Мухтар Ауезов

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 13:20, реферат

Описание работы

Мұхтар Әуезов
1997 жылы 28 қыркүйекте Семей облысы Шыңғыс болысындағы Аяққараған мекенінде (Бөрілі қыстауының маңында) көшпелі қазақ Омархан Әуезовтың отбасында Мұхтар есімді ұл дүниеге келді. Мұхтардың бабасы Бердіқожа шешен және сауатты кісі еді, ол ата-бабаларының салт-дәстүрлерін сақтаған, қызыл тілдің хас шебері болған адам. Шежірешілер мен шежірелер Әуезовтар әулетінің Қожа Ахмед Йассауидің туған шөбересі Шейх Бақшайым қожамен туысқандық сабақтастығын растайды, ол XIII гасырда Таяу Шығыста тұрған.

Работа содержит 1 файл

муха ауез.doc

— 97.50 Кб (Скачать)

1924 жылы жазда Семейде М.Әуезов  «Абай» романының аудармашыларының  бірі Н.Ановпен танысады.

 

Университеттен оны шығарып  жібереді, оқуын қайта жалғастыру үшін көп күш-жігерлер жұмсауға тура келеді. Семейден М.Әуезовты Мәскеу университеті студенттерінің қатарына қайта алуды қиыла өтінген хат түседі.

 

Осы кезең  аралығында жазушы «Ескілік көлеңкесінде», «Қаралы сұлу», «Қараш-қараш оқиғасы» әңгімелерін жазады. Орыс географиялық қоғамы Семей бөлімі төрағасының орынбасары болып сайланады, ол ГУБОНО әдістемелік кеңесінің мүшесі. Мерзімдік басылымдарда жиі жарияланып, мұғалімдерді қайта даярлау курстарында сабақ беріп, Абайдың өмірден озғанына 20 жыл толуына байланысты өткен әдеби кеште «Қырғыз әдебиетіндегі Абайдың орны» аталатын баяндама жасайды.

 

1925 жылы  жаз айыида Мұхтар Әуезов Жетісу  ауылдарын аралайтын экспедицияға  шығып, қазақ халқының ән-фольклор  шығармашылығының үлгілерін жинайды.  Осының алдында ғана ол атақты  ақындар айтысы өткен тарихтағы ең соңғы Қарқаралы жәрмеңкесін көріп үлгереді. Осы саяхаттардан кейін М.Әуезов «Қазақтың халық шығармашылығы және оның поэзиялық ортасы» деген көлемді мақала жазады, онда мынадай өзекті түйін жасайды: «Қазақ халқының өмірінде бірде-бір айтулы факт атаусыз қалмайды, тіпті болмағанда ежелден қалыптасқан дәстүрлі нысанда өлең сөзбен паш етіледі. Қазақ халқының көне заманнан мирас етілген өлең сөздің шүбәсіз, тиянақты, салмақты мағынасы, орнықты дәстүр ретінде дала халқының басым көпшілігі үшін осы уақытқа дейін өзінің өзекті мәнін жоғалтқан жоқ». Мақала ақыры жарияланбады.

 

Леиинградтан  Пішпекке және Жетісуға Қордай асуы арқылы арбамен жүрген осы сапарда ол 1938 жылы «Жапон тыңшысы» деген айыппен  атылған, І.Жансүгіровпен танысады. Ақынның зайыбы «педагог пен ағартушылық рухы ғажайып сұлулығымен үйлесім тапқан» Фатиманы Алматыдан Семейге, содан кейін Меркеге жер аударады. М.Әуезов «Халық жауының» зайыбымен көңіл қосады да 1943 жылы Мұрат есімді ұлы дүниеге келеді.

 

1925 жылы  күзде Ленинградқа қайтып оралған ол университетті 1928 жылы бітіреді. Оқытушылардың арасынан академик В.ІЦерба, А.А.Шахматов, Пушкин мен Лермонтов шығармаларының Абай аудармаларына қатты қызығушылық танытқан профессор Сипонский, пушкинтанушы Н.Оксман, ол кезде әлі жас жігіттер С.П.Обнорский мен В.В.Виноградов және университеттің жуырдағы түлектері Б.Эйбеихаум мен В.Жирмунский дараланады. Шығыс факультетінде Мұхтар Әуезов академик Бартольдтің, Самойловичтің және басқа да шығыстанушы ғалымдардың дәрістерін тыңдайды, М.О.Әуезов өміріндегі алаңсыз және бақытты кезі. М.Әуезов пәтер жалдаған Декабристер көшесі 14- ші үйден екі қадам жерде Таврия бағы. Әдебиетте жаңа бағыттар пайда болды: акмеизм, ОПОЛЗ поэзиялық тілді оқып-үйрену жөніндегі қоғам, нақты өнер бірлестігі «Ағайынды Серапионовтар» және т.б.

 

1925 жылы  үшінші курстың студенті М.Әуезов  Қазақстанның халық ағарту комиссариатымен  қазақ тілінде жазып бітірген  «Қазақ әдебиетінің тарихын»  басып шығаруға шарт жасасады, кітаптың таралымы шыққан бойда  тез (пышақ кесті) өтіп кетеді. Толық Кеңес Энциклопедиясының редакциясы М.Әуезовке лұғаттық сөзтізбе жасауға және қазақ әдебиеті мен қырғыз әдебиетіндегі айтулы тұлғалар туралы мақалалар жазуга тапсырыс береді.

1921 жылы  «Қилы заман» повесі жарыққа  шығады.

 

Ленинград уииверситетін бітіргеннен кейін жас ерлі-зайыптылар 1928 жылы Ташкентке көшеді. Мұхтар Әуезов Ташкент қаласындағы Орта Азия мемлекеттік университетінің шығыс факультетіндегі аспираитурада оқуын әрі қарай жалғастырады. «Орта Азия түріктерінің» әдебиеті мен «Манас» эпосын зерттеп-зерделеп ол осы ескерткіштің ұзақ жасампаздығы мен сарқылмас поэзиялық күшінің құпиясын ашуға үңіледі. Осы еңбектің нәтижесі «Манас» абызшылары мен тыңдаушы орта ғылыми зерттеу туындысы. Жас ғалым және қаламы шыңдала түскен М.Әуезов 20-шы жылдарда кәсіби фольклоршы-ғалымға айналады, осы салаға алғашқы қадамды ол Ташкент қаласында жасады.

 

Тұңғыш перзенттері Елдестің шетінеуі, қыздары Ләйләнің дүниеге келуі. 1929 жылы Ташкентте «шағын әңгіме нұсқасындағы ең озық дүние» (Н.Анастасьев) «Көксерек» повесі жазылды. Қолға үйретілмеген қасқыр кейіпкердің опатқа ұшыраған тарихында суреткердің өзінің және тұтас дәуірдегі суреткерлердің жолы көрсетіледі.

 М.Әуезов терминологиялық комиссияның  ғылыми хатшысы болып тағайындалады,  Орта Азия университетінің аспирантурасына  түскеннен кейін бір жыл өткен  соң ғылыми қызметкер болады  және ол орман техникумы мен  Қазақ халық ағарту институтында  қазақ әдебиетінің тарихынан сабақ береді. Қызылордада оқу құралдары, қазақ балаларыиа арналған орыс әліппесі, орыс тілінде оқуға арналған кітап шығады. Бірақ 1929 жылы 21 ақпанда қазақ ағарту институтының коммунистік фракциясының отырысында (жиналысында) М.Әуезов сабақ беруден шеттетіледі. Халық ағарту комиссиясының Алқасы оқытушы М.Әуезовты бұрынғы қызметіне қайта алуды ұсынады.

 

1930 жылы 1 қазанда «Алқа» ұйымына  байланысты зиянкестік, парақорық,  тамыр-таныстық бойынша айыпталып,  тұтқындалады. 1931 жылы 28-ші қыркүйекте тергеу аяқталды. Мұхтар Әуезовты концлагерге шартты түрде үш жылға отырғызу туралы үкім шығарылады. М.Әуезов 2,5 жыл қамауда болады. Баспасөзде «Мұхтар Әуезовтың мәлімдемесі» жарияланады, содан кейін ол «8.10.30 есептегенде үш жыл мерзімге қол шартты түрде отыруға сотталған адам ретінде» қамаудағы босатылады. М.Әуезов қазақдрама театрының әдеби бөліміне жұмысқа қабылданып, онда 1938 жылға дейін әдеби бөлімнің меңгерушісі болып жұмыс істсйді, ол Алматы малдәрігерлік институтының қазақ және орыс әдебиеті кафедрасында доцент болады. Абай атындағы ҚазПИ-де педагогикалық қызметі 1932 жылы басталды да, 1949 жылға дейін М.Әуезов осы институттың профессоры болды. 1934 жылдан 1961 жылға дейін ол С.М.Киров атындағы ҚазМУ-де ұстаздық қызметін жалғастырды.

 

М.Әуезов 30-шы жылдарда «Октябрь үшін», «Айман-Шолпан» (1934), «Тартыс», «Тас түлек», «Алма бағында», «Түнгі сарын», «Ақ қайың», «Шекарада» аталатын бірегей пьесалар, «Хан кене» тарихи пьеса жазады.

 

Шынтуайтына келгенде, тұңғыш абайтанушы М.Әуезов 1933 жылы Абай өлеңдерінің бірінші түпнұсқалық жинағы «Абай Құнанбайұлы. Толық жинақ» кітабын шығарады, кітапта ақын өмірі туралы очерк бар (Қызылорда, латын қарпі). 1936 жылы Абай шығармалырының, бірінші ғылыми басылымын даярлауға басшылық етіп, әрбір жеке сөздерді, сөз орамдары мен тұтас өлең жолдарын қалпына келтіру арқылы орасан үлкен, мәні бойынша баға жетпес жұмыс жасайды.

 Драма театрынан 1934 жылдың  бас кезінде бөлініп шыққан  қазақ музыкалық театры М.Әуезовты, «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясының  қойылымын қоюдан өз жұмысын бастайды. 1937 жылы мамырда Қазақстан Жазушылар Одағының бірінші пленумы өтті, пленумда жанрдың айрықшалығы жөніндегі білімінің тереңдігімен тәнті еткен М.Әуезов драматургия туралы сөз сөйледі. 30-шы жылдардың орта шеніне қарай Мұхтар Әуезовты Қазақстан әдебиетіндегі бас тұлға болғаны даусыз. Оның атағы бүкілодақтық дәрежеге ие болды. Ол республикадағы ең көп қойылатын драматург. 30-шы жылдардың орта шенінде Солтүстік Қазақстанның түлегі Вячеслав Иванов қара сөзбен жазылған «Мен, қазақ әнімен, соны шырқаймын» өлеңін орыс тіліне аударады. Бірақ 1937 жылы 27 қарашада театр бөлімінен М.Әуезовтың «Алма бағында» пьесасыныц 16 данасы және «В яблоневом саду» пьесасының 4 данасы тәркіленеді. Актіде жазылғандай осы әдебиет жойылып, өртелінген. Қазақ ССР ХКК жанындағы өнер істері жөніндегі басқармасының 1938 жылғы 29 қаңтардағы N38 Бұйрығымен М.Әуезовтың «Шекарада» пьесасын қою туралы өтініш қабылданған жоқ. Сонымен қатар суретшілер кеңесінің 1934 жылғы 29 маусымдағы Хаттамасымен Абайдың ең озық бейнесі үшін конкурс өткізу ұсынылды, Жюридің құрамына М.Әуезов кірді. Қазақ мемлекеттік драма театрында «Ревизор» спектакліне сіңірген терең зерделі жұмысы үшін М.Әуезов жолдасқа ССР ХКК жанындағы өнер істері жөніндегі Басқарма алғыс жариялайды. 1937 жылы оны қызметтен босатады.

1933 жылы 11-шіі қыркүйекте Қазақстандағы  ОГПУ-дың өкілетті өкілдігінің  құпия-саяси бөлімі республика  компартиясының ОК хатшысы Мирзоянның  атына жазылған баянжазбада буржуазиялық  ұлтшыл «Алаш партиясын» әшкерелей  отырып, М.Әуезовты иаргия көсемдерінің бірі деп атайды. М.Әуезовтың өзі партияға кірмегенін, бірақ алашордалықтарға жақын басылымдарға қатысқанын сан қайтара айтқан.

 

1939 жылы күзде Мәскеудің маңындағы  Переделкинода Л.Соболевпен қосылып  жазған «Абай» трегадиясы аяқталды. 1939 жылдың соңында 1940 жылдың басында Мәскеудің «Литературный критик» журналы М.Әуезов пен Л.Соболевтің «Эпос и фольклор казахского народа» ғылыми-зерттеу еңбегін жариялайды. 1940 жылы Мәскеуде «Песни казахских степей» қазақ поэзиясы үлгілерінің жинағы шығады, кіріспе мақаланың авторлары М.Әуезов пен Л.Соболев. 1940 жылы 18 қазанда қазақ реперткомы қазақ академиялық драма театрында «Абай» спектаклін қабылдау актісін шығарады. 1942 жылы «Абай» романының бірінші кітабы жарыққа шықты.

 М.Әуезов соғысқа дейін 1938 жылы Л.Зильбердің «Беккет» операсыиа либретто жазады. А.Жұбанов пен Л.Хамиди «Абай» операсының партитурасын жасайды. 1944 жылдың бас кезінде Алматыдағы опера және балет театрында «Абай» операсының премьерасы үлкен табыспен өтеді. М.Әуезов фильмнің сценариін жазады, фильмді Г.Рошаль мен Е.Арон қоюға тиіс болатын. 1945 жылы 22 қыркүйекте Мәскеуде фильмнің қазақша және орысша нұсқаларын мамандар көреді.

 

1942 жылы М.Әуезов панфиловшылар  дивизиясының жауынгерлік ерліктеріне  арналған «Намыс гвардиясы» пьесасын (Ә.Әбішевпен қосылып) жазып бітіреді. Қаһарман жауынгер және жазушы Бауыржан Момышұлының пікірі төбеден жай түскендей естен таңдырарлық болды. «...осы заманғы соғыс мушкетерлер мен пикинерлердің соғысы емес, және отан соғысының офицері Сіздергс XIV ғасырдың рыцары болып табылмайды...» Бірақ кейіннен М.Әуезов пен Б.Момышұлының арасында ең ыстық қарым-қатынас орнап, ұлы жазушының аса қуатты дарынына табынған Бауыржан өзінің майдандағы жеке браунингін М.Әуезовке сыйға тартады. Ұлы Октябрь социалистік революциясының 25-жылдығына арналған «Намыс гвардиясы» пьесеасы қазақ драматургиясындағы аса көрнекті шығарма болып танылды. Қазақ ССР ХКК жанындағы өнер істері жөніндегі Басқарма пьесаның авторлары драматург-жазушылар Мұхтар Әуезов пен Әлжаппар Әбішевке алғыс жариялады.

1943 жыл СССР Каз ФАН тіл,  әдебиет және тарих Ииститутының  аға ғылыми қызметкері.

 

Абайдың туғанына 100 жыл толуына  орай 1945 жылы М.Әуезов «Абай» операсына  либретто, «Абай әндері» көркем кинофильмінің  сценарийін, Абай өмірбаянының жаңа нұсқасы мен ақын туралы бірнеше мақала жазды. Мәскеуде «Абай» романының бірінші кітабы шықты. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады, 1947 жылы «Абай» романының қазақ тіліндегі екінші кітабы, 1948 жылы екі кітап та орыс тілінде басылды. 1949 жылы романға бірінші дәрежелі Сталиндік сыйлық берілді.

 

1946 жылы А.Бектің «Волоколомск  тас жолы» романы бойынша киносценарий  жазу ниеті пайда болады (Ғ  .Мүсіреповпен тең авторлықта). 1947 жылы Қазақстан компартиясы ОК  «Қазақ ССР ҒА тіл және әдебиет  институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктері туралы» қаулысы шығады, онда «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томының қолжазбасы аталады. (М.Әуезовты жалпы редакциясымен). 1947 жылы новелла жанрында өзінің соңғы дүниесі «Асыл нәсілдер» жазылды.

 

1946 жыл, Филология гылымдарының докторы гылыми атагы беріліп, профессор болып бекітіледі, Қазақ ССР Ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды. ҚазССР ҒА тіл және әдебиет Институтының қазақ әдебиеті тарихы секторының меңгерушісі

 

Қазақ ССР Ғылым Академиясы құрылған 1946 жылдан бастап, оның академигі болған ол өмірінің соңына дейін республикадағы әдебиеттану жұмысын іс жүзінде үйлестіріп отырды.

 

1949 жылы театр сахнасында Ш.Айманов  қойған «Абай» спектаклінің жаңа  нұсқасының премьерасы. Мәскеудегі  әдебиет институты М.Әуезовты  қазақ әдебиеті тарихы бойынша шолу курсын оқытуға шақырады. Қазақстан жоғарғы кеңесінің Президиумы М.О.Әуезовты Құрмет грамотасымен марапаттайды. Бүкілодақтық наградасы «Құрмет Белгісі» ордені.

 

1957-1961 жж. Қазаң ССР ҒА сол  кездері біріккен тіл және  әдебиет институтының қазақ фолъклоры бөлімін басқарып, ғылыми кадрлар даярлады. Жазушы-ғалымның тікелей басшылығымен және тікелей қатысуымен Академия қабырғасында әдебиет және өнер институты құрылды, қазір ол М.О.Әуезов атындағы институт. Ол жаңа институттың ғылыми қызметінің негізгі бағыттарын, басты проблемалары мен құрылымдық бөлімшелерін белгіледі. М.Әуезовтың басшылығымен Абай, Жамбыл шығармаларының академиялық жинақтары басылып шықты, «Қазақ әдебиетінің тарихы» жөнінде күрделі еңбек жасалды, ол «Қазақ ССР тарихы» (Алматы, 1957, 1959), «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» (Мәскеу, 1960), көптеген фольклорлық басылымдар мен ғылыми-зерттеу жұмыстары редакциялық алқасының мүшесі, 30-шы жылдардан зерттеуге кіріскен көлемді «Манас» эпосы туралы 1952 жылғы 8 шілдедегі пікірсайыс кезінде М.О.Әуезов эпостың халықтылығын қызу қорғады. «Манас» пен қазақтың халық шығармашылық әлеміне үңілу жазушының ішкі эмиграциясы. «Мейлі осы қызықты да интеллектуальды саяхат ірі ғылыми жаңалықтар ашуға әкелсе, ал мұқтаждық шығармашылық құмарлық пен ләззатқа айналса да,- бастапқыда ол қуғындау, қуыс іздеу, қуғыншыдай қашқан қасқырдың жан айғайы болды. Ол 50-ші жылдардың бас кезінде кенеттен Мәскеуге кетуі және астанада одан әрі болуы, әрине, таза сандырақ сияқты болып естілсе де, сөздің тура мағынасында эмиграция болды деп есептейді Н.А.Анастасьев, Алматыда, өз үйінде қалуға иненің жасуындай мүмкіндігі жоқ еді».

 

1952 жылы «Абай жолы» романының  қазақ тілінде бірінші кітабы, 1954 жылы Абай туралы өмірбаяндық  очеркі жарық көреді. 1952 жылы  23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеті «Уәлиханов» сценарийіндегі «Ш.Уәлиханов бейнесін бұрмалауға қарсы» мақаланы жариялайды, онда МӘуезовке саяси қырағылықты әлсіреткені үшін айып тағылады.

 

«ІІравда» газетінде М.Әуезовтың  шығармашылығы туралы З.Кедрина жазған сын-өмірбаяндық очеркін рецензиялай отырып, азаматтық қырағылықтың жетіспеуі жөніндегі кінә тағы да тағылады. 1952 жылы 30 қаңтардағы «ІІравда» газетіндегі мақаланы ертеңіне «Казахстанская правда» көшіріп басады. Профессор, академик М.О.Әуезовты «буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктері» үшін университеттен босатып, көптомдық «Қазақ ССР тарихы» авторлар ұжымының қатарынан шығарады.

 

1955 жылы Қазақстанның мәдениет  министрлігі М.Әуезовты «Қобланды»  пьесасының 1950 жылы фольклорлық-тарихи  пьссаларды қайта қарау кезінде репертуардан шығарылғаны және оиың қайта қойылуға жатпайтыны туралы баяндайды, «өйткені «Қобыланды батыр» эпосы мси бас кейіпкер Қобыландының іс-әрекеттерінің прогрессивті немесе реакцияшыл екені күні бүтінге дейін анықталған жоқ... Мәдениет министрлігі Сізден Қазақ ССР Ғылым академиясына «Қобыланды батыр» эпосының сипатын және оның бас кейіпкерінің іс-әрекеттерін анықтауға нұсқау беруіңізді өтінеді».

Информация о работе Мухтар Ауезов