Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 18:48, реферат
Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары
Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары
Төтенше жағдайларды жою жұмыстары
Құтқару әліппесі экстремалдық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдың қысқаша нұсқауы.
Егер найзағай дауылы сіз спортпен айналысу барысында болса, дереу тоқтатыңыз. Металлдан жасалған заттарды (мотоцикл, велосипед, мұз ойғыш және т.б. ) шетке қойыңыз және 20-30 м алыс тұрыңыз.
Егер найзағай сіз көліктің ішінде отырған кезде болса, машинадан түспей, терезені жауып, радиоқабылдағыштың антеннасын төмен түсіріңіз.
Табиғатқа шығар кезде | ||
Жыланның шағуы |
Сыртқы көрінісі |
Алғашқы көмек |
Шаққан кезде жақын орналасқан екі жара, қастарындағы майда жара және ұлы емес тістердің ізі қалады |
Кез келген жыланның шағуынан кейін удың қанға кетпеуіне шара қолдану керек. Уды тез арада сорып, түкіріп тастау қаже. Бұл 10-15 минут бойында жалғасады. Зардап шегушіге тыныштық жағдайын жасаңыз. Шаққан кезде қолды жұмулы қалыпта ұстаңыз. Аяқты шаққан кезде бірінші аяқты келесісіне таңып тастаңыз. Сұйықтықты жиі ішіп (шәй, минералды немесе күнделікті су), ауруды бәсеңдететін бір-екі дәрі ішу қажет. Таңу құралын шаққан жерден жоғары тағуға болмайды, тек қана шаққан жерді таңып немесе кесіп, отпен күйдіру қажет. | |
Кененің шағуы |
Кене теріге еніп, оның сілекейі денені салдандырып тастайтын қасиетке ие, сондықтан оны тез анықтауға болады. Терінің нәзік жерлеріне тексеру жасау керек. |
Кененің сорған жерін келесі жолдармен жояға болады: кененің арқасына кез келген өсімдік майының тамшысын тамызады, одан кейін ақырын қысқашпен қасып, жай қозғалтып алып тастайды. Қысқаш болмаған жағдайда, жай жіпті алап, адамның денесі мен терінің ортасынан айналдырып қысады. Шаққан жерді иод тұнбасымен, спиртпен немесе зеленкамен сүртеді. |
Улы өрмекшілердің шағуы |
Шаққан жер қатты ауырады, ісік пайда болады, теріде ақшыл сұйықтыққа толы құтылар пайда болады. |
Шаққан жерді сабынмен сулап жауып, салқан нәрсе қойыңыз. Шаққан жарді байлап тастаңыз. Ауруды бәсеңдететін дәрі ішу керек. Сұйықтықты көбірек ішіңіз. |
Араның шағуы |
Ісік, қызару, қышу. Бұның барлығы екі күнге созылуы мүмкін. Жүректің айнуы мен әлсіздіктің пайда болуы да мүмкін. |
Егер жарада тікені қалса, ақырын қысқышпен алып тастаңыз, жараға жартылай спиртті компресс жасап, бал жағыңыз, супрастин немесе димидрол таблеткасын ішіңіз. Егер ара шағуына аллергияыңз болса, тез арада дәрігерге көрініңіз. |
Үлкен аралардың шағуы |
Теріде ісік пайда болып, әлсіздік байқалады. |
Шаққан жерді сірке қышқылы (су+сірке қышқылы) немесе спирт қосындыларымен сүртіңіз. |
Масаның шағуынан пайда болған қышуды, шаққан жерге нашатыр спиртін (нашатырспирті мен судың тең қосындысы) не болмаса ас содасының ерітіндісін жағуға болады.