Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 12:15, реферат
Сәкен Жүнісов 1934 жылы 11 ақпанда Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысының Қызылту ауданы, Кішкенекөл ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін еңбек жолын “Пионер” (қазіргі “Ақ желкен”) журналында әдеби қызметкер болып бастады. М.Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметтерін абыройлы атқарды.
сырлы
әлемнің талантты сәулетшісі еді. Оның
қаламынан “Ақан сері” атты дилогия,
“Заманай мен Аманай”, “Ажар мен ажал”,
“Өліара”, “Жаралы гүлдер”, “Қысылғаннан
қыз болдық” секілді сом туындылар туды.
Аузымен құс тістеген құлагер талант Ақанды
асқақтатты, Абылайды аспандатты. Айтары
анық, бояуы қанық көркем образдар жасады.
Мәртебелі мінбелерден көшелі ой айтып,
көсемдік танытты.
Ақан
серінің мұңдасы, Ақтоқты
Сәбит
ДОСАНОВ, жазушы, М.Шолохов атындағы
халықаралық сыйлықтың
СОҢҒЫ
САПАРҒА ШЫҒАРЫП
САЛДЫ
Қазақ
кім десе, міне деп көрсетуге
тұлғасы да, кескін-келбеті де, азулы
айбаты да, қарым-қайраты да –
төрт құбыласы сай қабырғалы
қаламгер Сәкен Жүнісов те
өмірден өтті.
Арқалы
қаламгерді соңғы сапарға
Қаралы
жиынды Қазақстан Жазушылар
Ол
бұдан кейін Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың қас таланттың
Мемлекеттік
хатшы Оралбай Әбдікәрімов
Шыр
етіп дүниеге келгенде тал
бесігін тербеткен, тарлан
Арқа
төсінде туып, ақбас Алатаудың
баурайында қырандай түлеген,
тұлпардай жараған, иманын
Өмірі
рухын түсірмеген қаламгер
Қызылорда
облысы, Арал ауданынан келген
Нәжімеден Мұсабаев бүкіл бір
ұрпақтың Сәкен шығармасын
Қаламгердің
туған інісі, режиссер Орал Жүнісов ауыр
қазаға шынайы көңілдерін білдірген бүкіл
қауымға рахметін айтты.
Сәкен
сері Жүнісовтің қазасы мынау
жер бетіндегі желігіп жүрген
тірліктің жалған, өтпестей болған
өмірдің қысқа екенін тағы
бір еске салып отыр. Жалғанның
жалған екенін осыдан көруге болатын секілді.
Сүлеймен
МӘМЕТ.
ҚАПЫДА
КЕТТІҢ ӨМІРДЕН
Тірі жұлдыз сөнді бүгін,
Жарқылын шашқан жан-жаққа.
Шықты Астана сүйікті ұлын,
Шығарып жолға
салмаққа.
Көз жұмды өнер пырағы,
Қазақтың ғажап дүлдүлі.
Самғаған қыран құлады,
Сайраған
бұлбұл тынды үні.
Шаршы топ тұрар бас иіп,
Сол еді-ау жігіт озығы.
Заңғарға жетті ең биік,
Сөз гүлін
төгіп өз үні.
Тұлпар десең тұлпар сол,
Бәйге жоқ оны қарсы алмас.
Ән-күйге ынтық, іңкәр сол,
Алдына тірі
жан салмас.
Құлагер мұңын қозғаған,
Шұрқырап шықты құлындай.
Болса да Ақан өз бабам,
Жалғасты
Сәкен ұлындай.
Таппады тыныс бір ауық,
Әр саққа терең бойлады,
Сұм жалған еккен шырмауық,
Шырматпай
оны қоймады.
Өксікті тұрсам жоя алмай,
Кетпессің бауырым көңілден.
Ұйқыда жатып оянбай,
Жазушы Сәкен Жүнісов өмірден озды
АСТАНА.
Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат. Қазақ әдебиеті
мен өнері орны толмас қазаға душар
болды. Бүгін, сәуірдің 29-ында аса көрнекті
жазушы, драматург, Қазақстанның халық
жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов 72 жасында қайтыс
болды. Сәкен Жүнісов 1934 жылы ақпанның
11-інде Көкшетау, қазіргі Ақмола облысының
Қызыл ту ауданы, Кішкенекөл ауылында
туған. Қазақ Мемлекеттік университетін
бітіргеннен кейін, еңбек жолын «Пионер»,
қазіргі «Ақ желкен» журналында әдеби
қызметкер болып бастады. Мұхтар Әуезов
атындағы Қазақ академиялық драма театрының
әдебиет бөлімінің меңгерушісі, КСРО әдебиет
қорының қазақ бөлімшесінің директоры,
Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы
қызметтерін атқарды. С. Жүнісов жарты
ғасырлық шығармашылық өмірінде қазақ
әдебиетін өркендетуге зор үлес қосты.
«Ақан сері» трилогиясы, «Жапандағы жалғыз
үй», «Заман-ай мен Аман-ай» романдары
қалың оқырман қауымнан да, әдеби сыншылардан
да жоғары бағасын алды. «Ажар мен ажал»,
«Тұтқындар», «Қызым саған айтамын», «Жаралы
гүлдер», «Қос анар» тағы басқа да пьесалары
республикалық театрларда табысты қойылды.
«Өліара» пьесасы үшін 1986 жылы ҚР Мемлекеттік
сыйлығы берілді. Көптеген шығармалары
шет тілдерге аударылып, өзі де бірқатар
шет ел жазушыларының туындыларын қазақ
тілінде сөйлетті. Сәкен Жүнісов қаламынан
туған таңдаулы шығармалар қазақ әдебиетінің
алтын қорынан орын алды. Ол өзінің замандастарының
арасында ауқымды шығармашылық қарымымен
де, біртуар азаматтық болмысымен де ерекшеленетін.
Туған халқы талантты перзентінің сан
қырлы өнері үшін Сәкен Сері атап, аялап,
еркелетті. Үлкен қаламгер Сәкен Жүнісовтың
жарқын бейнесі әрдайым оқырмандар жүрегінде
сақталады.
Шығармашылығы
Жүнісов
Сәкен Нұрмақұлының жасөспірімдерге
арналған тұңғыш әңгімелері студент
кезінде жарық көрді. “Сонарда”
(1958), “Әжем мен емші және дәрігер”
(1961), “Кімнің мекені жақсы?” (1961), “Өшпейтін
іздер” (1968) атты әңгімелер мен повестер
жинағы жарық көрген. “Жапандағы жалғыз
үй” романы (1965) кезінде қазақ әдебиетіндегі
елеулі құбылыс ретінде бағаланды. Мұнда
тың игеру кезіндегі қазақ даласындағы
әлеуметтік қайшылықтар алғаш рет көркем
шығарма арқауына айналған. Өнерде жарқын
із қалдырған ақын, әнші-композитор Ақан
сері Қорамсаұлының әдебиеттегі көркем
образын сомдаған “Ақан сері” романы
(1-кітап, 1971; 2-кітап, 1978) шығармашылық адамының
қоғамдағы жеке трагедиясына ғана бойлап
қоймай, 19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақ
қоғамындағы әлеуметтік қарым-қатынастарды
терең қопара көрсетіп берді. Туған жерге
деген перзенттік махаббат пен Отанға
деген сүйіспеншілікті суреттейтін “Аманай
мен Заманай” романы (1987) бойынша “Заманай”
атты көркем фильм түсірілді. Жүнісов
Сәкен Нұрмақұлының “Ажар мен ажал” (1967),
“Тұтқындар” (1972), “Жаралы гүлдер” (1973),
“Қызым, саған айтам” (1973) сияқты драмалық
туындылары республикалық және облыстық
театрлар сахнасында қойылып, көрермендердің
ықыласына ие болды. Онан кейінгі кезеңде
“Қысылғаннан қыз болдық”, “Кроссворд”,
“Қос анар”, “Әр үйдің еркесі”, “Елім-ай”,
“Сабалақ Абылай”, “Сәукеле”, т.б. пьесалары
көптеген театрларда табыспен қойылды.
Жүнісов Сәкен Нұрмақұлы – әдебиет пен
театрдың келелі мәселелерін қозғаған
жүзге жуық зерттеулер мен сын мақалалардың
авторы. Көркем аударма саласында да жемісті
еңбек етіп, Л.Толстойдың, П.Федоровтың,
В.Кочетовтың, С.Цвейгтің, О.Гончардың
шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Қазақстан
Республикасының Мәдениет және ақпарат
министрлігі.
Мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті
жазушы-драматург, абзал азамат Сәкен
Жүнісовтің кенеттен өмірден озуына байланысты
марқұмның отбасы мен туған-туыстарына
көңіл айту жеделхатын жолдады.
“Бүкіл
халқымыз үшін орны толмас қазаға байланысты
ауыр қайғыларыңызға ортақтасып көңіл
айтамын. Ұлтжанды, өнерге ерекше жаны
жақын Сәкен Нұрмақұлы өзінің көркем тілмен
кестеленген тамаша шығармалары арқылы
халқымыздың қазақы қалпы мен ұлттық ділін
сақтап, жетілдіре түсуге бүкіл дарыны
мен қарым-қабілетін жұмсап, қызмет етіп
еді. Оның суреткерлік шеберлігімен сомдалған
ардақты Ақан серіміздің ауыр тағдыры
мен шынайы бейнесі әдебиет сүйер қауымның
әлі талай буындарының жүректерін тербеп,
кеуделеріне өнерге деген іңкәрлік пен
ізгіліктің нұрын себе беретіндігіне
күмән жоқ”, – делінген жеделхатта.
Тест
1. «Өліара» атты пьессаға қай жылы марапаттау берілді?
А) 1986ж.
Ә) 1987ж.
Б) 1934ж.
В) 1982ж.
2. С.Жүнісов қандай ақындардың өлеңдерін өз тілімізге аударды?
А) А.С.Пушкин
Ә) А.Құнанбаев
Б) Л.Толстой
В)Лермонтов
3.С.Жүнісов қай жылы, қай өлкеде дүниеге келді?
А) 1986ж.12маусымда Алматы облысында
Ә) 1934ж.11 ақпанда Көкшетау жерінде
Б) 1982ж.16қарашада Қызылорда облысында
В) 1934ж.12 шілдеде Көкшетауда
4. С.Жүнісов қай жылы дүние салды?
А) 2000ж.
Ә) 2005ж.
Б) 2001ж.
В) 2006ж.
5.Ол университет бітіргеннен кейін қай журналистикаға орналасты?
А) Ақ желкен
Ә) Жапандағы жалғыз ай
Б) Тұтқындар
В) Қос анар
6. С.Жүнісов қанша жасында өмірден өтті?
А) 60жасында
Ә) 35жасында
Б) 80жасында
В) 72жасында
7. Ең алғашқы әңгімесінің атауы:
А) «Өшпейтін іздер»
Ә) «Сонарда»
Б) «Ақан сері»
В) «Ажар мен ажал»
8. «Ақан сері» романы неше томдық?
А) 1
Ә) 4
Б) 2
В) 3
9. «Ақан сері» романының 2-ші томы қай жылы жарық көрді?
А) 1971ж.
Ә) 1961ж.
Б) 1978ж.
В) 1972ж.
10. С.Жүнісов кезінде қандай көркем фильм түсірілді?
А) «Қос анар»
Ә) «Заманай»
Б) «Елім-ай»
В) «Әр үйдің еркесі»
11.С.Жүнісов қай елдің шығармаларын аударды?
А) орыс елінің
Ә) түрік елінің
Б) араб елінің
В) шет тілдің
12. Қай шығармашылығы диалог ретінде жазылған?
А) Тұтқындар
Ә) «Ақан сері»
Б) «Қызым, саған айтам»
В) «Ажар мен ажал»
13. 1986жылы қай пьесасына марапаттау алды?
А) «Өліара»
Ә) «Жапандағы жалғыз ай»
Б) «Ажар мен ажал»
В) «Ақ желкен»
14.Пионердің қазіргі атауы:
А) «Елім-ай»
Ә) «Ақ желкен»
Б) «Өліара»
В) «Пионер»
15. 1972жылы қай шығармасы жарық көрді?
А) «Қызым саған айтамын»
Ә) Тұтқындар
Б) «Елім ай»
В)
«Ажар мен ажал»