық жаңғырту жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі капитал жинағын өсуін қамтамасыз етеді (кесте 4.7).

2011–2015 жылдары тұтынудың өсуі орташа есеппен бір жылда        4,3% құрайды. Бұл ретте үй шаруашылығындағы тұтыну мемлекеттік тұтыну мен салыстырғанда неғұрлым жоғары қарқында өсетін болады. Үкімет жалпы алғанда ЖІӨ компонентері өсуінің мына параметрлерін қамтамасыз етеді.

 

Кесте 4.7 –  2011–2015 жылдардағы экономиканың өсу параметрлері, алдыңғы жылға қарағанда, %–бен

Көрсеткіштер

2011

2012

2013

2014

2015

Тұтыну

103,6

103,6

103,9

104,7

105,8

жеке оның ішінде:

104,0

104,1

104,4

105,3

106,8

мемлекеттік

102,0

101,9

102,1

102,1

102,0

Инвестициялар

102,0

102,2

102,6

102,5

102,7

Тауарлар және қызметтер экспорты

102,1

101,6

102,4

102,2

108,7

Тауарлар және қызметтер импорты

103,0

103,2

103,6

104,2

104,0


 

Тиісінше, алдағы орта мерзімді кезеңге арналған фискалдық саясат инвестициялар және мемлекеттік тұтынудың көрсетілген параметрлерін қамтамасыз ету қажеттілігінен құрылатын болады.

2011–2015 жылдары нақты ЖІӨ өсу қарқыны 2011 жылғы 3,1%–дан бірте-бірте 2015 жылға 6,9%–ға дейін өседі деп болжануда.

2011–2015 жылдары ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемінің орташа жылдық өсуі 4,3%–ды құрайды.

2011–2015 жылдары өнеркәсіп өнімінің көлемі орташа есеппен бір жылда 5,0%–ға өседі.

Өнеркәсіп өндірісі көлемдерінің өсуіне тау-кен және өңдеу секторларындағы өндіріс көлемдерінің артуы ықпал етеді.

2010 жылы мұнай және газ конденсатының көлемін 2010 жылғы          80,0 млн. тоннадан 2015 жылы 97,6 млн. тоннаға дейін көбейту болжамдануда (сурет 4.6).

Өнеркәсіп өнімінің артуы құрылыс және көлік қызметтері көлемінің өсуіне ықпал етеді. Құрылыс көлемінің өсу қарқыны 2015 жылы 3,0%–ға дейін, сәйкесінше көлік пен қойма қызметтері 8,4%–ға дейін өседі деп болжанады.

Ақпарат және байланыс қызметтерінің көлемі, болжам бойынша, жылына орташа есеппен 6,7% деңгейіне өсетін болады.

Сауда көлемінің өсу қарқыны болжам бойынша 2011 жылы 4,0%–дан 2015 жылы 9,5%–ға дейін артады.

Орта мерзімді кезеңде әлемдік тауар нарығындағы бағалардың көтерілуі және өндіріс көлемінің артуы аясында экспорт көлемдері өсетін болады. Экономика кірістерінің өсуі импорттың ұлғаюына мүмкіндік туғызады.

2011 жылы ЖІӨ-ге қатысты ағымдағы шот сальдосы профицитпен 1,0%, 2015 жылы 1,7%–ға дейін өсумен тиісті деңгейде болады деп болжануда.

 

 

Сурет 4.6 – 2011–2015 жылдарға арналған төлем балансының болжамы

 

2011–2015 жылдары жылдық инфляция деңгейі (алдыңғы жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы желтоқсан) 6,0–8,0% шегінде болады.

Төлем балансының болжанған параметрлері ақша–кредит саясаты параметрлерімен және орта мерзімді кезеңге арналған еліміздің макроэкономикалық даму параметрлерімен үйлеседі.

Экономикалық өсудің тұрақты қарқынын қолдау саясатын басымдықтар ретінде жүргізу сапаны тұрақты арттыру және халық өмірінің әлеуметтік стандарттарын жақсартуды көздейді.

ЖІӨ жан басына шаққанда 2015 жылы, болжам бойынша 12 мыңнан астам АҚШ долларын құрайды (сурет 4.7).

 

Сурет 4.7 – 2015 жылға дейін жан басына шаққандағы ЖІӨ болжамы

 

Жұмыссыздық деңгейін 2011 жылғы 6,4%–дан 2015 жылы 5,5%–ға дейін төмендету болжануда.

2011–2015 жылдарға арналған әлеуметтік–экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы қосымшада ұсынылған.

Информация о работе 2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық стратегиясы