Мухтар Ауезов

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 13:20, реферат

Описание работы

Мұхтар Әуезов
1997 жылы 28 қыркүйекте Семей облысы Шыңғыс болысындағы Аяққараған мекенінде (Бөрілі қыстауының маңында) көшпелі қазақ Омархан Әуезовтың отбасында Мұхтар есімді ұл дүниеге келді. Мұхтардың бабасы Бердіқожа шешен және сауатты кісі еді, ол ата-бабаларының салт-дәстүрлерін сақтаған, қызыл тілдің хас шебері болған адам. Шежірешілер мен шежірелер Әуезовтар әулетінің Қожа Ахмед Йассауидің туған шөбересі Шейх Бақшайым қожамен туысқандық сабақтастығын растайды, ол XIII гасырда Таяу Шығыста тұрған.

Работа содержит 1 файл

муха ауез.doc

— 97.50 Кб (Скачать)

 

1953 жылы көктемде Мәскеу университетінде  Кеңес Одағындағы СССР халықтары  әдебиетінің тұңғыш кафедрасы ашылады. Кафедраның меңгерушісі Мединэ Искандеровна Богданованың өтініші бойынша профессор М.О.Әуезов қазақ әдебиеті жөнінде екі жыл бойы тартымды да аса мазмұнды дәрістер оқиды. «Общее дело советских литературов» («Кеңес әдебиетінің ортақ ісі») мақаласында («Правда», 2 тамыз 1954 жыл) М.Әуезов СССР халықтары әдебиетін жүйелі зерделеуде, зерттеушілер, сыншылар, аудармашылар мен оқытушылар кадрларын даярлауда ғылыми институттар мен жоғары оқу орындарыиың айрықша рөлін атап көрсетеді. Абай туралы тетрологияның соңғы кітабын 1954 жылы 10 ақпанда Мәскеуде жазып бітіреді.

 Жазушылардың екінші бүкілодақтық  съезінің қарсаңында М.Әуезов  «Наше общее дело» («Біздің  ортақ ісіміз») мақаласында («Литературная  газета», 14 желтоқсан 1954 жыл) «СССР  бүкіл халықтары әдебиетінің бірыңғай тарихын» жасау қажеттілігі туралы жазады. Ол 1960 жылы МГУ баспасынан шыққан «Орта Азия және Қазақстан халықтары әдебиетінің тарихы» қолжазбасын талқылауды ұсынған бастамашылардың бірі және белсенді қатысушысы болды. 1960 жылы МГУ-де өткен шығыстанушылардың XXV Халықаралық конгресінде профессор М.О.Әуезов «Қазақ совет әдебиетіндегі дәстүрлілік пен жаңашылдық туралы» баяндама жасады.

 

1954 жылы М.Әуезов Алматыға оралады.  «Иностранная литература» және  «Дружба народов» журналдарының редакция алқасының құрамына кіруге ұсыныс жасалады. 1954 жылы 24 қыркүйекте М.Әуезов Мәскеудегі Одақтар үйінің Колонна залында өткен салтанатты жиналыста Абай шығармашылығы туралы баяндама жасады.

 

1954 жылдың желтоқсан айының екінші  жартысында жазушылардың Екінші Бүкілодақтық съезінде көркем аударма туралы баяндама (А.Антокольскиймен және М.Рыльскиймсн бірге) жасады.

 

1954 жылы желтоқсанда М.О.Әуезовты  әдебиеттану және филология ғылымы  бойынша аса ірі маман ретінде  «Қазақ ССР тарихының» бірінші  томының қолжазбасымен танысу үшін комиссияның құрамына және редакция алқасының құрамына қайта енгізеді.

 

1954 жылы М.Әуезовтың Қазақстанның  тың шаруашылықтары туралы «Түркістан  осылай пайда болды» очеркі  баспадан шығады.

 

1955 жыл жазушының шетелдік сапарларына  жол ашты. 1955 жылдың бас кезінде ол А.Сурков бастаған кеңес мәдениет қайраткерлері делегациясының құрамында Үндістанға барды. Үндістандағы аса ірі бес университетті, соның ішінде Делидегі, Мадрас пен Бенарестегі университеттерге барған делегацияны рсспубликаның президенті Р.Прасад және Үндістанның премьер-министрі Дж. Неру достық шыраймен қабылдады. Сапардан оралғаннан кейін профессор М.О.Әуезов университеттің студенттерімен және оқытушыларымен кездесіп,

 олармен «Үнді очерктері»  аталатын жаңа кітап жазуға  кірісетіні туралы ой бөлісті (1958).

 

Мұхтар Омарханұлы Мәскеудегі «Диафильм» студиясы әдебиеттанушы-ғалым, филология  ғылымының докторы Сергей Дароянға жазуға ұсынған «Абай» диафильмі  сценарийінің кеңесшісі болды. М.О.Әуезовтың  түзетулерінен 1956 жылы түсірілген диафильм Орта Азия және Қазақстан халықтары әдебиетінің курсын тыңдаушы студенттерге Мәскеу университетінде көрсетілді.

 

1956 жылы М.О.Әуезов «Ф.М.Достоевский  және ІПоқан Уәлиханов» мақаласын  жазды.

 

Мұхтар Омархан өзінің екі томдық «Абай» романының жанрын «роман-эпопея» деп, әрі бірінші кітабының атын «Абай» (1 және 2 бөлім), екіншісін «Абай жолы» (3 және 4 бөлім) деп атауды ұсынған Ю.Светлановпен бірге тең редактор болған С.Даронянның ұсынысын мақұлдады. 1958 жылы көктемде З.С.Кедринаның мазмұнды кіріспе мақаласымен «Абай» романы жарық көрді.

 

«Қазақ поэзиясының антологиясын»  басылымға даярлау кезінде Мұхтар Омарханұлы редакция алқасының мүшесі болды және кіріспе мақаланың  авторының бірі ретінде «Антологияның» революцияға дейінгі бөліміне ғылыми

 қадағалау жасады. Алғы сөзде ол ықшам тұжырыммен көп нәрсе туралы айта білді, бұл оның шығармашылық ойының айрықша зерделілігін айғақтайды. Мәскеудегі 1958 жылғы қазақ декадасы күндерінде М.Әуезовтың екі томдық «Абай» роман-эпопеясы мен қомақты «Қазақ поэзиясының антологиясы» көпшіліктің ықыласына бөленді. М.Әуезов Лениндік сыйлықтар жөніндегі комитеттің мүшесі.

1956 жылы қаңтар айында ол  К.Федин бастаған Совет жазушылары

 

делегациясының құрамында Берлинде өткен ГДР жазушыларының IV конгресіне қатысады.

 Жазушымен кездескен Анна  Зегерс оған былай деді: Сіз  ғажайып адамсыз, «шежіре-жансыз»,  өмірбаяныңыздың өзі «тарихтың оқулығымен» пара-пар. Осы жылы мәдениет қайраткерлері делегациясының құрамында ЧССР-га сапармен барады. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады.

 

М.О.Әуезов 1957 жылы шілдеде Ташкентте  өткен шығыстанушы-ғалымдардың бірінші  конференциясында, 1958 жылы Ташкенттегі Азия және Африка елдері жазушыларының конференциясында, 1960 жылы қарашада Душанбеде өткен Азия және Африка халықтары ынтымақтастығының бірінші конференциясында және 1960 жылы Мәскеудс өткен шығыстану жөніндегі XXV Халықаралық конгрессте аса тұщымды, әрі тартымды сөз сөйледі. М.О.Әуезовтың сөйлеген сөздері қашанда қалың көпшіліктің жүрегіне жол тауып жататын. Қазақ әдебиетінің тағдырын ол бүкіл әлемдік әдеби үдерістің тарихына дәлме-дәл үндестіре білді және оның үрдістері бірегей түсіндіруге мүмкіндік берді. Мәскеуде оның «Қазақ совет әдебиетіндегі дәстүрлілік пен жанашылдық» баяндамасының тезистері алдын-ала таратылды. Баяндаманың түйінін академик В.И. Жирмунский неміс тілінде мазмұндады.

 

1957 жылдың тамыз айы ядролық  қаруға қарсы 3-ші Халықаралық конфереенциясының делегаты ретінде Жапонияға сапары.

 

1957 жылы 28 қыркүйек М.О.Әуезовтың  60-жылдығы. Ленин орденімен марапатталып, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген  гылым қайраткері атағы берілді.

 

1957 жылы 18 мамырда «Литературная  газетада» М.О.Әуезовтың «Размышление об эпосе семилетки» мақаласы жарияланды. «Абай» романы Лениндік сыйлыққа ұсынылды.

 

1957 жылдың ақпан айы Қырғызстан  жазушыларының III съезі. Өзінің

 

айшықты да толғанысты сөйлеген сөзінде  Мұхтар Омарханұлы ұлттық түр мен  социалистік мазмұнға қатысты проблемаларға тоқталды, бұл туралы әдеби баспасөз беттерінде қызу пікір-сайыстар жүріп жатқан еді.

 

Жазушылардың  съезі аяқталғаннан кейін үкіметтің  қабылдауы кезінде Мұхтар Әуезов белгілі манасшы Саяқбай Қаралаевпен  шынайы да әсерлі әңгіме жүргізді, ауыз әдебиетінің тірі дәстүрі жазба әдебиетінің тірі классикасымен үндестік тапқандай болды.

1959 жылы  «Абай жолы» дилогиясы үшін  М.Әуезовке Лениндік сыйлық бсрілді.  Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің  V сайланымының депутаты.

 

Бір тон  Совет жазушыларының құрамында 1960 жылы АҚШ-қа барды. 1960 жылдың жазы -«Америка әсерлері» очерктер циклдарын жазуға кірісті. 1960 жылы жаз айының орта шенінен «Өскен өркен» романын қолға алды.

 

1960 жылы  наурыз айында Үндістанға екінші  қайтара сапармен барған ол  Н.С.Тихонов бастаған делегацияның құрамында Делиде бейбітшілікті қорғау III халықаралық конгрессінің жұмысына қатысты. Осы жылдың маусым айында Шекспирдің отаны Англияға барып қайтуды жоспарлаған еді. 1961 жылы мамыр айында Оңтүстік Қазақстанды аралауға сапар шекті.

 

3 маусым 1961 жыл — дәрігерлік тексеруден өтуге Мәскеуге аттанды. .1961 жылы 27 маусымда операция кезінде жүрегі соғуын мәңгілікке тоқтатты.


Информация о работе Мухтар Ауезов