Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 10:13, научная работа
«Көңіл» екі ұстынның – «дене мен жанның» біріктіруші негізі, ортақ кіндігі. Жан мен тәннің бірлігінен көңіл сипатты «рух» екі үзіндіні үйлестіріп жаңа туындыны әкеледі. Жарыққа ұмтылған әр санада көңілдің құбылған мінезі бірге дүниеге келеді. Көңіл мінезбен астасып жатып, рухтың берік тұғырын қалыптастырады. Қазақи санамызда «Жер Ана» деген ұғым бар. Діни аңыздарда айтылатын «Аспан әке мен Жер ананың» адам жаратылысындағы ортақ байланысы, яғни осы екі тараптан тел еміп туатын адамның табан тірегі ана болса, ұстын жан қалауы әке екендігі туралы айтылады. Адам жаратыларда Алланың ең көркем жаратылысын Аспан менің бойымда жүрсе екен деп армандайды. Ол неге менде емес, жерде журуі тиіс деп шағынады. Жер түптеп келгенде, адам тәнінің мәңгі құт қонар мекені. Яғни тәннің «Жер анамен» қауышатын әлемі. Ал, жан бағзы өз тұрағы аспан әкеге тапсырады. Аспан мен жерді байланыстырып тұратын көңіл-рух жалпақ кеңістікте тұрағын тапқан. Мәңгі ол тұрақтың орны өзгермек емес. Өзгертуші жердегі сәттік аялдама ғана. Біз әуелден бар едік, өлмейміз, бар боламыз.
Сағадат
Нұралықызы
Қос
шығармадағы өзек
Кеңістік
Жан мен дене қосылған ерлі қатын,
Екеуінен туады көңіліміз.
(Ш.Құдайбердиев)
«Көңіл» екі ұстынның – «дене мен жанның» біріктіруші негізі, ортақ кіндігі. Жан мен тәннің бірлігінен көңіл сипатты «рух» екі үзіндіні үйлестіріп жаңа туындыны әкеледі. Жарыққа ұмтылған әр санада көңілдің құбылған мінезі бірге дүниеге келеді. Көңіл мінезбен астасып жатып, рухтың берік тұғырын қалыптастырады. Қазақи санамызда «Жер Ана» деген ұғым бар. Діни аңыздарда айтылатын «Аспан әке мен Жер ананың» адам жаратылысындағы ортақ байланысы, яғни осы екі тараптан тел еміп туатын адамның табан тірегі ана болса, ұстын жан қалауы әке екендігі туралы айтылады. Адам жаратыларда Алланың ең көркем жаратылысын Аспан менің бойымда жүрсе екен деп армандайды. Ол неге менде емес, жерде журуі тиіс деп шағынады. Жер түптеп келгенде, адам тәнінің мәңгі құт қонар мекені. Яғни тәннің «Жер анамен» қауышатын әлемі. Ал, жан бағзы өз тұрағы аспан әкеге тапсырады. Аспан мен жерді байланыстырып тұратын көңіл-рух жалпақ кеңістікте тұрағын тапқан. Мәңгі ол тұрақтың орны өзгермек емес. Өзгертуші жердегі сәттік аялдама ғана. Біз әуелден бар едік, өлмейміз, бар боламыз.
Кеңістік – аспан мен жердің көркем рухының мекені. Кеңістікте ғаламат ғасырлар иектеген рухтың қаншама жанайқайы шықты. Кеңістік уақыттың өзегімен заманындағы дүрсін шарпысулар мен қырғындарды өзегіне сыйғызды.
Қазақтың
сары сақарасы көшпенділер
Сайын дала күрес алаңына айналған әнебір аңғырт ғасырда сол қыры мен сай саласынның сырын білетін халық жасырынып жүріп жан сақтады, алапат аштық келгенде сусыз шөлінің өзінде тамырын үзбеді.
Осындай Тәңірімен теңдік пен үйлесімділікті ұстап отырған халықтың тамаша мінезі мен саф тазалығын әшкере ететін төлтума дүниенің бірі – Мұхтар Мағауиннің «Сары қазақ» атты романы. Роман ХХ ғасыр басында қазақ даласына төнген аштық апатының, сонымен қатар орыс халықының саяси төңкерістерімен ішінара бүліну салдарын жақсы тәпсірлей алатын көркем дүние. Туындының ұзын ырғасынан сюжеттердің тасасындағы негізгі идея тарихи тақырып емес екенін айқын білінеді. Автор тарихи маңызды деректерді тек сенімді әрі әсермен жеткізгісі келген идеясы үшін ғана келтіреді. Оқырман тарихпен көмкерілген кейіпкер бейнесінен гөрі, қазақ дейтін алып, биік ұлттың табиғи болмысындағы даналығы мен көрегендігіне тамсана отырып оқиды. Азуы арандай етіп орыстың берекесіз басбұзарлары бар бүтінін тонап, қасиеттісін таптағанда ауыл ақсақалы Сыпатай келесі ұрпақтың берік бауын үзіп алмауын ойлап шөл далаға көшіп кетеді. Өгей ұл, орыстың төңкерісшіл оқымыстысы Станислав сахара адамдарын жанымен сүйіп, олардың оқусыз да діліндегі сиқыр данышпандығына бас иеді. Айдала шөлде қаңғырып бір шал, өгей өзге ұлттың ұлы мен келіні, жас немересі Жансалқам қалады. Сан жылдар көшін сүйреп өтеді. 37- жылғы ашаршылықтан халық қырылып жүдеп салады. Ешкім таба алмайтын сахараның бір қуысындағы мекенде өз ұлттық бостандығы мен тамыр тегін жоғалтпай ұстауға бел шешкен үш адам барлық қиындыққа төзіп жан талмайды. Мұхтар Мағауиннің тарихи романы нағыз қазақ дейтін ұлттың бет бейнесін өзімен табыстауға арналғандай көрінеді.
Романдағы өзек-тірек – көшу идеясы. Осы сахара адамдарының көшуі де ғажап, Қазақ көшсе ауыл аймағымен түгел ұбап шұбап жүріп көшетін. «Көшпелі өмір салты – ақыл-есті жұпар сақтаудың басты кепілі» (Т.Әбдікәкімов. «Хас сақ аңқымасы») саналған. Мекен ауыстыру олар үшін үлкен мереке. Көшіп кетер алдында, көшіп барғасын да өзіне жарасты мерекелерін атап өтіп, себеп тауып той жасайтын. Қазақтың танымындағы көшу мен қоныс аудару ұдайы жаңамен, аспан астындағы кеңістікті кезетін рухтың табиғатындағы тынымсыз жаңару философиясымен қабысып жататын. Демек, қазаққа ылғи да жер ауып көшіп жүретін дәруіштердің табиғаты тосын емес. Қазақтың бір аты көшпенділер болса, көшпенділердің бір атауы дәруіштер. Қазақ дәруіш халық. Қаны мен жанын ыңғай әркетімен тазартып отыратын текті халық. Жаратушының сүйіп жаратқан жер бетіндегі елшілері.
Қазақ прозасындағы жаңашыл ізденісімен көзге түскен Оралхан Бөкейдің шағын «Ардақ» әңгімесінде «Сары қазақтағы» «сақтап қалу мен тұрақтап қалу» идеясынан бөлек, танымға жат, о бастағы діңгегі мен тінінен тайып кеткен тамырдың айқын суреті бедерленген. «Сары қазақ» Алаш әдебиетіндегі ұлт мақсұтын сіңірген, ортақ мүдделік апаттың алдын алудың, ұлттық трагедияның қаупінен үрей шақырған биік туынды. Өз айнамызды көре алатын, болмысымызды бүтіндейтін құнды дүние. Ал «Ардақ» туған заман, «Ардақты» тудырған заман жұтаған болмыстың тозып құрдымға кеткенін ашық көрсетті. Қоғамның өз қазанында қайнаған суреткер алақанда абайлап, жұдырықта жұмылып келген сана мен бүтін болмыстың жұтаған кейпін амалсыз жазды. «Ардақ» шыр етіп дүниеге келген кезде Қазақ әбден кеңестік идеологиямен қауырсын- қанатын күйдіріп, көзала қойдай жадынан үркіп қалып еді. Қазақ өз тұрпаты мен келбетін көре алмайтын қалыпқа түсті. Өйткені, «Көзі жоқ көңіл адасып» (Н.Мәукенұлы) еді. Ортасы мен көбіне кіріге алмаған Шалабай мен анасы ауылдан үдере көшіп адам аяғы жетпес қиянға кетеді. Сан жылдар сол мекеннің жұпарын жұтып жүрсе де, көбінің, шуылдақ көбінің уәсуәсін аңсады. Сөйтсе, көпсіз дуылдап өткен тойың да қызықсыз. Көпсіз құ жалған қурап қалған қарағайдай мүсәпірлік екен. Көпсіз арбалған бес күндігіңнің баяны да жалған. Шешесі өлерде ауылға қайт дейді. Көбіңе бар, өйткені «көпте бар қызық, көпсіз күнің жоқ» екен дейді соңғы демі бітерде.
«Сары қазақтағы» ауа көшу көшпенділіктің соңғы мұраты, ізгі ұстынын құлатпаған жанкешті әрекет еді. Елсіз қу шөлге кетіп, халық басына түскен зауалдан аман есен ұрпағын сақтап қалудың жар басындағы жалғыз үміті еді. «Сары қазақ» өз тамырын сақтауға ұмтылса, «Ардақ» осының кері ағысы. «Ардақ» бөле жырылу, өз тегінен адасып жұмақ ғұмырын тапқысы келетін оңаша арман. Оңаша өктем өзбілем тілек. Онда көптік пен тереңдік жоқ. Өткен мен кеткенге бағдарлау жоқ. Алды арты тұсау шолақ ғұмыр.
Бірі сақтану, бірі жеріну. Мекен мен мезгілдің белгісіз аурасында қалықтап қанатталған қыранның қалпындай бейуақыттағы ситуациялар. Екі шығармада ұқсас кейіпкер осы идеяның көрінісі. Станислав пен Ардақ. Қу шөлейтте дүниеге келген Жансерік мен Марқакөлдің әкелігін қабылдаған Ардақ сәбиі. Бірі сол ұлттың бүткіл танымы мен дәстүрін қабылдаса, бірі сол ұлттың өкілі болудан бас тартады. Ардақ өзінің қазақ екендігі түгілі өз заты мен адами қалпындағы табиғатынан бейхабар. Жазушы жүрегімен сүйіп, әз тазалығымен сомдаған кейіпкері жан мен тәннен туындаған рухтың табиғатын танымайды. Ардақ антропологиялық танымдағы жабайы пәктігімен, табиғат құдіреттің мойыл тазалығымен оқырман дүниесіне ой салады.
«Сары қазақта» Стамбектің өгей қызын Жансалқамды ауыл аймақтың ортасына жіберуі, ең алдымен жырақтану мен жоғалудың санаға әсерін пайымдағандықтан істеген әрекет. Өз перзенті Жансерік үш күннен кейін шетінейді, автор көпсіз қаңғырып қалған жаңғыздықта туылған сананың құмға сіңген судай жадынан айырылып қаларын жақсы бағамдаған, сондықтан да тегін танымайтын ұрпақ ата бабаға қадірсіз. Ардақ та өзін жоғалтқан тамыр болғандықтан, одан да тегін танымайтын ұрпақ тумақ. Марқакөл «әкең менмін, әкең менмін» деп күбірлейді. Автор сымпылдап жатқан көлдің тілімен адасқан «зая ұрпақты» жұбатып отыр.
Көркем шығармадағы кеңістік әрдайым нақты шындықпен жанаса бермейді. «Ардақ» жазушының «қиялдағы кеңістігінде» (воображаемое пространства) туған бейсаналы арман-тілек. Тән мен жанның кеңістіктегі күресінен ширыққан «жады кеңістігіне» жан біткен. Даңғаза көптіктен жалыққан жазушы жоғалтып алған ішкі үнінен, безер болған көбінен алыстап отырып сағынады. Алыстап отырып, өз жүрегінен тауып алған қуанышын қызықтайды. Адам деген ұғымға биіктен қарап, опасыз өсекпен таңылған көпке аяй қарайды. Сөйте тұрып көбін жүрегімен сүйеді. «Ардақ» жылап отырып жалғызымен қауышқан, өз жүрегіндегі жалғыздығымен табысқан жазушының ерен елгезек сыршылдығы. Әйтсе де, жан шерінің қалауымен жазушы өз өзінен айни бастайды. Өз өзін жұбатады. Дүниеге ата бабаның күнәсін арқалап сәби- үміт келді. Ортайған жанның айқұшақ тапқан үміті қажыған жүрекке қуат бағыштамақ.
Қазақтың қанына сіңген ізгілік, ешбір елде жоқ қасиеттің бірі – алтуристік кең пейіл. Яғни, құт қонағын Құдайындай сыйлай білетін жүректі пиғыл. Өйткені, қазақ үшін бұл бес күнде «адамдар бір біріне қонақ». Құт қонақ. «Қонақ келер есіктен, ырыс келер тесіктен» деп бекер айтпапты. Алтуризм барлық пен көптікті қомсынбанбайтын, Құдайы қонаққа да жоқ деп айта алмайтын ұлттық діңгектің исінім мөрі. Дархандығынан бөлек елдік пен кеңдіктің тең тұғырын ұстап отырған ел өзімшілдіктің тамыры эгоизмнен алас еді. Ауыспалы отаршылық кезеңі қара пиғылдың небір өзектісін тамырымызға сіңдірді. Эгоизмдік менменшлідк өршіді. Қос романда қазақтың таза табиғатындағы алтуристік – Құдайлық құт сыйлайтын ниет байқалады. Қос шығармада өзегімен қауышып отырып, тамырын тауып алып иіскейтіндей бір зар арман бар. Екі уақытпен туған шығарма Алаш әдебиетінің арда арманын терістеуді мұрат тұтпады. Қайта жадына сүңгіп, әлемдік ой танымдармен, сыршыл түйсікпен ымдайды. «Ардақ» өз мұратын судыртып айтуға аса құлықсыз. «Ардақ» өзінің ардақтығын мойындап, әзелгі тұнығын шайқап алып («Ылайла ылайыңмен тұнығыңды» (Абай), қайта ылайын тұнықтап отырған жыламшы жауынның тынымындай мөлдір тума. «Ардақ» өзегін теуіп шыққан ұрпақтан жерімейтін, Құт қонағына Құдайының жарлығындай, қастерлі жәдігеріндей сақтықпен қарайтын тектіліктік.
Алаш әдебиетіндегі басты мақсұт деградацияға ұшыраған ұлт қабырға-қамауының тірегінен сөгілуінен туған ұлттық қауіп еді. Алаш ардақтылары көбінің зар қайғысын иектеп қолына қалам ұстады. Өзін тану үшін ең алдымен, оның басындағы бөрігіне ие орыс бодандығының мәнісін ұғу тиіс еді, мұны тек асыл сөздің мәйегімен – сөз өнерімен жеткізу мүмкін болатын. Алаш әдебиеті халықтың көзі мен санасы болмыш әдебиетті саяси идеологиялық көзге айналдырмауынан өзге шарасы жоқ еді. Құт қонысы мен азат бостандығынан айрылған сананың жұтауы бәрінен бұрын қасірет пен қайғы төндірді.
Ұлттың ұйысқан бірлігін жұмыла білекпен қорғаған азаматтар атылған соң, айтылар сөздің көмейде кептеліп қалар жасықтығы ендеді. «Ұран Әдебиет» (Б.Кәрібаева) «жан» дейтін шығарманың алғышартын ұмытты. Темір терсекпен құрсанған «жан» шырқырап жатып тереңде өзін-өзі іздеді. Өзіндегі ілкі бостандығын аңсады. «Ардақ» осындай зар мен құсадан туылған жазушының ғана зары емес, салтынан санасынан жұрдай елдің азаттығы еді шыңғырған. Деколизацияландыру (отарланудан құтылу) процесінің іштей тұншығып жатып, құмығып үні шыға бастауының алғашқы көрінісі бұл. Жазушының жүрек түйсігі аптығып асыққандардың алдына «Қайдан келіп, қайда барасыңдар?» деген ортақ сауал тастады.
«Көркем әдебиет – уақыт пен кеңістіктің шағын моделі» (Б.Майтанов) болғандықтан, шығарманы бір өлшеммен, бір негізбен талдау мөлдір туманың көзін бітеумен тең. «Ардақ» қырнаған сайын шыны жүзі сүйірленіп, алмастай жарқырай беретін жауһар дүние. «Ардақ» жазушының құпия жадынан тыс өзге бір үміт-арманның аңсары.
«Алғанда қала тыным,
Пайдаланып қараңғы дала түнін,
Жастық пенен кәрілік арасында,
Жердің
жоғы ай тығылып қалатұғын?»,-
«Ардақ» «тығылып қалатын жердің» қиялдағы жобасы. Осы үшінші кеңістіктегі ешқайда асықпай, аптықпай шалқыған өзінің рухы еді. Ол өзінің түйсігінде жұмақтай шат, әлемнің жұмбақ хаосы - үшінші кеңісті сайлап алады. Жаны рахатқа батып, у мен шудан ада, бейғам, бейуақыттағы тыныш аураның мекенін меңзейді. Онда масайраған табиғат пен адамның оңаша қалған сұлу жалғыздығы астарланған.
Осы «үшінші
кеңістікке» деген аңсар жас
буынның қолтаңбасынан айқын
байқалады. Тәуелсіздіктің
« - Біз енді қайда барамыз? Тозаққа ма, жұмаққа ма?»
- Екеуіне де емес». Социалистік реализм сыналап қағып тастаған жағымды кейіпкер мен жағымсыз кейіпкерлер мұнда жоқ. Мұнда тек бет әлпеті бейтаныс кейіпкерлер бар. Жалпы осындай кейіпкер тумысына, образдылығына үңілмеу тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиеттің үні, даралығы. Осы үшінші кеңістіктің түп негізі «Сары қазақта» қадағалап қағылған. Отбасымен көшіп кеткен Сыпатай ақсақалдың құтты қонысын ешкім таба алмайды, ешкім танып біле алмайды. Адам баласы қанша қарманып іздесе де, аңдаусыз ұйық жерге орныққан шаңырақтағылар осы үшінші кеңістекте қалып қойған болатын.