Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Июня 2013 в 13:25, курсовая работа
Сингармонизм (грек. sun- бірге және harmonia – байланыс, үндесу) – түркі тілдеріне тән аса күшті заң. Осы уақытқа дейін сингармонизм дауысты дыбыстардың үндесуі немесе буын үндестігі делініп келеді: «түбірдегі дауысты жуан жуан (не жіңішке) болуына қарай оған тікелей көршілес қосымшадағы дауысты да тиісінше жуан (не жіңішке) болуы алдындағы өзімен тетелес қосымшамен байланысты; біртіндеп, сатылап барып бір буын екінші буынды ілестірумен барабар, сөздерге барлық буындарға арқау түбірдің дауыстысы». Яғни қосымшадағы дауыстының сипаты түбірдегі дауыстыға байланысты, бірімен бірі үндесіп тұрады.
Кіріспе
І. Сингармонизм
1.1. Сингармонизмнің басты фонологиялық қызметі.
1.2. Сингармонизге байланысты қолданытлатын терминдер.
ІІ. Дауыстылардың бір-бірімен үндесуі
2.1. Лингвальдық сингармонизм
2.2. Ерін үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Сингармонизм тіл және
ерін үндестігі түрінде
Мұғалім үндестік заңының оқулықтағы берілген ережесін негізге ала отырып, жаңа сабақты түсіндіреді. Үндестік заңының буын және дыбыс үндестігі болып екіге бөлінетінін айтады, мысал келтіреді. Әрине, буын үндестігінің негізгі, яғни буынның жуан – жіңішке болып келуі, негізінен, дауысты дыбысқа, кейде қ,ғ дыбыстарына да байланысты екендігін жұртқа мәлім, сондықтан түсіндіру үшін мына схеманы пайдалануға болады: сөзге қосылған қосымшалар түбірінін соңғы
шы,
Тас тар, тан,
пен.
ші
Кеме лер,
мен, ден
буынының әсерінен бірде жуан, бірде жіңішке болып қосылған. Ал көмектес септік жалғауы жуан буынды тас, қағаз сөзіне де, жіңішке буынды кеме сөзіне де жіңішке буынды қалпында қалғанып тұр. Сонда буын үндестігіне бағынбайтын жалғау бар, ол – көмектес септік жалғауы деп айту қажет.
Осы сабақты әрі қарай түсіндіреді үндестік заңына мына қосымшалар бағынбайтындығын айту керек. Буын үндестігіне бағынбайтын жұрнақтар:
Жалпы, бұл тақырыпты өту кезінде мұғалім байырғы сөздермен қоса термин сөздерді де мысал ретінде ала отырып (алмас, қалалар, бейбітшілік, жетістік, қажет), сөз жуан буынды, жіңішке буынды болып келетіндігін, термин сөзге қазақ тілінің қосымшасы сөздің ең соңғы буынның ыңғайына, ерекшелігіне қарай қосылатынын айту қажет. Термин сөзге қосылған қосымшаға негізгі екпін түседі де, сөздің бұрынғы екпіні мүлдем жатылмайды, ол көмекші екпінге айналып айтылуы керек. Мысалы: конкурс, акустика, психолог дегенді конкурсқа түсті, акустикалық ерекшелік, психологпен сөйлес сияқты түрде айтуымыз керек, өйткені сөзді мүлдем қазақшалап айту дұрыс болмайды, терминдік реңкті, ерекшелікті сақтаған жөн.
Буын үндестігін оқытумен орай оқушының сауаттылығын арттыруға көп көңіл бөлу керек. Ол үшін мына сөздерді мысалға пайдалана отырып, бағана-бағана етіп тізіп жаздыру сияқты жұмыстар жүргізгені жөн. Мысалы: құдырет, қасиет, рақмет, ғанибет, қадір, құрмет, кітап, біраз, барельеф т.б. үйретілген ереже оқушының есінде берік сақталуы үшін берілген сөздерді сөйлем ішіне ендіру, өз ойынан тиісті объектіге байланысты мысал тауып та жаза білу өте пайдалы.
Қолданылған әдебиеттер тізімі: