Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 10:13, научная работа
«Көңіл» екі ұстынның – «дене мен жанның» біріктіруші негізі, ортақ кіндігі. Жан мен тәннің бірлігінен көңіл сипатты «рух» екі үзіндіні үйлестіріп жаңа туындыны әкеледі. Жарыққа ұмтылған әр санада көңілдің құбылған мінезі бірге дүниеге келеді. Көңіл мінезбен астасып жатып, рухтың берік тұғырын қалыптастырады. Қазақи санамызда «Жер Ана» деген ұғым бар. Діни аңыздарда айтылатын «Аспан әке мен Жер ананың» адам жаратылысындағы ортақ байланысы, яғни осы екі тараптан тел еміп туатын адамның табан тірегі ана болса, ұстын жан қалауы әке екендігі туралы айтылады. Адам жаратыларда Алланың ең көркем жаратылысын Аспан менің бойымда жүрсе екен деп армандайды. Ол неге менде емес, жерде журуі тиіс деп шағынады. Жер түптеп келгенде, адам тәнінің мәңгі құт қонар мекені. Яғни тәннің «Жер анамен» қауышатын әлемі. Ал, жан бағзы өз тұрағы аспан әкеге тапсырады. Аспан мен жерді байланыстырып тұратын көңіл-рух жалпақ кеңістікте тұрағын тапқан. Мәңгі ол тұрақтың орны өзгермек емес. Өзгертуші жердегі сәттік аялдама ғана. Біз әуелден бар едік, өлмейміз, бар боламыз.
Көркем шығарма символикалық астарларсыз, жасырын қабатпен бүркелген бояусыз көркемдігін жоғалтады. Көркемдік тек қана үшкі үнін тапқан «көптікпен» сіңген тазалық. Тіл мен ойдың, кей сәтті сезімнің бейнелі пәктігі, қияли өміршеңдігі шығарманың мойылдай көзін мұңға шылап, ойға орап ұсынады. Көркемдікке құштар қалам ұлттық мүддемен де дертті. Көптіктен жаншылып, көптіктен екшелген құнар. Көп өз басындағы қасіретін аңдай алмақ емес. Көптің құсасын арқалап «көркемдік» боп өнер тумақ.
«Ардақ» қиялға бай, көркем тілмен өзектес құбылған тұтас мазмұн ұнасымы. «Сары қазақ» өміршеңдігімен, реалды суреттеуімен тартымды. Қос шығарма соңғы акцентінде апефеоздық асқақ пафоспен аяқталады. Екі уақытпен туған төл туынды ұлттық жадтың кеңістіктегі психологиялық, физиологиялық үдерісін бояуымен түсіре алғандығымен құнды. Ұлт пен көптікті тәпсірлеген дүниелер қашанда өміршең. Өзінің құндылығын ғасыр өтсе де жоғалтпайтын, жер бетінде қазақ дейтін ұлттың соңғы тынысына дейін жасайтын, бірге жасасатын жауһарлары.