Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Июня 2013 в 13:25, курсовая работа
Сингармонизм (грек. sun- бірге және harmonia – байланыс, үндесу) – түркі тілдеріне тән аса күшті заң. Осы уақытқа дейін сингармонизм дауысты дыбыстардың үндесуі немесе буын үндестігі делініп келеді: «түбірдегі дауысты жуан жуан (не жіңішке) болуына қарай оған тікелей көршілес қосымшадағы дауысты да тиісінше жуан (не жіңішке) болуы алдындағы өзімен тетелес қосымшамен байланысты; біртіндеп, сатылап барып бір буын екінші буынды ілестірумен барабар, сөздерге барлық буындарға арқау түбірдің дауыстысы». Яғни қосымшадағы дауыстының сипаты түбірдегі дауыстыға байланысты, бірімен бірі үндесіп тұрады.
Кіріспе
І. Сингармонизм
1.1. Сингармонизмнің басты фонологиялық қызметі.
1.2. Сингармонизге байланысты қолданытлатын терминдер.
ІІ. Дауыстылардың бір-бірімен үндесуі
2.1. Лингвальдық сингармонизм
2.2. Ерін үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Жоспар:
Кіріспе
І. Сингармонизм
1.1. Сингармонизмнің басты
1.2. Сингармонизге байланысты
ІІ. Дауыстылардың бір-бірімен
2.1. Лингвальдық сингармонизм
2.2. Ерін үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Сингармонизм (грек. sun- бірге
және harmonia – байланыс, үндесу) –
түркі тілдеріне тән аса күшті
Ә. Жүнісбеков түркологияда сингармонизм туралы ертелі – кеш айтылған пікірлерді елеп-екілеп, соны бір қорытындыға келеді, тілімізді басы артық қоспалардан арашалап, осы уақытқа дейін еленбей келген тын арпаның көзін ашты. Атап айтқанда:
1.1. Сингармонизмнің басты фонологиялық қызметі – қазақ (түрік) cөзінің он бойында біркелкі тембрдің (франц, tembre – дыбыстық сапасы, болуы) сақталуында. Бұлай болмаған жағдайда сөз құлаққа жағымсыз естліп, қабылдауды, түсінуді қиындатады.
Индоеуропа тілдеріндегі фонеманың конститутивтік (франц. constitutit – мағына айқындаушы) қызметін түркі тілдерінде сингармонизм (сингармема) атқарады.
Бір ғана дыбыс түрінде түсінетін т,ат,ет,от,өт сөздерінде т,т',то,тө болып төрт түрлі (езулік – жуан, езілік – жіңішке, еріндік – жуан, еріндік - жіңішке) ренге ие болатынынан хабарымыз бар. Оладың әрқайсысы құрамындағы дауыстылармен жымдасып, тембр жағынан орайласып, сөзді сөз етіп тұр. Оларды бірінің орнына бірін қолдану сөзге зор нұқсан келтірер еді. Дыбыстардың үйлесімі сол сөздің өзіндік тембрін айқындайды.
Байырғы қазақ сөздері мынадай сингармониялық белгілермен ажырайды.
Бұдан тіл және ерін сингармонизмдерінің
сөз мағынасын ажыратудағы
Қазақ тіліндегі дауыстылардың да, дауыссыздарын да фонолдогиялық қызметі алдымен буын деңгейінде айқын көрінеді. Дауыстылардың рөлі тек буын жасау ғана болса керек, ал әр түрлі дауыстылар – сингармотембрдің өмір сүру варианттары.
Қазақ тілінде дауыстылардың сингармотиптерінің (тип грек. тupos – форма, үлгі) саны олардың сингармониялық варианттарынан (реңінен) әлдеқайда аз. Дауыстылардың сингармотиптері жақтың қызметіне сай келеді де, үш түрлі болады: 1) қысаң дауысты – лар (Дқ), 2) ашықтар (Да), дифтонгілер (жартылай ашықтар) (Дд). Бұлар – сингармобуын деңгейінде өзара қарсы қою арқылы ажыратылатын дауыстылардың топтары.
Сонымен қысаң дауыстылар өз алдына бір сингармотип құрайды. Мысалы: тыз – тіз, тұз – түз. Дауысты ы,і,ұ,ү бір дауысты дыбыстың төрт сингармореңкі болып табылады. Бұлар бас-басына буын жасайды, алайда бір дауысты ретінде қызмет етеді.
Ашық дауыстылар да бір сингармотип құрайды. Бұлар да бас – басына буын құрап, бір дауысты дыбыстың екі сингармореңкі болады.
Жартылай ашық дауыстылар
– дифтонгілер – бір
Бұл үш типтегі сингармореңктер өз ішінде бірін – бірі алмастыра алмайды. Бұлардың бәрі де сингармобуынның дауысты сингармокомпоненті ретінде көрінеді. Ашық, қысаң, дифтонгілер бір-біріне қарама-қарсы қойылады.
Әр сингармотиптегі сингармодауыстылардың әрқайсысы екі темрбден құралады.
Қысаңдар:
Ы – жуан, езулік;
І – жіңішке, езулік;
Ұ – жуан, еріндік;
Ү – жіңішке, еріндік.
Ашықтар:
А- жуан, езулік;
Ә - жіңішке, езілік;
Дифтонгілер:
Е – жіңішке, езілік;
Ө - жіңішке, еріндік;
О – жуан, еріндік.
Сонымен, қазақ тілінің
дауыстылар жүйесін (анықтауға) сипаттауға
қажетті екі принцип
Ал екінші принцип дауыстыларды сингармония тұрғысынан сипаттауға негізделген. Төрт түрлі сингармотембрге тән белгілер айқындалды. Олардың әрқайсысы бірнеше сингармодауыстылардан тұрады: жуан езулік – екеу, жіңішке езулік – үшеу, жуан еріндік – екеу, жіңішке еріндік – екеу, барлығы тоғыз сингармодауысты.
Сонымен қазақ вокализм дауыстылардың үш сингармотипінен және тоғыз сингармодауыстыдан тұратын болды.
1.2. Сингармониялық тілде әрбір дауыссыз төрт сингармодыбыстан тұратын жүйе. Әрбір дауыссыздың сингармотембрі жуан//жіңішке, еріндік//езулік қасиеттердің қарама-қарсылығынан құралады. Тек буын деңгейінде ғана қарама-қарсы қоюға келетін дауыссыз дыбыстар жеке сингармотипке бірігеді. Сонда т сингармотипі төрт түрлі сингармодыбыстан тұрады: т (ат), т' (ет), то (от), то' (от). Яғни бұл төртеуі бір дыбыстың төрт сингармореңкі болып табылады. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір фонетикалық позицияда (буында) ғана ұшырайды.
Ә. Жүнісбековтің екпін, дыбыс жүйесі, әсіресе сингармонизм жөніндегі мүлдем тың тұжырымдары болашаққа толық қолдауын табуға тиіс.
Бұдан шығатын қорытынды: сингармонизм – тіліміздің бүкіл дыбыстық жүйесін қамтитын кен ұғым және мұның өзі тіліміздің ғасырлар бойы дамуының нәтижесінде қалыптасқан қалпын, өзіндік өрнек, үнін дәл танытатын заңдылық.
Сингармонизм туралы тың тұжырымдарды тыңғылықты қабылдап, тиянақты қалыптастыруда осы ұғымға орай қолданылатын терминдердің де маңызы зор.
Қ. Жұбанов: «Сингармонизм – грек сөзі. Қазақшалағанда – үндесу деген болады» – дейді. Сингармонизм ендігі жерде дауыстыларды ғана емес, барлық дыбыстарды, сөздерді қамтып үндестік заңына синоним болып отыр.
Ә. Жүнісбеков сингармонизмге байланысты қолданатын терминдерді де ұсынады, тек орыс тілінде. Соның кейбірін қазаша ұғымды өтіп алу керек сияқты.
Сонда:
Сингармонизм – үндестік,
Сингармония – үндес,
Сингармема – үндеспе,
Сингармозвук – үндесдыбыс,
Сингармотембр – үндестембр,
Сингармоомоним – үндесомоним.
2.1. Дауыстылардың бір-бірімен үндесуі сингармонизм деп аталады дедік. Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады:
1) дауысты дыбыстар тілдің
1) Лингвальдық сингармонизм. Тілдің қатысы жағынан сөз ішінде дыбыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар, не бір өңкей жіңішке дауыстылар болып үндеседі. Сөз құрамында соңғы буындағы дауыстының әуеніне қарай ынғайланып айтылады. Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады. Сингармонизм заңы бойынша түбір сөздегі дауыстылар қосымшалардағы дауыстыларды билеп, өзінің әуеніне қарай икемдеп бағындырады. Түбір сөздегі дауысты дыбыс жуан болса, қосымшалардағы дауыстылар соған бағынып, жуан түрде жалғанады (ел-дер-ден). Түбірдегі дауыстылармен үндесе алмайтын бірен-саран аффикстерді еске алмағанда, түркі тілдерінде қосымшалардың түбір сөзге бағынып жалғануы – оларға тән және қалыптасқан заңдылық. Түркі тіллдерінде қосымшасыз түбір сөздің құрамы екі-үш буыннан құрылғанда, ол буындардағы дауыстылар да не бір өңкей жуан, не бір өңкей жіңішке түрде келеді.
Қазақ тіліндегі –нікі, (-дікі, -тікі) аффиксі, (баланікі, әкенікі, досымдікі, қарындастікі), - паз, -қор, -кеш, -гөй, -хана аффикстері (өнерпаз, білімпаз, дүниеқор, пәлеқор, ақылгөй, асхана, шеберхана) және т.б.
Чуваш тіліндегі көптіктің -сем жалғауы мен тәуелдіктің үшінші жағының –е жалғауы (Мысалы: ывалсем – «ұлдар, балалар», херсем – «қыздар», ывал – «ұлы» (оның), хере – «қызы»).
Тува тілінде барыс септіктің –ге (-же) жалғауының жуан варианты жоқ (мысалы: хоорайже – «қалаға», аъетге – «атқа», хөлге – «көлге»).
2.2. Ерін үндестігі.
2) Ерін үндестігі. Бастапқы
буындағы ерін дауыстының
Егер лингвальдық сингармонизм өзбек тілінен басқа түркі тілдерінің барлығына бірдей тән болатын болса, лабиальдық сингармонизм, біріншіден, түркі тілдерінің барлығына бірдей тән емес, екіншіден, оның түркі тілдерінің әрқайсысында көріну дәрежесінің өзі әр түрлі. Атап айтқанда, ерін үндестік заңы орын тепкен түркі тілдерінде алдыңғы буынның ерін дауыстысының соңғы буынның немесе буындардың дауыстысына еріндік болуы жағынан әсер етуі түрліше болады. Мысалы, түркі тілдерінің кейбіреулерінде еріндіктің өзінен кейінгі езулік дауыстыларға әсері тек ашық дауыстылардың тарапынан болса, қайсы біреулерінде тек қысаң еріндік дауыстылардың тарапынан болады; сондай-ақ түркі тілдерінің кейбіреулерінде алдыңғы дауыстылардың бәріне бірдей әсер етсе, енді біреулерінде тек ашық немесе тек қысаң езулікке әсер етеді.
Еріндік дауыстының әсері буын санының мөлшеріне қарай да ажыратылады. Мысалы, түркі тілдерінің кейбіреулерінде еріндік дауыстының әсері барлық аффикстерді қамтып, сөздің он бойына тарайтын болса, қасыбіреулерінде сөздің негізін ғана қамтиды, енді біреулерінде аффикстердің біреуіндегі ғана дауыстыға әсер етіп, басқаларына әсер етпейді. Демек, лабиальды сингармонизмге қарағанда, өте-мөте күрделі және оның сөз құрамындағы келесі буындарға әсері түркі тілдерінің әрқайсысында түрлі-түрлі болады.
Ерін үндестігі түркі тілдерінің ішінде қырғыз тілінде өте-мөте күшті. Бұл тілді бас буында ерін дауыстысы келсе, соның онғайына қарай, соңғы буындарда да ерін дауыстылар келеді. Мысалы: қолдар, («қолдар»), қолғо, («қолға»), қолда («қолда»), қолдорға («қолдарға»), қолдордо («қолдарда»), қолду («қолды»), қолу («қолы»), қолунғузду («қолыңызды»), көлгө («көлге»), көлдө («көлде»), көлдөр («көлдер»), көлдөргө («көлдерге»), көлдөрдө («көлдерде»), көлу («көлі»), көлдөрүңүз («көлдеріңіз»), көлдүрүңүздүң («көлдеріңіздің»).
Бас буындағы ерін дауыстысының соңғы буындардағы дауыстыларға әсері якут тілінде де күшті. Мысалы: оғо («бала»), оғото («балабы»), оғотут («балаңыз»), оғолар («балалар»), оғолоро («балалары»), оғолорұң («балаларың»), көтөр («құс»), көтөрө («құсы»), көтөрүң («құсың»), көтөрүм («құсым»), көтердөр («құстар»), көтөрдөрө («құстары»), көтөрдөрүң («құстарың»), көтөрдөрүм («құстарым»).
Кейбір тілдерде, мысалы, қырғыз тілінде, бір сөздің құрамында лингвальдық сингармонизм мен лабиальдық сингармонизмнің екеуі де бірдей ұшырайды. Мысалы, қырғыз тіліндегі тоолор деген сөздің құрамындағы дауыстылар, біріншіден, әрі бір өңкей жуан дауыстылар болып үндескен де, екіншіден, әрі бір өңкей ерін дауыстылар болып өз ара үндескен. Сондай-ақ түлкілор деген сөздің құрамындағы дауыстылар тілдің қатысы жағынан біркелкі жіңішке дауыстылар болып үндессе, еріннің қатысы жағынан біркелкі ерін дауыстылары болып үндескен.
Түркі тілдерінің көпшілігінде аффикстердің дауысты дыбысқа қатысты жуанды және жіңішкелі варианттары ғана болса, қырғыз тілінде бұған қоса олардың еріндік және езулік варианттары бар. Мұнымен бірге қырғыз тіліне қатысты мына жайды да атап өту қажет: бұл тілде созылыңқы еріндік дауыстылармен айтылатын сөз тудырушы аффикстер бар. Олар, езулік варианттары болмағандықтан, түбірдің соңғы буынының еріндік немесе езулік болуына қарамастан, түбірдің бәріне бірдей жалғана береді. Бұған қырғыз тіліндегі мына аффикстер жатады: лұұ – (дұу, тұу), - лүу (-дүу, түу), - оо (-өө), - ұу (-үу). Салдар: қойлұу («қойлы»), малдуу («малды»), аттуу («атты»), аталуу («аталы»), келиндүү («келінді»), сұроо («сұрау»), тирөө («тіреу, тірек»), қатуу («қатты»), тирүү («тірі»).
Тува тілінде сөздің бірінші буындағы еріндік дауыстының соңғы буындардағы қысаң дауыстыларға ғана әсері болады, ашық дауыстыларға әсері болмайды. Басқаша айтқанда, тува тілінде алдыңғы буындағы еріндіктердің әсерімен соңғы буындардағы дауыстылардың еріндік болып айтылатындары ашық дауыстылар емес, тек қысаң дауыстылар ғана. Мысалы: орун («орын»), орунну («орынды»), оруннуң («орынның»), оруннар («орындар»), оруннарның («орындардың»), одағ («костер»), одағны, одағның, одағалар және т.б.
Қазақ, ноғай, қарақалпақ тілдерінде бірнеше буындағы еріндік дауыстының екінші буындағы тек қысаң дауыстыға ғана әсері болады, соның өзінде де ол жазуда елекбейді. Еріндіктің әсері екінші буыннан асқан соң, мүлдем әлсіреп жойылады. Мысалы, қазақ тіліндегі көлеңке деген сөздің бірінші буындағы еріндіктің үшінші буындағы дауыстыға әсері, екінші буынға қарағанда, әлдеқайда созғын, тіпті жоққа тән десе болады.
Яғни дыбыстар үндестігі төртке бөлінеді: