Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 13:20, реферат
Мұхтар Әуезов
1997 жылы 28 қыркүйекте Семей облысы Шыңғыс болысындағы Аяққараған мекенінде (Бөрілі қыстауының маңында) көшпелі қазақ Омархан Әуезовтың отбасында Мұхтар есімді ұл дүниеге келді. Мұхтардың бабасы Бердіқожа шешен және сауатты кісі еді, ол ата-бабаларының салт-дәстүрлерін сақтаған, қызыл тілдің хас шебері болған адам. Шежірешілер мен шежірелер Әуезовтар әулетінің Қожа Ахмед Йассауидің туған шөбересі Шейх Бақшайым қожамен туысқандық сабақтастығын растайды, ол XIII гасырда Таяу Шығыста тұрған.
сурет imena.pushkinlibrary.kz сайтынан
Мұхтар Әуезов
1997 жылы 28 қыркүйекте Семей облысы
Шыңғыс болысындағы Аяққараған
мекенінде (Бөрілі қыстауының
маңында) көшпелі қазақ
Балалық шағының алғашқы әсерлері Шыңғыстаудың далаларымси және тауларымен байланысты болды. Әжесі Дінәсіл өз немересін Абайдың киіз үйіне апарды деген айғақ сақталған, сонда атақты ақын әкелік мейіріммен бала Мұхтардың басынан сипап, ақ батасын береді. Атасы Әуез (1830-1917) Абай өлеңдерінің қолжазбалық кітабы бойынша алты жасар Мұхтар мен ағайын және құрдасы Ахметті араб әліпбиіне үйретеді. ¥стаз-молдаларға еліктеген атасы шәкірттерін таңертеңнен күн батқанға дейін ұстаған, содан кейін күні бойы оқығандарын (жаттағандарын) кешкі астың алдында атасы мен әкесіне жатқа айтып беруді талап еткен.
Мұхтар Әуезов ата-анасынан ерте айырылды: әкесі Омархан 1909 жылы, анасы Нұржамал 1912 жылы дүние салды. Кішкентай Мұхтар немере ағасы Қасымбектің қолында тәрбиеленеді, медреседе бір жыл оқығаннан кейін 1907 жылы Қасымбек оны Семейдегі 5-кластық қалалық орыс училищесіне Шыңғыс болысының земстволық станциясына оқуға орналастырады. Орыс мектептері аудармашы-тілмаштарды, әкімшілік аппараттық кішірім қызметкерлерін даярлайтын еді. 1912-1913 оқу жылында Мұхтар оқытушылар семинариясының бірінші класын (сыныбын) наградамен аяқтайды да, ал оқуын Семей оқытушылар семинариясында 1919 жылы тәмамдайды (бітіреді).
Семинарияның оқытушылары Әбікей Сәтпаев, И.В.Малахов, Николай және Виктор Белослюдовтар, Н.Е.Коншин, Нәзипа және Нұрғали Күлжановтар, В.И.ІІопов, Н.Сулима-Грузинский, В.М.Морозов қазақтың халық әдебиеті мен тіліне, орыс және әлем әдебиетінің классикасына баулып, негізгі салалар бойынша білімнің негізін қалады. Шәкірт Әуезов педагогтардың айтуынша мінсіз тәртібімен, айрықша дарындылығымен, тектілігімен, аса сыпайы мінез-құлқымен, сымбатты дене пішімімен және қайсыбір ақсүйектік маңғаздылығымен өзгелерден дараланған. Тамаша спортшы қаладағы бірінші «Жарыс» футбол командасында ойнаған. Болашақ жазушының айтуы бойынша, орыс мектебі «өзінің айқара ашылған ақжарқын құшағымен тартқан».
Шәкірт қезінде Мұхтар өзінің атасы, Абайдан бірнеше жас үлкен Әуездің Құианбай туралы естеліктерін жалықпай тыңдайды. Бүкіл ғұмырында тағдыр Мұхтар Әуезовтың болашақ бас кейіпкерімен біте қайнастырады: немересінің шілдеханасына байланысты Әуез жасаған әулеттойына тікелей қатысуы арқылы Абай құрмет көрсетті. Абайдың әкесі қарт Құнанбайдың көп әйелдерінің бірі Нұрғаным Әуездің қарындасы еді. Мұхтар кейіннен Абайдың ұлы Тұрағұлмен дос болады және ұлы ақынның немересі Мағауия қызы Кәмилаға үйленеді. Осы жәйттерді Әуезовтың өзі былай баяндайды:
Ойға алған романды жазбас бұрын ақынның творчествосын және өмірбаянын зерттеумен шұғылдандым. Абай шығармаларының толық жинағына редактор болдым, оның өмірбаянын жаздым, ақын мен оның дәуіріне байланысты тарихи материалдарды жинадым; қазақ халқы мәдениетінің тарихын аса жетік білетін орыс жазушысы, менің досым Леонид Соболевпен бірлесіп ақын өмірінің соңғы жылдарын бейнелейтін «Абай» трагедиясын жаздым.
Абай жайында материалдар
Роман жазам деген ойда жоқ, шәкірт кезімде атам Әуездің әңгімелерін тапжылмай, ұзақ тыңдайтын едім. Ол Абайдан біраз жас үлкен еді. Құнанбай жайын да жақсы білетін. Абайдың алғашқы әйелі Ділданы да сол жылдары көрдім. Мосқал тартып қалған болатын. Абайдан соң он жылдан кейін барып дүние салған, оның айнымас азбас жары Әйгерім небір қымбат жәйттерді әңгімелеп берді.
Материал жинай жүріп, мен Абайдың достарымен, сыйластарымен, бұрып қысастық жасаған жауларымен де әңгімелесіп көрдім. Олардың ішінде Абайдың тұрғыластары да, солардың ұрпақтары бар еді. Соншама ізденудің арқасында болашақ қаһарманым жайында аса көп материал жинағаным соншалық, Горькийдің: «Үндемей қалуға ықтиярың жоқ нәрсе жайында ғана жаз», - деген ұлы өсиетін іштей қайталап айта беруден танғаным жоқ. Тіпті қазір Абайдың балалық жәие жастық шағы жайындағы роман тәмам болған соң да сол кітапқа кірмей қалған материалым мейлінше көп екенін көрдім, Соған иек арта отырып қаһарманымның өмір жолының сол кезеңі жайында тағы бір кітап жазуға болар еді. Материалдың молдығы менің еңбегімнің сәтті боп шығуына аса көп септігін тигізді.
Бірақ материал жинауда талай-
Әлдеқашан бел асып кеткен көштің жұртына кешігіп жеткен жолаушы жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып ап, тұтатпақ боп үрлемей ме жаңағы естеліктерді шашау шығармай сақтаған менің халім де сондай еді. Сөйтіп, мен қарт адамдардың комескі жадында ұмыт болған көп нәрселерді қайта ойлатып, айтқызып алдым. Алпыстағы Әйгерімнің әжімді бетін қарап, оның бір кезде Абайды ынтықтырған жас шырайлы сұлу жүзін көз алдыма елестетуім де солай еді.
Бірте-бірте өз халқының көкірек көзі болған Абаймен бірге мен де сол халықтың жан-жүрегін ұғуға және соны бір абзал қалпында ашып беруге, жайып салуға тырыстым. Жас Абайдың жалын атқан сезімі, жігіт ағасы болған Абайдың толғаулы ойлары мен әрекеті, кәрілік меңдеген шақтағы халық қамқоры, халық ұстазы болған Абайдың тартысы мен тақсіреті міне осының бәрі сол дәуірдегі халықтың да жаны мен жүрегін ұғуға бастайтын жол еді.
Халықтың көрер көзі, лүпіл қаққан жүрегі, дала ойы болған Абай менің ұғынуымда да халықтың қажырлы талабы мен асқақ ой-сезімінің, жан-жүрегінің, оның бойындағы ең абзал қасиеттің жиынтығы болып табылады.
Абай бейнесіне мен осындай ойлармен ден қойып ем.
1917 жылы Әйгерімнің киіз үйінде Абайдың немересі Ақышты ұзатуға байланысты сый ретінде Мұхтар Әуезов жазған «Еңлік-Кебек» пьесасы қойылды, Абайдың немерелері мен пьеса авторының жақын туыстары алғашқы әуесқой әртістер болды, әрі әйел ролдерін ауыл жігіттері ойнады. Қазақ тіліндегі осы тұңғыш пьеса 90 жыл бойы сахнадан түспей келеді.
1917 жылы жазда ескі салт және
жақын туыстарының қалауы
1917 жылы Мұхтар Әуезов пен
Жүсіпбск Аймауытов Семейде
Әуезов қосалқы бөлімнің
меңгерушісінен бөлім
Келесі жылдың мамыр айында «Қырғыз халқын жұмылдыруды іске асыруда шұғыл (қызу) шаралар қабылдамағаны үшін» шамалы уақыт тұтқынға алынғаннан кейін губкомның толық құқылы мүшесі, Семей губерниялық атқару комитетінің төрағасы, «Қазақ тілі» газетінің төрағасы болады. Ол барлық конференциялардың, соның ішінде IX Бүкілресейлік Кеңестер Съезінің делегаты, қазақ автономиясы ОАК-нің мүшесі.
Семейде Мұхтар Әуезов өзінің пъесалары арқылы тұңғыш мәдени-ағарту «Ес аймақ» үйірмесінің қалыптасуы мен өсуіне баға жетпес көмек көрсетті. Шығанақтағы жұмысшылар үшін «Сібір бурлактары» клубында автордың «Ел ағасы» пъесасы қойылды, пьесаның қолжазбасы, кейіннен өкінішке қарай, жоғалып кетті, 1921 жылдың бас кезінде Мұхтар Әуезов «Бәйбіше-тоқал» төрт актілі драма жазып, оны өзінің тікелей басшылық етуімен 1921 жылы 23 наурызда Свердлов атындағы клубта сахнаға қояды. 1922 жылы 20-шы желтоқсанда Луначарский атындағы театрдың көрермендері қазақ драматургиясының інжу-маржаны, дала Ромеосы мен Джульеттасы туралы «Еңлік-Кебек» пьесасын көреді. Қызылордадағы тұңғыш кәсіби театрдың шымылдығы 1926 жылы М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасымен ашылғаны кездейсоқ құбылыс емес. М.Әуезов ұзын ырғасы жиырмадан астам пьеса жазды, бірақ олардың әрқайсысының тағдыры әртүрлі болды.
Семейде «Еңлік-Кебектен» кейін іле-шала жазылған және гамлеттік оқиғаны бұлдыр елестететін М.Әуезовтің «Қарагөз» пьесасы көрермендердің ерекше ықыласына бөленді, пьеса 1926 жылы жарияланып, сол жылы Семейде қойылды. Репертуардан тез алынып тасталған осы туынды отыз жыл өткеннен соң, КПСС-тің XX съезінен кейін ғана сахнаға қайта оралды.
Мұхтар Әуезов қазақ педтехникумы мен совпартшколында сабақ береді. М.Әуезов драматургиямен қатар өз қаламының күшін көркем прозада байқап көріп, әңгімелер мен очерктер жазады, аудармамен айналысады. М.Әуезовтың алғашқы әңгімелеріне «Дауыл», «Қорғансыздың күні» (1921), «Оқыған азамат» (1922), «Қыр суреттері» (1922-23), «Қыр әңгімелері» (1923), «Үйлену» (1923), «Барымта» (1925), «Кінәмшіл бойжеткен» (1925), «Қаралы сұлу» (1925), «Жуандық» (1926) және т.б. туындылары жатады. Автордың әңгімелері «Шолпан», «Сапа», «Таң», «Абай», «Қазақ тілі» газетінде жарияланады. «Қорғансыздың күні» жазушының ең алғаш жарияланған дүниесі бастапқыда «Қызыл Қазақстан» журналының 1921 жылғы наурыздағы нөмірінде жарық көрді, содан кейін ол «Еңлік-Кебек» сияқты 1922 жылы Орынборда жеке кітап болып шықты. Арғын псевдонимімен жазылған осы әңгіме М.Әуезовтің эпикалық дарынын айқын аша түседі, ал әңгіменің стилистикасы мен ауаны Джозеф Конрадтың стилистикасымен үндестік табады.
Алғашқы жарияланымдардың көпшілігі Арғын, Жаяу сал, Қоңыр, Айғақ және т.б. псевдонимдермен жарық көрді.
Семейде өткізген осы
Өзінің публистикалық
1922 жылы күзде М.Әуезов
Жиырма үшінші жылдың көктемінде Мұхтар
Әуезов ірі этнограф, тарихшы және
фольклорист, Орынбор кадет корпусының
түлегі Әубәкір Диваевтың ұсынысы
бойынша «Дрейнер, Льюис, Спенсер
еңбектері аудармаларының сақталған
қолжазбаларын жинау мен
М.Әуезов 1923 жылы қазан айында Ленинград мемлекеттік университетінің филология бөлімшесіне оқуға түседі. Қоғамдық ғылымдар факультетінде, әдеби-лиигистикалық бөлімшесінің славян-орыс секциясында Мұхтар Әуезов өзінің болашақ зайыбы Валентина Николаевна Кузьминамен танысады. Бірінші курсты бітірген бойда, Қазақстан ағарту органдарының талап етуі бойынша Семейге оралған ол 1924-1925 жылдарда псдтехникумда қазақ әдебиетінен, әдебиет теориясы мен тарихынан сабақ беріп, «Таң» журналында редакторлық қызмет атқарады. Орыс географиялық қоғамының Шығыс-Сібір бөлімшесінің мүшесі ретінде М.Әуезов Семей секциясы Кеңесінің құрамына кіреді.