Ақан Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 20:10, реферат

Описание работы

Ақанның өмірі мен шығармашылығы. Ақан 1843 жылы Көкшетау облысы Айыртау ауданында Қоскөл деген жерде туған. Ол он үш жасқа келгенше Күнту деген молдадан мұсылманша оқыған. Бірақ сезімтал, сергек ойлы, ұғымтал балаға молданың оқуы ұнамайды. Кейін Қызылжарда Уәли медресесінде 2-3 жылдай дәріс алады.

Работа содержит 1 файл

Ақан Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы.docx

— 163.53 Кб (Скачать)
Ақан Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы

Қазақ тіліндегі рефераттар Қазақ әдебиеті
Ақан  Қорамсаұлы 
(1843-1913) 
 
Ақанның өмірі мен шығармашылығы. Ақан 1843 жылы Көкшетау облысы Айыртау ауданында Қоскөл деген жерде туған. Ол он үш жасқа келгенше Күнту деген молдадан мұсылманша оқыған. Бірақ сезімтал, сергек ойлы, ұғымтал балаға молданың оқуы ұнамайды. Кейін Қызылжарда Уәли медресесінде 2-3 жылдай дәріс алады. Жасынан өлең айтып, домбыра тартып, ән шығарумен шұғылданған Ақанның серілік өмірі басталады. Ел мұңын жоқтап, жүрген жерлері думанға айналған. Ақан сері Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сынды атақты сал серілермен жақын қарым-қатынаста болған. Ит жүгіртіп, құс салып аңшылық құрған. Алғыр қыран құс, жүйрік тазы ұстаған. Кейін Құлагер сияқты жүйрік атқа ие болған. 
Ақан сері өмір шындығын терең жырлаған. Асқақ ақын ғана емес, сыршыл лирикалық сезіммен, әншілік орындаушылық композиторлық өнерімен бүкіл қазақ даласына танылған ерекше дарын иесі, арқаның ардагер ақын әншісі болды. "Ойқалқа", "Біздің көңіл қайда жатыр". 
Жастық, бозбалалық көңілде Ақан серінің көп жырлаған тақырыбы достық, махаббат болды. Өзі ақын, өзі әнші, өзі аңшы сұлу жігіт Ақанның халық арасына атағы тез жайылады. Оның айналасына қыз-бозбала топтала береді. Эстетикалық сезімі, талғамы күшті, ол Көкшенің көркем табиғатында туған небір әсем әндерін бабына келтіріп орындайтын болған. Ақанның енді қадірі ел арасында күннен-күнге арта түскен. Нәзік жанды ақын өмірдегі небір сұлу, әдемінің бәрін беріле жырлаған. Ол өзінің "Желдірме" өлеңінде: 
 
 
...Ғашықтық бір ыстық күн, желі тынық, 
Басына түскен жанның көңілі сынық. 
Жарлы, бай, жаман, жақсы дегізбейді 
Уа, шіркін, желіктірсе жігітшілік, – 
деп бастан өткізген албырт жастықтың бір кезеңін сүйсіне толғайды; 
Ақынның "Жайықтың ақ түлкісі", "Ақ көйлек" т.б. лирикалық өлеңдерінде көркі көз сүріндірер сұлу арулар ақын назарынан тыс қалмайды. Ол адамның түсі де, ісі де, жаны да сұлу болуын қалайды, өлеңдерінің лирикалық қаһарманы – әсем бейнелі, жаны сұлу адам болып келеді. Оны суреттеу барысында неше алуан теңеу, метафоралар, бейнелі сөздер, үздік эпитет, теңеу, шендестірулерді молынан шебер пайдаланады. "Жайықтың ақ түлкісі аралдағы" өлеңінде: 
Жайықтың ақ түлкісі аралдағы, 
Алдымен сен бір қашқан маралдағы.  
Ертістің құба талы секілденіп,  
Жаудырап екі көзің отырасың  
Тұндырған шай секілді құмандағы, – 
деп келіп енді бірде: 
"Сен болсаң, ол – қызыл гүл асыл еркем, 
Мен – бұлбұл сайрап тұрған иран бағы, – 
деп қызды гүлге теңеп, еркелете келіп, өзін бұлбұлға теңейді. Қыз бейнесін суреттеуде Ақан ең әдемі, нәзік суреттермен береді; "ақ түлкі", "ақ марал" өмірде сирек кездесетін, ешкімнің қолына оңайшылықпен түсе бермейтін сүйкімді хайуанаттар. 
Ары қарай: 
Қалқыған дариядағы сен бір кеме, 
Ішінде бір шамшырақ бұрандалы, 
немесе: 
Сен болсаң адамзаттың асылысың, 
Біз қанжар алтындаған қыныңдағы. 
Ұнаса көңіліңе, перизатым 
Жүре бер беліңе, орап буын-дағы, – 
деп ақын қыз бейнесін ерекше бір нәзіктікпен суреттей отырып, өзінің де осал еместігін ұмытпайды, "Алтын қанжарға", "Сұңқарға" теңеп, қияға қол созып, арманын ашық көрсетеді. 
Жүсіп төренің сұлу қызы Жамалға ғашық болған Ақан оны ешбір қызға теңемейтінін өлең шумағында анық білдіреді.  
... Етегін ақ көйлектің алтындаған, 
Ажарың ақжамбыдай жарқылдаған. 
Сексен қыз серуенге шықса-дағы 
Ішінде сен қоңыр қаз қаңқылдаған. 
Сармойын ақкуымсың көлге тартқан. 
Жүйрік ат көлденеңдей жемге тартқан. 
Болғанда сен аққу құс көлде жүзген 
Лашын кұс не болады талпынбаған. 
Мұнда ақын Жамалды "Ақ жамбы", "Аққу" "Қоңырқыз" т.б. сияқты небір теңеулермен аспандата суреттеп эмоциялық әсерін күшейте түседі. Осындай сұлу жанның өзіне тең келмейтін сүймеген адамына баруына мүлде қарсылық білдіреді. Жамалды мүлде ұмыта алмаған Ақан сері оның өзі ұнатпаған адамына ұзатылу кезінде іштегі мұң-шерін өлеңнің, музыканың тілімен сыртқы шығарған әйгілі "Сырымбет" әні дүниеге келеді. Бұл ән кімнің болса да жүрегін қозғайтын, ішкі жан ашуының, сезімінің адамшылық, азаматтық сырларын паш еткен шығарма.  
Мысалы: 
Аулым қонған Сырымбет саласына,  
Болдым ғашық ақсұңқар баласына.  
Бидайыққа лайық қарағым-ай,  
Бөктеріге қор болып барасың ба? 
"Қарындасым, енді есен бол! –  
 
деген жолдардың өзінен ақын жаны қанша қиналса да, азаматтық ағалық көңілмен сүйген адамына аман-саулық тілейді. "Сырымбет" әні – Ақан шығармаларының ішіндегі шоқтығы биік туындысы. Бұл әнді білмейтін кісі аз. Ақан суреттеген бейнелер Шығыс поэзиясында кездесетін қыздардың романтикалық сипатымен ұқсас келуі, оның шығыс әдебиетін жақсы білгенін көрсетеді. 
Ақан әндерінің ішінде көңілді, ойнақы, қысқа қайырылатын әні – "Балқадиша", бұл да – халық арасында кең тараған әндерінің бірі. Бір сапарында Ақан Қарауыл Шәкейдің Ыбырайының қызы Балқадишаны кездестіреді. Атына сай көрікті қылықты қыз Ақанды өзіне тарта түседі. Қыздың мінез-құлқын, түрінің әдемілігін, әдептілігін бірден байқаған сері Ақан оны қасынан жібергісі келмейді. Бірақ, қыздың жеңгесі қайталық деп болмайды, қыз екі оттың арасында қалып мазасыздана береді. Сезімтал Ақан оны байқап: –  
Дегенде Балқадиша, Балқадиша  
Есілді өрлей біткен тал Қадиша  
Жеңгеңіз қайталық деп асығып тұр,  
Рұхсат бізден сізге бар, Қадиша, – 
деп табан астында өлеңмен өзі амалсыздан қимаса да рұхсат беретінін білдіреді. Өлең – асығып тұрған қызға тілек-ықыласын байқату мақсатында шығарылған ән. Мұнда мұң, қасірет, өкініштен бөлек, ашық-жарқын көңілділік, ойнақылық басым. 
"Құлагер". Ереймен еліндегі Сағынайдың асында Ақанның сүйікті аты Құлагерге қастық жасалады. Бұл кез серінің сүйген жары Ұрқиядан, қыран құсы Қараторғайдан, құмай тазысы Базаралыдан айрылған кезі болатын. Ат арқылы халық арасында беделі айырықша артып бара жатқан Ақанды дұшпандары көре алмайды. Топ аттың алдында озып келе жатқан Құлагерді Батыраш-Қотыраштың адамдары тосып тұрып, шоқпармен ұрып өлтіреді. Ақан сері алдыңғы аттың түсінің өзге екенін көріп, бір жамандықты көңілі сезеді. 
Қасындағыларға:  
Жел соқса қамыс басы майда деймін, 
Атыңды ат айдаушы, айда деймін. 
Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды 
Жығылмаса Құлагер қайда деймін? – 
деп зарлы өлеңін айта бастайды. 
...Құлагер, айналайын шабысыңнан, 
Атағың елге шыққан дабысыңнан, 
немесе: 
Құлагер шешең – сұңқар, әкең – тұлпар 
Соғып ең дөненіңде сегіз арқар. 
Салбырап сапты аяқтай төменгі ернің, 
Бота тіресек, қыз сағақ, сандал керім. 
Құлпырған күлте жібек құйрығың-ай 
Ор болып қалушы еді шапқан жерің, – 
деген суреттеулерден Құлагердің шын жүйрікке тән мүсінін, бәйгеге шапқандағы қимылын толық көзге елестетеміз. 
Атын жанындай жақсы көрген Ақан Құлагерге арнап, өлеңдерін шығарады.  
Зорлықшыл қиянатқа қарсы ақын қатты назаланып, жан айқайын өлең жолдарымен білдіреді. Құлагер мерт болды деп естігенде, Жұлдым да сақалымды ойбайладым, деп суреттейді. Бұл өлеңде ат портретін, жүйрік қасиетін танытатын суреттеулер басым. Мәселен:  
Шынымен өлгенің бе, Құлагерім, 
Салбырап сапты аяқтай төменгі ернің  
Баспа-бас қызға бермес жануарым,  
Басылмас бір шырқамай менің шерім, – 
деген жолдары Ақанның Құлагерді ерекше бағалап, талай аруларға ән шығарған сері енді қызға да айырбастамайтынын білдіреді. Құлагердің өлімі Ақанды қатты толғанысқа түсіреді. Ол өмірде әділдік жоқ деген сияқты ойлар басына келіп, рухани дағдарысқа ұшырайды. Бұл ән – серінің жан ашуының туындысы. Ақанның ызалы үні баршаға ортақ сезіліп онымен бірге күйінеді, жетелейді. "Құлагер" – ат қайғысын ғана жырлаған өлең емес, озбыр зұлымдықты әшкерелеген туынды. Талай жарыста ел намысын, ел абыройын асырған Құлагердің мерт болуын Ақан Атығай, Қарауыл елдерінің қайғысындай қабылдайды.  
Ақанның есімі халық арасына өзінің әсем әндерімен тарады. Ол үлкен лирик ақын болды. Жасынан сұлулықты сезініп, әсемдікті ардақтаған жан махаббат бостандығын аңсаған сазды да сырлы өлеңдер жазды, өмірінің соңғы кезінде өзін ұқпаған ортадан алшақтап, жалғыздықпен мұңдасты. Өз заманының қатыгездігіне мойынсынбай, ерлік, тапқырлық танытты. Ақан сері туралы кезінде С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, І.Жансүгіровтер зерттеп, әдебиеттен өз орнын ашып берді. 

 
 

Өмірбаяны

Ақан сері, Ақжігіт  Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы — 1913 жылы, сонда) — ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі — Жаңыл. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) молдадан оқыған. 16 — 17 жасынан өнер жолына түскен. Шоқанның қазасына көңіл айтып, оны Көкшенің биігіне, теңіздегі кемеге теңейді, “40 темірдің қылауын қосқан өнерпаз” деп бағалайды. Ақан серінің бірінші әйелі Жұман қызы Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым). Оған Ақан сері жазу-сызу үйреткен. Бәтима өлген соң, аз күн отасқан әйелі Тінәлі қызы Ұрқияға Ақан серінің “Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия” деген өлеңің арнаған. Ақан серінің тірідей айрылған сүйген қызы — Ақтоқты. Бұл — арты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан серінің шығармаларынан кең орын алды. “Ақ көйлек”, “Аужар”, “Алтыбасар”, “Ғашық жарға”, “Тағрипың”, “Ж-ға” — Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (80 жылдардың ортасы) да егде тартқан Ақан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Керей Сағынайдың асындағы аламан бәйгеде Құлагер кісі қолынан мерт болды. Құлагер туралы өлеңдерінде ақынның көңіл күйі, ашу-ыза, күйініш, үміт-сезімі тебірене жырланған. Өмір соққысын көрген Ақан сері енді: “Жақсылықтан жамандық асып кетті, Бой бағып тұру артық келсе шамаң” дейді. Ел аралауды сиретіп, бойын бағуды ойлайды. Жайлауға көшпей, Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Бірақ Ақан сері өмірден де, өнерден де қол үзбейді. “Өнерді бойға біткен іркіп болмас” деп қарайды. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі — “Балқадиша”. Бұл — өз теңіне атастырылған әдепті, сыпайы қыздың өнерлі ағаны қадір тұтқан сүйкімді қылығына разы ағалық қарыздар көңілден туған ән. 90 жылдардағы Ақан сері шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақан серінің алғашқы айтыс-қағыс өлеңдерінің бірі — “Жүсіп төреге” (Тәкінің Жүсібіне қайтарған жауап өлеңі). Орынбай, Нүркей тағы басқа он шақты ақынмен айтыстарының үзінділері ғана сақталған. Толығырағы — Нұрқожамен айтысы. Онда Ақан сері ел-жұртты тірек тұтады (“Хақ қалаған Есенбай қарашамын, Алтын бесік халқыма жарасамын”), ақындық өнерді қадірлейді, туған жерді, халықты мақтан етеді. Ақан серінің елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Атбасардың указной молдасы Көктөбеттің Смағұлын, Атығай-Қарауылдың болысы Сұрағанды, болыс Шоғармақты өлтіре сықақ етеді. Осы өлеңдері мен “Замана адамында” сері ел билеген әкімдерді “Кей жаман мал бітті деп әкім болар”,- деп әшкерелейді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. Мемлекет 2-думаға шағынады, әділдік, үміт күтеді. Өмірінің соңғы кезеңінде жазылған өлеңінің бірі — “Қаратай”. Ақан сері аулы қонысынан айрылып, орнына Комаровка селосы орнағанда, ескі мекенге барып жүрген Қаратайды (Ақан серінің мінген аты) егінге түсті деген сылтаумен ұстап алып, сатып жіберіпті. Ат пен иесінің диалогы түрінде жазылған бұл өлеңде қуғыншы 4 орыстан қашып барғанда “бүбірнай” (выборнай) Көшербайдың рақым етпегені, судьяның әділ үкім шығармағаны айтылады. Соңында: “Орыс пенен қазақтың алдым несін?! Тәңір берген әркімнің несібесін. Ол түгіл жан салмаған Құлагердің, сөйлейді граммофонда әңгімесін”, — деп, “Құлагер” әнінің сол заманда пластинкаға түсірілгенін ескертеді. Өлер алдында шығарған “Мінажат” өлеңінде иман тілейді. Ақан сері — өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, лирикалық тебіреністі сазымен, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. Әділіне көшсек, “Ақан сері” атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі — әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Жасынан халықтың ән-күйінен сусындап, өзіне дейінгі әншілік дәстүрді толық меңгерген Ақан сері бертін келе, жігіт шағында серілік құрып, өзі де ән шығарады. Көкшенің сұлу табиғатына көз тігіп, оны албырт сезімді, әсерлі музыка үніне бөлейді. Осы әншілік өнерде Ақан сері жалғыз болмайды. Айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралайды. Ақын, әнші серілердің бәрімен достасады. Балуан шолақЖаяу МұсаЕстайИман ЖүсіпҚұлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақан серінің ең жақын достары болған. Олардың бәрі Ақан серінің әншілік өнеріне игі әсер еткен, композиторлық талантын жетілдіріп, шеберлік, суреткерлік талғамын шыңдай түскен. Ол қазақтың ұлттық өнерін профессионалдық биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Сан қырлы дарындылық, поэзия мен музыканың тел қозыдай табысуы, өзіне ғана тән нақыш, жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлік — Ақан сері шығармашылығына тән басты-басты қасиеттер. Қазақ мәдениетінің алтын қорына Ақан серінің елуге жуық муз.-поэтик. мұрасы енген. Ақан сері шығармалары поэтик. тұнықтығымен, образдар әлемінің тереңдігімен, поэтик. және муз. тілінің шырайлылығымен, айрықша талғампаздығымен, нақыштық тазалығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық болмысының басты қасиеттері — өмір шындығын боямасыз жырлауы, психологиялық иірімдерге толы, эмоциялық бояуының қанықтығы. Шығармаларының басым бөлігін қамтитын кеңінен танымал көңіл-күй және махаббат лирикаларында ғажайып табиғат суреттері мен нәзік мұң, өмір қиыншылықтары туралы трагедиялық пайымдаулар шынайы да шымыр қатар өріліп жатады. Оның стиліндегі жоғары жетістігі — кең тыныстылық, ән иірімдерінің нәзіктігі, әуен әсемдігі, интонация суреттерінің молдығы, сазының биік те асқақ, ырғақтары мен қайырымдарының ұзақтығы.[1]

[өңдеу]Шығармалары

Ақан серінің “Ақтоқты”, “Алтыбасар”, “Тер қатқан”, “Мақпал”, “Балқадиша”, “Сырымбет”, “Майда қоңыр”, т.б. әндері әйел жанының сұлулығын  жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді. Ақан сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған “Маңмаңгер”, “Қараторғай”, “Көкжендет”, “Құлагер” әндерінде Ақан серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп тұрғандай. Ақан сері басындағы трагедиялық күй кез келген жүректі толқытады. Әсіресе “Құлагердегі” экспрессивті интонация, толқыған мұңлы әуен, драмаға суарылған қайғылы оқиға шынайылығымен баурайды. Ән ақын өмірінің трагедиялық сәтін бейнелеумен қатар, сол қоғамдағы өнер адамдарының тағдырын қамти отырып, өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіз бет-бейнесін ашады. Ақан серінің музыка туындылары қазақ өнерінің өркендеуіне зор ықпалын тигізді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Ә.ҚашаубаевЖ.Елебеков, М.Ержанов, Ж.Кәрменов т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларында кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров “Құлагер” поэмасын, Ғабит Мүсірепов “Ақан сері — Ақтоқты” драмасынС.Мұхамеджанов осы аттас операсын, С.Жүнісов “Ақан сері” романын жазды. Ақтоқты есімі Ақан шығармаларынан кең орын алды. «Ақ көйлек», «Аужар», «Алтыбасар», «Ғашық жарға», «Тағрипың», «Ж-ға» – Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (1880-жылдардың ортасы) да егде тартқан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Өмір соққысын көрген ол жайлауға көшпей, баласы Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Ақан Серінің «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Тер қатқан», «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет», «Майда қоңыр»т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді. Ақан Сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған «Маңмаңгер», «Қараторғай», «Көкжендет», «Құлагер» әндерінде Ақан Серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп тұрғандай. Бірақ Ақан өмірден де, өнерден де қол үзбейді. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі – «Балқадиша»1890 жылдардағы шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақанның елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. 1913 ж. Ақан өзінің туған жерінде дүние салды. Ақан сері – өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. «Ақан сері» атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі – әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Ол жас кезінде айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралады. Балуан шолақЖаяу МұсаЕстайИман ЖүсіпҚұлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақанның ең жақын достары болған.

[өңдеу]Музыка және әдебиеттегі үлесі

Ол қазақтың ұлттық өнерін кәсіби биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Елуге жуық музыкалық мұрасы қазақ мәдениетінің алтын қорына енді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек ЕлебековМанарбек ЕржановЖәнібек Кәрменов, т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларына кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, Ғабит Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» драмасын, Сыдық Мұхамеджанов осы аттас операсын, Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романын жазды.Әуезов «Казак халкының эпосы мен фольклоры» атты зерттеу еңбегінде Ақан серінің ақындық өнерін жоғары бағалап, оның жел жетпес жүйрігіне арнаған «Құлагер», қыран бүркітіне арнаған «Көк жендет» әндерін жоқтау өлеңіне жатқызған[2][3][4]

 

 Бүгінгі сабағымыз  – «тау – тасты шабыт қылып» қазақ даласын ән мен күйге  бөлеген ақиық ақын, сал – серілердің падишасы, елінің ардақтаған аяулы  ұлы  Ақан Қорамсаұлының ғажайып сырға толы өмірі, әсем де сазды әндері жайлы болмақ.. Басына түскен қайғы – қасіреттің күйігінен шаршаған, жалғыздықтан жабыққан Ақан  тау – тасты мекен етіп, оңаша өмір кешеді. Табиғатпен сырласып,  күңірене ән салады. Өзімен- өзі ыңылдап,  тау – тасты кезіп жүрген серіні елі «пері»  атандырады. «Тұсында сері болсын, пері болсын, Ұнайды өмірімен Ақан маған» деп жырлаған қазақ поэзиясының жүйрігі, дүниеден озғанына биыл 70жыл толып отырған Ілияс Жансүгіров Ақанның аянышты тағдырын өзінің  қандай шығармасына арқау етеді?

 

 Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы. Суретті тірек нүкте.

    

 Ақан Қорамсаұлы осы күнгі Көкшетау облысында Қоскөл деген жерде 1843 жылы туған. Оның өмір сүріп, балалық шағын өткізген жері де осы Көкшетау төңірегі.

Ақанның әкесі  шаруа болған. Бала Ақан көп қыздың ортасындағы жалғыз, ерке ұл болып  өседі. Ақанды әкесі жас кезінде  дін мектебіне береді. Ол кездегі  дін мектебінде жазуды үйретпейтін. Алайда талантты болашақ ақын жасынан-ақ жазу-сызуға әуес болып, тез-ақ хат таниды, жаза біледі. Сол оқып жүрген кездің өзінде-ақ Ақан өлеңге әуес болады. Ойын-тойда, өзінің замандастарына өлең шығарып, болашағы бар, талантты ақын екендігін байқатады. Ақын Ақан деген атқа ерте ие болады. 14 жасқа келгенде молдамен араздасып, дін оқуын тастап кетеді.

Ақан ертерек  оянып, бозбалалық, салдық құрады. Ит жүгіртіп, құс салып, аңшылық, әншілік, өлеңшілік, жігітшіліктің соңына түседі. Кәміл  жігіт болып, ержеткен соң қасына қосшы-қолаң ертіп, қолына домбыра, сырнай алып, әнші, өлеңші жігіттермен  ел аралап, саяхат құрады. Ақанның сырлы  сөзі, лирикаға толы нәзік үні елдің  назарын аударады. Ел ақынға сері деген  атақ беріп, құрметтейді. Ойын-тойдың көркі  Ақан боп саналады. Ержеткеннен кейін  Ақан Бәтима деген қызға үйленеді, Бәтимадан бір ұл, екі қыз болады. Он жылдан кейін Бәтима дүниеден қайтады. Әйелі өлген соң біраз жыл  балаларын бағып отырады да, кейін  серілік жолына қайта түседі.

Құсбегі, тазышыл, атшыл Ақан жүйрік тазы, алғыр қыран  ұстайды. Тазысына Базаралы, құсына Қараторғай деп ат қояды. Көп ұзамай-ақ ел аузында  аңыз болып кеткен кәдімгі өрен жүйрік Құлагерге ие болады. Алғыр қыран, жүйрік тазы, жел жетпес Құлагер біріне-бірі сай келіп, ақынның көңілін Оқжетпестің өріне өрлеткендей әсер етеді.

Күдіре жал, қыл  құйрықтының жүйрігі Құлагерді  Ақан күтіп, мәпелеп баптап, бәйгеге  қосып жүреді.

Алдына мал  салмаған Құлагер өзге елде «Көкшетаудың дүлдүлі» атанады.

Осы кезде Ақан өз еліндегі Ұрқия деген қызға  үйленеді. Бірақ бұл әйелі де үш ай отасқаннан кейін қайтыс болады. Мұнан кейін жақын інісі өледі. Осы екі өлім Ақанға қатты батады. Кейін Ақан сол Қарауыл еліндегі Ақтоқты деген қызбен көңіл қосып, соған үйленуге бел байлайды. Бірақ  үстем тап өкілдері Ақтоқтыны  зорлықпен өзгеге ұзатып жібереді. Сері Ақан Ақтоқтыдан кейін көп жылдай ешкімге көңіл аудармай жүріп, жігіт  ағасы болған кездерінде Жамал деген  қызды сүйеді, оған арнап бірнеше  өлең, «Үш тоты» деген ән шығарады.

Өстіп жүрген кезде, Ақанға үлкен қайғы тағы тап бола кетеді. Керей руының паң Нұрмағамбет  атанған үлкен байы Ереймен деген  жерде әкесі Сағынайға ас беретін  болып, үш жүзге сауын айтады (кісі шақырады). Сол аста Ақан Құлагерді  бәйгеге қоспақ боп, баптап алып барады. Бәйгеге 323 ат қосылады. Бәрінің алдында  келе жатқан Құлагерді бұрыннан Ақтанмен өштесіп жүрген Алтайдың Батыраш, Қотыраш  деген феодалдары соққыға жығып  өлтіреді. Ақан сері Құлагер өлгеннен кейін ауыр қайғыға ұшырайды. Баласымен  екеуі елсіздегі Қоскөл деген  қамысты қопаны мекендеп, тау кезіп, иесіз даланы жайлап, өзгеден оғаш өмір сүреді. Тау-тасты күңірентіп ән салады, өлең айтады. Құлагерге арнап  бірнеше ән мен өлеңдер шығарады. Ақанның дұшпандары «Ақан жынданыпты, оны пері иеленіпті, Ақан пері қызына үйленіпті» деген лақап таратады. Ол жөнінде әртүрлі аңыз да туа  бастайды. Әйтсе де ақын тау мекендеп, көл жайлап, ән шырқауын үдете береді. Өмірінің ең ақырғы минутына дейін  тау-тасты тербеткен әдемі әні, әсем лирикалы өлеңнен қол үзбейді. Өстіп жүреп Ақан сері 1913 жылы қайтыс болады.

Информация о работе Ақан Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы