Л.В. Занков жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Июня 2013 в 22:11, реферат

Описание работы

Л.В. Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты - баланы жалпы дамыту. Ал жалпы даму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс – әрекетті меңгеруі қабылданады. Сондай – ақ ақыл, ерік – жігері, сезімдерінің дамуы алынады. Осы тұста мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын біртұтас етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл жүректің сөз таластыруына тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби – публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз.

Работа содержит 1 файл

1.docx

— 26.53 Кб (Скачать)

1.Л.В. Занков жүйесі

Дамыта оқытудың Л.В. Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып өтелік. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктермен, өзгешеліктермен айқындалады:

 оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;

 мақсаттағы айырмашылықтар;

 дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;

 әдіс – тәсілдердегі ерекшеліктер;

 оқытуды өзгеше ұйымдастыру;

 мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;

 Л.В. Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты - баланы жалпы дамыту. Ал жалпы даму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс – әрекетті меңгеруі қабылданады. Сондай – ақ ақыл, ерік – жігері, сезімдерінің дамуы алынады. Осы тұста мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын біртұтас етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл жүректің сөз таластыруына тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби – публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз. Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады. Мазмұндағы өзгерістер оқу жоспарын тарих, география сияқты пәндердің енуімен қамтамасыз етеді. Ал дәстүрлі пәндердегі сабақ материалдары пропедевтикалық бағытта тереңдей ұсынылады. Бұл жүйе бойынша “негізгі, қосымша” пәндер деген ұғым жоқ. Әр пән баланың жаңа қырларын ашып, оны дамытуға өзінше үлес қосады деп табылады. Және олар бір – бірімен тығыз байланыса отырып, қоршаған дүниені тұтас күйінде қабылдауға әсер етеді деп саналады Л.В. Занков жүйесі дәстүрлі оқыту жүйесінен басқаша дидактикалық принциптерге негізделеді. Енді ерекше тоқталуды қажет ететін кейбір принциптердің мәнін аша кетейік

Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің саластырмалы сипаттамасы Педагогикалық процесінің компоненттері Мазмұнындағы басымдылық

Педагогикалық технологиялар туралы ұғым. Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамалары. Тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиясы. Басқа білім беру технологиялары.

А) Педагогикалық қатынасты  демокртияландыру және гуманизациялау негізіндегі педагогикалық технологиялар (Ш.А.Амоношвилидің ізгілік және тұлғалық технологиясы, әдебиетті оқыту  жүйесі адамды қалыптастырудың пәні ретінде, Е.И.Ильина және т.б.);

ә) Оқушылардың іс-әрекетін қарқандандыру мен белсендірудің  негізіндегі педагогикалық технологиялар (ойын технологиясы, проблемалық оқыту, Ф.В.Шатаолвтың тірек сигналдары конспектісі  негізінде оқыту технологиясы, Е.И.Пассовтың  қарым-қатынастық (коммуникативтік) оқыту және т.б.)

б) Оқыту процесін ұйымдастыру  мен басқару тиімділігі негізіндегі  педагогикалық технологиялар бағдарламалау, оқыту (В.В.Фирсов, Н.П.Гузик саралап  оқыту технологиялар),даралап оқытудың технологиялары(А.С.Границкая, Инге Унт, В.Д. Шадриков), тірек кестелерін пайдаланып түсіндіре отырып жүргізудегі оқытудың озық көрінісі (С.Н.Лысенков), топтық және ұжымдық оқыту әдістері (И.Д. Первин, В.К.Дьяченко), компьютерлік, ақпараттық және т.б. технологиялар;

в) Материалды әдістемелік  негізде жетілдірудің педагогикалық  технологиялары: дидактикалық бірліктерді  ұлғайту (П.М.Эрдниев), «мәдениетдиалогы»  технологиясы (В.С.Библер, С.Ю.Курганов), Л.В.Тарасовтың «экологиялық және диалектика»  жүйесі, М.В.Валович және т.б. ақыл-ой әрекетін біртіндеп қалыптастырудың  теориясын жүзеге асыру технологиясы;

г) Бала дамуының табиғи жаратылыс  үрдісіне арқа сүйейтін табиғатқа сәйкес пайдаланылатын халықтық педагогиканың  әдістері: Л.Н.Толстой бойынша оқыту,А.Кушнирдің  сауаттылық тәрбиесі, М.Н. Монтессори және тағы басқалардың технологиясы;

д) Альтернативтік:Р.Штейнердің вальдорф педагогикасы, С.Френенің еркін  еңбек технологиясы,А.М. Лобканың білім  берудің ықтималдық технологиясы;

е) Кешендік политехнолгиялар (А.Н.Тубельскийдің «өзін-өзі айқындау мектебі», И.Ф.Гончарованың «орыс мектебі», Е. А,Ямбургтың «барлығына арналған мектеп», «мектеп-парк», М.Балабан және тағы басқалардың).

Пән мұғалімінің авторлық әдістемесін және технологияны болжауы  мен енгізуіндегі шығарамшылық іс-әрекеті. Тұтас педагогикалық процестің  мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары  және әдістері қоғамның әлеуметтік экономикалық талаптарына, сафсатына байланысты. Мектепте оқу-тәрбие жұмысын ғылыми-техникалық үдеу негізінде ұйымдастыру үшін педагогикалық процестің заңдылықтарына көрсетілген міндеттерді толық  іске асырудапедагогикалық ұжымға, оның әрбір мүшелерінің іскерлік, білімдарлық  шығармашылық қабілеттеріне сүйену қажет. Тұтас педагогикалық процестің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны формалары мен әдістері,сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана татымды нәтиже береді. Қазіргі кезеңде тұтас педагогикалық процестің мәні өте зор, өйткені, қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқыту мен тәрбие бірлестігі приципінің толық іске асуын талап етеді. Орта, жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процесс немесе оқу-тәрбие процесі деп атайды. Білім берумен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу-оқу тәрбие процесінің басты шарты. Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы біржағынан тәрбие обьектісі, екінші жағынан тәрбие субьектісі болады.

ДАМЫТА ОҚЫТА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ.

Қазіргі таңда оқыту үрдісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне  байланысты оқыту технологиялары негізінен  қолданылуда. Оқу үрдісіндегі оқыту  технологиялары дегеніміз қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге тиімді жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған  білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген  формалары, әдіс – тәсілдері. Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек. Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.

 Оқушылардың оқуға  деген қызығушылығын дамыту, күтілетін  нәтижелерге жетуге талаптандыру.

Жеке басдамытуға бағытталған  әдіс – тәсілдерді қолдану.

Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.

Аталған талаптардың бәріне жауап бере алатын технология ретінде дамыта оқыту технологиясын таңдадым. Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың белгілімөлшерден шығып, саналы іс - әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі. Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л:С Вготский, М.Я. Лернер, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Д.Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген.

В.В. Давыдов «Дамыта оқыту  дегеніміз – ақыл – ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,қорытындылай алу дағдысы» - дейді. Дамыта оқытуда  баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда  ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге  дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім  алуға деген ынтасы артып, білім  алуда әрекет жасайды. Дамыта оқыту  жүйесіндегі сабақтардың типологиясы

 Оқу мақсаттарының  нақты қойылуы.

 Оны шешудің жолын  бірге қарастыру.

 Шешімнің дұрыстығын  дәлелдеу.

 Бұл үшеуі – дамыта  оқытудың Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов  жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.  Оқушы алдына оқу мақсаттарын  қоюда ешқандай дайын үлгі  берілмейді. Мақсатты шешу іштей  талқылау, сосын жинақтау арқылы  жүзеге асады. Мұғалім сабақ  үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы  рөлінде ғана болады. Шешім табылған  кезде әркім оның дұрыстығын  дәлелдей білуге үйретіліп,әр  оқушыға өз ойын ,өз пікірін  айтуға мүмкіндік беріледі.

 Дамыта оқыту белгілері:

 Педагогикадағы түсіндірмелі - иллюстративті әдісі алмастырады.  Бұл әдіс тұлға дамуы – тығыз  байланыста.

 Дамытудың барлық заңдылықтарын  ескереді, жеке бастың өзіндік  деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.

 Балаға іс - әрекеттің  толыққанды субъектісі болып  табылады.

 Балаға қоршаған ортамен  өзара қатынасқа түсетін дербес  субъект рөлі беріледі.

 Тұлғаның барлық қасиетін  тұтас дамытуға негізделген. 

 Баланың жақын даму  аймағында жүзеге асады.

 Аталған сабақ түрлері  оқушылардың құзыреттіліктерін  қалыптастыруға өз септігін тигізеді. Заман талабына сай 12 жылдық  орта білім беру мазмұны Стандартпен  анықталатын келесідей түйінді  құзыреттіліктер ретіндегі білім  беру нәтижелеріне әрбір білім  алушының қол жеткізуіне бағытталған:

 проблемалардың шешімін  табу

 ақпараттық

 коммуникативтік құзыреттіліктер

 Құзыреттілік – оқушылардың  іс -әрекеттің әмбебап тәсілдерін  меңгеруінен көрінетін білім  нәтижесі деп Қазақстан республикасы  Жалпыға міндетті мемлекеттік  стандарттың жобасында анықтама  берілген.

 Олай болса, бастауыш  сыныптардан бастап дамыта оқыту  технологиясын оқушының түйінді  құзыреттіліктерін қалыптастыруға  бағыттай жұмыс істеу талап  етіліп отыр.

 Оқушы құзыреттіліктерін  мүмкіндік беру саласы:

Проблеманы шешу 

ақпараттық 

Коммуникативтік

 Түрлі жағдайларда  проблеманы анықтауға, шешім қабылдауға

 Өз әрекетіне мақсат  қоюға

 өзін - өзі бағалауға  өз әрекетін басқамен салыстыруға

қойылған міндетке сәйкес әдістерін таңдауға 

 сыни тұрғыдан ұсынылған  ақпараттар негізінде шешім қабылдауға

 ақпараттардаы өзбетімен  табуға, талдауға, іріктеуге, түрлендіруге, тасымалдауға

 коммуникациялық технологияларды  қолдануға

ақпаратты өңдеп, қолдануға   

 қазақ және басқа  тілдердегі жазбаша коммуникация  түрлерін қолдануға

 тілдік қатынастық  стилдерімен жанрларын қолдануға

 әдептілік нормаларына  сәйкес пікір білдіруге  басқа мәдениет өкілдерімен, түрлі көзқарастағы адамдармен сұхбат жүргізіп, шиеленіскен ахуалды шешуге мүмкіндік береді

Оқушының құзыреттіліктерін  қалыптастырудағы дамыта оқыту технологиясының  қолданыс табуын төмендегідей көрсетуге  болады.

Оқу мәтінін қою сабағында 

 І. Табыс ситуациясын  тудыру кезеңінде оқушылар өз  жетістіктеріне көз жеткізеді,  яғни білетіндері сараланады. Осы  кезеңде оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін  дамыту көрініс береді.

 ІІ. Интеллектуалдық шиеленіс  кезеңінде оқушылардың ізденіс  зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруда  салыстырады, топтардың жауаптары  тыңдалып, шешімдері тыңдалады. Осылайша  сабақ мақсатын оқушылар өздері  айтады. Бұл кезеңде оқушылар  алдарына қойылған проблемаларды  анықтап, топтың шешімі арқылы  мақсат қояды. Яғни, проблеманы  шешу құзыреттіліктері қалыптасады. 

 ІІІ. Оқу міндетін  қою кезеңінде жеткіліксіз білімдерін  өздері меңгереді. Оқулықтан тиісті  ақпаратты тауып, қажеттісін сызба  арқылы береді.

 ІҮ. Оқу міндетін шешу  амалдарын іздестіруде практикалық  жұмыстарды топ өздері орындайды,  қиындықтарды анықтап, шешімін  айтады.

 Ү. Қорытынды рефлексия  кезеңінде әр топ, әр оқушы  өз түсінігіне талдау жасап,  өмірде қолданылу аясын айтады. Келесі сабаққа міндет белгілейді.

 Осылайша, дамыта оқыту  бойынша сабақ кезеңдерінде 

оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды

проблеманы шешу жолын  іздестіреді

жаңаны өздері табады

ақылдасады, кеңесед

 Аталған әрекеттері  арқылы әр оқушының проблеманы  шешу, ақпараттық, коммуникативтік  құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік  қалыптастырудың келесі міндеті  әр сабақтың өмірлік жағдайлармен  байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді  қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар  қолданылады. 

^ Проблеманы шешу құзыреттілігін  қалыптастыруға арналған тапсырмалар

Проблеманы сәйкестендіру:

 «Өзім тойдым», «Қомағаймын», «Қожанасыр мен ашқарақ» мәтіндеріне  ортақ бір тақырып ойла. Осы  оқиғаларды өз үйіңдегі қонақ  күту салтымен салыстыр.

 Әрекетті жоспарлау  және мақсат қою.

 Нан туралы оқыған  шығармаларыңды пайдаланып, нанның  жасалу барысының сызбасын құра.

 өзіндік бағалау

 А. Құнанбаевтың «Адам  болам десеңіз» өлеңіне сүйеніп,  сызбаны толтыр.

Менің бойымдағы жақсы  қасиеттер 

Менің бойымдағы жағымсыз қылықтар

^ Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар.

 Ақпараттық ізденісті жоспарлау

 Мақалдардың әңгімемен сәйкестендір.

 Ақпаратты өңдеу

 Әңгімелердің идеясын анықтап, өз пікіріңді дәлелде.

 Логикалық операцияларды пайдалану.

 Біздің жеріміздегі тау-қырат, өзен-көл аттарын жіктеп жаз.

^ Коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар

 Жазбаша қатынас

 Мәтіннің желісі бойынша  өз пікіріңді білдір.

 Диалог құру

 Өнімді топтық қатынас

 Мәтіндердің мазмұнын  өз өміріңмен байланыстырып айт.

Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:

 Оқу материалдарын  оқушыға дайын күйінде көрсету  емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға  қойған міндеттерді түсіндіру,  оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын  іздестіру арқылы өз іс –  тәжірибесінде қалай қолданады?

 Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсендіәрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым –  қатынасқа дайындау, дара тұлғалық  адамгершілік нормаларын меңгерту.

Информация о работе Л.В. Занков жүйесі