Сәкен Жүнісов

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 12:15, реферат

Описание работы

Сәкен Жүнісов 1934 жылы 11 ақпанда Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысының Қызылту ауданы, Кішкенекөл ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін еңбек жолын “Пионер” (қазіргі “Ақ желкен”) журналында әдеби қызметкер болып бастады. М.Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметтерін абыройлы атқарды.

Работа содержит 1 файл

жазушы сакен.doc

— 1.61 Мб (Скачать)

 Табиғаттың  боранынан да сұрапыл, аязынан  да ащы отызыншы жылдардың  қияметінде туып, қырқыншы жылдардың  қырғынында тесік өкпе боп  қалған, елуінші жылдардың ұртоқпағынан басбелең болған “жетімдер әулетінің” сүйегіне сартап боп сіңген сол бір аяздар күні кешеге дейін бусанбай жатты. Тәуелсіздік келіп, арманға енді қол жетті ме дегенде, алдымыз жетпіске келіп… Өкінішті-ақ… Сәкен романтик еді. Ол “Ақан сері” дилогиясында қазағының да, туған жерінің де қасиетін армандай етіп жазып кетті. Ол жетпіс жасқа толғанда Көкшетаудың театрына адам сыймай қалды. Мақтау сөзді де күтпей, мадақтау да дәметпей жиналған жұртына екі сағат бойы ән салып беріп еді. Ақандардың мұрагері, ән қанатында өсіп, әнмен өмір кешкен есіл жан халқымен әнмен қоштасқан екен-ау! Қайран дос, енді қара жерге қайтіп сияр екенсің?!  

 Соңғы  сері дүниеден өтті. Бақұл бол,  бауырым!  

 Қалихан  ЫСҚАҚ.  

ҚОШ БОЛ, МҰХАҢНЫҢ СҮЙІКТІ  ШӘКІРТІ 

 Кешкілік қаннен қаперсіз үйде отырғанмын. Бек ағам Тоғысбайұлы телефон соқты. Ойымда ештеңе жоқтығын байқады ма, амандық-саулықтан кейін іле-шала: – “Теледидар қарамағансың-ау, шамасы”, – деді үні бұзылыңқырап. – Не бопты, – дедім жұлып алғандай. “Сәкен ағаңнан айырылыппыз. Жаңа ғана “Қазақстан” арнасынан айтты”. 

Шіркін, жалған! Мұндайда не дерсіз?! Ауыр бір  сәттер еңсені езіп кеткендей болды. Бір-бірімізге көңіл айттық. Босаған  буын мен дірілдеген ерін, атқақтаған жүрек пен жаншылған сезім  әп-сәтте қансырап қалған кеудеге зіл батпан өксік пен өкінішті үйіре қуып тыққандай әлемтапырық күй кештім. Қайғы сепкен бұл не қасірет?!

 Сәкен  аға! Сәкен Жүнісов! Сәкен сері! Кәдімгі домбыра шертіп, ән шырқап, ел-жұртын сауық-сайранға бөлеген,  қара сөзден сурет салуға келгенде ауыздығы дес бермеген сұлу мүсінді, сұңғақ бойлы, сері мінезді, сылқым жүрісті сабазым! Өтті деуге, өлді деуге қалай ғана қиярсың… Айбатты, адуын да азулы аға, сен де оздың-ау мына опасыз қу жалғаннан! Айбатыңнан, айбарыңнан ажал да ығар деуші едік. Ол сұм сені де алып ұрыпты ғой. Амал қанша, араша тұрар дәрмен болмай қалды. Ортамыздан кетуің қандай жылдам еді.  

 Бір  мүшел үлкендігіне қарамай, Сәкен  аға мені ерекше жақсы көрді  десем, біздерді білетіндер осы  айтқандарымды жоққа шығармас. Әне  бір жылдарда Талдықорған мен Торғай, Қызылорда мен Қостанай театрларын кезек араладық. Мерейтойлары тұсында газетке мақала да жаздым. Осының бәрі ағаға деген көңілімнің ақтығы еді.  

 Алматыда  өзінің жетпіс жылдығына жайылған  дастарханын қояр да қоймай  маған басқартты. “Қатарларыңыз бар ғой” деген уәжіме қараған да жоқ.  

 Соңғы  рет Астанадан хабарласты: “ Таяуда  шыққалы жатқан пьесалар жинағыма  алғысөз жазып, пәлен адреске  бере қойсаң” деген тілек айтты  ол. Неге екені белгісіз, үні бәсең.  “Жүрегім мазалаңқырап…” деді ол барынша жұмсақ тіл қатып. Қостанайда өткен театр фестивалі күндерінде де дәл осылай жүрегін айтып мұңайған-тын. Ақыры, сол үлкен суреткердің жұдырықтай жүрегі… мәңгіге дамылдаған екен ғой. Тыным тапқан екен ғой, мазасыз ақын жүрегі… Мәңгілік ұйқың тыныш болсын, Ақаңдардың сарқыты, Біржандардың жалғасы, ұлы Мұхтар мен ұлы Ғабиттің шәкірті, қалың роман-хикаяттар мен салмақты драмалық шығармалардың аса көрнекті иесі, қазақтың Сәкен серісі!  

 Қазақтың  қадірменді сөз зергері, әдебиеттің, ардақты қаламның иесі Сәкен аға!

Қош бол, ұлы Мұхаңның мәңгілік сүйікті аспиранты!..  

 Әшірбек  СЫҒАЙ.  

ЖЫЛАТЫП КЕТТІҢ, ЖАН АҒА 

 Қайран  асыл аға! Қазақ әдебиеті аталатын  сырлы әлемге тым ерте араласқан  сенің арынды да асау мінезді  қуат қарымың ұлы Мұхтарға  шәкірт етіп, маңғаз Ғабиттің сенімді серік інісіне айналдырды. Жасы үлкен ағаларың, замандас құрдастарың, ізіңді басқан інілерің алдында бірдей құрметке бөленуің сол ірі де ілгері талантыңнан, алмас қылыштың жүзіндей жарқылдаған жайсаң мінезіңнен болатын. Әдебиетіміздің өткені мен бүгінгі, келешегі жайында жазған өткір де өміршең мақалаларың, мәртебелі мінбелерден сөйлеген жалынды сөздерің тіліміздің тағдыры, әдебиетіміз бен рухани қазынамызға қатысты алаң да қамқор көңіліңнің себездете төккен сәулесіндей еді. Алыптар шоғыры атанған ағалардың саған деген разылық көңілі тым ерен еді.  

 Киелі  әдебиетіміздің өсіп, өркендеу жолындағы  жарқын еңбектерің, ана тіліміздің  мәйекті, мәнді де мазмұнды  қасиеттерін зор талғампаздықпен  өз шығармаларыңның шырайлы қуатына  айналдыра алған талантың кімді болсын тәнті етіп, сүйсіндірген еді-ау. Өзің сүйіп жырлаған Ақан серінің Құлагеріндей әдебиетіміз мен мәдениетімізге мол олжа салып едің. “Ақан серінің” үшінші кітабын беремін, “Хан мен Президент” атты деректі романға кірістім дегенің кеше ғана емес пе еді. Біз де атар таңнан жақсылық күтер риясыз көңілмен құптағанбыз, қуанғанбыз. Абылай хан туралы бәйгелі додада топ жарып, бас бәйгені алған сценарийіңнің көрген қиянаты ет жүрегіңе ақау салғанын да сезетін едік.  

 Өзің  келген сайын ерекше шаттық пен қуанышқа кенеліп қалар Көкшетауың сенен көз жазып жетім қалар деген ой болып па бізде. Тосыңдар, ертең келемін деген уәдеңде неге тұрмадың, асыл аға-ау! Ешкімге де иіліп көрмеген ғазиз басыңа сұм ажал қалай ғана ноқта салды екен?! Бұл күндері Құлагер жортқан құба белдер қамығып, сексен көлді Көкшетауың аза тұтып, қара жамылған.

 Алмас  тасының он сан қырындай жарқырап  тұрар ғажап талантты қасиеттеріңе  қайран қалар жұрт Жаратушы  соншалықты дархандықпен Сәкенге  өнер атаулыны аямай-ақ бере  салған деуші еді. Сал-серіге ғана тән тектілікпен сол өнеріңді туған халқыңның қуанышы  

үшін  оңды-солды шаша білдің, дархан мінезіңмен шаттығымызға шаттық қостың. Жан аға! Өзіңді жоқтап егілген еліңнен, көз жасын көлдеткен Көкшетауыңнан Жанбота бастаған балаларыңа, іні-қарындастарыңа қайғырып көңіл айтамыз. Өзің тәрізді табиғи таланттардың өлмес ғұмыры артында қалған еңбектерімен еншілес болса, сенің де үлкенді-кішілі шығармаларың арқылы жаңа ғасырың – өлмес ғұмырың басталды! Біз соған шүкіршілік етеміз.  

 “Өмірдің  көбі кетіп азы қалды” деп  күңіренген Ақан серінің соңынан  сен де аттанып кеттің, қайран  аға! Топырағың торқа, жаның  жәннатта болғай. Сенің нұрлы  дидарың, жарқын мінезің, ұланғайыр  еңбектерің бізбен бірге жасай  берер. Бақұл бол, елінің еркесі, сөз өнерінің сардар серкесі!  

 Төлеген  ҚАЖЫБАЙ, Қазақстан Жазушылар  одағының Ақмола облыстық филиалының  төрағасы.  

ХАЛҚЫНЫҢ  СЕРІСІ ЕДІ, ЕРКЕСІ ЕДІ... 

 Ойлап  отырсам, мен Сәкенді білгелі,  іні болып соңына ергелі қырық  жылдан асыпты. Мұхтар Әуезовтің  ең алғашқы аспиранты Сәкен Жүнісов өзінің аттас ағасы Сейфуллинге ұқсайтын сұлу сымбатымен, “Мүгедектер” атты алғашқы әңгіме кітабымен еліктегіш жас жанға ерекше әсер етіп еді. Содан бері арада өткен жарты ғасырға жуық уақыт ішінде кейде бір мәселеге келіспесек те, керіскен де, шәй дескен де кезіміз жоқ. Ол мен елуге келгенде “Қазақ әдебиеті” газетіне мақала жазып, Алматыда Орталық концерт залында өткен кешімді басқарып еді. Елге де өзі бастап апарған-ды. Алпыс дейтін асқардан асқанда да мерейтойдың бел ортасында жүріп, белсене қызмет жасады. Мен де оның мына жалған дүниедегі қуанышы мен қайғысында әркез қасында болып едім. Ол маған жаға болса, елге аға еді. Халқымыздың серісі, еркесі еді.  

 Ғабит  Мүсірепов Сәкен Жүнісовке “сері”  деген атты “Ақан серіні”  жазғаны үшін ғана емес, сегіз қырлы, бір сырлы таланты үшін беріп еді. Кейбіреулерде “сері” дегенді сымдай болып тартылып, сыптай болып киініп, қыз-қырқынға қырындау деп түсінетін қате ұғым бар. Сәкен ондай жеңілтек түсінік аумағына сыймайтын, тар ұғымға қимайтын тарлан талант. Жаратылыс оған жазушылық талантпен бірге әншілікті, күйшілікті, бишілікті, серілікті, ақындықты, батырлықты қоса сыйлады. Сәкен әдебиет дейтін сымбаты бөлек сырлы әлемнің талантты сәулетшісі еді. Оның қаламынан “Ақан сері” атты дилогия, “Заманай мен Аманай”, “Ажар мен ажал”, “Өліара”, “Жаралы гүлдер”, “Қысылғаннан қыз болдық” секілді сом туындылар туды. Аузымен құс тістеген құлагер талант Ақанды асқақтатты, Абылайды аспандатты. Айтары анық, бояуы қанық көркем образдар жасады. Мәртебелі мінбелерден көшелі ой айтып, көсемдік танытты.  

 Ақан  серінің мұңдасы, Ақтоқты сынды  арудың сырласы болған Сәкен  Жүнісов артында қалған рухани  мол мұрасымен халқымен бірге  жасай береді.  

 Сәбит  ДОСАНОВ, жазушы, М.Шолохов атындағы  халықаралық сыйлықтың лауреаты.  

НАМЫСТЫҢ  НАРКЕСКЕНІ

 Сәкен  сері! Кәдімгі Сәкен Жүнісов! Дүниеден  өтіп кетіпті. Неткен ызғарлы  сөз. Қайталап айтуға ауыз бармайды. Күні кеше ғана мына кең  дүниені бір өзі ғана толтырғандай  болып, жүрген жерін сауық-сайран  еткен нар азамат қалай ғана  өмірін қиып, біржола бақиға аттанған дейсің?!  
 

 Бірақ  тағдырға талқы жоқ. Оның алдынан  керме құрып, кедергі жасай  алмайсың. Сағатың кенеттен соққан  екен, бауырым. Бақұл бол дегеннен  басқа не айтайық? Жаның жаннатта  болғай. Ондағы аруақтарға да  көңіл сергітер сері керек шығар. Тек әйтеуір алдыңнан иманның ақ нұры ашылсын.  

 Ал  біз сенің туған әдебиетіңе  қалдырып кеткен мұраңды ойлап,  соны көңілге медет тұтамыз.  Қымбат мұра екенін еске алып, сабырға жүгінеміз.  

 Мына  азалы сәтте сенің қай қасиетіңді, қай дарыныңды айтып түгендейік. Серіге біткен жайсаң, жарқын мінезің жадымызда, риясыз ашық күлкің құлағымызда, әсіресе туған еліңнің, сүйген халқыңның болашағын ойлап, жанға батқан кейбір жайсыздықтарды тіліп түсер наркескендей бойыңнан жарқ ете қалатын намыс отын қалай ұмытайық, Сәкенжан!  

 Үйімдегі  кітап сөресінен сексенінші жылдардың  дәл басында жарық көрген қос  томдығыңды қолыма алып, алғашқы  бетін ашып қалып едім: “Жері  бір, елі бір ағайынға, әдебиеттегі  мақсаты, тілегі бір досқа!”  деген қолтаңбаң көзіме оттай басылды. “1982 жыл 17 ақпан” деген мезгілі де көрсетіліпті. Баспаханадан жаңа ғана шыққан кітаптың бояу иісін сезгендей болдым.  

 Сол  сексенінші жылдардың аяқ кезінде  мүшелтой деген дақпыртпен ауылға  жолым түскені бар-ды. Әуелі облыс  орталығына соқтым. Қостанайда ақындар айтысын өткізуге сен келіп жатыр екенсің. Мені ауылға ертіп бармақшы болған ақын-жазушы інілеріммен бірге жүр деп шақырдым. Сол топтың көркі болып бастап кеткенсің.  

 Сені  көргендегі ауыл адамдарының  қуанышында шек жоқ еді. Қуанатын  жөндері де бар. Өйткені, біздің ауыл көршілес екі облыстың шекарасында орналасқан тірлік-тынысы бір мекендер еді ғой, өздерінің атақты бауырлары келіп қалғандай көзайым болған. Енді сол ауылдар сенің қазаңды аза тұтып жатқанын ойлап, біздің жүрегіміз одан сайын езіле түседі.

 Бақұл  бол, еліңнің асқақ жанды азаматы!  

 Жұмағали  ЫСМАҒҰЛОВ.  

ХАЛҚЫНЫҢ  СЕРІСІ ЕДІ, ЕРКЕСІ ЕДІ...  

 Ойлап  отырсам, мен Сәкенді білгелі,  іні болып соңына ергелі қырық  жылдан асыпты. Мұхтар Әуезовтің  ең алғашқы аспиранты Сәкен  Жүнісов өзінің аттас ағасы Сейфуллинге ұқсайтын сұлу сымбатымен, “Мүгедектер” атты алғашқы әңгіме кітабымен еліктегіш жас жанға ерекше әсер етіп еді. Содан бері арада өткен жарты ғасырға жуық уақыт ішінде кейде бір мәселеге келіспесек те, керіскен де, шәй дескен де кезіміз жоқ. Ол мен елуге келгенде “Қазақ әдебиеті” газетіне мақала жазып, Алматыда Орталық концерт залында өткен кешімді басқарып еді. Елге де өзі бастап апарған-ды. Алпыс дейтін асқардан асқанда да мерейтойдың бел ортасында жүріп, белсене қызмет жасады. Мен де оның мына жалған дүниедегі қуанышы мен қайғысында әркез қасында болып едім. Ол маған жаға болса, елге аға еді. Халқымыздың серісі, еркесі еді.

 Ғабит  Мүсірепов Сәкен Жүнісовке “сері”  деген атты “Ақан серіні”  жазғаны үшін ғана емес, сегіз  қырлы, бір сырлы таланты үшін беріп еді. Кейбіреулерде “сері” дегенді сымдай болып тартылып, сыптай болып киініп, қыз-қырқынға қырындау деп түсінетін қате ұғым бар. Сәкен ондай жеңілтек түсінік аумағына сыймайтын, тар ұғымға қимайтын тарлан талант. Жаратылыс оған жазушылық талантпен бірге әншілікті, күйшілікті, бишілікті, серілікті, ақындықты, батырлықты қоса сыйлады. Сәкен әдебиет дейтін сымбаты бөлек  

Информация о работе Сәкен Жүнісов