Сәкен Жүнісов

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 12:15, реферат

Описание работы

Сәкен Жүнісов 1934 жылы 11 ақпанда Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысының Қызылту ауданы, Кішкенекөл ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін еңбек жолын “Пионер” (қазіргі “Ақ желкен”) журналында әдеби қызметкер болып бастады. М.Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметтерін абыройлы атқарды.

Работа содержит 1 файл

жазушы сакен.doc

— 1.61 Мб (Скачать)
 
 
 
 

« Өркеннің өрнегі» 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                

                                
 
 
 
 
 

Сәкен Жүнісов 

Сәкен Жүнісов 1934 жылы 11 ақпанда Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысының Қызылту  ауданы, Кішкенекөл ауылында туған. Қазақ  мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін еңбек жолын “Пионер” (қазіргі “Ақ желкен”) журналында әдеби қызметкер болып бастады. М.Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметтерін абыройлы атқарды.  

 Сәкен  Жүнісов бірыңғай жазушылықпен  айналысқан жарты ғасырға таяу  шығармашылық өмірінде қазақ  әдебиетін өркендетуге өлшеусіз  үлес қосты. “Ақан сері” дилогиясы,  “Жапандағы жалғыз үй”, “Заманай мен Аманай” романдары қалың оқырман қауымнан да, әдеби сыннан да жоғары баға алды. “Ажар мен ажал”, “Тұтқындар”, “Қызым, саған айтам”, “Жаралы гүлдер”, “Қос анар”, тағы басқа пьесалары республика театрларында табыспен қойылды. “Өліара” пьесасына 1986 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.  

 Көптеген  шығармалары шет тілдерге аударылды.  Өзі де Л.Толстойдың, С.Цвейгтің, О.Гончардың әңгімелері мен романдарын  қазақ тіліне сәтті тәржімалады. 

 

С.Жүнісовтің қаламынан туған таңдаулы шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорынан берік орын алған құнды дүниелер болып табылады. Ол өз замандастарының арасында ауқымды шығармашылық қарымымен де, біртуар азаматтық болмысымен де ерекшеленетін. Туған халқы талантты перзентін сан қырлы өнері үшін Сәкен сері атап, аялап еркелетті. Аяулы азамат, үлкен қаламгер Сәкен Жүнісовтің жарқын бейнесі әрдайым ел жүрегінде сақталады. Оның озық туындылары халқының рухани қазынасына айналып, болашақ ұрпақтармен бірге жасай береді.  

Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ, Қазақстанның халық жазушысы.  

   
 
 
 
 
 
 

                                        

 БАР ҚАЗАҚҚА СҮЙІКТІ ЕҢ 

 Кетіп  жатыр қатарлар бірге жүрген,

 Тым  ертерек қоштасып гүлді өмірмен. 

 Алғы  күнде жолығу жоқ енді деп, 

 Аялайсың  соларды бір көңілмен.

 Қатарым-ай, қарайтын қабағыма,

 Шуақ  сыйлап жүретін жанарыма.

 Ескіні  де есіркеп бір көңілмен,

 Бір  жүрекпен сүюші ек жаңаны да.

 Айтқан  тілек болса егер екі етпедік, 

 Басымыздан  бұл дәурен өтер дедік

 Бірімізге  біріміз сүйеніш боп, 

 Бірімізді-біріміз  жетектедік.

 Алдан  үміт көп күттік арды баспай,

 Көрінуші  ең көзіме мәңгі жастай

 Сырласушы  ек, бауырым, сыйласушы ек

 Аға,  інідей немесе жан құрдастай. 

 Бәйге  алдынан қашан да сені көрдім,

 Көп  еді ғой қиялға берілер күн. 

 Қазақтағы  біз білген Сәкен сері,

 Соңы  болып жүрмегей серілердің.

 Қашаннан-ақ  халықтың тарланды ері

 Жылаттың-ау  жанымды таңнан бері

 Ән  шырқасаң әніңе қосылатын 

 Орман-көлі  қазақтың арман жері.

 Той  емес-ау өмірдің арты кілең, 

 Тауға  шықтың тағдырдың тәртібімен.

 Шын  жігітке берілер сегіз қырдың

 Бәрі  сенде бар еді артығымен. 

 Кейде  солып көңілдің гүл талабы,

 Биікті  де қайтерсің бұлт алады. 

 Рухың  халқыңмен бірге жасап, 

 Талай  шыңға шығасың шырқап әлі.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

АЛАШТЫҢ АРДАҒЫ

 Осы  кеше ғана еді, Алматыға, өзінің  сан рет сайрандатқан, сан рет думандатқан, негізгі бал дәурен өмірі өткен сүйікті қаласына келіп, әдемі бір тойда әнді төгіп-төгіп кетіп еді.

        

Беріле  айтып еді – қабырғасы сөгіле, жүрегі езіле салған әнімен қайран сері, ақтарылды кеп көпшілік алдында. Жұрт алдына шыққанда жалын боп лаулайтын мінезін білетін ағайын Сәкеннің сиқырлы үнін со жолы соңғы рет естіп тұрғанын аңғарып па. Халқы Сәкенге қашан да тәнті еді ғой, дуылдата қол соқты – әнші баладай мәз болды. Енді соның бәрі ұйқыда көрген түстей боп, рахаты жүректе қалып, кең дүние Сәкен дегенде тарылып сала бергенін қарашы. Өткінші ғұмыр, Алла әркімге әртүрлі тағдыр сыйлайды, жазмыш деген бар. Осыдан шығады, таяуда ғана жалпақ халқымен қоштасқан кісіше Сәкен Нұрмақұлы телеэкраннан көрінді. “Хабар” арнасынан. “Бетпе-бет” бағдарламасында сұхбаттасқанда жазушының сөйлеп отырып ентігіп қалатыны байқалып еді, жамандыққа жорымағанбыз, қаламгер бұл жолы да бәз мінезімен ақ сөйледі, бәрі әдебиеттің қамы, пікірін адал айтты.  

 Қайран  Сәкен, ендігі жерде Сәкен қалпымен қалар ел жадында. Сәкен сүйрік, жүйрік қаламгер еді ғой, алдына жан салғысы келмейтін. Өзі тұлпар болғасын бұл табиғи қалпын жұрты да солай қабылдайтын. Өмірдің аты өмір, бірақ қас жүйрікті кім қалай қабылдайды. Жүйріктіктің өзі кейде басқаға мін. Құлагер жүйріктігінен мертіккен. Бұл тірлікте Сәкен жүйріктің алдынан да кедергілердің аз кездеспегенін тұстастары іштей сезетін едік. Тағдыры да оңай болмады. Өз мінезі өзіне қарсы келіп жататын кездері де болатын. Бірақ қайрақтай қайсар қайраты бәрін білдіртпейтін. Сәкен кесек тұлға, сол кезіккен кедергілерге әсте мойып көрген жоқ, бәрін өзі оңаша көтере білетін. Мына тосыннан құлап түсуінде де соның табы бар ма деген күдік ойды мазалайды. “Жапандағы жалғыз үйді” жазған жазушы өзі де өмірінің соңғы жылдарын жұрттан оқшауырақ жүріп, өз кейіпкері Ақан серідей бірде Қопа көлінің жағасында, бірде Бурабайда, бірде Астанада жападан жалғыз тұрды, Алматыға сирек келетінін байқайтынбыз.  

 Иә, Сәкеңнің басынан бәрі өтті. Бәрін  өзі жалғыз көтерді. 

 Сәкен  тірлігінде көп еңбектенді, мол жазды. Әдебиеттің қай жанрында да көсіле қалам тербеген Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов жазып қалдырған алтын қазына былайғы уақытта жұртымен бірге жасайтынына күмән жоқ.  

 Бір  қазақ Сәкендей-ақ болсын, халқын, ұлтын сүюден айнымай өткен  Сәкен серіге бұл жалған дүние разы болуға да тиісті.

 Елден  ерек, басқаша сыр ақтарысатын  ғазиз дос, Алаш десе ішкен  асын жерге қоятын Сәкен, қазақ  өнерін дамытудан күшін аямаған  сері, ұлт әдебиетінің көшін дүзеуге  жегілген Жүнісовтің, төрт аяғы  тең тұлпар-таланттың ендігі жерде арада жүрмеуі өкініш.

 Қайтейік, дәм-тұз таусылса шара жоқ,  әркімнің де Алламен қауышар  бұйрықты бір күні бар. Тірі  пендеге ажал қас. 

 Ақсұңқар  Сәкен, Алаштың қамын жеген  Азамат, Қараөткел топырағында Тәңіріңмен  табыс!  

 Қоғабай  СӘРСЕКЕЕВ.  

ӨЛШЕМІ  ҚЫСҚА ӨМІР-АЙ...

Соңғы сері дүниеден өтті. Сәкен cері… Айтарын  сарқа алмай, арманын тауыса алмай. Адамды шаранасынан аңдитын ажал шіркін ең болмаса тағы бір мүшелге  аялдатпапты. Туған жердің топырағында  алдынан тосқан екен де. Қалай септесек те өнерлі жан үшін мынау жалған дүние тым шолақ-ау – Сәкен секілді табиғатынан талант, тумысынан өнер үшін ғұмыр кешкен азамат үшін бір ғасырды несін қимады екен?! Осы кеше ғана Асқар Тоқмағамбетов ағамыздың жүз жылдық мерейтойында кездесіп едім. Ағамыз туралы  
 
 

жұртты  тамсандырып әсерлі әңгіме айтып  еді. Сол жүз жылдыққа көзі тірісінде Сәкен сері де лайық еді ғой! Өмір-ай десеңші, енді Сәкен туралы да естелік айтатын болдық па… 

 …Сәкенді  шілденің шыбынды қаталатқан  шіліңгірінде көрсем де Көкшенің  сақылдаған сары аязы мен дүлей бораны есіме түсетін еді. Қай шығармасын оқымайын, қырау басқан терезеге телміріп, отсыз, ошақсыз үйде қалам тартып отырған Сәкен көз алдыма келетін еді. “Жетімдер әулеті” атанған біздің буын түгелдей Алматының Тастағында тұратын. Солардың ішінде қыстың көзі қырауда көшіп-қонатын Сәкен еді және де пеші жоқ, тірі жан түгілі қой қамасаң да құмалағымен қатып өлетін қайдағы бір күркеге тап болатын да жүретін.

 –  Әй, Қалихан, сен кетпе, шаруа  бар, – деді Сәкен бірде  маған. – Мен роман жазып бітірдім, жүз елу бетін мәшіңкеге бастырып едім, соны оқимыз.

 –  Қайда оқимыз?

 –  Үйге барып та.

 –  Сенің үйің…

 –  Қорықпа, мен жаңа пәтер жалдағанмын.  Қамыстан соққан каркас демесең,  пеші бар кәдімгі бір бөлме,  – деді нағашысы үкіметтен  тегін пәтер әпергендей. Бильярдтың қызығымен, қызды-қызды ерегеспен қыстың қысқы кешін тауысып, түннің де біраз еншісін жеп қойыппыз. Сәкеннің жаңа қонысына таксилетіп жеттік. Келсек… 

 …Күләш  онсыз да сазандай аппақ келіншек  еді, танауы біздиіп, шөлмектей  сұп-сұр боп қалшылдап отыр екен. Үй тастай. Даланың қаңтардағы ызғарынан сыз тартқан үйдің ызы өткір болатын әдеті, каркас қабырға қақырап түсетіндей үріп тұр, қырау басқан терезенің күңгірт нобайы ғана көрінеді.

 –  Оу, сенің әлгі мақтаған пешің  қайда? 

 –  Тұр ғой әне.

 –  Тұруын тұр ғой, оты қайда? 

 –  Отын түсіруге уақыт болмады. 

 –  Отынсыз-ақ қыстап шығармыз, –  деп Күләш күлді. – Қараңғыда  қабан күркірейді деп, бұл үйде  жалғыз мен ғана неге тоңуым  керек, бір түн қасымда болмады  деп Дәмеш сені Алтайға айдап  тастамас, – деп аяғын қалжыңға айналдырды да, бұрыштағы орындық үстінде тұрған қазанның қақпағын ашты. – Елден келген еттен дәм татсын деп едім, плитасы құрғырдың спиралі де күйіп кетті.

 Сәкен  жалғыз кереуетке Күләшті көрпе  атаулымен қымтап жатқызып, матрацпен бастырып тастады да роман оқуға кірісті… 

 “Жапандағы  жалғыз үй”… Жапандағы жалғыз  үйде Сәкеңнің несі қалып еді?  Тың көтеру тарихта теңдесі  жоқ ұлы қозғалыс деп бүкіл  Кеңес одағы шулап жатқанда  Сәкеннің “Жапандағы жалғыз үйі”  несі? Бүкіл өмірін мал жиюмен өткізген, бүгінде ұрпағы тоз-тоз болып құрып бара жатқан Қарасай әулетінің тыңға қаншалық қатысы бар еді? Жер жаннаты Көкшенің, Біржан мен Ақан әнге қосқан, Мағжан мен Сейфолланың Сәкені жырлаған ұлы Көкшенің жадыраған жазы аз ба еді, бұл Сәкеннің ұлыған боран мен сақылдаған сары аяздан шықпай қойғаны несі? Боранды күні адасқан екі шопыр Дерягин мен Жәлел айдалада аласұрып жүр. Бірі тың игеруге келген дүлей, кешегі қандықол қылмыскер, екіншісі Қарасай әулетінің соңғы ұрпағы, жапанда қалған қарашаңырақтың иесі. Дерягин тепкілеп-тепкілеп тастап кеткен соң Жәлел қасқырлардан жансауғалап қарағай басына шығып кетіп еді, сол қарағай басында қатып өлді.

 “Итті  де иесімен қина” дейтін қазаққа  туған жерден қымбат не бар.  Сол қымбатыңды бөтен жұрт  келіп жайлап, ту-талақай қопарып, шаңын шығарып жатса, өз ошағыңда отырып біреуге жаутаңкөз болып, төріңді жатқа беріп, өзің босағада қалсаң көңілің алай- 
 

дүлей борандай тулап, арқаңды аяз қыспағанда қайтсін… Көз шарасы боталап, кеуілі босап, заулатып отырған Сәкен кейде кілт кідіріп:

 – Әттең, әрмен қарай айтқызбайды-ау, айтқызбайды! Әйтпесе!.. – деп ағызып келе жатқан жүйріктің тізгінін тартқандай, екпінін баса алмай, қағазға түспей қалған көкейіндегі ойын ауызша баяндап жөнеледі.  

 Сәкеннің  сол кезде айта алмағаны не? Жазушының қаламын тұсаған цензураның айтқызбаған ақиқаты қандай еді? Ежелден жылқы тұяғы мен қойдың құмалағынан басқа із тимеген қазақтың күрең даласына соқа түрені түскенде совхоз орталықтары қазақтың елді мекендерін айналып өтіп, айдалаға неге салынды? Қаражаттың 75 пайызын республиканың өзі көтеріп отырса да қазақ ауылдары жолдан жырақ, дәулеттен тысқары, күні кешеге дейін телефонсыз, поштасыз керең отырған жоқ па еді. Мәшине, трактор паркі дегенді сылтауратып бүкіл техниканы жинап әкеткенде, қазақ жастары жұмыссыз қалды. Мал шаруашылығы комплексі дегенді желеу етіп, емшекті хайуанды қуалап бір қораға тыққанда, шелек ұстаған, күрек ұстап күн кешкен қазақтың қыз-келіншектері де жұмыссыз қалған. Бар дүниеден құралақан, мәдени өмірден мақұрым, “жапанда қалған жалғыз үйлердің” қас қағымда 700 мектебі жабылып, ұлттың болашағы деген жас ұрпақ ана тілінен айрылды.  

Информация о работе Сәкен Жүнісов